7


  • Учителю
  • Ашық тәрбие сағаты: Менің Отаным-Қазақстан

Ашық тәрбие сағаты: Менің Отаным-Қазақстан

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Начало формы

Менің Отаным - Қазақстан!



Мақсаты: Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз - Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту. Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Қазақстан Республикасының призидентінің ,мемлекеттік рәміздерінің суреті.



Сабақтың барысы:

Мұғалім сөзі:

Тәуелсіз ел -Қазақстан арайлы

Бүгін саған әлем түгел қарайды Тәуелсіздіктұғыры бұл халқымның

Бейбітшілік таңы әр кез арайлы.

Бүгінгі Менің Отаным -Қазақстаным атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

Біздің отанымыз-Қазақстан. Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін жариялап,дербес мемлекет болды.Бүгінде Қазақстан елі дүние жүзіндегі көптеген елдермен достық қарым-қатынас орнатқан әлемге танымал елге айналды.Қазақстанның тұңғыш рет өз Ата заңы қабылданды.Тәуелсіздік туы,көк байрағы желбіреп, асқақтаған Әнұраны шырқалуда. Қазақстанның жана Астанасы күннен күнге жаңарып гүлденуде. Егеменді тәуелсіз Қазақстанды бүкіл әлем таныды.



Қазақстан дейтін менің бар елім Жатыр алып жарты дүние әлемін Бұл даланы анам-жаспен суарған Бұл далада жылап келіп уанғам Бұл даланы көріп алғаш қуанғам Бұл далада өскен жанда жоқ арман.





Конец формы

Начало формы

</ Қазына: Отан - жерім, Отан - суым,

Отан - қуат, нәр береді.

Отан - ұран, Отан - туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

Сүйемін мен Отанымды,

Гүл жайнаған жерімді.

Сүйемін мен ата - анамды,

Мені өсірген елімді. Еркебұлан: Отан деген - атамекен,

Отан деген - туған жер.

Отан - ана, Отан - пана,

Қазақстан - туған ел.

Досым: Отанды жас - кәріміз де,

Туған жер деп сүйеміз.

Өйткені онда бәріміз де,

Туып, өмір сүреміз.

Каусар: Тас жаратын семсердей тілімдесің

Жүрегімде, дінімде, ділімдесің.

Байлығым, бақытымсың, ардақты Отан

Ойым да, түнім де, күнімдесің.

Нұрболат: Қанатымен шырқар кім?

Қазақстан Отаным.

Әлем білген атағын.

Жарқырасын әр таңың.



Көрініс: «Тәуелсіздіктің ақ таңы»

Бұл біздін мемлекеттік рәміздеріміз.Ту-ортасында күн,оның астында қалықтап ұшқан қыран.Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді.Аспанымыз ашық болсын деген ниетпен көк түспен бейнеленген.Әнұран-Қазақстан Республикасының Әнұранында адамға зор рухани әсер ететін күш, өйткені халықтың,ұлттың мемлекеттік нышаны бар. Елтаңба- күн сәулесі,көк аспан, шаңырақ,жұлдыз, қанатты тұлпарлар бидай сабактары бейнеленген.Шаңырақ -халықтар бірлігін білдіріп,отбасына күн ананың жарыгын шашып тұр.



Амир: Отан - менің өзегім,

Қиының болса төземін.

Алдағы бақыт шақтарды,

Жүрегіммен сеземін.





Бауыржан: Отаным - мәңгі қорғаным,

Қалаймын бақыт қонғанын.

Сүйемін және сондықтан,

Өзенін, көлін, орманын.





Рахмет: Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің сен, Отан!

Мәңгі соғып тұратын,

Жүрегімсің, сен Отан.

Саят: Отан тарих, Отан тіл

Жазған елін, ел халқың.

Отан өлең, Отан жыр

Көтерген көкке ел даңқын



Ербол: Туыспыз біз бәріміз,

Бір отанды сүйеміз.

Бақытты елде тұрған соң,

Бақытты өмір сүреміз.



Елжан: Адамзатқа дүниеге,

Өмір-ау десем ең қымбат.

Дарқан тірлік мекенім,

Бәрінен Отан сен қымбат!



Тойлыбай Нұрсәт: «Отан» М. Мақатаевтың өлеңін оқиды.

Балалар мен сендерге Отан туралы мақал-мәтелдің бірінші жолын айтамын сендер соны жалғастырасыңдар.



1. Бұлбұл гүлзарын сүйеді

Адал адам Отанын сүйеді.

2. Отан елдің анасы

Ел ердің анасы.

3. Отан отбасынан басталады.

4. Отан үшін күрес - елге деген күрес.

5. Отанын сүйген: Отқа жанбайды, суға батпайды.

6. Туған жер тұғырың,

Туған ел қыдырың.





Қорытынды.

Байтақ дала жерім менің

Арта берсін даңқың сенің

Көк байрағың желбіресін

Егеменді елім менің

- дей отырып, құрметті қонақтар, балалар осымен «Менің Отаным-Қазақстан» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.





Конец формы







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал