- Учителю
- Тақырыбы: 'Қазақстан - ата жұртым, қасиетті туған жерім!'
Тақырыбы: 'Қазақстан - ата жұртым, қасиетті туған жерім!'
Тақырыбы: Қазақстан - ата жұртым, қасиетті туған жерім!
Мақсаты: Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, елжандылыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімін ояту. Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізу.
Көрнекілігі: Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың суреті,мемлекеттік рәміздер, ұлағатты сөзде, слайд.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру ,сұрақ-жауап.
Шаттық шеңбер:
Амансын ба, көк аспан!
Амансын ба, жер-ана!
Амансын ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам.
-Арайлаған танды сүйетін кім?
-Мен. -
Алтын сәулені сүйетін кім?
-Мен.
- Жарқын даланы сүйетін кім?
- Мен.
- Туған жерді сүйетін кім?
- Мен.
- Ата-ананы сүйетін кім?
- Мен.
- Досын сүйетін кім?
- Мен.
- Еліміздің болашағы кімдер?
- Біздер.
Сұрақ - жауап
( ҚР жайында сұрақтар беру )
Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
Райымбек:
Қазақстан - егеменді, тәуелсіз мемлекет , демократиялы мемлекет, зайырлы мемлекет,құқықтық мемлекет және әлеуметтік мемлекет
- Отанымыз қай ел ?
- Қазақстан Республикасы
- Қазақстанның елордасы қай қала?
- Астана.
- Елбасымыз кім?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Қазақстан Республикасының рәміздерін ата?
- Олар: Әнұран ,Ту, Елтанба.
-Дұрыс, балалар сендер рәміздер туралы тақпақтар білесіндер ме?
Назерке:
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай үстінде Қазақ үй.
Қалықтаған жас сұнқар.
Шарықтаған таза күй.
Бұл танбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Аяулым:
Отан туы желбіреп,
Көз тартады құбыла.
Біз қараймыз елжіреп,
Туған жердің туына.
Мәди
Әнұраным-жан ұраным,
Айтар әнім,сөйлер сөзім.
Туған жерім сағынарым,
Мәңгі-бақи шырқалады,
Республика әнұраны.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалады.
- Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет. Еліміз тәуелсіздікті 1991жылы алды. Қазақстан мемлекеті өз егемендігін алған соң 30-тамызда 1995жылы өз Ата Занымыз қабылданды. 30 тамыз -мемлекеттік мереке Конституция күні деп аталды.Биыл Ата Заңымыздың 20 жылдық мерей тойын тойладық. Еліміздің тәуелсіздігін дәлелдейтін өз рәміздері бар. Мемлекеттің барлық азаматтары-үлкендерде, балалар да мемлекеттік рәміздерді, олардың символикаларын білуі және түсінуі тиіс.Өз еліңнің Туын, Елтанбасын және Әнұранның құрметтеу-өз Отаныңды құрметтеу және сыйлау.
Қазақстан 130- дан астам халықтың мекені болып отыр. Барлығы бір шаңырақтың астында тату - тәтті өмір сүруі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегенді саясатының арқасы екені даусыз. Қазақ хандығына 550 жыл толды.
Настя:
О , туған жер , қасиетіңнен айналайын!
Тамсанамын қарап тұрып қашанда.
Шыққан балаң қазақ деген халықтан,
Нәр аламын жер анадай алыптан
Қажымұқан:
Тарихы бар дастанындай ерліктің,
Дәстүрі бар үлгісіндей елдіктің.
Қазақстан- алтын бесік Отаным,
Ұлы ордасы татулық пен теңдіктің
Айбиби:
Ел тарихы, жер тарихы - өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз,
Ақ, қараны тіліп тұрса сөзіміз
Ой - толғаныс
1 - топ « Біз кімбіз? »
2 - топ « Қазақстан қандай мемлекет? »
Тәуелсіз Қазақстанға ақ тілек
Төмендегі сөздерді қолдана отырып болашаққа тілек айту: заман,Елбасы,заң, қыз, ұл, Қазақстан,Астана,тіл, мектеп, жастар.
- Заманымыз тыныш болсын
- Елбасымыздың көреген саясатының арқасында еліміз гүлдене берсін
- Ата - заңымыз айбынды болсын
- Ұлдарымыз айбатты , қыздарымыз салмақты болсын
- Қазақстан әлем таныған айбынды ел болсын
- Астана болашақтың қаласына айналсын
- Тіліміздің мәртебесі өсе берсін
- Мектебіміз заман талабына сай жабдықталған білім ордасына айналсын
- Жастарымыз білімді , ұлтжанды, еліміздің сенімді болашағы болсын
Қорытынды
Біз әлі жас мемлекетпіз. Солай бола тұрса да 24 жылда біраз жақсылыққа куә болып үлгердік. Әлі де асар асуымыз , алар белесіміз алда. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан республикамызға
« Көк байрағы биіктеп , арманыңа жет, Қазақстан - ата жұртым, қасиетті туған жерім » деп алғашқы сабағымызды қорытындылаймын.
Базартөбе орта жалпы білім беретін мектебі
Қазақстан - ата жұртым, қасиетті туған жерім.
(Ашық сабақ)
Өткізген: Р.Исатаева
2015-2016 оқу жылы