7


1 сынып жана жыл сценарий

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жаңа жылдық сценарий

Ортада шырша ән ойнап тұрады

Сәнді әдемі киінген балалар бәрі өз орнында тұруы керек . Жүргізуші : Барлық жандар бір білекке қосқан үн

Бақытты боп бастады жыл дастанын

Қуанышпен келді той боп жаңа жыл

Құтты болсын жаңа бақыт достарым

Құрметті балалар, ата - аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Кәне балалар бәріміз шыршаны айнала тұрып бір жақсы ән шырқайық!

Хоровод «Жаңа жыл» әнімен балалар шыршаны айналып ән шырқайды. Ән шырқалып біткен кезде залға Шықбермес Шығай келеді. Шықбермес Шығайбай келеді

Шықбермес Шығай :Шықбермес Шығайбайға арналған музыка ойналады. Шықбермес Шығайбайдың үстінде әдемі тоны қалың тымағы болады.Шықбермес Шығайбай шыршаны бір айналып өтеді де былай дейді. Шықбермес Шығайбайдың сөзі: -ооо, қараңдар қандай ағаш өсіп тұр!Жақсы болды,осы ағашты алып кетейін үйіме апарып малдарыма қора салып берейін.Балаларға жақындап сендердің киімдерің қандай керемет үстеріңдегі киімді шешіңдер бұл әдемі киімдер тек ғана Шықбермес Шығайбайға жарасады. Маған жарасады.мен мұнда дем алам кетіңдер балалар дейді.

Жүргізуші:-Құрметті Шықбермес Шығайбайеке .Сіздер бұл жерде демала алмайсыңдар,өйткені бізде мереке болып жатыр.Сіздер басқа жаққа барып демалыңыздар.

Шықбермес Шығайбай ашуланып атып тұрады. -Сен кімсің өзі маған қарсы шығатын.Қайдағы мереке? -Айтыңдаршы бұл қайдағы мереке?Қайдағы мереке?Өзім тоңып өлгей жүрсем

Менің тоңым жылы болса да сондай суық.-Тоңдыыым-деп дірілдейді.

Алдарға арналған музыка ойналады. Сол кезде Алдар Көсе жұпыны тоңмен кіріп келеді.

Алдар Көсе: Сәлеметсіз бе!Шықбермес Шығайбайеке сәлеметсіңдер ме балалар

Шықбермес Шығай- Сен, немене, тоңған жоқсың ба? - дейді Шықбермес ШығайШықбермес Шығайбай

Алдар Көсе :Тоңсаң, сен тоңған шығарсың? Менің тонымды киген кісі үнемі қыз-қыз қайнап жүреді - дейді Алдар Көсе.

Шықбермес Шығай:Мүмкін емес! - дейді

Алдар Көсе - Немене, көрмей тұрсың ба?!

Шықбермес Шығай:- Көрмейтін несі бар? Көріп тұрмын: шұрық тесік!

Алдар Көсе - Мәселе сонда, сол шұрық тесікте. Бір тесіктен кірген жел лып етіп екінші тесіктен шығып кетеді.Ал жылу өзімде қалады.

Шықбермес Шығай:"Қайткенде де мен мұның тонын алып қалайын" - деп ойлайды Шықбермес ШығайШықбермес Шығайбай

Алдар Көсе "Шіркін, мынаның ішігін қолыма бір түсірсем!" - деп армандайды Алдар көсе.

- Ішігіңді маған сатсаңшы? - дейді Шықбермес ШығайШықбермес Шығайбай

Алдар Көсе :Сатпаймын! Мен онсыз үсіп өлемін! - дейді Алдар. - Үсіп өлмейсің. Оның орнына мен саған өз ішігімді беремін. Ол да сондай жылы.

Алдар көсе оның ұсынысын құлағына да ілмеген кісідей Шықбермес Шығайбайға жоғарыдан қарайды. Бірақ екі көзі Шықбермес Шығайбайдың түлкі ішігінде.

Шықбермес Шығай:- Ішігімді де берейін, үстіне ақша да қосайын - деп қызықтырады

Алдар Көсе :- Маған ақшаның қажеті жоқ. Ақша орнына тоңыңды берсең, ойланып көрер едім.

Қуанғаннан Шықбермес Шығайбай бірден келісе кетеді.Ішігін шешіп, астындағы атын түсіп береді.

Алдар көсе Шықбермес Шығайбайдың ішігін киіп,алады.Ал Шықбермес Шығайбай болса Алдардың ішігін кие алмай қиналады.

Кәнекей балалар - Жарайды балалар әдемі ән айтыңдар дейді. бір әдемі өлең айтыңдар.

Хоровод : «Жасыл шырша» әні ойналады балалар шыршаны айналып ән айтады. Шықбермес Шығайбай : Алдар Көсе мені алдап кетті деп Алдар Көсені қуа жөнеледі.Жетелмаған бай ашуланады.

Жүргізуші: -Балалар енді біздің мерекемізде кім жоқ?

-Аяз ата мен Ақша қар

-Ия,дұрыс Оларды қалай шақырамыз.

Шықбермес Шығайбай:

-Қайдағы Аяз ата менің тонымды Алдар Көсе алып қойды. Соны қайтарып беріңдер дейді.

Алдар Қөсе:

-Кәне ,айтыңдаршы балалар мен байдың киімін ұрлап алғам жоқ ,өзі берді ғой.

Балалар : -Иә

Залға сиқыршы келеді.

Сиқыршы : Сәлеметсіңдер ме,балалар! Сиқырлы сандығыма қарасам ,осы жақта мереке болып жатыр екен. Мерекелерің қалай өтіп жатыр?Жақсы ма?

Балалар : Жоқ,мерекеміз көңілді өтпей жатыр.Мына Шықбермес Шығайбай келіп шыршамыздың үстіміздегі киімімізді сұрап жатыр . Енді аяз атаны шақыра алмай жатырмыз.Сиқыршы бізге көмектесіңізші.

Жүргізуші:-Сіз бізге көмектесіңізші

Сиқыршы: Сиқыршының қолында үлкен щприц болады.Соны Шықбермес Шығайбайды қуады.Содан түрлі қимылдар жасап байды сиқырлайды.

абра -кадабра сим салабим ( 2рет)

Мына Шықбермес Шығайбайлар мейірімді әрі көңілді болсын!

Осы кезде Шықбермес Шығайбай күлімдеп :

-ООО қандай сүйкімді балалар!Қандай әдемі балалар!Киімдері сондай керемет екен!

Барып баларды құшақтап, кей балалардың арқаларынан қағып мақтайды

Сосын бір-біріне қарап:

-Біз не осы мейірімді болып кеттік пе не?Ой қызық, ә? Мейірімді Шықбермес Шығайбайлар бола ма екен О, ғажап!Бірақ маған осындай мейірімді болған ұнайды.Сендерге ше балалар?

-Әй,біз бір би билеп жіберейікші кәне!

Шықбермес Шығайбай мен Алдардың бірігіп ойын ойнатады. «Ыстық-суық» ойыны

Хоровод : «Ақша қар» әні.Балалар хормен айтады.

Жүргізуші:

-Шықбермес Шығайбайларымыз қайырымды болды сізге рақмет сиқыршы.Ал енді балалар Аяз атаны шақырайық, иә!

Балалар:Аяз ата ! Аяз ата!

Залға мыстан кемпір кіреді қолында аяз атаның қолғабы, басында аяз атаның бас киімі және таяғы бар

Мыстан кемпір:

Асау желмен алысқан

Аяз әжелерің асығып

Шаршап келді алыстан

Төрге мені отырғыз!

Уф белім-ай

Жүргізуші

-балалар мынау кім?

-Мыстан кемпір

Жүргізуші:

-Мыстан әже! Сіз неге Аяз атаның қолғабын, бас киімін киіп алғансыз?Неге өзіңізді Аяз әже дейсіз! Аяз әже болушы ма еді.

Мыстан кемпір:Неге осы, сол бір кәрі шалды жыл сайын барлықтарыңыз құрметтеп осындай тамаша мерекеге шақырасыз.Ол келсе қуанасыңдар.Оны 1 жыл бойы күтесіздер а! Неге бір рет болсын мені шақырмайсыңдар! Мен де ол сияқты кәрімін,жасым үлкен міне биыл240-қа келем, мен де сыйлы, құрметті болғым келеді. Мерекеге келгім келеді.Сендер мені шақырмасаңдар да мен өзім келдім. Көрдіңдер ме менің ол сияқты таяғым да, қолғабым да, тымағым да бар. Енді бұдан былай менің атым Аяз әже болады.Ал кәне , менің сол жаман шалдан қай жерім кем.Мен одан әлдеқайда артықпын.кәне балақан айтшы мені Аяз әже

деп (осылай бірнеше балаға жақындап айтқызады)

Мыстан кемпір:

-О,енді бұл менің мерекем.Жылда өзім келем.

Жүргізуші:

-Мыстан әже Сізде Аяз атаның барлық заты бар екен.Сіз оларды қайдан алдыңыз?Ал Аяз атаның кәмпитке толы қапшығы қайда?

Осы кезде залға жылап Ақша қар келеді.

Мыстан кемпір тығылып қалады.

Жүргізуші:

-Ой мынау біздің Ақша қар ғой!Ақша қар салеметсіз бе.Сізге не болды?

Ақша қар:Менің Атам осы мерекеге келе жатқан.Жолда мыстан кемпір мен оның жаман достары ұстап алып жолда Шықбермес Шығайбайлап оның заттарын тартып алды.

Енді ол өзінің қабынсыз, таяқсыз келе алмай отыр.Мені іздеуге жіберді.Мен барлық жерді іздеп таппадым. Ой енді не болар екен? Енді сіздерге Аяз ата келе алмай ма?! (жылайды)

Жүргізуші:Жылама ақша қар Аяз атаның заттары осында.Тек қапшығы жоқ.

Ақшақар:Қалайша жоқ.Заттары кәне?

Жүргізуші.:

-Мыстан әже! Кәне бері келіңізші?

Мыстан әже: Жоқ-жоқ.Мен ештеңе бермеймін.Мен енді осы мерекенің басты кейіпкері болам Мен Аяз Әже болам

Жүргізуші:

-Енді не істейміз

Ақша қар тағы жылайды.

Осы кезде Шықбермес Шығайбай:

-Жылама Ақша қар.Қазір мен мына достарыммен ол мыстан кемпірді ұстап алып бәрін алып береміз.Барлығы мыстан әжені қуады. Ол қашады.Сосын ұстап алады да бәрі жабылып мыстан кемпірді алып келеді

Сиқыршы:

-Кәне мыстан кемпір мына қызға Аяз атаның заттарын қайтар.Әйтпесе мен сені мұзға айналдырып жіберем.Мәңгілік қатып тұрасың.Мыстан к:

ОйШықбермес Шығайбай жоқ мұзға айналдырма,Мә-мә алшы осыны

(Ашуланып бәрін шешіп бере салады.)

Ақша қар:Ал кәмпиттері бар қапшық қайда?

Мыстан кемпір :

-Ол менде жоқ,-деп тағы қашады.

-Ұстаңдар Ол өтірік айтады Көмектесіңдер балалар.-деп Шықбермес Шығайбайлар тағы қуады

Барлық балалар көмектеседі.Ұстап әкеледі.

Сиқыршы:Мыстан кемпір сен не қалған өміріңде мұз қалпыңда болғың келе ме?Тез айт Аяз атаның қабы қайда?

Мыстан к:

-Түу жарайды.Болмадыңдар ғой Мен осы бір жерге тығып кеткем Мерекеден соң шай ішіп, кәмпитке бір тояйыншы деп едім.

Сиқыршы: Қазір сендерАқша қармен бірге барыңдар. Мына мыстан кемпірмен тыққан жерін көрсетсін де қапшықты берсін.Ал кәне тезірек.

Мен оған дейін мына балалардың көңілдерін көтере тұрайын.

-Ал енді кәне аяз атаны шақырайық.

-Аяз ата.Аяз ата. Аяз ата.

Аяз ата мен Ақша қар келеді. Артында Шықбермес Шығайбайлар

Аяз ата:

Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарға

Бүлдіршін балаларға бip сәлем!

Қандай жарқын жүздерін,

Қандай әсем жырларың

Асулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Келіп жетті алыстан

Ақша қар:

Аяз ата қарашы, балалардың киімi қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып кетіпті.

Шырша шамын жағайық,

Жаңа жыл тойын ашайық.Барлығымыз бірге

Кәне шырша таңырқат

Шамдарыңды жарқырат

деп айтайық.

(барлығы айқайлайды, шырша шамдары жағылады).Шыршаны жағатын бала дайындау

Мен білемін бір ойын:

Құлақ - мұрын. Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: «Құлақ», - деп мұрнын ұстайды. Ал балалар айтылған мүшені дұрыс көрсетулері тиіс. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып айтады.

Аяз ата:

Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне , шыршаны айналып ән шырқайық.

«Аяз ата» әні

Аяз ата:

-Ал енді ескі жыл өз орнын жаңа жылға берсін.

Мешін жылы: Аман болсын халқымыз,

Арта берсін даңқымыз.

Дами берсін үздіксіз,

Жаңа дәстүр - салтымыз.

Мешін жылы ойын жүргізеді. «Қыс жаз» ойыны.Балалар қыс деген кезде топтасады,ал жаз деген кезде ажырайды.Қыс 2,3 ,4,5,6 деген кезде сол сан бойынша бірге тұра қалады,жаз деген де жеке тұра қалады.

Ақша қар:

-Кәне, балалар енді бар өнерлерінді ортаға салындар, Аяз ата шаршағанын бассын.

Аяз ата: Әкелген базарлығым бар, сендердің өнерлеріңді тамашалап, бір дем алайын. Уф, шаршағаным-ай!

жүргізуші: Иә, иә, демалыңыз, ортаға отырып, балаларыңыздың өнерін көріп, базарлығыңызды да дайындап қойыңыз. Ал балалар, егер сендердің ән мен билерің болса, көрсетіңдер.

Әндер билер.

1-сынып-

2-сынып-

Аяз ата:

Ақша қар: өнерлерің керемет екен.

Мен балалармен ойын өткізгім келіп тұр.балар менімен ойнайсыңдар ма

Қазір менің артымнан қайталайсыңдар

-Біз көңілді балақаймыз

Ойынға да біз тоймаймыз.

Шапалақ та ұрамыз

Аяқпен де соғамыз.

Құлақты да қалқитып,

Басымызды шайқаймыз.

Ұртымызды үрлейміз

Ұялуды білмейміз.

Он, жиырма ,қырық

Түріміз біздің қызық-дегенде бәріміз қызықты түрге еніп қатып қалуларың керек.

Ең қызықты түрге енген баланы таңдап оған Аяз ата кәмпит береді.

Бірнеше рет ойнау.

Ойын пиманы шешу

Аяз Ата:

-Мына балалар тамаша ойнайды екен.Менің шаршағаным басылып өзімнің ойнағым кеп кетті.Кәне менімен ойнайсыңдар ма? Менің ойынымның шарты былай .Менің немерем Ақша қар қазір осы залға мынадай қағаздар тастайды.Мұнда әртүрлі суреттер салынған.Сендер тез-тез тек кәмпиттің суреті бар қағаздарды жинап алуларың керек.кім қанша кәмпиттің суретін жинаса, мен сонша кәмпит беремін

Ойын ойналады.

Сиқыршы:

Құрметті Аяз ата.Сіздердің Ойындарыңызға қарап мен қызығып кеттім.Мен де балалармен бір ойын ойнайыншы. Аяз Ата: -әрине ойна.Сиқыршы:

-Ол үшін барлықтарың сапқа тұруларың керек..Сосын мен «Жер» десем сендер бір рет алға секіресіңдер, «Су» десем артқа секіресіңдер.кім шатасып калады ол бала ойыннан шығып отырады. Ең соңын тез әрі шатаспай секірген балаларАяз атадан кәмпит алады. Ал кәне ойнайық.

Аяз ата:

-Ал енді маған арнап дайындаған өлеңдерің мен тақпақтарың бар шығар. Мен тыңдап, кәмпитімнен берейін.

Балалар тақпақтарын айтады.

Аяз ата: Ал енді бүгінгі мерекеге баршаңыз тамаша киіммен келіпсіңдер.Сол үшін беретін сыйлығым барҚазір әрқайсысың жеке-жеке ортаға шығып не боп киінгендеріңді айтыңдар,ал мен сендерге сыйлық беремін.

Аяз ата бәрекелді, жарайсың, ой тамаша екен,қандай керемет киім сияқты марапаттау сөздерін айтып тұруы керек.

Ата-аналар дайындаған қорап кәмпиттерді тарату.

</ Флеш -моб.Барлық кейіпкерлер мен балалар билейді.

Аяз ата: Балалар, өнерлерің тамаша екен, Бәрің бір-бір талант иесі екенсіңдер.Өнерлерің әрі қарай шыңдала берсін. Менің әлі баратын жерім көп, басқа да ауылдар мен қалаларда сендер сияқты балалар тосып отыр. Ақшақар екеуіміз қайтайық. Келесі жаңа жылда жолыққанша сау болыңдар!

Ақшақар: Сау болыңдар, балалар,

Аман - есен болыңдар.

Әр таңды қуанышпен

Қарсы алып тұрыңдар!

1 жүргізуші: Балалар Аяз ата мен Ақшақарды бәріміз хормен шығарып салайық!

Балалар: Сау бол Аяз ата, Сау бол Ақшақар!

(Аяз ата мен Ақшақар шығып, кетеді)

Жүргізуші: Ән тындап, би биледік бүгін тойда,

Қалады бүгінгі күн ойымызда.

Демалып Жаңа жылға қадам бастық,

Жаңа жыл құтты болсын баршамызға!





















































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал