7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты«Наурыз атқа мінгізу»

Тәрбие сағаты«Наурыз атқа мінгізу»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Тақырыбы: «Атқа мінгізу»

Мақсаты: Халқымыздың ұмыт болған салт-дәстүрін еске түсіру,баланың танымдық қабілетін дамыту.Балалардың қызығушылығын арттыру,ой өрісін шығармашылық қабілетін дамыту. Халық дәстүрлерін танып білуге тәрбиелеу.

Тәрбиеші:Ассалаумағалейкум халқым менің

Ардақта дәстүріңді,салтыңды елім.

Мереке той думанның басы болсын,

Игі еңбектің жемісін бәрі көріп,

Салт дәстүрді сақтасын халық біздің.

Тәрбиеші: Бүгінгі шарамыз Наурыз мейрамына арналады.Тойларыңыз құтты болсын!Сіздерді Наурыз мерекесімен құттықтаймыз.Отбасыларыңызға бақыт,мол қуаныш тілейміз.

Шынғыс: Армысыздар,құрметті қонақтар!Наурыз тойы құтты болсын!

Назым «Ұлыс оң болсын!» «Ақ мол болсын!», «Қайда барсаң жол болсын!» «Елімізде тыныштық болсын!»

Уа халайық,халайық!

Ақ сандықты ашайық,

Бұл мереке бұл тойдың,

Шашуларын шашайық. (Шашу шашылады.) Шашу композиция

Баяндама:Қазақ халқы баласын өзінің өмірінің жалғасы ұрпағы болғандықтан,дүниеге келген сәбиін өсіп азамат болғанынша ардақтап,оларға арнап ырымдап әр түрлі тойлар жасап отырған.Сол тойлардың бірі «Баланы атқа мінгізу» тойына куа боламыз.Мұндағы мақсат.Жас ұрпағымыз салт дәстүрді білу.Ата бабамыз ұл балалы болғанда ерекше сый құрметпен қарап оны шаңырақ иесі деп есептеген.Әр кез шымыр,ширақ пысық,өткір,ақылды болуға тәрбиелеген.Баласын төрт-бес жасқа толғанда атқа мінгізіп үйреткен,ондағы мақсаты желден жүйрік атпен достаса білу,мал түлігін құрметтеу,өсіп-пісіп жетілуге жәрдем береді деп баулыған.Сондай қуанышты той бүгін «Балдәурен»тобындағы Дуғаловтар әулетінде болғалы отыр.Ұлттық салт-дәстүріміз атқа мінгізу тойынан шағын көріністі көріп тамашалаңыздар.

Күй «Наурыз тарту»

Тәрбиеші:Той дастарханы болсада,әдептен озбайтын салтымыз бар.Сол үшінде дастарханға байланысты қандай тыйым сөздерді біледі екен балаларымыз,байқап көрейік.

Көргенді жас пәк бала,

Дастарханнан аттама!. Ильяр

Ісің қалып жатса да,

Таңғы асты тастама! Амир

Үйде де,қайда да,

Пышақпен ойнама.! Дияр

Дастарханға емінбе!

Көп алдында керілме! Әділет.

Тәрбиеші : Ал халайық ,тұрмайық,

Әндетейік,жырлайық.

Ортамызды ашайық,

Биді қарсы алайық-деп қыздарымыздың биіне кезек берейік

Би «Қамажай»

Тәрбиеші:

Енді бүгінгі атқа мінген ер жігітімізге тарту,есіне сақтап жүрсін деп достары мақал-мәтел айтып бермек.

Талапты ерге нұр жауар.

Жомарт жоқтығын білдірмейді,

Жүйрік ат тоқтығын білдірмейді. Есіл

Қоянды қамыс өлтіреді,

Ерді намыс өлтіреді. Әділет.

Ән(хор) «Наурыз»

ТӘРБИЕШІ ; Наурыз тойын аңсап келген.

Ата-бабам жырлап келген.

Той-думанның жалғасы деп,

Тойбастарды айтар әжем.

-Олай болса,бүгінгі тойымызды ортаға шығып тойбастар айтатын әжелеріміз шығып «Тойбастар» әнін айтады

Тәрбиеші:

Сыйлай білсең ата-баба мұрасын.

Қазақтардан табылады жыр асыл,

Бата берсін көпті көрген қария,

Әр қазақтың той бастары болғасын. (ата бата береді)

Тәрбиеші:

Мақсатымыз өнерлі боп жақсы оқу,

Өнер білім тең таразы біздерге,

Тәрбиеші ата-анасы десек те,

Қатынас екі арада мықты болсын.

Мектепке жетісіне бір келседе,

Той дегенің осылай бір тойланар.

Санамызға сіңіруге пайда бар,

Тойларың тойға ұлассын ата-аналар!

Қуанышпен қауышайық қашанда. -деп бүгінгі тәрбие сабағымызды аяқтаймыз. Алтындай уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет!Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын мерекелеріңіз құт-береке әкелсін! Сау болыңыздар!



















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал