7


  • Учителю
  • Әліппе пәнінен сабақ жоспары

Әліппе пәнінен сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Әліппе

1 сынып

№ 1 Сабақ____ Күні:______

Сабақтың тақырыбы: Менің -Отаным Қазақстан.

Астана .

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Балаларға Астана бас қала туралы түсінік беру. Отанға деген

сүйіспеншілігін арттыру.

Дамытушылығы: Сөздік қорларын молайту.Сурет бойынша әңгімелеп , тілдерін

дамыту.

Тәрбиелігі: Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі. Астананың суреттері.

Түрі: Жаңа сабақ

Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланысы: Әдебиеттік оқу

Сабақтың барысы. 1) Ұйымдастыру кезеңі.

а) Психологиялық дайындық

2) Жаңа сабағы

3) Оқулықпен жұмыс

4) Сергіту сәті

5) Қорытынды

Ұйымдастыру кезеңі а) Психологиялық дайындық

Туған жерім мекенім,

Сенде өсіп жетермін.

Топырағынан нәр алам,

Керегіңе жаралам.



Жаңа сабақ. Астана.

Балалар ,біз қандай Республикада тұрамыз.

- Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.

- Ия, дұрыс айтасыңдар.Қазақстан Республикасы Тәуелсіз мемлекет.Оның астанасы

қай қала?

- Астана қаласы.

- Бұл жаңа астана ,жаңа бас қала.

- Тәуелсіз еліміздің рәміздерін білесіңдер ме?

- Көк туымыз, Елтаңба,Ән ұран.

- Ал, біздің президентіміз кім?

- Нұрсұлтан Назарбаев .



Оқулықпен жұмыс.

Әліппенің 6-бетін ашқызу. Оқушыларға ондағы суреттерді көрсету.

Астанада президенттің сарайы бар.Президент Нұрсұлтан Назарбаев сол жерде қызмет істейді, шетел басшыларын қабылдайды.

- Астана туралы кім тақпақ біледі?

- Оқушылардан білетін тақпақтарын сұрау.

Бірнеше тақпақтар оқып беру.

Жаса, жаса астанам,

Өркен жая бастаған .

Болашақтың есігін ,

Оң қолыңмен аш маған!

Заман жаңа ,ел жаңа,

Күлімдейді кең дала

Өз Астанам -өз Ордам

Сүйенерім сен ғана.

Сергіту сәті

Бір, екі, үш

Жинап қолға күш

Қолға қалам аламыз.

Әдемілеп жазамыз

Жазу жұмысын жүргізу.Дәптердің 5-бетіндегі тапсырмаларды орындату.

Сабақты қортындылау.

Сабақты қорыту кезінде оқушылардың ойын ортаға салу. Сабақты әнұранды тыңдаумен аяқтау



































































Әліппе

1 сынып

2 Сабақ Күні:______

Сабақтың тақырыбы: Отбасы.(Сөз)

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды отбасындағы қарым-қатынасқа үйрету.

Дамытушылығы: .Отбасы жөнінде әңгімелесуде олардың тілін дамыту,сөздік қорын

байыту,сөз туралы ұғымын қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Өз-ара сыйластыққа тәрбиелеу.

Түрі : Жаңа сабақ.

Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру

Көрнекілігі. Отбасы суреттері,табиғат суреттері.

Пәнаралық байланысы:

Сабақтың жоспары:

1) Ұйымдастыру кезеңі.

2) Өткенді пысықта 3 Жаңа сабақ

4) Суретпен жұмыс

5) Сергіту сәті

6) Қорытынды

Ұйымдастыру кезеңі

а) Психологиялық дайындық

Қуанамын мен де

Қуанамын сен де

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге



Үй тапсырмасын тексеру.

Жаңа сабақ

Отбасы.

Оқулықтың 8-бетіндегі суреттерді тірекке ала отырып, оқушылармен әңгіме өткізу.

Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін мынадай өлеңді оқып беру.

Анаң -үнің, жүрегің,

Әкең -өмір тірегің.

Сен-бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын

Әжең -асыл ардағың,

Атаң -дана қорғаның.

Сен -бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.

Суретпен жұмыс.

Суреттерді көрсетіп ,астындағы сызбалар бойынша аттарын атау.

  • Ата, әже, әке, ана.

Келесі сурет бойынша әңгімелеу.

Оқушылардан кімді ,нені көріп тұрғандарын сурап ,әңгімелеу.



Сергіту сәті

(Орындарынан тұрады, көздерін жұмып елестетеді)

Биіктеу тау. Баурайында қалың орман. Айнала жасыл шөп. Алыстан тоқылдақ үні естіледі. Ауа тап - таза. Терең демаламыз. Біз көңілдіміз.

Жазу дәптерінің 6-бетіндегі тапсырмаларды орындату.

«Менің туыстарым» деген ойын ұйымдастыру.Олардың қызметі ,тұратын жері туралы әңгімелету.

Қорытынды.

Отбасындағы жақын адамдарына арнап, сурет салғызу.

























































































Әліппе

1 сынып

3 Сабақ Күні:______

Сабақтың тақырыбы: Өзің тұтынып жүрген үй мүліктері (Сөйлем)

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды үй мүліктерімен таныстыра отырып ,олардың

пайдасы,қызметі жөнінде әңгімелету .

Дамытушылығы: Әңгімелету арқылы тілін дамыту, сөздерден сөйлем құрауға

үйрету.

Тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, өз мүлкіне мұқият болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Үй мүліктерінің суреттері.

Түрі: Жаңа сабақ

Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап.

Пәнаралық байланысы:

Сабақтың барысы. 1) Ұйымдастыру кезеңі.

а) Психологиялық дайындық

2) Өткенді пысықтау .

3) Жаңа сабағы

4) Дәптермен жұмыс

5) Сергіту сәті

6) Қорытынды

Ұйымдастыру кезеңі

а) Психологиялық дайындық.

Күн шуақ.

Мен сені сүйемін

Жүрегімнің жылуын

Мен сендерге беремін.

Өткенді пысықтау

Жаңа сабақ

Оқулықтың 9-бетіндегі «Өзің тұтынып жүрген үй мүліктері» тақырыбында оқушылармен әңгіме өткізу.Олардың аттарын дұрыс атауға үйрету.

( Диван, сөре, стол, орындық)

Оқулықтағы суреттердің төменгі жағындағы сызбалар бойынша сөйлемдер құрастыру.

(Жаңа диван. Сөреде кітаптар тұр. т.б.

Дәптермен жұмыс. Жазу дәптерінің 7-бетіндегі ирек сызықтарды сызуды үйрету. Оқушыларға ауада жазғызу,бастыра жазғызу.



Сергіту сәті

Таң әлі атқан жоқ,

Маңай әлі қараңғы.

Әтеш ерте оянып,

Жан - жағына қарады.

Шынықтырып денені

Қанаттарын қағады.

Ку - ка- ре -ку тұр - тұрлап,

Оятады баланы.

Үй мүліктеріне байланысты жұмбақтар айтқызып үйрету.

Төрт аяғы, арқасы бар,

Еті жоқ, тек қаңқасы бар.(Орындық)

Сырты жаз, іші қыс. Бұл не?

(Тоңазытқыш)

Кіруге адам батпайды,

Затыңды аман сақтайды. ( Сандық)

Бірнеше суреттерді көрсетіп, олардың ішінен жұмбақтардың жауабына сәйкес суреттерді тауып, оларды атайды,шешуін табады.

Сабақты қортындылау

Өзіне ұнаған үй мүліктерінің суреттерін салғызу,әңгімелету.

























































































Әліппе

1сынып

№ 4Сабақ Күні:______

Сабақтың тақырыбы: Ойыншықтар(Буын)

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды ойыншықтармен таныстыру.

Дамытушылығы: Ой-өрісін дамыту,сөйлеу тілін дамыту.

Тәрбиелігі: Өзара көмек және ұжымдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі. Суреттер, жұмбақтар

Түрі: Жаңа сабақ

Әдіс - тәсілдері: қайталау, әңгімелеу,

Пәнаралық байланысы:

Сабақтың барысы. 1) Ұйымдастыру кезеңі.

а) Психологиялық дайындық

2) Өткенді пысықтау .

3) Жаңа сабағы

4) Дәптермен жұмыс

5) Сергіту сәті

6) Қорытынды

Ұйымдастыру кезеңі

а) Психологиялық дайындық

Жаңбыр жауып басылды.

Аспан шайдай ашылды

Желмен бірге жапырақ

Сыбдыр қағып шашылды.



Өткенді пысықтау.

Жаңа сабақ

Сабақты оқушылармен ойыншықтары жөнінде әңгімелесуден бастаймыз.Оқушылар өздерінің ойыншықтары жайлы айтқан кезде ,жұмбақ жасыру керек. Жұмбақ -екеу, шешуі -біреу.

Асты ,ұйқыны білмейтін,

Мұндай бала көрсем ше.

Жүгірмейтін ,жүрмейтін.

Жыламайтын, күлмейтін.

Бөбектерім бүлдіршін,

Киініп тұр бір мүсін.

Ол қаз басып жүрмейді ,

Сөйлемейді ,күлмейді.

(Екеуінің де шешуі.қуыршақ).

Қуыршақ сөзін пайдаланып, сөйлем, әңгіме құрату

Оқулықтағы ойыншықтарды атап, сызбалар бойынша талдау жұмысын жүргізу.

А-сық, доп, ша-на, ма-ши-на.



Дәптермен жұмыс.

Жазу дәптерінің 8-бетіндегі қайықтың суретін бастырып салу,иректер жазғызып жаттықтыру.

Дәптердегі суретке байланысты сызбалар арқылы сөйлемдер құрау және сөздерді буынға бөлу.



Сергіту сәті

Аппақ болып таң атып,

Түтін тіке шығады

Қарлығаштар қанатын

Самғап биік ұшады.



Сабақты қортындылау.

Оқулықтағы «Тоғызқұмалақ» тақырыбындағы мазмұнды сурет бойынша оқушыларға әңгіме құрату,сөйлемдерді сызба арқылы дәптерге жазу.

Оқушыларға ойыншықтар жөніндегі әнді бірге айту.

Н. Әлімқұлов.

Біздерде бар қуыршақ.

Бұзау, қозы, құлыншақ,

Ойыншықтар тыңдайды.

Ақыл айтсақ, бұйырсақ.



Қуыршақтар ұйықтайды.

Айтқаныңнан шықпайды.

Бұзау, қозы, құлыншақ,

Ұйықта десең, ұқпайды.





Тыңдамайды ұрысса,

Осылары дұрыс па?

Тентектігін тыймаса,

Тұрғызармын бұрышқа.



















































Әліппе

1 сынып

№ 5 Сабақ Күні:______

Сабақтың тақырыбы: Оқу құралдары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға оқу құралдары туралы мәлімет беру..

Дамытушылығы: Жан-жақты ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: Оқулықтарын таза, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер,

Түрі: Жаңа сабақ.

Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап

Сабақтың барысы. 1) Ұйымдастыру кезеңі.

2) Өткенді пысықтау.

3) Жаңа сабақ

4) Оқулықпен жұмыс

5) Сергіту сәті

6) Қорытынды

Ұйымдастыру кезеңі

а) Психологиялық дайындық

Бір, екі, үш.

Сынып іші тып-тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз.

Сабақты біз бастаймыз.



Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтың 10-бетіндегі суретпен жұмыс.

Оқу құралдарының атауларын атату. Алғашқы қолымызға ұстаған оқулықтарыңның атауын ата. Әліппе. Буынға бөлгізу. Ә-ліп -пе. Ма-те-ма -ти-ка, Дәп-тер. Қа-лам , Сыз-ғыш.

Осы оқулықтар бойынша мысалдар келтіру.

  • Әліппе сабағында біз не істейміз?

  • Математика сабағында ше?

- Ал, тағы қандай оқулықтар бар?

- Дәптерге біз не істейміз ?



Сергіту сәті

Аппақ болып таң атып

Түтін тіке шығады

Қарлығаштар қанатын

Самғап биік ұшады.



Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі жазуларды жазғызу.

Ойын: «Оқу құралдары»

Оқушыларға сөздер айту. Сол сөздердің ішінде оқу құралдары кездессе, соларды атау.

( орындық, дәптер, парта, қалам, гүл, кітап, шкаф, күнделік, сағат, өшіргіш, киім, күрте, сөмке.)



Сабақты қортындылау.



Әліппе

1 сынып

6 Сабақ Күні:______

Сабақтың тақырыбы: Күз(Әңгіме)

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға күз мезгілі туралы мәлімет беру. Суреттеп, сипаттап,

әңгімелеуді меңгеру.

Дамытушылығы: Жан-жақты ойлау қабілеттерін дамыту.Сөздік қорын, тілін

дамыту.

Тәрбиелігі: Ұйымшылдыққа, табиғатты суюге, қорғауға тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілдері: Жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс: Дүниетану.

Көрнекілігі. суреттер,тірек сөздер.

Сабақтың өту әдісі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың жоспары:.

1) Ұйымдастыру кезеңі.

а) Психологиялық дайындық.

2) Жаңа сабақ.

3) Оқулықпен жүмыс.

4) Суретпен жұмыс.

5) Сергіту сәті.

6) Дәптермен жұмыс.

7) Қорытынды.

Ұйымдастыру

а) Психологиялық дайындық

Табиғат. Тіршіліксің тұнып түрған.

Сен-күнсің .Көтерілген күліп қырдан

Сен-көлсің Сен-ормансың ,Сен бұлақсың

Адамды сұлулыққа құнықтырған.

Жаңа сабақ

Ш. Ахметовтың «Бұл қай кезде болады?» өлеңін жатқа айтып беру.

Бұлттар төніп

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып,

Өңі тайып,

Дала сұры қашады,

Ойнай алмай...

Денең мұздап тоңады.

Айтыңдаршы, бөбектерім,

Бұл қай кезде болады?

Оқушыларға күзде, табиғатта болатын өзгерістер туралы айту.Оқулықтағы «Күз» тақырыбындағы суретке қарап, сөйлемдер құрастырғызу. Ондағы тірек сөздер арқылы әңгіме жүргізу. Олар: кірпі, алма, қыз бен ұл, орман, сары жапырақтар, бұлт.

Оқушыларға күзгі жапырақтарды салғызу. Олардың түстері қандай болатынын сұрау.

Сергіту сәті

Көркем табиғаттың аясында тұрмыз.

Биік-биік өрмелеп шығайық,

Көк аспанның таза ауасын

Жұтып дем алайық.



Дәптермен жұмыс.

Жазу дәптеріндегі қолдың еркін жазуына жаттықтыруға арналған жұмыс түрлерін жүргізу. «Күз» тақырыбына құрастырылған әңгімеден сөйлемдерді пайдаланып ,дәптерге сызба арқылы жазу.



Тапсырма: Көбелектің гүлге ұшып баратын жолын бастыра сызғызу.

Қ. Мүсіреповтың «Күз» атты өлеңін оқушыларды жатқа айтуға үйрету.

Жел тынымсыз гуілдеп,

Болып кетті тым бұзық .

Шуылдайды тал, терек

Жапырағын жұлғызып,

Осы шумақтарды оқушыларға жаттату. Өлең ішіндегі бұзық, гуілдеп, шуылдайды, жұлғызып сөздерімен сөздік жұмыстарын жүргізу.

Дәптердегі сызбаға қарап ,суретке сәйкес сөйлемдер құрастыру.Осы сөйлемдерден әңгіме шығару. Оған ат қою.



Сабақты қорыту.







































































Әліппе

1 сынып

7 Сабақ Күні:______

Сабақтың тақырыбы: Дақылдар. (Дыбыстар)

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға жаңа тақырып туралы мәлімет беру.Оқушыларға

дақылдардың аттарын тапқызып, оларды буынға бөлуге үйрету.Сөздерге

дыбыстық талдау жасатуға үйрету.

Дамытушылығы: Ой -өрісін дамыту. Сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелігі: Сабақ барысында еңбекқорлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс - тәсілдері : Жаңа сабақ

Пәнаралық байланысы: Қазақ тілі.

Көрнекілігі. Суреттер, сызбалар, дақылдар.

Сабақтың типі: жаңа білім беру

Сабақтың жоспары:

1) Ұйымдастыру кезеңі.

а) Психологиялық дайындық

2) Жаңа сабақ

3) Оқулықпен жұмыс

4)Дәптермен жұмыс.

5) Сергіту сәті

6) Қорытынды

Ұйымдастыру кезеңі

а) Психологиялық дайындық

Күн шуақ

Мен сені сүйемін

Жүрегімнің жылуын

Мен сендерге беремін

Жаңа сабақ.

Қ.Мүсіреповтың «Алтын астық» өлеңін жатқа айтып, мазмұны бойынша оқушылармен шығармашылық жұмыс жүргізу.

Көктемде егін егетін,

Күзде жиып беретін.

Біздің дала-бай дала,

Алтын астық айнала.

Ел егінді жинайды ,

Қырманға дән сыймайды.

Оқушыларды әңгімеге тарта отырып, түрлі сұрақтар қойып ,жауап алу.

Мысалы: Қырманға қандай астықтарды жинайды? Дақылдың қандай түрлерін білесің? Оларды қалай пайдаланамыз?



Оқулықпен жұмыс:

Суреттердің аттарын атау. Би -дай, жү -ге -рі, та -ры, күн -ба -ғыс

Оқулықтағы комбайн мен элеватор суреттері бойынша оқушыларға әңгіме құрату.

Комбайнмен егін жинаймыз. Жинаған егінді машинаға тиеп ,элеваторға апарады.



Дәптермен жұмыс:

Жазу дәптерінің 10-бетіндегі ирек сызықтарды бастыра отырып, жолдың аяғына дейін жазғызу. Иректердің биіктіктеріне ,арақашықтығына көңіл бөлу.

Сергіту сәті

Жаңбыр жауып басылды

Аспан шайдай ашылды

Желмен бірге жапырақ

Сыбдыр қағып шашылды

Оқулықтағы суреттер бойынша құраған әңгімеден керекті сөйлемдерді алып, сызбасын дәптерге түсірту.Кейбір сөздерге буындық, дыбыстық талдау жасату. Мысалы: комбайн сөзінде неше буын бар? Неше дыбыс бар? Бірінші буында неше дыбыс? Екінші буында неше дыбыс?



Қорытынды

Білімді пысықтау ретінде «Жалғастыр» ойынын ойнату.

Бір оқушы дыбыстардың бірін айтады. Екінші оқушы сол дыбыстан басталатын сөз табады. Үшінші оқушы сол сөзді қатыстырып ,сөйлем айтады.





































































Әліппе

1-сынып

8 Сабақ Күні: ____________

Сабақтың тақырыбы: Көкөністер

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға көкөністер туралы түсінік беру.

Дамытушылығы: Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту,жан-жақты ойлауын

дамыту.

Тәрбиелігі: Өзара көмек және ұжымдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс. Тіл дамыту.

Көрнекілігі : суреттер, әріптер.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру ( Психологиялық дайындық)

Қуан, шаттан, алақай.

Қуанатын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін

Қайырлы таң, қайырлы күн.

Өткенді қайталау.

Оқушылардан дақылдар туралы сұрау.

-Дақылдардың қандай түрлерін білесіңдер?

- Егінді қай кезде жинаймыз ?

-Комбайн сөзіне дыбыстық талдау жаса.



Жаңа сабақ

Көкөністер.

Оқушыларға көкөністің аттарын ататып, оларды буынға бөлгізу.



Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтағы суреттердің аттарын атау. Сәбіз, қызанақ, қияр, қызылша. Оларды буынға бөлу. Сә-біз, қы-за-нақ, қи-яр, қы-зыл- ша. Д

Дыбыстық талдау жасау. Қызылша -7 дыбыс, 3дауысты, 4 дауыссыз.

Сәбіз -5 дыбыс, 2 дауысты , 3 дауыссыз.



Дәптермен жұмыс.

Жазу дәптерінің бетіндегі жазуларды дәптерлеріне таза, әдемі етіп жазғызу.

Қарбыз сөзіне буындық, дыбыстық талдау жасату.



Сергіту сәті.

Жаңбыр жауып басылды.

Аспан шайдай ашылды.

Желмен бірге жапырақ.

Сыбдыр қағып шашылды.



Оқулықтағы суретпен жұмыс.

- Суреттен нені көріп тұрсыңдар?

- Адамдар не істеп жатыр?

- Олардың қолдарынан нені көріп тұрсыңдар?

Оқушылардан толық жауап алу. Сурет бойынша сөйлем құрастыру, әңгімелеу.

Қауын сөзіне талдау жасату.

Ойын «Қай буынды жоғалттым?»

Буындарды өтіп,сөздерді дұрыс бөлуге күрек, қарбыз, қызанақ, қауын сөздеріндегі кү..., қар..., қыза..., қа... жазылмаған буындарды дұрыс, тез көп тапқан оқушылар ұтады.

Дәптердегі қалған сызбаларды жазғызу.



Қорытынды.





























































































Әліппе

1сынып

9 Сабақ Күні:______

Сабақтың тақырыбы: Жемістер.(Дауысты, дауыссыз дыбыстар)

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға жемістер туралы мәлімет беру. Дауысты, дауыссыз

дыбыстар туралы түсіндіру.

Дамытушылығы: Ойлау, көру ,сезіну қабілетін дамыту.

Тәрбиелігі: Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс - тәсілдері : Жаңа сабақ

Пәнаралық байланысы: Дүниетану.

Көрнекілігі. Суреттер,

Сабақтың типі: жаңа білім беру

Сабақтың жоспары:

1) Ұйымдастыру кезеңі.

а) Психологиялық дайындық

2) Жаңа сабақ

3) Оқулықпен жұмыс

4) Дәптермен жұмыс

5) Сергіту сәті

6) Суретпен жұмыс

7) Қорытынды





Ұйымдастыру кезеңі

а) Психологиялық дайындық

Тілейміз көктем шуағын.

Тілейміз жаздың ұзағын

Тілейміз күздің жемісін.

Тілейміз қыстың қарлысын252.



Жаңа сабақ

Оқулықтың 14-бетіндегі «Жемістер» тақырыбына байланысты әңгіме айтып беру.

Ерте,ерте, ертедеме, әлде қазіргі заманда ма? Әділхан қарияның немересі қаладан қонаққа келеді. Қария немересін қасынан қалдырмай ертіп жүреді екен. Бір күні қария:

- Дәулетжан, бүгін баққа барамыз, тұра ғой,-дейді ақырын дауыспен немересін ұйқыдан оятып.

Бұрын-соңды «бақ» деген сөзді естімеген Дәулет таңырқап, «ол не екен?»-деп ойлайды. Олар баққа келеді. Бақ іші сондай әдемі ,бұтақтарын жемісте көтере алмай өсіп тұрған әртүрлі ағаштарды көріп,бақ деген сөзді бірден түсінеді. Анасының базардан әкеліп жүрген жемістері де бар екен. Дәулет жеміс ағаштарын қызықтап, бақ ішін аралап жүрді. Бір ағаштың қасына келіп тоқтады. Ол ағаш.

- Мен өрікпін, өрікпін,.

- Табиғатқа көрікпін, деп өзін таныстырып, жемісінен үзіп берді.

- Ол келесі ағашқа кездесті. Ол қандай ағаш екен?

- Мен шиемін ,шиемін,

- Күннің көзін сүйемін, -деп өзін таныстырды. Шие жемісінен үзіп берді.

- Биік өсіп тұрған ағаш та жемісінен дәм таттырып, өзін былай деп таныстырды:

- Мен алмұртпын ,алмұртпын.

Аузындамын бар жұрттың.

Жеміс ағаштарына дән риза болып келе жатқан Дәулетке жүзім тап болды.

Мен жүзіммін, жүзіммін

Моншақ болып тізілдім,-деп өзін таныстырып, жемісінен сыйлады.Дәулет атасына біраз көмектесті. Жемістер жинады. Бақ ішін тазартты. Әділхан қария немересіне риза болып, «Кішкентай бағбаным» деп арқасынан қақты.

Осы әңгімені айтып болған соң, мынадай сұрақтарға оқушылар жауап береді.

- Дәулет атасымен қайда барды?

- Атасы Дәулетті неге «Кішкентай бағбаным» дейді?

- Бақта қандай ағаштар өседі?

Оқулықтағы жемістерді буынға бөлгізу, сызба арқылы ажырату. Қол қозғалысы арқылы көрсету.

Ш-ие, ал-ма, жаң-ғақ, ал-мұрт,ө-рік.



Дәптермен жұмыс:

Жазу дәптерінің 9-бетіндегі қоянның сәбізге дейінгі жолын бастыра сызу. Ирек сызықтарды бастыра сызғызу. Дәптердегі Тапқышбектің тапсырмасын орындату. Суретке сәйкес сызба талдау жұмыстарын жүргізу.

Сергіту сәті:

Кел балалар ,ойнайық

Тектен текке тұрмайық.

Жемістерді жинайық.

Үзіп алып бақтардан

Жолдастарға сыйлайық.

Оқулықтағы мазмұнды сурет бойынша әңгіме жүргізу. Оған ат қою.



Тапсырма: Алма сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Қортынды:





















































Әліппе

1 сынып

10 Сабақ Күні:______

Сабақтың тақырыбы: Аңдар. (Дауысты дыбыстар мен буын)

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға аңдар туралы мәлімет беру.Жабайы аңдар, олардың

өмірімен таныстыру.

Дамытушылығы: Ой-өрісін дамыту..

Тәрбиелігі:Халық педагогикасы арқылы имандылыққа тәрбиелеу, логикалық ойлау

қабілеттерін жетілдіру. Табиғатты қорғауға, жан-жануарларды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс - тәсілдері : Жаңа сабақ

Пәнаралық байланысы: Дүниетану.

Көрнекілігі. Жабайы аңдардың суреттері.

Сабақтың типі: жаңа білім беру

Сабақтың жоспары:.

1) Ұйымдастыру кезеңі.

а) Психологиялық дайындық

2) Жаңа сабақ

3) Оқулықпен жұмыс.

4) Дәптермен жұмыс.

5) Сергіту сәті

6) Қорытынды

Ұйымдастыру кезеңі

а) Психологиялық дайындық

Мен бақытты баламын

Оқып дана боламын

Әрқашан би билеп

Жұлдыздай боп жанамын

Жаңа сабақ.

Оқушыларға оқулықтағы суреттер туралы түсінік беру. Аңдардың аттарын буынға бөліп оқыту. Қасқыр туралы айту. Жыртқыш аң. Жабайы аң. Орманда ,тоғайда, тауда өмір сүреді. Етті жақсы көреді. Түлкі - өте иісшіл,саққұлақ, қырағы көз аң.Жолбарыс туралы,

арыстан туралы айтып кету.

Оқулықтағы сурет бойынша түсінік беру.

Суреттен нелерді көріп тұрсыңдар?

  • Аюды, кірпіні, қоянды.

  • Аюдың түрі қандай?

  • Қоңыр, өзі үлкен, қолында таяғы бар.

Аю, кірпі, қоян туралы айтып кету.Қоян қорқақ,құйрығы бір тұтам, құлағы сала құлаш. Кірпі, аю алты ай бойы ұйықтайды.Суреттің астындағы сызба бойынша сөйлем құрастыру. Құраған сөйлемдерін әр балаға ауызша айтқыздыру.



Дәптермен жұмыс:

Дәптердегі жазуларды жазғызу. Бастыра жазу.Жазу кезінде оқушылардың дұрыс отыруын қадағалау.



Сергіту сәті

Тауға шықсаң -қалың қар.

Сайға түссең -қалың қар.

Шырша үсті -қалың қар.

Байқаңдар қар астында

Ұйықтап жатқан аю бар,

Оқулықтағы суреттен ағаштар туралы не білетіндерін сұрау.

Ойын.» Буынды оқып, сөйлем құра»

Кеспе карточкаға бір заттың алғашқы буынын жазып, жалғасын табуды оқушыларға тапсыру. Тапсырманы тез орындаған бала мадақталады.

Қорытынды:

Сабақты ссұрақ-жауап арқылы қорытынды жасау.





















































































Әліппе

1 сынып

11 Сабақ Күні:______

Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Балалардың үй жануарларының тіршілігіне қызығушылығын

ояту,түсініктерін қалыптастыру.Төрт түлік мал туралы білімдерін жетілдіре

түсу.

Дамытушылығы: Бір-бірін тыңдауға, ойын еркін жеткізуге машықтандыру.

Тәрбиелігі.Оқушыларды еңбексүйгіштікке ,үй жануарларын сүюге ,қамқор болуға

тәрбиелеу.

Көрнекілігі. Жануарлардың суреттері

Түрі: Жаңа сабақ

Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік ойын.

Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, бейнелеу.

Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

(Психологиялық дайындық)

2. Жаңа сабақ

3.Оқулықпен жұмыс

4. Суретпен жұмыс.

5.Сергіту сәті

6. Дәптермен жұмыс.

7. Қорытынды



Сабақтың барысы

Психологиялық дайындық

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де

Қуанайық, достарым

Арайлап атқан күнге



Жаңа сабақ

Кіріспе

Жер бетінде өмір сүріп жатқан әр халықтың сонау ерте заманнан келе жатқан ата кәсіптері болған . Өмір сүріп, тіршілік ету үшін бір халық егін еккен, бір халық мал баққан, бір халық бау-бақша өсірген. Сол сияқты біздің ата-бабаларымыздың негізгі тіршілік көзі -мал шаруашылығы болған.Малдың сүті, еті-тамақ, терісі мен жүні- киім, тұрмысқа қажетті әр түрлі бұйымдар жасауға пайдаланған. Мінсе көлік болған,жұмысқа пайдаланған. Сондықтан қазақ халқы өздерін асыраған малды қастерлеп, төрт түлікке бөлген: сиыр, жылқы, түйе, қой мен ешкі.

Осы малдардың әрқайсысын сақтап жүретін иелері, пірлері болған деп сенген. Түйе иесі -Ойсылқара, жылқы иесі-Қамбар ата, сиыр иесі -Зеңгі баба, қой иесі -Шопан ата, ешкі иесі -Сексек ата.

Оқушыларға үй жануарларының өнімдері туралы айтып кету.

Түйеден алынатын өнім: жүні, шұбаты, еті, қылы, тұяғы.

Жылқыдан: қымыз, ет, тері, қылы, тұяғы.

Сиырдан: сүт, тері, сүйек, ет, тезек.

Қойдан: жүн, сүт, ет, май.



Оқулықпен жұмыс:

Оқушыларға суреттегі жануарларды, олардың төлдерін ататып, дыбыстық, буындық талдаулар жүргізу.

Сурет бойынша жұмыс:



Сергіту сәті:

Қошақаны қойдың

Қайда қалып қойдың?

Бұлтиып тұр бүйірің

Қай өрістен тойдың?



Дәптермен жұмыс:

Жазу дәптердегі ешкінің шөпке дейінгі жолын анықтап ,бастыра сызуға үйрету. Қолдың еркін қозғалысына арналған жаттығуларды жазғызу. Ауада жазу. Дәптердегі суретке сәйкес сызба жұмысын орындау.

Үй жануарлары қалай дыбыстайды?деген ойынды ойнату.



Қорытынды:

Үй жануарлары туралы ертегі құрастыру.

Ертеде бір малшы болыпты. Малшы өзінің малдарын шақырады:

Оқушы:

-көс-көс-көс-түйе келеді,

-аухау-аухау -сиыр келеді,

-пұшайт-пұшайт- қой келеді,

-шөре-шөре -ешкі келеді

-құрау-құрау -жылқы келеді.























































Әліппе

1 сынып

12 Сабақ Күні:______

Сабақтың тақырыбы: Тағамдар (Буын, сөз, сөйлемдер)

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды дұрыс тамақтануға денсаулығын сақтауға үйрету.

Дамытушылығы: Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту.

Тәрбиелігі: Сабақ барысында еңбекқорлыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі. Кесте,суреттер ,мақал мәтелдер

Түрі: Жаңа сабақ.

Әдіс - тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс. Салауаттану.

Сабақтың жоспары: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

(Психологиялық дайындық)

2. Жаңа сабақ

а) Кіріспе

3. Оқулықпен жұмыс

4. Сергіту сәті

5. Дәптермен жұмыс.

6. Сергіту сәті.

7. Қорытынды

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

а) Психологиялық дайындық

Күн шуақ

Мен сені сүйемін

Жүрегімнің жылуын

Мен сендерге беремін

Жаңа сабақ

Кіріспе:

Оқушыларға өздерінің ұнататын тағамдары туралы әңгімелету. Оларды сөйлем- сөз,

буынға талдату.Оқушыларға тағамдар туралы бірнеше сұрақтар қойып. жауап алу.Мысалы; сүттен қандай тағамдар жасайды? Көкөністен ше? Еттен ше? Жеміс-жидектен ше?

Оқулықтағы берілген суреттердің аттарын атау.Оларды буынға бөлгізу.

Ай-ран, і-рім- шік, қа-зы, май. Айранды, ірімшікті, майды қалай әзірлейді? Қазы қай малда болады? Жылқы малы туралы не білесің?



Суретпен жұмыс.

- Суреттерден кімдерді көріп тұрсыңдар?

- Олар не істеп жатыр?

- Қандай мереке деп ойлайсыңдар?

- Қазақтың қандай салт-дәстүрлерін білесіңдер?

Алтыбақан сөзіне буындық талдау жасату. Ал-ты-ба- қан- неше буынға бөлінген?

Сергіту сәті:

Аспанға қарап ай көрдік.

Төменге қарап жер көрдік

Оңға, солға бұрылып

Егеменді ел көрдік.



Дәптермен жұмыс.

Жазу дәптеріндегі қолдың еркін жазуға арналған жаттығу жұмысын жаздырту.

Дәптердегі Тапқышбектің тапсырмасын орындау.

Оқулықтағы мазмұнды суретке ат қойып, оқушылардың өздеріне әңгімелету.

Әңгіме кезіндегі кездескен бауырсақ, ірімшік, наурыз көже сөздеріне буындық талдау жасату.

Ауызша құрастырылған сөйлемдерді дәптерлеріне сызба арқылы жазғызу.



Сабақты қорыту.

Оқушыларға өздерінің ойларынан бірнеше сөздер, сөйлемдер ойластыру. Оларды буынға бөлгізу. Әр қатарға бір сөзден беріп, буынға бөлгізу.

1 қатар.Алтыбақан. айран.

2 қатар. Наурыз көже домбыра. .

3 қатарІрімшік, құрт.

Жақсы қатысқан қатарды мадақтау.













































































Әліппе

1сынып

13 Сабақ Күні:______

Сабақтың тақырыбы: Мақта қыз бен мысық.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға жаңа сабақ туралы , ертегі туралы түсінік беру. .

Дамытушылығы: Жан-жақты ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелігі: Жан-жануарларды қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі. Суреттер

Түрі: Дәстүрлі сабақ

Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, көрнекілік, талдау, ажырату,

Сабақтың барысы.1.Ұйымдастыру кезеңі.

(Психиологиялық дайындық)

2.Жаңа сабақ

а) Кіріспе

3. Оқулықпен жұмыс

4. Сергіту сәті

5. Қорытынды

1) Ұйымдастыру кезеңі

а) Психологиялық дайындық

Көжегім тұршы,

Бетіңді жушы,

Айнаға қарашы.

Шашыңды тарашы

Киіміңді киші ,

Мектепке қарай жүрші

Орныңа отыршы

Сабағыңды оқышы.



Жаңа сабақ

Оқулықтағы «Мақта қыз бен мысық» тақырыбына арналған мазмұнды сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Төмендегі жоспар бойынша жүргізу

  1. Мақта қыздың сүтін мысық төгіп қояды.

  2. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады.

  3. Мысық сиырға барады.

  4. Мысық ағашқа барады.

  5. Мысық суға барады.

  6. Мысық дүкенге барады.

  7. Мысық тауыққа барады.

  8. Мысық тышқанға барады.

Осыдан кейін мысықтың қайтуы туралы әңгіме құрастыру.



Дәптермен жұмыс

Жазу дәптеріндегі жазуларды жазғызу.

Ертегідегі кейбір сөздерді талдату. Сол сөздерді буынға бөлгізіп оқыту.

Талдау: Мысық- 5 дыбыс, 5 әріп,2 дауысты,3 дауыссыз.

Ағаш- 4 дыбыс, 4 әріп, 2 дауысты, 3 дауыссыз

Тауық- 5 дыбыс, 5 әріп, 2 дауысты, 3 дауыссыз

Оқулықтағы ертегі бойынша оқушылардан сұрап, әңгімелету.



Қорытынды:

Мысықтың қайту жолы туралы әңгіме құратқызу.

































































































Әліппе

1 сынып

14 - Сабақ Күні:______

Сабақтың тақырыбы: Мақта қыз бен мысық (Сөйлем ,әңгіме)

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Өткен тақырып бойынша пысықтау.

Дамытушылығы: Сөздік қорын, тілін дамыту.

Тәрбиелігі: Өз пікірін еркін айтуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі. суреттер

Түрі: Қайталау сабақ

Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, көрнекілік, талдау.

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

а) Психологиялық дайындық.

Қайырлы таң достым.

Күлші қане, достым

Қайырлы күн болсын ,Бүгінгі күн міне

Күлші қане, досым, сәттілікке толсын.

2. Қайталау сабағы.

Оқушылардан өткен тақырып туралы сұрау, әңгімелеу.Сұраққа жауап алу.

- Әңгіме кім туралы?

- Мақта қыз не істеді?

- Ол не тауып алды? Т. Б. Сұрақтар қойып пысықтау.

Әңгіменің астындағы сызба бойынша оқушыларға сөйлем құрастыртқызып, құраған әңгімелерін ауызша айтқызу.

Әңгімепің соңынан бастап, әңгімелету.

Жаңылтпаш айтқызу.

Пеш түбінде бес мысық

Бес еүзетші бес мысық

Тышқан аулап жемесе

Бола қоймас еш қызық... деген жаңылтпашты айту арқылы ертегінің мазмұнын ашу.

Ертегідегі кейіпкерлерге байланысты жұмбақтар жасыру.



Дәптермен жұмыс.

Дәптердің бетіндегі жазуларды жазғызу.

Оқулықтағы суреттер бйынша құраған әңгімеден керекті сөйлемдерді алып, сызбасын дәптерге түсіру.

Мысық, сиыр, тауық жұмыртқа сөздеріне буындық, дыбыстық талдау жасату.



Сергіту сәті.

Қырғауыл боп ұшамыз, ұшамыз,

( Екі қолмен қанат жасап ұшады.)

Түлкі болып қашамыз, қашамыз.

(Бір орындарында тұрып жүгіреді)

Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп.

Орнымызға қонамыз, қонамыз.

(Бәрі орындарына отырады.)

Дәптердегі қалған жазуларды жазғызу.

Қорытынды ретінде ертегіні тез-тез қайталату.





Әліппе

1 сынып

№ 15 Сабақ Күні ________

Сабақтың тақырыбы: Аа дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға Аа дыбысы мен әрпін таныту, оның сөз

ішіндегі ерекшелігімен таныстыру.

Дамытушылығы. Сөздік қорларын ,қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі. Сауатты жазуға, Отанын ,елін сүюге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап

Пән аралық байланыс: Дүниетану.

Түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:

1. Үйымдастыру.

Психологиялық дайындық.

Бір, екі, үш

Сынып іші тып - тыныш

Жалқаулықты тастаймыз

Сабақты біз бастаймыз.

2. Өткенді қайталау.

Мақта қыз бен мысық ертегісін сұрақ- жауап арқылы қайталату.



3. Жаңа сабақ.

Сабақты мынадай ертегімен бастаймыз.

Ертеде бір аю болыпты. Ол балды өте жақсы көреді екен. Бірде балды көп жеп қойып, оның тісі қатты ауырады. Сонда аю көршісі тоқылдаққа келіп жәрдем сұрайды. Сонда тоқылдақ оған.

- Аузыңды аш, тісіңді көрсет, - дейді, Аю

-А-А-А,-деп аузын кең ашады, Осы кезде тоқылдақ оның ауру тісін жұлып алады. Аю бірден тынышталып, риза болып, рақметін айтып, өз үңгіріне кетеді.

Сұрақ қою.

- Аю аузын ашып қандай дыбыс шығарды.?

- А-А-А,- деп бұл дыбысты қайта -қайта айтқызу керек.

-А дыбысын әндетіп те, созылып та, айғайлап та айта аламыз.

Айтқандай еш нәрсе кедергі жасамайды. Осылай айтылатын дыбыстарды дауысты дыбыс деп айтамыз.

А-дауысты дыбыс

-Неге?

. Себебі, бұл дыбысты айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешбір кедергіге ұшырамай, ауа еркін шығады.

-Мынадай әріппен таңбаланады ,деп оның жазылуын көрсету.

Аю, бал сөздеріне дыбыстық , буындық талдау жасатқызу.



Дәптермен жұмыс.

Жазу дәптерінің 17-бетіндегі қолды жазуға арналған жаттығуларды орындату.

Өлең шумақтарына байланысты суретті бояу.

Мен алмамын , алмамын,

Таңдай жұлар бар дәмім.

Ағаш, алма сөздеріне буындық, дыбыстық талдау жасату.



Сергіту сәті.

Қарлығашқа ұқсайық.

Кәне қанат жасайық

Қарлығаш боп ұшайық

Ұшып, ұшып алайық.

Ойын Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрастыру.

  1. Көп, Алматыда ,алма. 2. Терді, балалар өрік. 3. Көлге, оқушылар ,барды.

  2. Оқыды ,Сапар, өте, кітап, қызық.

Дәптердегі қалған жазуларды жазғызу.



Қортынды.

Оқушыларға Аа дыбысының ережесін әр оқушыға айтқызу.







































































Әліппе

1 сынып

16 Сабақ Күні:______

Сабақтың тақырыбы: Аа дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Дыбыстық талдау жасауға, талдай білуге үйрету.

Дамытушылығы: Өткен әріп туралы білген дерін , сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелігі: Сыпайылыққа ,төзімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі. Кесте.суреттер,

Түрі: Дәстүрлі сабақ

Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, көрнекілік, талдау.

Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі.

( Психологиялық дайындық)

Күн шуақ

Мен сені сүйемін,

Жүрегімнің жылуын

Мен сендерге беремін.

Өткенді қайталау.

- Қандай әріпті өттік?

- Ол қандай әріп?

- Оған мысал келтір ?

- Суретті әңгімелеп бер ?

Жаңа сабақ

Аа дыбысы мен әрпі. (Бекіту)

Аа дыбысын айтқан кездегі ережені сұрау.

А әрпіне мысал келтіру.

Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтың жоғарғы жағындағы сөздерді оқыту.

Шана, асық, қайық, шар.

Осы сөздерге буындық, дыбыстық талдау жасату.

« Сақина тастау» ойыны.

Шарты: сақина кімнің қолына туссе, сол оқушы ережені жатқа айтады.

Суретпен жұмыс.

Суретке ат қою.

Көктем. Жазғытұрым. Т.б.

Айдар қағаздан қайық жасады. Жасаған қайығын суға жіберді. Қызықтап қарап тұрды. Екінші қайығын жіберді.

Оқушыларға бірнеше рет қайталату.

Сергіту сәті.

Аю отыр партада

Екі қолы қалтада

«А» деді «Б» деді

«Р»- ға тілі келмеді.

Дәптермен жұмыс.

Жазу дәптерінің бетіндегі жазуларды дәптерлеріне жазғызу.Қайық, қағаз сөздеріне талдау жасау.

Ойын « Қай әріпті жоғалттым?»

Алм..., ...ғаш, қ...йық, ш...р, ш...н..., ...сық нүктенің орнына «а» әрпін қою.

Жазу дәптеріндегі Тапқышбектің тапсырмасын орындау.

Қорытынды

- Қандай әріпті өттік?

- Ол қандай әріп?

- Оған мысал келтір

- Осы әріптен басталатын біздің сыныпта балалар бар ма ? Оларды атаңдар.

- Аю қалай айғайлайды ?

Жұмбақ шешу.

«Әліппеде» жоқ.

Қаламда бар,

Әріптерде жоқ,

Ғаламда бар.( А)

Ережені қайталату.















































































Әліппе

1 сынып

17 Сабақ Күні:______

Сабақтың тақырыбы: Рр дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға Рр дыбысы мен әрпі туралы түсінік беру. Рр дыбысының

айтылуымен және жазылуымен таныстыру. Рр дыбысына байланысты

тақпақтар, жаңылтпаштар жаттау арқылы жаңа сабақты меңгерту.

Дамытушылығы: Балалардың сөздік қорларын тілдік байлықтарын дамыту, ақыл -

ойын дамыту.

Тәрбиелігі: Табиғатты қорғауға,сүйіспеншілікпен қарауға, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі. суреттер,Рр дыбысының баспа және жазба түрлері.

Түрі: Дәстүрлі сабақ.

Әдіс - тәсілдері: Әңгімелеу, түсіндіру.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі( Психологиялық дайындық).

Күнге қолдарыңды созыңдар.Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын.

Жүрегіме басып, ұстай қаламын,

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейіоімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

Өткен әріпті қайталау.

  • Оо дыбысы мен әрпі туралы не білетіндерін сұрау.



Жаңа сабақ

Кіріспе әңгіме.

Ағаштың адам өміріндегі пайдасы көп. Біздің жазуға пайдаланып жатқан қағазымыз,отырған партамыз ағаштан жасалады.

  • Ағашты отын ретінде қолданамыз. Ол үшін ормандағы өсіп жетілген ағашты электр арамен кеседі. Егер ағаш кесу кезіндегі дыбысты естігендерің болса , қандай дыбыс шығарады екен? Естеріңе түсіріп көріңдерші ( Р-Р-Р)

Рр дыбысының әрпін көрсетіп, таныстыру.

Дауыссыз дыбыс екенін анықтатып, оның көк түспен белгіленетінін айту.

Р -дауыссыз дыбыс.

Рр дыбысымен өткен дыбыстарды байланыстыра отырып, буын құрау. ( А-Р-р, Р- р-А, О-Р-р, Р-р-О)

Р - Бұл дауыссыз дыбыс

-Неге?

Себебі, бұл дыбысты айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап, ауа қысылып шығады.

Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтың 24- бетіндегі сөздерді оқыту. Жоғарғы жағындағы сызбаны оқыту.

Суретпен жұмыс.

Сурет бойынша әңгімелеу.

Суреттен кімді және нелерді көріп тұрсыңдар?

- Олар не істеп жатыр?

- Ит қандай дыбыс шығарды?

Суреттердің астындағы сызбалар бойынша жұмыс жасау. Аттарын атау. Арпа, радио, орман.

Талдау.

Ар-па, ра-ди-о, ор-ман.

Арпа - 4 дыбыс, 4 әріп, 2 дауысты, 2 дауыссыз.

Радио -5 дыбыс, 5 әріп, 3 дауысты, 2 дауысыз.

Орман -5 дыбыс, 2 дауысты, 3 дауыссыз.

Сергіту сәті.

Ал, кәнеки көжектей

Ырғып- ырғып қашайық,

(Қолдарын көжек сияқты бүгіп, бір орнында секіреді.)

Шөпке тойған көжектей,

Танаудан дем алайық. ( Дем алған қимыл жасайды.)

Дәптермен жұмыс.

Жазу дәптерінің 21- бетіндегі Рр әрпінің жазба және баспа түрлерін салыстыру, ауада жазып көрсету.

Арпа, ара, роботтың суреттеріне байланысты берілген тапсырманы Тапқышбектің тәсілімен орындатқызу.

Сабақты сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.

Ережені қайталау.











































































Әліппе

1сынып

18 Сабақ Күні:______

Сабақтың тақырыбы: Рр дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты.

Білімділігі: Алған білімдерін кеңейтіп, қызығушылығын арттыру.

Дамытушылығы: Сөздік қорын ,жан-жақты ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелігі: Әдемі жазуға, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер,әріптер.

Түрі: Қайталау сабағы.

Әдіс - тәсілдері: қайталау, сұрақ - жауап.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.(Психологиялық дайындық)

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі күнімізді бастайық,

Балалар маған қарап күлімдейміз.

Бір-бірімізге қарап күлімдейміз.

Бүгінгі күнгі сабағымызда.

Бір-бірімізге сәттілік тілейміз.

Енді бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуы арқылы бір-бірімізге жылы лебіздер тілейік.

  1. Еліме тыныштық тілеймін!

  2. Күніміз жарық болсын !

  3. Аспанымыз ашық болсын!

  4. Деніміз сау болсын!

  5. Нанымыз көп болсын!



Өткен сабақты қайталау.

  • Қандай дыбыспен таныстық?

  • Ол қандай дыбыс?

  • Қандай түспен белгілейміз?

  • Кім мысал келтіреді?

Ережені еске түсіру.

Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтың 25- бетіндегі суреттермен жұмыс жасау. Суреттің астындағы сызба бойынша сұрау.

  • Ненің суреттерін көріп тұрсыңдар?

Оларға дыбыстық ,буындық талдау жасайық. Шор-тан, ар-ба, тыр-на.

Шортан-6 дыбыс, 2 дауысты, 4 дауыссыз.

Арба -4 дыбыс, 2 дауысты, 2 дауыссыз.

Тырна- 5 дыбыс, 2 дауысты, 3 дауыссыз.

Оқулықтағы сөздерді дауыстап оқыту. Ондағы сөздер қандай дыбыс екенін сұрау. Рр дыбысының сөздің қай жерінде келіп тұрғанын айту.Ара сөзінің қандай мағынада айтылып тұрғанын айтып түсіндіру. Ара-жәндік, ара-еңбек құралы.( сайман)

Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі Рр әрпін байланыстыра жазу жұмысын жүргізу. Буындық диктант. (ар, ор, ра, ро)

Сергіту сәті.

Бала,бала. балақан.

Қане, қайсы алақан?

Саусақтарың әйбат,

Былай -былай ойнап.

Оқулықтағы айтылуы бір, ұғымы түрлі болып келетін сөздермен жұмыс жүргізу. Сөздік қорларын молайту үшін сөздер, сөйлемдер құрастыру.

Далада ара ұшып жүр. Ара шағып алатын жәндік. Атам арамен ағаш кесті. Ара өткір екен.

Ойын «Қай әріпті жоғалттым ?»

А...а, қо...а, а...па, шо...тан, ты...на, о...ман.

Логикалық тапсырма:

Оқулықтың 25-бетіндегі тапсырманы орындау. ( аю, орындық, тағы не?)

Сабақты сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.

















































































Әліппе

1 сынып

19 Сабақ Күні:______

Сабақтың тақырыбы: Оодыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға Оо дыбысы мен әрпін таныту, оның сөз ішінде ерекшелігін

меңгерту.

Дамытушылығы: Сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын, сөздік

қорларын, топпен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: Отанын , елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі. Кесте.суреттер,

Түрі: Жаңа сабақ

Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, көрнекілік, талдау, ажырату, салыстыру.

Сабақтың барысы.

1) Ұйымдастыру кезеңі

а) Психологиялық дайындық

Мен бақытты бала

Оқып дана боламын

Әрқашан би билеп

Жұлдыздай жанамын.

Аппақ болып таң атып

Түтін тіке шығады

Қарлығаштар қанатын

Самғап биік ұшады



Өткенді қайталау.

- Аа әрпі туралы сұрау.

- Қандай дыбыс?

- Мысал келтір.

Жаңа сабақ.

Оо дыбысы менәрпі.

Сыныпты 2-топқа бөлу.

  1. топ-«Құлыншақ»

  2. топ «Қошақан»

- Балалар, сендер, мына суреттен нені көріп тұрсыңдар?

- Түлкіні.

- Бұл түлкі бүгін сендерден көмек сұрап келіп отыр.

Қу түлкі ормандағы барлық аңдарды алдап кеткен екен. Үйіне барайын десе барлық аңдар жолына тұрып алыпты.

Балалар, түлкіге көмектесеміз бе?

  • Иә.

- Олай болса түлкіге шытырман жолдар арқылы үйіне жетуге көмектесейік.Ол үшін мына жолда тұрған аңдардың тапсырмаларын орындауларың қажет.

1). «Аң патшасы арыстанның» тапсырмасы.

1- топ. Мына сөздерді буынға бөл.

Айна, шағала, алға, ағай,

2-топ. Буыннан сөз құра

Ай, ар, ша, ту.

-Балалар, аю сендерге мына «алтын сандықты» әкеліпті, сандықтың ішінде не бар екенін табу үшін , жұмбақ шешу керек.

Сөздің сыры -көп жұмбақ,

Шешуін кім табады?

Кімдер шешсе тез ойлап,

Сол жеңімпаз болады.

Жұмбақ шешу.

Сақинаға қарайық.

Ұқсайды оған қай әріп?( О)

Сандықтан сақинаны алып, О әрпіне ұқсайтынын айтып,жаңа сабақты түсіндіру.

  • Қане бәріміз бірге айтайықшы.

  • О.

  • О дегенде не естіліп тұр?

  • Дыбыс.

Аузымызды дөңгелек етіп алға созамыз, тіліміз ашық, тілімізді төмен түсіріп артқа тартамыз.

  • Осы дыбыс қалай айтылып тұр?

  • Созылып, жуан.

  • Олай болса, бұл қандай дыбыс?

  • Жуан дауысты дыбыс.

О- дауысты дыбыс

-Неге?

. Себебі, бұл дыбысты айтқанда,....

Ережені қайталаймыз.

2). «Жолбарыстың тапсырмасы»

Сергіту сәтін жасау.

Таң әлі атқан жоқ,

Маңай әлі қараңғы

Әтеш ерте оянып,

Жан-жағына қарады,

Шынықтырып денені,

Қанаттарын қағады. Ку-ка- ре- ку- тұр -тұрлап,

Оятады баланы.

4) «Қасқырдың» тапсырмасы.

Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтағы сурет бойынша әңгімелеу. Қыздарға ат қою.. Қыздардың қандай дыбыс шығарғанын сұрау. Ол айтылған дыбысты қайталап айтқызу.

1-топ.

Оқулықтағы сөздерді оқу. Орақ. Орындық. Доп.

2-топ.

Сол сөздерге буындық талдау жасау. О-рақ. О-рын -дық . Доп.

Топтардың қайсысы жақсы қатысқандарын айту

Сабақты қорытындылау.























Әліппе

1 сынып

20Сабақ Күні: __________

Сабақтың тақырыбы: Оо дыбысы менәрпі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оо дыбысы мен әрпін қайталату. Алған білімдерін кеңейтіп,

қызығушылығын арттыру.

Дамытушылығы: Сөздік қорын дамыту,сөйлеу мәнерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа ,сауатты жазуға, оқуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, әріптер.

Түрі: Қайталау.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс. Бейнелеу, тіл дамыту.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру. ( психологиялық дайындық)

Орындарынан тұрғызып, шеңбер жасатып, бір-біріне тілек айтқызу.

Қайталау сабағы.

- Біз қандай дыбыс өттік?

- Ол дыбыс қандай дыбыс?

- Өткен әріп туралы мысал келтір.

Қане ,бәріміз дауыстап Оо әрпін айтайық

Ережені қайталату.

Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтың 23- бетіндегі мазмұнды сурет бойынша әңгіме жүргізу.

Әңгіменің тақырыбы: Ою.

  • Суреттен кімді көріп тұрсыңдар?

  • Әже не істеп жатыр?

  • Қыз бала әжеге кім болады?

  • Тағы да нелерді көріп тұрсыңда?

Оқулықтағы сызба бойынша сөйлемдер құрастыру. Құрастырған сөйлемдерден немере, мысық, ою. Әже, деген сөздерге буындық, дыбыстық талдау жасату.

Жоғарғы жақтағы жазылған сөздерді оқушыларға оқыту. Оймақ, ою, орамал,.

Дәптермен жұүмыс.

Оқушылардың сөздік қорын молайту үшін оларға диктант жазғызу.

Мұғалім сурет көрсетеді,оқушылар заттың атын атап, сызбасын сызады, буынға бөліп, білгілейді. Бұл жазуларды жазу дәптерінің 19-20 беттеріне жазады.

Сергіту сәті.

Там,там,тамшы, там,

Там, там, тамшы, там.

Тамшы там, нөсерлет.

Тамшыдан өсер көк.

Оқулықтағы оймақ сөзіне дыбыстық, буындық талдаулар жасатып, о, а әрпінің орнын тапқызу, жазу дәптерлеріндегі суреттерді атап, (орман, жол) Тапқышбектің тапсырмасы бойынша талдау жүргізу.

Оймақ -ой-мақ, Оймақ-5 дыбыс, 2 дауысты, 3 дауыссыз.

Ойын. « Не өзгерді?»

Бұл ойынды балалардың байқағыштығын арттыруға, әр нәрсеге зер сала қарауға үйрету мақсатында жүргізу. Тақтаға бірнеше жан-жануарлардың суретін іліп, оқушыларға олардың орналасу тәртібін мұқият көруін ескерту. . Сосын ойынның шарты бойынша балалар көзін жұмады. Сол кезде суреттердің орнын ауыстырып қояды, немесе заттардың ,мысалы, қуыршақтың бантигін, көйлегін, ауыстырып, не өзгешелігі барын сұрау.



Сабақты қорытындылау.

Оқушылардан қандай әріп өткендерін сұрақ-жауап арқылы сұрап, сабақты қорыту.





































































































Әліппе

1 сынып

21 Сабақ Күні_______

Сабақтың тақырыбы: Лл дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Лл дыбысы мен әрпін таныстыру, дауысты, дауыссыз дыбыстарды

ажырата білуге үйрету.

Дамытушылығы: Сөздік қорларын молайту, буын туралы түсініктерін кеңейту,

ауада әріп элементтерінің жазуын қалыптастыру.көркем жазуға дағдыландыру.

Тәрбиелігі: Лләрпінің жазба түрінжаза білуге, сауатты жазуға, әдемілікке тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақты түсіндіру.

Көрнекілігі: ойын, кеспе әріптер, таратпа материалдар.

Әдісі: түсіндіру, көрсету, әңгімелеу.

Сабақтың жоспары

1.Ұйымдастыру

(Психологиялық дайындық)

2.Жаңа сабақ

3.Оқулықпен жүмыс

4.Дәптермер жұмыс

5.Сергіту сәті

6.Сабақты бекіту

Ұйымдастыру.

Балаларды шеңберге тұрғызып, амандасу.

Қане, қане тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық

Керегені тұрғызып

Шаңырақты көтеріп

Уықтарды құрайық

Айналайық айналайық

Киіз үйді құрайық.

Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап тұрып, шеңбер бойымен тілек айтады.

- Аспанымыз ашық болсын!

- Көк туымыз биік болсын!

- Еліміз тыныш болсын!

- Нанымыз көп болсын!

- Жарайсыңдар балалар, көңіл- күйіміз жақсы болса ,көңілді отырып сабағымызды бастайық..

Жаңа сабақ

Жұмбақ жасыру. Тастан -тасқа секіреді.

Қалқиып қос құлағы

Ойын болып көкірегі

Аула оның тұрағы. (Шешуі :лақ)

Таратпа сурет арқылы лақты көрсету. Лақ сөзіне дыбыстық талдау жасау.

(бір дауысты, екі дауыссыз) Л-дауыссыз.

Л дыбысынан басталатын есімдерді атаңдар. Лаура, Ләззат, Лашын, Ләйлә.

Лдыбысының қай буындарда кездесетіндерін анықтату. Л-дауыссыз дыбыс екендігін түсіндіру. Жылжымалы әріптен буын құратып оқыту.

Л - Бұл дауыссыз дыбыс. Себебі,...

Оқулықпен жұмыс.

Оқулықта берілген сөздерді хормен оқыту. Буынға бөліп оқыту, жеке-жеке оқыту.

Төрт түлік туралы сұрау.Суретке байланысты сөйлем құрастыру. Құрастырған сөйлемдерін оқыту. Осы беттегі бұзау мен күшіктің суреттеріне байланысты сөйлемдерді талдату



Дәптермен жұмыс

Жазу дәптеріндегі үлгі бойынша жаттығуларды орындатқызу. Лақ, балапан сөздеріне байланысты шығармашылық жұмыс жүргізу.

Дыбыстық, буындық талдаулар жүргізу

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық

Алақанды ұрайық

Бір отырып ,бір тұрып

Біз тынығып алайық.

  • Рахмет, отырыңдар.

Л дыбысына қатысты «Ой қозғау» әдісі бойынша қандай сөздер білетінімізді топтастырайық.

Әліппе пәнінен сабақ жоспары Лезде

Әліппе пәнінен сабақ жоспарыӘліппе пәнінен сабақ жоспарыЛай Лента



Әліппе пәнінен сабақ жоспарыӘліппе пәнінен сабақ жоспарыӘліппе пәнінен сабақ жоспары Лағман Л Лақ

Әліппе пәнінен сабақ жоспарыӘліппе пәнінен сабақ жоспарыӘліппе пәнінен сабақ жоспары

Лаула Лас



Лашық





Дәптердегі әріптерді жазу.

Сабақты бекіту.

«Сен жалғастыр» ,буынға буын қосып, сөз құрастыру.

Ойыншық допты беру арқылы сөздің басқы буынын айтып, өздері тез аяқтаулары керек.



Әліппе пәнінен сабақ жоспарыӘліппе пәнінен сабақ жоспары

Әліппе пәнінен сабақ жоспары

ЛА



А

А

Әліппе пәнінен сабақ жоспары



Ал-ма, А-ла, А-ға, А-ра, А-рал, Ал-ға.































Әліппе

1сынып

22 Сабақ Күні_____

Сабақтың тақырыбы: Лл дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Лл дыбысы мен әрпін қайталату.,дауысты ,дауыссыз дыбыстарды

ажырата білуге үйрету.

Дамытушылығы: Дауысты дыбыстарды талдау, салыстыра білу қабілеттерін

дамыту.

Тәрбиелігі: Лл әрпінің жазба түрін жаза білуге, сауатты жазуға , әдемілікке

тәрбиелеу.

Түрі: Қайталау сабағы.

Көрнекілігі: Суреттер, оқулық, әріптер.

Әдісі: Түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Сабақтың жоспары

  1. Ұйымдастыру.

  2. Қайталау сабағы.

  3. Оқулықпен жұмыс.

  4. Дәптермен жұмыс.

  5. Сергіту сәті.

  6. Ойын

  7. Сабақты бекіту.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі

(Психологиялық дайындық)

Бір, екі, үш.

Сынып іші тып-тыныш

Жалқаулықты тастаймыз

Сабақты біз бастаймыз.

Қайталау.

Оқушыларға төмендегі әңгімені айтып беремін

Ләйләнің кішкентай ақ лағы секіріп ойнап келе жатып, есік алдында жатқан күшікті басып кете жаздады. Қорыққан күшік үре бастады. Шошып қалған лақ жүгіріп барып, Ләйләні паналады. Ләйлә оның қылығына күліп жіберді демынадай өлең шығарды.

Жалт-жұлт етіп лақ.

Жағалайсың бұлақ

Секірем деп бір-ақ

Қала көрме құлап.

Осы өлең арқылы лақ сөзіне талдау жасатқызу. (л-л-л-ақ,Л-л-л-ләй-л-л-лә.)

Л дыбысын қайталату.Дауыссыз дыбыстың ережесін қайталату.

Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтың 27-бетін ашқызып, ондағы сөздерді оқыту. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратқызу.

Шығармашылық тапсырмаменжұмыс жасату.(Олар доп ойнады. Олар биледі. Ол қармақ салды.) Оқулықтағы буындар мен сөздерді оқып жаттығу жұмыстарын жүргізу.

Дәптермен жұмыс.

Дәптерлеріне екі-үш әріптен құралған әріп диктантын жазғызу.

Ол, ор,ло, ро, ар,ра,ала,ара,ора,олар, орал,арал.

Сергіту сәті.

Бір,екі,үш,бір,екі,үш

Бұлшық етке күш

Мен ұшамын кептерше

Еңкейемін, қолым жерге жеткенше

Ойын «Кім тез?»

Оқушыларға ойынның шартын түсіндіру.

Л әрпінен басталатын адамдардың атын атау. Жеңген оқушыны айту

Сабақты бекіту .

Арал-сөзіне дыбыстық талдау жасатқызу.

А-дауысты,жуан.

Р-дауыссыз

А-дауысты, жуан.

Л-дауыссыз.

Көбелек,түлкі,шелек сөздерін буынға бөлгізіп, л әрпінің нешінші буында тұрғанын сұрау











































































Әліппе.

1 сынып

23 Сабақ Күні:______

Сабақтың тақырыбы: Шш дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Шш дыбысы мен әрпін таныту.

Дамытушылығы: Шш дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқу, ойын дамыту.

Тәрбиелігі: Сабақ барысында еңбекқорлыққа, әдемі жазуға, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, жазба және баспа түрі, әріптер, буындар.

Түрі: Жаңа сабақ.

Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі.( Психологиялық дайындық)

1 дегенім - жаман баға, алады оны жаман бала.

2 дегенім - нашар баға , інішегім нашарлама.

3 дегенім - орта баға , сапасы да орта ғана,

4 дегенім -жақсы баға, алады оны жақсы бала,

5 дегенім - үздік баға, оқимыз тек үздік қана.

Өткен әріпті қайталап кету.

Жаңа сабақ.

Оқушыларға жұмбақ жасыру, оны шешу.

Үрлеп алып ойнауға болады,

Жинап алып, байлауға болады. ( Шар)

Оқушыларға шар сөзін бірнеше рет қайталатып айтқызу арқылы жаңа дыбысты тапқызып

алу. (Ш-ш-ш-ар)

Шш дауыссыз дыбыс. Ережені еске түсіру.

Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтағы сөздерді оқыту. Оларды буынға бөлгізу. Ша-ға-ла, шот, шам. ( Шот сөзінің мағынасын түсіндіру.)

Сөздерде Шш дыбысы қай жерде тұрғанын айту.

Ережелерді қайталау.

Суретпен жұмыс.

Оқулықтағы суреттің астындағы сөздерді оқыту, буынға бөлу.

Ол- Шо-ра.

Шо-ра шар (үрледі) -Ша-ра, шар ал.Ол-шар. Шш дыбысының орнын анықтау.

Оқулықтағы сөздерді оқушыларға оқыту. Ш дыбысы бар сөздерді өздеріне тапқызу.

Дәптермен жұмыс.

Жазу дәптерінің 25- бетіндегі ш ш әрпінің жазба, баспа түрін оқушыларға түсіндіре отырып, көркем етіп , дәптерлеріне жазғызу.

Дәптердегі сызба үлгісіне қарап, сөйлем құрастыру, оны талдау.

Сергіту сәті.

Шиемін мен шиемін,

Күннің көзін сүйемін,

Бала келсе қасыма

Басымды мен иемін.

Шығармашылық тапсырма.

Дәптердің бетіндегі шығармашылық бағытта берілген тапсырманы орындау. ( шапан, шие)

Сабақты бекіту.







Әліппе.

1 сынып

24 Сабақ Күні _____

Сабақтың тақырыбы: Ш ш дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі; Оқушыларға Ш шдыбысы мен әрпін қайталату.

Дамытушылығы: Сөздік қорын , тілін дамыту.

Тәрбиелілігі: Әдемі жазуға ,сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, әріптер.

Әдіс-тәсілдері: қайталау, түсіндіру.

Пән аралық байланыс: Дүниетану.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру. ( Психологиялық дайындық)

Су - қолды алға созамыз.

Ауа - жоғары көтереміз.

От - қолды айналдыррамыз.

Жер - төмен түсіреміз.

Өткен әріпті қайталау.

  • Шш дыбысы қандай дыбыс.

  • Шш дыбысына мысал келтіріңдер.

  • Шш дыбысы сөздердің қай буынында кездеседі?

Шш дауыссыз дыбыс.

Неге?

  • Себебі. Бұл дыбысты айтқанда .....

Оқулықпен жұмыс.

Оқулықта берілген сөздерді оқыту. Суретбайланысты сөйлемдер құрастыру. Оларды буынға бөлу. Ша-ра тәрелкені жуды. Ол тәрелкені орамалмен сүртті.

  • Ша-ра,аққұманды, кесені ал.

Тапсырма: Сөздерді буынға бөлу. Тәрелке, кесе, орамал.

Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі бос жолдарға оқулық бетіндегі өткен әріптердің баспа түрін жазба түрін жазу.

Аа, алша алма.

Оо, орақ, орман.

Лл ,лақ, лашын.

Рр радио, арба.

Сергіту сәті.

Отырып-ақ орнымда,

Айдын көлді кешемін

Сен білмесең, егерде,

Былай ескек есемін.



Логикалық тапсырма.

Оқулықтағы суреттермен жұмыс жүргізу. Суреттерді көрсету. Ол-...(көгершін)

Ол-...(шаян). Ол -...( қайшы). Ол -( шегіртке).

Сурет астындағы әріптердің дыбысталун сұрау. Оларға мысалдар келтіру.

(а о р л ш )

Кім тез айтады екен. Шапшаң айтқан оқушыны мадақтап кету.

Сабақты қорыту.







Әліппе.

1 сынып.

25 Сабақ Күні_______

Сабақтың тақырыбы: Сс дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Ссдыбысы туралы түсінік беру. Сс дыбысының айтылуымен

жазылуымен таныстыру. Ссдыбысына байланысты тақпақтар жаттату.

Дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту.

Қиялын,ақыл-ойын дамыту.

Тәрбиелігі: Сауатты, әдемі жазуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, баспа және жазба түрі, кеспе әріптер.

Түрі: жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру. ( Психологиялық дайындық)

Сылдырлайды иөлдір су,

Мөлдір суға қолың жу.

Жуынсаң сен әрдайым,

Аппақ бетің , маңдайың.

Тазалықтың досы,

Су дегенің осы.

( Бес саусақтарымен үстел үстінде тысырлатып, жаңбыр дыбысын бейнелейді. )

Өткен сабақпен жұмыс

1. Шш дыбысына берілген сөздерді оқыту.

2.Дәптердегі жазу жұмысын тексеру.

Жаңа сабақ.

Сабақты мынадай әңгімеден бастауға болады.

Самат секіріп ойнап, өзенге қарай келе жатты. Жол бойында өзіне қарай айбат шегіп тұрған жыланды көріп, тоқтай қалды. Жылан басын көтеріп, ысылдап тұр.

  • Қане , балалар жылан қандай дыбыс шығарды деп ойлайсыңдар?

  • С-с-с-с!

  • Ал, сонда мынау қандай дыбыс?( С с дыбысының әрпін көрсету.)

  • Сс дыбысы.

  • С с дыбысына кім мысал келтіреді?

  • Сағат, Самат, Сара т.б.

Сс дауыссыз дыбыс.

Неге?

  • Себебі, бұл ...

Ережені қайталау.

Оқулықпен жұмыс.

Оқулықта берілген суреттерді оқушылардан сұрау. ( Жылан , сағат, сабын )

Оның астындағы сөздерді оқыту.

Ең соңғы сөздерді буынға бөлгізу. ( Са-ра, Ша-ра, Шо-ра)

Дәптермен жұмыс.

Жазу дәптерінің 27- бетіндегі С с әрпіне байланысты берілген жазуларды жазғызу.

Сергіту сәті.

Жаңылтпаш айту.

Қабат-қабат үй салдық.

Үйлер толы күй сандық.

Күйсандықтан үй салдық.

Күйсандыққа күй салдық.

Жаңылтпашты оқушыларға бірнеше рет қайталатып тілдерін жаттықтыру.

Талдау-жинақтау әдісін басшылыққа ала отырып,сөзден сөйлем құрастыртқызу.

(Сағат, сабын, тарақ, қуыршақ, жылан.)

Сөйлемнің сөзден тұратындығы туралы оқушыларға айтып, түсіндіру.

Ойын. « Жануарларды шақыру .»

Құстың немесе аңның суретін көрсету. Балалар оларды шақыратын сөзді немесеаттарын айтады.

Жылқыға «құрау-құрау», ешкіге « шөре-шөре» т.б.

Сабақты қорыту.





















































































Әліппе.

1 сынып.

26 Сабақ. Күні_______

Сабақтың тақырыбы: С с дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Сс дыбысы мен әрпін қайталату. Алған білімдерін кеңейтіп,

қызығушылығын арттыру.

Дамытушылығы:Жан-жақты ойлауқабілетін, сөйлеу тілін дамыту.

Тәрбиелілігі: Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, әріптер, буындар.

Түрі: қайталау.

Әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру. ( Психологиялық дайындық)

Қайырлы таң достым,

Күлші қане, достым,

Қайырлды күн болсын! Бүгінгі күн міне,

Күлші қане, досым, сәттілікке толсын!

- Ал, балалар бүгінгі сабағымыз сәтті өтсін деп, сабағымызды бастайық.

- Балалар, суреттен не көріп отырмыз?( сандық)

Сыр сандығым ашылар,

Балаллар сабаққа дайын болса,

Ішінен інжу-маржан шашылар!

- Мына сыр сандықтың ішінде бірнеше тапсырмалар бар. Оны ашу үшін алдымен үй тапсырмасын тексеріп алайық.

- Біз қандай дыбысты өттік?

- Оған кім мысал айтады?

Жаңылтпашты қайталау.

-Ал, енді, балалар, үй тапсырмасын тексеріп болсақ, өзіміз келіскендей сыр сандықты ашайық.

1- тапсырма: Жұмбақ шешу.

Сөзі- дана, үні жоқ,

Сөйлемейді, тілі жоқ.

Қолыңа алсаң -шешен.

Ақылы асқан көсем. ( кітап)

2-тапсырма. Шарда жазылған сөздерді шапшаң оқы. ( шо, ро, ра, са, ар, ша, ас, ал, со, ос, ор)

Буындарға байланысты сөздер құрастыру.

3-тапсырма: Дәптердегі әріптер мен сөздерді әдемілеп жазу. Өткен әріптерге байланысты әріптерді жазу.

Сергіту сәті.

Жалт-жұлтетіп қалағы.

Ертіндіні жағады.

Қолындағы кірпіші ,

Лезде орын табады.

Лезде орын табады,

Қиюласа қалады.

Қабырғалар ккүн сайын,

Биікке өрлеп барады.

(Өлеңді айтқанда балалар екі алақанын кезек-кезек аударып. ,қабырғағаерітінді жағып, кірпіш қалап жатқандай қимыл жасайды. )

4-тапсырма. Оқулықтағы сөздерді оқу. Сызбалардың орнына сөздер қойып, оқу.Буынға бөлу. Ша-ра. О-раш.

-Ша-ра, ас ал.

Ол-ар ас іш-ті. Ас дәм-ді бол-ды.Сызба ішіндегі Тапқышбектің де тапсырмасын оқыту.

(Сұраққа жауап берген оқушыларға жұлдызшалар тарату.)

  • Бүгінгі сабағымыз жақсы өтті ме?

Тақтаға әр түрлі көңіл күйді білдіретін адамның бет бейнесі бейнеленген суретті ілу.

  1. «Сабақ қызықты өтті, көңілім көтерілді» дегендер 1-суреттің тұсына жұлдызшаларын қояды.

  2. «Сабақ қызықты, көңілді өтті, бірақ түсінбеген жерлерім болды! Дегендер 2-суреттің тұсына жұлдызшаларын қояды.

  3. «Сабақ мені қызықтырмады, түсінбедім» дегендер 3-суреттің тұсына жұлдызшаларын қояды.

Ережені қайталау.

Сабақты қорыту.













































































Әліппе

1 сынып.

27 Сабақ--- Күні_______

Сабақтың тақырыбы : У у дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі : Оқушыларды Уу дыбысының таңбасымен таныстыру.Ол

арқылы сөздерді оқу мен жазуға үйрету.

Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрісін, тілін, өз бетінше ізденуге,

өз ойын тиянақты жеткізуге дағдыландыру.

Тәрбиелілігі: Сауаттылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі : Кеспе әріптер, буындар.

Түрі: Жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, ойын.

Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру ( Психологиялық дайындық)

Бәріміз тұрайық,

Күннен жылу алайық.

Алтын күн, жарқын күн.

Шуағыңды төге бер.

Арайыңнан нәр алып,

Біз бақытты балдырған.

Қызығушылықты ояту.

а. Өткен әріптерді еске түсіру.

Ойын « Доп лақтыру»

ә. Сөздер ойлау, буынға бөлу.

Жаңа сабақ.

Сабақты мынадай әңгімемен бастаймыз. « Уәли, Уахит, Сауатбек үшеуі орманға бүлдірген теруге барды. Уәли бүлдіргеннің қызығына түсіп, достарынан бөлініп қалады. Оны Уахит пен Сауатбек іздей бастайды. Орманда адасып қалғандар бір-бірін қалай шақырады?»

-«А-у-у-у!»

Оқушылар айтқаннан кейін ,жаңа дыбыстың таңбасын көрсетеміз. Ауызша Уу дыбысын қатыстырып, кеспе әріптердің көмегімен бірнеше буындар құрастыру.

(ау, сау, қу, су, ау, т.б)

Топтастыру стратегиясы.

СУ

\

АУ ----- У ----- САУ

\

ҚУ

Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтың 32-бетіндегі паравозға байланысты әңгіме құрастыру. Буындарды оқыту.

У- ру- лу- шу- су- ау.

Буындарға бөліп оқыту. ( а-лу, а-ру, са-лу, ша-шусу-ла)

Сергіту сәті.

Жел улейді: у-у,

Құйын келіп билейді: зу-зу,

Қатты-қатты жел соқты: гу-гу,

Жапырақтар қол соқты: ду-ду.

Дәптермен жұмыс.

а. Уу дыбысын ауада жазып көрсету.

ә. Дәптерге жазу. ( партада дұрыс отыру.)

Ой толғаныс

Оқулықтағы «Аралау» мәтінін оқыту.

Сызбаға сөздерді қосып, бірге оқу.

Оқулықтың астындағы сөздерді оқып, дауысты ,дауыссыздарды ажырату. .Уу дыбысының қай буындарда келетінін айтқызу.

Сөздік диктант.

Ау, сау, алу, шашу, ару, қалу.

Сабақты қорытындылау.





















































































Әліппе.

1 сынып.

28 Сабақ Күні_______

Сабақтың тақырыбы: Уу дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты. Білімділігі: Сабақ барысында оқушының ойлау қабілетін арттыру.

Дамытушылығы: Сөздік қорын, тілін дамыту.

Тәрбиелілігі: Табиғатты қорғауға , ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, әріптер.

Түрі. Қайталау.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, қайталау.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру. ( Психологиялық дайындық)

Әрбір адам? Туысым, досым, жұрағат.

Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу, ұлағат.

Әрбір сөзің? Шындық, бірлік адалдық.

Әрбір ісің ? Тірлік, тірек, адамдық.

Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз, әрбір ісіміхге мұқият болайық.

Өткенді қайталау.

« Ағаш аралау.» тақырыбы туралы оқушылардан сурау.

Тақырып ішіндегі сөздерді буынға бөлгізу.

Жаңа сабақ.

Уу дыбысы мен әрпін бекіту.

Дауысты дыбыстарға байланысты ережелерді оқушылардан сұрау.

Отан ,ана,Астана сөздерін талдату.

Оқулықпен жұмыс.

Оқулықта берілген шардағы сөздерді оқу. (ар ,са,ау, аш, уа, оу, шу, ру. )

Ол-сазан. Ол -шортан. Бұл сөйлемдерде екі сөз бар. Олар-Ол ,сазан, ол шортан.

Буынға бөлу. Са-зан, шор-тан. Буындарды дыбысқа талдау.

Сазан - 5 дыбыс,5 әріп, 2 дауысты, 3 дауыссыз.

Шортан- 6 дыбыс,6 әріп, 2 дауысты, 4 дауыссыз.

Оқулықтағы «Ау салу» тақырыбын әңгімелеу.Шора, ау ал. Орал, ау сал. Олар сазан, шортан аулады. Осы тақырыпты ары қарай жалғастыру.

Дәптермен жұмыс.

Дәптердің 30- бетіндегі у әрпін жазу. У у дыбысының бас әрпін әдемілеп жазу,

Сергіту сәті.

Шеп,шеп шөжелерім.

Шеп, шеп ,шеп-шеп, шөжелерім,

Ақ тауықтай боларсыңдар,

Әлі-ақ өсіп толарсыңдар,

Ай ,менің шөжелерім,

Ай ,менің шөжелерім.

Ойын « Кім жылдам?»

Жылдам әрі тез жауап беру керек.

  1. Кестедегі барлық құстардың саны қанша?

  2. Суретте құстар көп пе,әлде жануарлар көп пе?

  3. Мына жануарды қалай атаймыз?

  4. Үшінші бағандағылардың бәрі ұша ала ма?

  5. Суретте үй құстары көп пе, дала құстары көп пе?

Бұл ойын оқушыларды қырағылыққа шапшаңдыққа баулиды.

Оқулықтағы сызба ішіндегі сөздерді оқу. Дыбыстық талдау жасату.

(ау, аула, аулау.)

Сөздік диктант. Сазан, шортан, ау, аула, Орал.

Сабақты қорыту.



































































































Әліппе.

1 сынып.

29 Сабақ. Күні________

Сабақтың тақырыбы: Ы ы дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты.

Білімділігі: Ы ы дыбысы мен әрпін таныту, сөйлеу мәнерін

меңгерту.

Дамытушылығы: Сөздік қорларын, жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Отанын ,жерін, елін сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, баспа және жазба әріптер.

Түрі: жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі. ( Психологиялық дайындық)

Бәріміз тұрайық.

Күннен жылу алайық,

Алтын күн, жарқын күн,

Шуағыңды төге бер,

Арайыңнан нәр алған,

Біз бақытты балдырған.

Өткен сабақты еске түсіру.

У у дыбысы мен әрпі туралы сұрау.

Жаңа сабақ.

Сабақты мынадай жұмбақтан бастаймыз.

Кесе, шыны, пиала.

Оларсыз шай құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейміз,

Бәрінің атын не дейміз? ( Ыдыс)

Ыдыс сөзін бірнеше рет қайталап, созып айтамыз. ( Ы-ы-ы-ды-ы-ы-с)

Жаңа әріптің таңбасын көрсету. Дауысты дыбыс екенін айту. Кеспе әріптерден буындар құрастыру. ( ыл, ыс, ыр, ыс, ыш, )

Ережені еске түсіру.

Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтың 34- бетіндегі көрсетілген суреттердің бірінші буындарын оқып, суреттердің атауын атау.

Суреттерін көрсету.

Шы -бын сы-пыр-ғыш қар-лы-ғаш си-ыр

Оқулықтағы суретпен жұмыс.

  • Суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар ?

  • Оларға ат қойыңдаршы.

  • Олар не істеп жатыр?

  • Олардың қолдарынан не көріп тұрсыңдар?

Мәтінді мәнерлеп , дауыстап оқыту.

Сушылар.

Сергіту сәті.

Сағаттың тіліндей ,

Иіліп оңға бір,

Сағаттың тіліндей ,

Иіліп солға бір,

Оң аяқ, сол аяқ.

Жаттығу ,оңай -ақ.



Дәптермен жұмыс.

Жазу дәптерінің бетіндегі Ы әрпінің баспа, жазба түрлерін салыстыру., оларды дәптерге әдемілеп жазғызу. Ыы дыбысын ауада жазғызу.

Талдау жұмысы.

Сиыр, бұрғы сөздеріне дыбыстық талдау жасау. Бұрғы сөзінің не екенін түсіндіріп кету.

Сиыр -4 дыбыс, 4 әріп, 2 дауысты , 2 дауыссыз.

Бұрғы - 5 дыбыс, 5 әріп, 2 дауысты, 3 дауыссыз.

Ойын « Буынды оқып, сөз құра»

Кеспе карточкаға бір заттың алғашқы буынын жазып, жалғасын табуды оқушыларға тапсырамын. Тапсырманы тез орындаған бала мадақталады.

Оқулықтағы соңғы сөздерді оқыту, ы, у дыбыстарының орнын сұрап, сабақты қортындылау.

Су, суар, суару, сушы, сушылар.

















































































Әліппе

1 сынып

30 Сабақ Күні:______

Сабақтың тақырыбы: Ы ыдыбысы мен әрпі .

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Алған білімдерін кеңейтіп, қызығушылығын арттыру.Суреттеп,

әңгімелеуге баулу.

Дамытушылығы: Оқушылардың сөйлеу тілін , сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелігі: Тазалықты сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі. суреттер,баспа әріптер.

Түрі: Дәстүрлі сабақ

Әдіс - тәсілдері: қайталау, сұрақ - жауап.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі

а) Психологиялық дайындық

1,2,3,

Бойға жинап күш.

Әліппені бастаймыз.

Білімнен біз қашпаймыз.

Өткен әріпті қайталау. Сұрақ -жауап арқылы сабақты қайталап өту.

Ы ы дыбысы мен әрпінің екінші сағатын өту.

Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтың 35- бетіндегі баған түрінде берілген сөздерді тұтас оқуға жаттықтыру.

ыс сырла шулы Сара Асыл

сыр шырша сулы Шара Арыс

Осы сөздерді оқытып, буынға бөлгізу.

Шырша сөзіне дыбыстық , буындық талдау жасау.

Шыр- ша -5 дыбыс. 5 әріп, 2 буынды сөз.

Суретпен жұмыс.

Тақтаға үш түрлі суретті іліп, оның түсін сұрап , түстерді ажырату.

Сары сыр, қызыл сыр, көк сыр.

Оқулықтағы сөздерді оқыту.

Кесте ішіне қызыл не көк сыр деп айтады.

Сергіту сәті

Аппақ болып таң атып

Түтін тіке шығады

Қарлығаштар қанатын

Самғап биік ұшады.

Дәптермен жұмыс.

Жазу дәптерінің бетіндегі жазуларды қолды еркін қойып, әдемілеп жазғызу.

Оқулықтағы Тапқышбектің тапсырмасын орындау.

Алыс,ару, шулы, аула, су, сула, сыр, ауыл, шырша.

Шығармашылық жұмыс.

Оқушылардың өздері білетін кісі аттарын ататып, жазуға мүмкіндік беру.

Сабақты қорыту.











Әліппе

1 сынып

31 Сабақ Күні:______

Сабақтың тақырыбы: Д д дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: оқушыларды Д д дыбысының таңбасымен таныстыру. Дыбыстық

талдау жасауға үйрету.

Дамытушылығы: оқушылардың ой-өрісін ,тілін дамыту. Сөздік қорларын

дамыту.

Тәрбиелігі: оқушыларды ұқыптылыққа тазалыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліг:. суреттер,

Түрі: Дәстүрлі сабақ

Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап.

Сабақтың барысы.

1) Ұйымдастыру кезеңі

а) Психологиялық дайындық

Осы біз қандаймыз.

Талабы биік таудаймыз.

Ақылдымыз, парасаттымыз,

Көңілдіміз!

Үлкенге ізеттіміз!

Кішіге қамқормыз.

Көп оқимыз.

Өнерліміз.

Жанып тұрған шырақпыз!

Елімізді өркендететін,

Бабаларға тағзым ететін,

Біз қазақ елінің болашағымыз!

Өткен сабақты қайталау.

Ы ы дыбысы туралы оқушылардан сұрау.

Жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты мынадай жұмбақ шешуден бастаймыз.

Бала біткен соғады,

Жеңіл шарды домалақ.

Ұрсаң , ұшып жоғары.

Жерге түсер домалап. Ол не? ( Доп)

Оқушыларға жұмбақтың шешуін қайта- қайта айтқызып, жаттықтыру. Д д дыбысының орнын анықтату.

Дауыссыз дыбыстарға байланысты ережені қайталау.

Оқулықпен жұмыс

Оқулықтың 36- бетіндегі суретпен жұмыс жасау. Алғашқы екі дыбысты біріктіре отырып оқыту арқылы , толық сөздерді табуға үйрету, ( дауылпаз, домбыра, дуадақ)

Дәптермен жұмыс.

Д әрпінің кіші жазба түрінің бөліктерін дәптерге жазғызу. Д әрпі мен дос сөзін көркем етіп, көшіріп жазу.

Сергіту сәті.

Д, ду,ду! Дүк-дүк!

Поезд келеді,

Ду,ду, ду! Дүк-дүк!

Бәрі жол береді.

Ду,ду,ду! Дүк-дүк!

Жүгіріп өтпе,

Ду,ду,ду! Дүк-дүк!

Тұра тұршы шетте.

Ду,ду,ду! Дүк-дүк!

Поезды өткіз. Қол бұлғап қалайық-

Жол болсын! -деп біз.

Оқулықтағы суретпен жұмыс жүргізу.

