7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары 'Қазақ хандығы' (7-сынып)

Сабақ жоспары 'Қазақ хандығы' (7-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ хандығының құрылу процесін талдау, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің мемлекеттік құрылымын анықтау;
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін шыңдау үшін ойындар ұйымдастыру;
Тәрбиелік: Тұңғыш қазақ мемлекетінің негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалауға патриотизмге, өз Отанын, елін - жерін қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Блум таксаномиясы, ойын элементтері, тарихи диктант, вен диаграммасы, проблемалық сұрақтар, картамен жұмыс, шығармашылық жұмыс, пікірталас
Көрнекілігі: карта, суреттер, сызба - нұсқалар, портреттер

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

Блум таксаномиясы 6 кезеңнен тұрады

1.Білім.

1.Барақ ханның өлімі а.Орыс хан

2.Әбілқайыр ханның билік үшін таласы неше жылға созылды ә.1456 ж.

3.Әбілқайыр ханның ойраттардан жеңілісі б.1428 ж.

4.Халқымыздың тұңғыш тарихшысы в.Үшқоңыр

5.Дайырқожа бидің өлімі г.1457 ж.

6.Дайырқожа кімнің қолынан қаза тапты ғ.20

7.Керей мен Жәнібек кімнің ұрпағы д.Дулати

8.Қазақ хандығының қара шаңырағы е.Қобыланды

9.Керей ханның тұрағы ж.Хантау

10.Жәнібектің қыстауы з.Шу, Қозыбас

Жауаптары: 1-б, 2-ғ, 3-г, 4-д, 5-ә, 6-е, 7-а, 8-з, 9-в, 10-ж.

2.Түсіну.

Оқу материалды түсінгендеріңді сызба сызу арқылы көрсетіп, қысқаша мазмұндап бересіңдер.

3.Қолдану.

«Жұмыс дәптермен» жұмыс.

4.Талдау.

1.Қазақ хандығының дербес мемлекет болып қалыптасуына түрткі болған алғышарттар?

- елдегі бей берекетсіздік;

- Әбілқайыр ханның 1457 ж. ойраттардан жеңілісі;

- Хан өзін қолдамаған сұлтандарды қуғын сүргінге ұшырату;

-Дайырқожа бидің өлімі.

2.Салыстыру: Қазақ хандығы мен Қазақстан Республикасы.

5.Жинақтау.

Эссе жазу «Қазақ хандығының құрылуының қандай тарихи маңызы болды?».

6.Бағалау.

«Сiздiң ойыңызша бұл дұрыс/бұрыс, маңызды ма/емес пе, жақтайсыз ба/ қарсысыз ба?» деген пiкiрталас туғызатын сұрақтар қою.

ІІІ.Қорытындылау.

ІҮ.Бағалау.

Ү.Үйге тапсырма беру. §37 оқу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал