7


  • Учителю
  • Бастауыш. Өткенді пысықтау (3 сынып)

Бастауыш. Өткенді пысықтау (3 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Бастауыш. Өткенді пысықтау

Сабақтың міндеті:

  • Сөйлемде ойдың кім, не туралы айтылғанын білдіретін бастауыш сөздерді сөлем ішінен даралап көрсетуге дағдыландыру.

  • Бастауыш сөйлемдегі ойдың негізі екенін түсіндіру.

  • Оқушыларға бастауыш туралы түсініктерін толықтыру, нығайту.



Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру сәті.

«Синтаксистік карта» ойынын ойнату. Оқушыларға сөз және сұрақтар жазылған карточкалар таратылады. Мұғалім сөйлемді айтып шығады. Оқушылар сөйлемдегі карточка бойынша логикалық байланысты мәтін етіп құрайды. Құраған сөйлемдегі бастауыш тауып, оның сұрағы жазылған карточканы тиісті қалташаға салады.



II. Өткен сабақ.

  1. Оқушылардан өткен сабақтан алған білімдерін тексеру ретінде сұрақ - жауап.

Бастауыш деген не?

  1. Үй тапсырмасын тексеру.



III. Жаңа сабақты түсіндіру.

Оқушыларға мұғалімнің басшылығымен алдымен жеке суреттер бойынша сөйлем құрастырылады., сөйлемде кім туралы айтылғанын айтады. Бір сөйлем таңдалып тақтаға жазылаы. Оны тақтада талдау жасау, не туралы айтылғанын көрсетіп тұрған сөздердің астынсызамыз, үстәне сұрағын жазады.



Кім? Не? Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесі бастауыш деп аталады. Жаңбыр жауды. Не жауды? Оқушылар жазды. Кім жазды?

IV. Оқулықпен жұмыс.

1 - жаттығу: мақалды жатқа жаз. Бастауыштарды тауып, оларға сұрақ қой. Тал - не? Мал - не? талдау жасау.



2 - жаттығу: өлеңді көшіріп жаз. Бастауыштардың астын сыз.

Жүйрік - не? Құйрық - не ? мына сөздердің асты сызылады.



V. Дәптермен жұмыс.

3 - жаттығу: Суреттерді пайдаланып сөйлемдерді толықтырып жаз.

Оқушы есеп шығарды.

Суретші сурет сады.

Жүргізуші машинаны жүргізді.

Мұғалім сабақ түсіндірді.

Аспазшы түскі асты дайндады.

Шекарашы шекараны күзетеді.

Көп нүктенің орнына қойылған сөздер сөйлемнің қай мүшесі болып тұр?



VI. Қорытынды.

4 - жаттығу: берілген сөздерден сөйлем құрастырып жаз.

  1. Балалар қағаздан батпырауық жасады.

  2. Әсет әкесімен балық аулауға барды.

  3. Тоғайда түрлі аңдар болады.

  4. Құстар зиянды жәндіктерді жояды.



Үй жұмысы.5 - жаттығу, бет 69





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал