7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты Білім басы бастауышта қаланар 4сынып

Тәрбие сағаты Білім басы бастауышта қаланар 4сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Смагулова Нургул Кабдешкызы

Амантогай орта мектебі







«Білім басы бастауышта қаланар,

Білімменен әлемге жол салынар»

1 - жүргізуші:

Кіріспе сөз:

- Еркебұлан: Білімді болу дегеніміз не?

2 - жүргізуші:

- Білімді болу - бәрінен бұрын адам болу деген сөз. Өмірдегі барлық жақсылық білімнен шығады.

1 - жүргізуші

- Білім - сенің серігің, өмірлік жолдасың. Адам өзінің барлық керегін, ой - арманын, талап тілегін тек білім арқылы ғана қанағаттандыра алады.

2 - жүргізуші:

Уа жарандар, жарандар!

Мына бізге қараңдар!

Мінекей залда тыныштық

Естілмейді дыбыс түк

Мұны біз де қоштаймыз

Кешіккенді тоспаймыз

«Білім басы бастауышта қаланар,

Білімменен әлемге жол салынар» атты

Апталықты бастаймыз.

Темірлан: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Еліміздің ертеңі білімді азаматтың қолында екені өздеріңізге белгілі. Бүгінгі білімді шәкірт ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады.



Аяулым: Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған елдердің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім».

Мұқатай: Кітап керек білім таңдап аларға

Білім керек іске жақсы қараға

Кітап - шырақ қара түнді ашатын

Білім - жарық нұрын саған шашатын.







Ақерке: Кітапты оқымайды сыйламаған,

Білімге жанын танып қинамаған.

Өсірген кімнің болсын ой - өрісін,

Сол кітап бас ақылшы күнде маған.

Саят: Анашымдай сыр шерткен,

Ақыл - білім үйреткен.

Ана тілін оқыдық,

Ерекше зор құрметпен.

Ана тілін сүйеміз,

Құрметпен бас иеміз.



Злина: Қазақ тілі пәнінен,

Білім алды балалар.

Сөйлемді, сөз таптарын,

Етістіктің шақтарын,

Жалғаулар мен жұрнақтар.

Ережесін жаттадым.



Айзере: Ойланып есеп шығартып,

Төрт таңбаны білдірген.

Ғылымдардың патшасы,

Математика данасы



Ақбота: Жастың өсті санасы

Елжірейді жүрегі

Бастауышқа бар бала,

Алғыс айтып жүреді.

нұрсұлтан: Жерден ауыр дегенім:(бәрі) - ақыл - білім,

Судан терең дегенім: (бәрі) - оқу - ғылым.

Араайлым: Балапан әні

Көңілді біздің балалар

Ойнайды да күледі.

Оқуды да ұмытпай

Білімге көңіл бөледі.



Көңілді біздің балалар,

Дос қадірін біледі

Досқа адал сондықтан

Көмекке әркез келеді.



Ғали: Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,

Болармын күні ертең - ақ мақтанышым,

Білім алып, тер төгем, еңбек етем,

Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!



Жания: Әбес деме мұнымды

Айтайын бір шынымды.

Талмай оқып, ізденіп,

Игеремін ғылымды.



Аружан: Адалмын мен халқыма

Адалмын мен антыма

Кім болсам да елімнің

Дақ салмаймын даңқына.



Еркебұлан: Ақыл, сана, білім мен

(бәрі) Өнерге біз сенеміз!

Арым таза, ақ көңіл

(бәрі) Адалдыққа сенеміз!

Абыройлы ақ ниет,

(бәрі) Адамдыққа сенеміз!



Айша: «Білем» деме, балам!

Білмейтінің көп шығар.

Бәрін білген адам

Дүниеде жоқ шығар - деп ақын ағамыз Өтебай Тұрманжанов айтқандай көп білуге ұмтылайық.



Хор: Балапан әні

Кел балалар қанекей

Парақтайық әліпби

Талай қызық күтуде

Бәрімізді әлемде

Жалықпа сен жалықпа

Оқы, тоқы, арманда

Бәрін білген балаға

Жақын болар алыс та



1 - жүргізуші: Талпынамыз, тойлаймыз

Талапты біз жоймаймыз.

Ұлы мақсат шыңына,

Шықпай әсте қоймаймыз.- деп,

«Білім басы бастауышта қаланар,

Білімменен әлемге жол салынар» тақырыбындағы апталықтың ашылу салтанатын аяқтаймыз.





















































































Амантоғай жалпы білім беретін орта мектебі













Тақырыбы: «Білім басы бастауышта қаланар,

Білімменен әлемге жол салынар»





Жауапты: 4сынып

Сынып жетекші: Н.Қ.Смағұлова









































2015-2016 оқу жылы



























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал