7


  • Учителю
  • Әдебиеттік оқу Ақжайық 4 сынып

Әдебиеттік оқу Ақжайық 4 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: «Ақжайық» А. Құдайбергенов



Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: мәтінді түсініп, мәнерлеп оқуға дағдыландыру. Мән-мазмұнын ашу. Ақжайық өзені туралы мағлұмат беру. Қазақстанның өзен-көлдері туралы айту;

ә) Дамытушылық: сөздік қорын, тілін дамыту. Өзен-көлдер туралы білімдерін кеңейту;

б) Тәрбиелік: туған жерге деген сүйіспеншілікке, еңбекке тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: техникалық құралдар, слаидтар



Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: жаңа технологияның әдіс-тәсілдері



Сабақтың түрі: жаңа білім беру



Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, сыныптың сабаққа дайындығын тексеру



Психологиялық дайындық

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Құрметпенен сіздерді

Қарсы аламыз біз.



Үй тапсырмасын тексеру

1. «Туған жер» өлеңін жаттау

2. Туған ел, туған жер туралы мақал-мәтел жаттау

3. Ақын өлеңіне ұқсас өлең құрастыру

4. Туған жер тақырыбында шығарма жазу



Үй тапсырмасын қорыту

  • Жақсы, балалар, туған жері, туған елі туралы ән жазбаған сазгер, шығарма жазбаған жазушы, өлең шығармаған ақын, сурет салмаған суретші жоқ.



Қызығушылықты ояту

  • Олай болса, біздің туған еліміздің қандай жетістігін білесіңдер?

  • Тәуелсіздігімізге қанша жыл толды?

  • Біздің еліміздің табиғаты көркем, әсем жерлері өте көп. Асқар тауларымыз, айдын өзен-көлдеріміз, қарасаң көз жетпейтін кең даламыз, еліміздің шығысынан батысына ұшқан құстың қанаты талатын, жүгірген аңның тұяғы сынатын байтақ жеріміз бар.

Мағынаны тану

Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты 48 мыңнан астам көлдер бар. Оның көбі солтүстікке қарай орналасқан. Олардың ішіндегі ірілері: Каспий мен Арал теңізі, Балқаш, Зайсан, Алакөл көлдері. Бұлардың барлығы тұйық көлдер, көбінің суы тұзды, олардан тұз өндіріледі. Каспий ең үлкен тұйық су алабы. Оны үлкендігіне қарап теңіз деп атайды.

Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты 85 мыңнан астам өзендер бар. Олардың ішінде ең ірі өзендер: Ертіс, Тобыл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу, Есіл. Қазақстандағы барлық өзендер ішкі тұйық көлдерге құяды.

Осы өзендердің ішінде Жайық өзеніне тоқталатын болсақ, Жайық Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы (Атырау, Батыс Қазақстан облыстары) жеріндегі өзен. Жалпы ұзындығы - 2428 км, Қазақстан жеріндегі ұзындығы - 1084 км. Қазақстан аймағында Орал тау жотасынан басталған. Орал қаласынан жоғарыда Жайық өзенінің сол жағынан Елек өзені, Орал қаласының маңынан Шаған мен Барбастау өзендері құяды. Ол Атырау қаласы тұсында каспий теңізіне құяды.

Жайық өзені онша енді емес, бірақ көктемде тасыған кезде бірнеше шақырымға жайылып кетеді. Айналасы жасыл желекті көптеген жайылма ормандар бар. Әсіресе, ақтеректер, қарағаштар, қайыңдар, емендер өседі. Балық шаруашылығы үшін Жайық өзенінің маңызы өте зор. Жайық өзенінде бекіре, майшабақ, шортан балықтары мекендейді. Жалпы 38-ден астам балық түрлері бар.

Олай болса, бүгін біз Айтмағанбет Құдайбергеновтың «Ақжайық» мәтінімен танысамыз.



Автор туралы мәлімет беру

Айтмағанбет Құдайбергенов 1930 жылы Маңғыстау ауданына қарасты Қызық ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген ол мектеп директоры, аудандық оқу бөлімінің инспекторы қызметтерін атқарған. Ол 1956 жылдары Маңғыстаудағы халық театрының негізін қалауға атсалысқан азаматтардың бірі. А.Құдайбергенов түрлі тақырыптарға қалам тартқан жазушы. Дегенмен шығармаларының басым бөлігі осы өңірдің тұрмыс-тіршілігі, табиғатына арналған. Ол өз туған жерінің тылсым табиғаты мен көркем белестерін әдемі кестелей білді. 50 жасында өмірден озған қаламгердің араға 30 жыл салып, туындылары жас ұрпаққа жетті.



Оқулықпен жұмыс

1. мәнерлеп оқып беру;

2. іштей оқыту (түртіп алу);

3. сөздік жұмысы;

4. дәптермен жұмыс;

5. тізбектеп оқу;

6. азат жол бойынша оқу;

7. тұтас оқыту;

8. сұрақтар қою.

Сұрақтар:

  • Өзеннің жарқабағында кімдер отыр?

  • Жайықтың сипатын әңгімеле.

  • Жайық басында қандай өзен еді, қандай өзгеріске ұшырады?

  • Баланың сұрағына әжесінің берген жауабын қандай мақал-мәтелмен түсіндірер едің?

  • Өсердің сұрағына әкесінің берген жауабына сен қалай қарайсың, сенің пікірің қандай?



Сергіту сәті, жұмбақтар шешу

Суда өседі, өнеді.

Сыртқа шықса, өледі.

(Балық)

Күміспенен апталған,

Теңгеменен қапталған.

(Сазан)



Қомағайлық жасайды,

Шабақтарды асайды.

(Шортан)



Еш тесікке тұрмайды,

Ол жоқта жер құрғайды.

Бұйра жасап сан қилы,

Сұйық жазық шалқиды.

(Теңіз)



Сынаптай жылтырап,

Биіктен сырғиды.

Ән салып, былдырап

Іздейді ылдиды.

(Бұлақ)



Айдында жүзеді,

Тірі күміс сүзеді.

(Балықшы)

(Су)



Сабақты қорытындылау

1-топ. Еңбек туралы мақал-мәтел жаз

2-топ. Өсердің әкесінің әңгімесіне ат қой, эссе жаз

3-топ. Қазақстандағы немесе өз өлкеңдегі қандай өзен-көлдерді білесің, атап жаз



  • Балалар, бүгінгі сабақтан не үйрендік?



Үйге тапсырма

  1. Мәтінді оқу, мазмұндау;

  2. мәтін мазмұны бойынша сурет салу;

  3. өз өлкеңдегі өзен-көлдер туралы не білесің? Сипаттап жаз.



Оқушыларды бағалау

















































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал