7


  • Учителю
  • Кәріге құрмет - балаға міндет тәрбие сағаты

Кәріге құрмет - балаға міндет тәрбие сағаты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Кәріге құрмет - балаға міндет.

Мақсаты: оқушылардың бойына үлкенді тыңдай білуге, халқының салт-дәстүріннен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.

Барысы:

1-жүргізуші.

Ақиқатты айқындап айқындап жариялар

Бара жатыр азайып қариялар.

Дауыл тұрса бүлк етіп толқымайтын

Бара жатыр сарқылдап дариялар.

2-жүргізуші: Неменеңе жетістің, бала батыр,

Қариялар азайып бара жатыр.

Бірі мініп келместің кемесіне,

Бірі күтіп әнеки жағада тұр.

1-жүргізуші: Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор. Олар ең алдымен балаға тіл игеруге көмектеседі. Көшеде жүргенде ортадан үйренген қолайсыз сөздерге тыйым салады. Бұның бәрі- тәрбие.

2-жүргізуші: Мейірімді көзіңді,

Қамқоршы сөзіңді.

Кемеңгерім көреген,

Өмірге азық өнеген.

Аяулы едің не деген...

Асыл әже! - дей келе әжелерімізге арнап «Асыл әжем» әні орындалады.

1-жүргізуші: « Халқымызда «Өзің өскенше, немерең өлгенше» деген сөз бар.

Бала, немере туралы ақын М.Әлімбаев былай деген екен:

Бала деген бал екен,

Бал дегенің бала екен.

Немеренің бойында

Бар жақсылық бар екен.

Туған балаң жай ғана,

Демесең де жат бөтен.

Нағыз бала ойласаң,

«Немере» екен, тәтті екен.

2-жүргізуші: «Немере» (Ортаға немересімен әже шығады)

Атаң болса, анаңмен -

Алтыннан соққан қорғаның.

Ағаң болса ақылды -

Ешкімнен кем болмадың.

Інің болса жанашыр -

Семсер қылыш білегің.

Ақылды қыз, ақылды ұл -

Өкпе-бауыр, жүрегің

2-оқушы: «Бабаларым, рахмет сендерге»

Бабаларым рахмет сендерге!

Бабаларым болмасын деп көр кеуде,

Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,

Өмірге мен мылқау болып енгенде.

Бабаларым, рахмет сендерге!

Мұқағали Мақатаев.

Көрініс:

Оқушы: бүгін біздің сүйікті атамыз Мақалбай бізде қонақта. Ол бізге бар мейірін, бар ақалын төгіп келіп отыр. Мақалбай ата, ендігі сөз өзіңізде.

Мақалбай ата: Ата-анаңды құрметтесең,

Сенде жақсылық игілік көресің.

Атаңа не қылсаң, алдына сол келер.

Ата - бәйтерек,

Бла - жапырақ.

Әке - асқар тау.,

Ана - бұлақ,

Бала жағасындағы құрақ. Қарияларды ардақтап өтсең, құрметтесең, қартайғанда сені де етер ізет.

Маған мынаны айтып беріңдерші, балаларым.

Дүниеде не қымбат?

Не қатты?

Не тәтті?

Жеті тойымсыз бен жеті жоқты атап беріңдерші.

Балалар жауабы тыңдалады. Мақалбай ата: Бәрекелді, өздерің шеттеріңнен шешен екенсіңдер ғой! Үлкендерді құрметтеуге арналған қандай мақал-мәтел білесіңдер?

Оқушылар жауабы тыңдалады.

1-оқушы: Үлкенге үнемі сәлем бер.

2-оқушы: Үлкенге қарсы шықпа.

3-оқушы: Үлкеннің батасын қабыл ал.

4-оқушы: Атаға бөлінгендер адыра қалады, Көпті қорлаған көмусіз қалады.

5-оқушы: Үлкен кісіні ренжітпе.

6-оқушы: Ауылыңда қарияң болса, Жазып қойған хатпен тең.

7-оқушы: Кәрі келсе асқа, жас келсе іске.

8-оқушы: Кәрі, кәрінің сөзі - дәрі.

9-оқушы: Ақылды қария-ағып жатқан дария.

10-оқушы: Кәріліктің алды, жігіттіктің соңы.

Мұғалім: Міне балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміздің алдында қарыздпрмыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқала ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.

Қартарымызды ардақтап өтейік. Оларды сыйлаңдар, қадірлендер!

Хор: «Ана туралы жыр»







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал