7


  • Учителю
  • Поурочное планирование по казахском языку на тему Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

Поурочное планирование по казахском языку на тему Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Евгеньевка ауылы, КММ Ю.Гагарин атындағы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Базарбай Айный

Пән атауы: Қазақ тілі

</ Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: бірыңғай мүшелері туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру. Бірыңғай мүшелердің өзіндік

ерекшеліктерімен, сөйлем ішінен бірыңғай мүшелерді таба білуге, қай мүшемен байланысын анықтауға үйрету.

Дамытушылық: пәнге қызығушылығын арттыру, ойын арқылы сөйлеу және оқу, жазу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: жұппен, жекелей жұмыс істей отырып, ойларын жүйелі жеткізе білуге, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Құралдар: интербелсенді тақта, постер, тапсырмалар, суреттер, тест, көбейту кестесі.

Әдістер: СТО стратегиялары, жұппен, жекелей жұмыс, диалог, ойын.

Пәнаралақ байланыс: математика, музыка

Ұйымдастыру кезеңі:

1,2,3 сынып болсын тып-тыныш,

Қайырлы күн досым (қайырлы күн болсын)

Бүгінгінің күні (сәттілікке толсын)

Мотивациялық-қызығушылық кезеңі:

«Бір сыңарым мен, бір сыңарым сен» ойыны арқылы жұппен отырғызу.

Ойын шарты: Қиылған суреттерді құрастыра отырып, өз жұптарын табу.

Тақтада постерге жапсыру

«Жақсы сөз-жанға қуат»

Жұптар бір-біріне ізгі тілек, ақ ниеттерін білдіру.

«Ұққаныңды айт, ұмытқаныңды есіңе түсір» тест арқылы өткен материалдарды интербелсенді тақтамен орындау.

Тест тапсырмалары

1.Тиянақты ойды білдіреді

а) сөз ә) сөз тіркесі б) сөйлем

2.Сұраулы сөйлем қандай мақсатта айтылады?

а) хабарлау ә) сұраулы б) жеткізу в) ренжу

3. Іс-оқиғаның иесін білдіретін сөйлем мүшесін ата.

а) бастауыш ә) баяндауыш б) тұрлаусыз мүшелер

4. Бірнеше жай сөйлемнен құралған, күрделі ойдан тұратын сөйлем

а) жай сөйлем ә) құрмалас сөйлем б) жайылма сөйлем

5. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері қандай сұрақтарға жауап береді?

а) кім, не істеді ә) қандай, қалай, қайда б) сөйлем

6. Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемнен кейін қандай тыныс белгісі қойылады?

а) нүкте, үтір ә) үтір б) нүкте

7.Жалаң сөйлемді ата.

а) Асқар бүгін келді ә) Асқар бүгін келетінін айтты. б) Асқар келді.

8. Дұрыс байланысқан сөздерді көрсет

а) бөлмеде үстел ә) қызықты ертегі б) партаның жатыр

9. Сөз тіркесін тап

а) ауырды тісі ә) тісі ауырды б) ауыр тіс

10. Дара мүшесі бар сөйлемді көрсет

а) Талғат мектепте оқиды. ә) Талғат он үшке толды б) Талғат жүріп келді.

11. Күрделі мүшесі бар сөйлемді тап

а) Алмас сурет салды. ә) Алмас сурет салып отыр. б) Алмас әдемі сурет салды.

12. Екі немесе бірнеше сөзден жасалған сөйлем мүшесін қалай атайды?

а) дара мүшесі ә) тұрлаулы мүше б) күрделі мүше

Мағынаны тану:

а) Интербелсенді тақтадан «Қуыршақтарға зат сатып бер» ойыны арқылы қызықты көбейту кестесін әр жұп таңдаған сан бойынша математикалық тапсырманы орындай отырып «Ойлан, тап, ойыңды айт» кестесінде жасырылған сөздерді тауып сол бойынша жұмыс жасай отырып жаңа білімді өздігінен меңгеріп, ойларын қорытындылап айтады.

*Тақтада жасырын кесте тұрады.

*Көбейту кестелері айтылған кезде жауабы тақтадағы санға сәйкес келсе, бір торкөз ашылып отырады.

*алты жұп айтып болған соң тапсырма шығады.72

18

35

42

24

56

кітап

дәптер

сызғыш

қалам

қарындаш

пенал





*Дәптеріңе күн тәртібі, көркем жазу тақырыбын жазды.

-Мына заттарды бір сөзбен қалай атауға болады?

-Бұлар кімдердің заттары болады?

- Осы сөздердің бәрін қатыстырып сөйлем құраңдаршы? Кәне қай жұп алдымен құрайды екен?

в) Талдау-жинақтау жұмысы:

Бақытта кітап, сызғыш, қарындаш, қалам, пеналы бар.

  • Бұл сөйлемнің құрамында неше сөз бар?

  • Сөздерге сұрақ қойындаршы

  • Қандай сұраққа жауап береді?

  • Бұл қай сөз табынан

Ал енді осы бірдей сұраққа жауап берген сөздердің орнын ауыстырып оқып көрейік

  • Мұндағы сөздердің орнын ауыстырып айтуға бола ма екен?

Бой жазу жаттығулары: «Арайланған күн» бейнеклипті музыкалық жаттығуды интербелсенді тақтадан қарап тұрып қимылдарын қайталау

Операциялық-орындаушылық кезеңі:

«Тапқыр болсаң тауып көр» айдары бойынша 1-жаттығуды орындау

1-жаттығу

*Әр топтағы сөздерді оқып,сұрақ қой. Қай сөз табы екенін анықта.

*Артық сөзді тап. Ол сөздің неге артық екенін дәлелде.

1,6-жұп: қарағай, қайың, тербеледі, қайың,емен

2,5-жұп: ойнайды, секіреді, қалың, жүгіреді, ойнақтайды.

3-жұп: қыр мұрынды, ашық маңдайлы, он бес, жылы жүзді.

4-жұп: екі, жүз, көп, алпыс, мың.

«Теріп жазып түсіндір» айдары бойынша 2-жаттығуды орындау

2-жаттығу

  • Сөйлемдерді оқып, көшіріп жазады. Бірдей сұраққа жауап беретін сөздерді тауып, сөйлемнің қай мүшесімен байланысып тұрғанын сызба арқылы көрсету.

Мысалы: Сиыр сүтінен құрт, май, ірімшік, кілегей, қаймақ алынады.

  • Оқушыларға қорытындылату.

  • Ережені пысықтату.

Бой жазу жаттығулары: «Сен екеуіміз» бейнеклипті музыкалық жаттығуды интербелсенді тақтадан қарап тұрып қимылдарын қайталау.

4-жаттығу шығармашылық тапсырма

Сурет бойынша сөйлем құрау, ішінде бірыңғай мүшелері болу керек.

-Сөйлем ішіндегі бірыңғай мүшелер қандай сөйлем мүшелері болып тұр?

-Сөйлемдегі бірыңғай мүшелер неге бір ғана сөйлем мүшесі болып тұр?

Рефлекция: «Ойыңды ортаға сал»

-Бүгінгі сабақ тақырыбы қалай аталады?

-Бүгінгі сабақтан не үйрендің? Нені білгің келеді?

-Тапсырмаларды орындауда сен үшін қиындық болды ма?

-Бүгінгі сабақ ұнады ма? (қол қимылы арқылы көрсету)

Бағалау: дөңгелектегі тапсырмаларды бояу арқылы жұптар бір-бірін бағалап, түсіндіру

Үйге тапсырма: ереже, 5-жаттығу































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал