7

Жаңа форматтағы ата-аналар жиналысы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:

1
Адами қарым-қатынас ізгіліктері
Адами қарым-қатынас ізгіліктері
2
Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру....
Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен қарым – қатынасты жақсарту бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу.
0
 
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
І. Кіріспе бөлім: Ата-аналар жиналысының тақырыбы: «Адами қарым-қатынас ізгіл...
І. Кіріспе бөлім: Ата-аналар жиналысының тақырыбы: «Адами қарым-қатынас ізгіліктері» деп аталады. Отбасы - өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі. Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын .... адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны. Екі адамның некелесуі толық отбасын құрамайды. Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы саналады. Қазіргі таңда ата – ананың бірінші мақсаты – қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды. Бала – шағаның қамымен жүрген ата – ана бала тәрбиесіне де толық көңіл бөле алмай отыр. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады, қалыптасады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің ұрыстар баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді, еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасында жайлы , жақсы климаттың болуы. Баламыз өмірден өз орнын тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық.
4
Топтық жұмыс. Постер қорғау Бала-ата-ананың үміті, өмірінің жалғасы. «Баламн...
Топтық жұмыс. Постер қорғау Бала-ата-ананың үміті, өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге, менің маңдайыма кірсін» деп перзентін әлпештеп өсірген ата-ананың жатса-тұрса тілейтіні баласының алдыңғы қатарлы азамат болып өскені. Балаға дұрыс тәрбие беруде оны танып-білу, жан дүниесін ұғу маңызды. Топтарға 1-тапсырма: «Ана»: «Тәрбиелі баланың» сипатын, «Бала»: «Тәртіпсіз баланың» сипатын, «Әке»: «Балаңыз табысты оқушы болуы үшін не істей аласыз ?» постерге түсіріп, ортада қорғайды. (Ойласуға 5 минут, қорғауға 1,5 минут).
5
«Жұдырық» жаттығуы. Мақсаты: Өзін-өзі тану қабілетін, қарым-қатынасты дамыту....
«Жұдырық» жаттығуы. Мақсаты: Өзін-өзі тану қабілетін, қарым-қатынасты дамыту. Нұсқау: Қазір барлығымыз бір тапсырманы орындайық. Көршілер бір-бірімізге қарама-қарсы отырып, біреуіміз жұдырық түйіп, екіншіміз жұмылған жұдырықты ашуымыз керек. Жұдырық түйген кісі аштырмау керек. Ал екінші кісі ашуға тырысыңыз. Енді осыны қарама-қарсы қайталау керек. Талдау: Қандай сезімде, қандай күйде болдыңыз?
6
Қорытынды: Біз әбден күш көрсеткенге, адам жанын қинауға құмармыз. Жай сөйлес...
Қорытынды: Біз әбден күш көрсеткенге, адам жанын қинауға құмармыз. Жай сөйлесек, «жылы-жылы сөйлесе жылан інінен шығады», біз күштемей-ақ қолыңызды аша салыңызшы деп айтуымызға да болар еді.
7
Жағдаяттар. Сахналау. «Баланың ісі шала», «Балаң нашар болса, түйенің үстінен...
Жағдаяттар. Сахналау. «Баланың ісі шала», «Балаң нашар болса, түйенің үстінен ит қабады» демекші, кейде балаға ұрсуға тура келеді. Сіз балаңызға не деп ұрсасыз? «Бала» тобы: «Балаңыз мектептен ашуланып келді. Мұғалімнің ұрысқанын, енді сабаққа барғысы келмейтінін айтты. Сіз қалай әрекет етер едіңіз? Рөлде: ата-ана, бала, мұғалім. «Ана» тобы: «Дидар сабаққа дайындықсыз келді. Мұғалім сабақ түсіндіріп жатты. Дидар сабақты тыңдамады. Онымен қоса жанындағы оқушыларға да тыныштық бермеді. Мұғалім Дидарға ескерту жасады. Дидар үйіне барып ата-анасына шағым жасады. Ата-анасы директорға кіріп, айқай шығарды.Сіз не істер едіңіз? Рөлде: ата-ана, бала, директор, мұғалім. «Әке» тобы: «Балаңыз күнде сабаққа кешігеді.Оны бақылап жүрген директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары сізді мектепке шақыртты. Сіздің әрекетіңіз? Рөлде: ата-ана, бала, тәрбие ісі жөніндегі орынбасар. (Ойлануға 5 минут, сахналауға 2 минут)
8
Бала – ата – ананың үміті, өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге...
Бала – ата – ананың үміті, өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» -деп перзентін әлпештеп өсірген ата – ананың жатса – тұрса тілейтіні -баласының алдыңғы қатарлы азамат болып өскені. Ендеше сіз балаңыздың бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?
9
Жақсы қасиеттер Тәртіптілік Мәдениеттілік Инабаттылық Адамгершілігі мол Еңбек...
Жақсы қасиеттер Тәртіптілік Мәдениеттілік Инабаттылық Адамгершілігі мол Еңбекқорлық Тіл алғыш Сыпайылық
10
Жағымсыз қылықтар Сараңдық Ызақорлық Еріншектік Тәкәппарлық Мақтаншақтық Дөре...
Жағымсыз қылықтар Сараңдық Ызақорлық Еріншектік Тәкәппарлық Мақтаншақтық Дөрекілік Жалқаулық
11
Бала Үмітіміз Өмірімнің жалғасы Болашағымыз Бауыр етіміз Асыраушым Көмекшім А...
Бала Үмітіміз Өмірімнің жалғасы Болашағымыз Бауыр етіміз Асыраушым Көмекшім Ақылшым
12
Ананың махаббаты Жан жылуы Мейірімді көздері күлкісі мейірімі Ыстық жүрегі Ая...
Ананың махаббаты Жан жылуы Мейірімді көздері күлкісі мейірімі Ыстық жүрегі Аялы алақаны
13
«Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіз ата – аналық қуанышыңыз үшін ғ...
«Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіз ата – аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз. Сіздің отбасыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер, болашақ күрескер өсіп келеді» А.С.Макаренко
14
«Мейірімділік шуағы» Ғалымдардың айтуынша, баланың таңертеңгі ұйқыдан қандай...
«Мейірімділік шуағы» Ғалымдардың айтуынша, баланың таңертеңгі ұйқыдан қандай көңіл – күймен тұруы – бүкіл бір күндік көңіл – күйіне әсер етеді екен. Есіңізге сақтаңыз :Балаңыз үйге келгенде жақсы қарсы алыңыз. Дүниедегі ең жақсы жерге келгенін сезінсін ...
15
Балаларымыздың жетістіктері Аудандық«Зерде»ғылыми жобасынан Есболат Мөлдір ІІ...
Балаларымыздың жетістіктері Аудандық«Зерде»ғылыми жобасынан Есболат Мөлдір ІІ-орын иеленді. «Арайлы алтын күз» сайысынан І-орын иеленді. Бастауыш сыныптар апталығында шығармалар сайысынан Қаржаубаева Гүлназ І –орын иеленді. Суреттер сайысында Нәзілбекқызы Назерке І-орын,облыстық сайыстан жүлделі ІУ-орын иеленді. «Тіл-білімнің кілті»сайысында «Тұлпарлар» тобы жеңіске жетті. Команда құрамында : Өмір Меруерт,Қаржаубай Гүлназ, Оразбай Өркен, Сүлеймен Олжас,Шайхина Гулжан,Есболат Мөлдір.
16
Ата-ананың жеке басының әсері балаға күн сәулесімен бірдей,мұны басқа ешбір...
Ата-ананың жеке басының әсері балаға күн сәулесімен бірдей,мұны басқа ешбір нәрсемен ауыстыру мүмкін емес .Құрметті ата-аналар, сіздерден баладан жүрек жылуын аямай балаға бір сәт болса да, бала көзімен қараңыз дей отырып бүгінгі тренингке қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айтамын! Ой-толғаныс
 
 
X

Чтобы скачать данную презентацию, порекомендуйте её своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить презентацию