« Дос» тақырыбы туралы әңгіме құрастыру. Мәтінмен жұмыс жүргізу. Мәтіндегі Асыл сөзі неге бас әріппен жазылғанын түсіндіріп кету. Оқушылардың өздерінен сұрау.

Мәтіннің астындағы сөздерді оқыту. Лоарға дыбыстық ,буындық талдау жасату.

Шо-ра, Ша-ра, А-рыс, А- сыл, Са-ра, Са-дыр, О- раш, Ы -рыс.

Ойын. « Қай буынды жоғалттым?»

Буындарды өтіп, сөздерді дұрыс бөлуге төсілдіру үшінберілген ойын.

Сабақты қорытындылау.













































































Әліппе

1 сынып.

32 Сабақ Күн:_______

Сабақтың тақырыбы: Дд дыбысы мен әрпі

Сабақтың міндеті: әрпінің баспа және жазба түрін таныту

Сабақтың мақсаты:1. Дд дыбысы мен әрпі бар сөздерді меңгерту. Дыбыстарды пайдалана

отырып, буындарды, сөздерді және сөйлемдерді оқытуға үйрету;

  1. Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, ақыл - ойын, тіл

байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту.

  1. Оқушылардың ой -өрісін, тілін дамытып, жақсы мен жаманды айыра білуге тәрбиелеу.

Көрнекті құралдар: суреттер

Сабақтың түрі: бекіту

Әдіс -тәсілдері: көрнекілік

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру ( Психологиялық дайындық)

( Орындарынан тұрады, көздерін жұмып елестетеді)

Биік тау. Баурайында қалың орман, Айнала аппақ қар,. Алыстан тоқылдақ үні естіледі.

Ауа тап-таза. Терең дем аламыз, Біз көңілдіміз.

Өткен сабақты пысықтау.

Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? Ол қандай дыбыс? Мысал келтір.

Ойын: Қай топ әдемі жазады? Д әрпі неше элементтен тұратынын аңғарту

Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс.37 бет. Тапқышбектің тапсырмаларын орындау.

Аш, ор, ау. а-шыл-ды, о- рыл-ды, ау-ла-ды сөздерін буынға бөліп оқыту

Д- дауысты дыбыс. Себебі, ...

Оқушылардан сұрау.

Суретпен жұмыс.

Сызба арқылы сөйлем құрастыру. Егін орылды. Есік ашылды. Көбелек аулады.

Жұмбақты шешу.

Бала біткен соғады,

Жеңіл шарды домалақ

Ұрсаң, ұшып жоғары.

Жерге түсер домалап, Ол не?

Сергіту сәті.

Ду, ду, ду! Дүк-дүк!поезд келеді.

Ду ду- ду! Дүк- дүк! Бәрі жол береді.

Ду,ду,ду! Дүк, дүк! Жүгіріп өтпе.

Ду, ду, ду! Дүк-дүк! Тұра тұршы шетте.

Ду, ду, ду! Дүк-дүк! Пойызды өткіз.

Суретпен жұмыс.

Қандай жыл мезгілі? Қандай жұмыс түрі? Кімдер жұмыс істейді? Дәптермен жұмыс. 34 беттегі қолға арналған жаттығу, Д-ның бас әрпі жазу.. Олар далада. сөзіне талдау жасалып, боялады.

Оқулықтан шырша, шашу, шула.суар, арша, шала. -сөздерін дәптерге көшіріп жазу.

Қортындылау.

Д- басы өгіздің

Жоғары қараған

Тұқылы мүйіздің

Тағанға жараған

Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ата.

Ойын «Кім тез!» Д сөздің басында. Ортасында, соңында кездеседі.

Ойын «Жалғастыр» Алғашқы буынды айтамын, оқушылар сөзді айтады.



О+р

Ы+р

Р+а

Л+а

Ш+а

С+а

Д+а

Р+о

Л+о

Ш+о

С+о

Д+о

Р+у

Л+у

Ш+у

С+у

Д+у

Р+ы

Л+ы

Ш+ы

С+ы

Д+ы



Жұмбақ шешу.

Дәмді- дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (дастарқан)

Тиіп кетсе ән салған,

Даусына ел тамсанған.(домбыра)

Алыстағы қоянды, алдыңа әкеп қояды.(дүрбі)

Мақал.

Дәмді асың болмаса да, Дәмді сөзің болсын.









































































Әліппе

1 сынып

33 Сабақ. Күн:_______

Сабақтың тақырыбы: Тт дыбысы мен әрпі

Сабақтың міндеті: әрпінің баспа және жазба түрін таныту

Сабақтың мақсаты:

  1. Сөздерді талдата отырып, т әрпінің орналасу тәртібін түсіндіру.

Дыбыстарды пайдалана отырып, буындарды, сөздерді және сөйлемдерді оқытуға үйрету;

  1. Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, ақыл - ойын, тіл байлығын,

сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту.

3. Ұлтжандылыққа, тіліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу

Көрнекті құралдар: суреттер

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс -тәсілдері: көрнекілік

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру. Оқушылардың назарын сабаққа аударамын. Күн ретін айту.

Қайырлы күн достым,

Қайырлы күн болсын.

..........ң күні,

Сәтілікке толсын.

Біздің алар бағамыз,

Кіл бестіктер болсын.

Өткен сабақты қайталау. Өткен сабақта қандай дыбыспен және әріппен таныстық?

Өткен сабақты пысықтау.Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? Ол қандай дыбыс? Мысал келтір. Ойын: Қай топ әдемі жазады? Д әрпі неше элементтен тұратынын аңғарту

Жаңа сабақ:.Орманда тұрады,өзі бір қу,

Жүрген жері айқай мен шу. Ол не? (түлкі) Түлкі- буындық, дыбыстық талдау жасау. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланған соң Т-әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру. Т сөз басында, ортасында, соңында кездеседі. Тәуелсіздік- мағынасын ашу.

Жұмбақ : Тырма жатыр, қарайық, Ұқсайды оған қай әріп?

Біл оңай белгіні, Т- балға ғой белгілі.

Неше элементтен тұрады? Тақтада жазып көрсету, ауада жазу. Оқушылар жазады. Буындарды оқу.

Т+о

Т+у

Т+ы

А+т

О+т



Суретпенжұмыс.

Оқулықпен жұмыс . 38 бет Тапқышбектің тапсырмаларын орындау.

Тау, тоқылдақ, тарақ сөздерін буындық, дыбыстық талдау жасап, сөйлем құрастырылады. сөздерін буынға бөліп оқыту

Сергіту сәті.

Тырс-тырс, тырс- тырс! Жаңбыр көп жауады.

Тамшылар тамады. Тырс-тырс, тырс- тырс!

Терезе қағады, Жылғалар ағады.

Тырс-тырс, тырс- тырс! Жаңартып ауаны жаңбыр көп жауады.

Суретпен жұмыс.Балаларға т әрпі бар ат қойдыру. Архат не істеп жүр? Толқын не істеді? т.б.

Дәптермен жұмыс. 35 беттегі қолға арналған жаттығу, т-ның кіші әрпі жазып, тауық, сағат сөздеріне талдау жасалып, боялады. Тор, тары сөздерінің мағынасын ұғындыру.

Оқулықтан Ал, тал, ас, тас, ар, тар, ау, тау, ор, тор, от, шот.

Дауыл, дауыс. Тасу, тосу, шолу. толу, сату, тату сөздерін оқытқанда тек қана бір дыбысы өзгергенін ұғындыру.

Қортындылау. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ата.

Ойын «Кім тез!» Т сөздің басында. Ортасында, соңында кездеседі.

Ойын «Жалғастыр» Алғашқы буынды айтамын, оқушылар сөзді айтады.

Жұмбақ шешу. Иір- иір денесі, Сахараның кемесі, Ащы шөптер тамағы

Шөлге шыдап бағады. (Түйе) Сырты жаз, Іші қыс. Бұл не?(тоңазытқыш) Аяғы бар, басы бар, Арқалаған тасы бар. Бұл не?

Ережені қайталау.



























































































Әліппе

34 Сабақ Күні: _____________

Сабақтың тақырыбы: Тт дыбысы мен әрпі

Сабақтың міндеті: әрпінің баспа және жазба түрін таныту

Сабақтың мақсаты:

  1. Сөздерді талдата отырып, т әрпінің орналасу тәртібін түсіндіру.

Дыбыстарды пайдалана отырып, буындарды, сөздерді және

сөйлемдерді оқытуға үйрету;заттардың көптік түрлерін үйрету,

  1. Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, ақыл - ойын, тіл

байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту.

3. Ұлтжандылыққа, тіліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу

Көрнекті құралдар: суреттер

Сабақтың түрі: бекіту сабақ

Әдіс -тәсілдері: көрнекілік

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру: Оқушылардың назарын сабаққа аударамын. Күн ретін айту.



Қайырлы күн достым,

Қайырлы күн болсын.

..........ң күні,

Сәтілікке толсын.

Біздің алар бағамыз,

Кіл бестіктер болсын

Өткен сабақты қайталау. Өткен сабақта қандай дыбыспен және әріппен таныстық

Өткен сабақты пысықтау.Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? Ол қандай дыбыс? Мысал келтір. Ойын: Қай топ әдемі жазады? Т әрпі неше элементтен тұратынын аңғарту

Жаңа сабақ: Суретпен жұмыс. Ертегі бойынша әңгімелеу.

Оқулықпен жұмыс . 39 бет Тапқышбектің тапсырмаларын орындау.

Ат- аттар дос- достар тал- талдар

Су- сулар тас- тастар от- оттар сөздерін буындық, дыбыстық талдау жасап, сөйлем құрастырылады. сөздерін буынға бөліп оқыту

Сергіту сәті.

Тырс-тырс, тырс- тырс! Жаңбыр көп жауады.

Тамшылар тамады. Тырс-тырс, тырс- тырс!

Терезе қағады, Жылғалар ағады.

Тырс-тырс, тырс- тырс! Жаңартып ауаны жаңбыр көп жауады.

Дәптермен жұмыс. 36 беттегі қолға арналған жаттығу, т-ның кіші әрпі жазып сөздеріне талдау жасалып, боялады.

Қортындылау. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ата.

Ойын «Кім тез!» Т сөздің басында. Ортасында, соңында кездеседі.

Ойын «Жалғастыр» Алғашқы буынды айтамын, оқушылар сөзді айтады.





























Әліппе



35 Сабақ. Күні: __________

Сабақтың тақырыбы: М м дыбысы мен әрпі

Сабақтың міндеті: әрпінің баспа және жазба түрін таныту

Сабақтың мақсаты:

  1. Балаларға Мм дыбысымен әрпі туралы түсінік беру.Мм дыбысының

айтылуы мен жазылуымен таныстыру.

  1. Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, ақыл - ойын, тіл

байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту.

3. Табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу.

Көрнекті құралдар: суреттер

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс -тәсілдері: көрнекілік

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру

Туған жерім ,мекенім.

Сенде өсіп жетермін



Топырағынан нәр алаи.

Керегіңе жаралам.

Өткен сабақты пысықтау.

Әліппе серігінен Мысықты жатқа сұрау. Хормен, жеке.

Жаңа сабақты мынадай әңгімеден бастаймыз.

Марат деген баланың иті мен мысығы бар.

Бір күні мысық есік алдында отырса , ит оған жақындап келіп, былай дейді:

-Аф! Аф! Осы сен үйде не істейсің?

-Мияу, мияу! Мен бе? Тышқан аулаймын.

-Қалай аулайсың ?

- Хе-хе- хе, сен қызық екенсің ғой. Тышқандар шиқ-шиқ етіп, індерінен шығып, ойнай бастайды. Мен болсам , ақырын, еппен, дыбысымды шығармай , бірақ секіріп бас саламын. Мияу, мияу! Білдің бе, не істейтінімді? Мияу,мияу! Марат менімен дос. Ол екеуміз үнемі ойнаймыз. Кел , екеуміз де дос болайық. Мияу»

-Аф, аф! Жарайды.

-Мараттың мысығы қандай дыбыс шығарды ?

Оқушыларжауап береді.

Осыдан кейін оқушыларға М м дыбысының таңбасын көрсетіп, оның қандай дыбыс екенін оқушылардан сұрау.

Ойын: Қай топ әдемі жазады? М әрпі неше элементтен тұратынын аңғарту

1-қатар М дыбысы бар сөздер айтады.

2-қатар. М дыбысы бар сөздерге сөйлем құра

3-қатар М дыбысы бар сөздерді тақтаға жазады. Маса, мол, алма, тақта, мал, мамыр

Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтың 40- бетіндегі суреттермен жұмыс жасау.

Моншақ, мысық, мотоцикл.

М м дыбысының қай буынында келіп тұрғанын аңғарту. Оқулықтағы сөздерді буынға бөліп оқыту.

Ау Су Ал

Ау-ла Су-ла Ал-ды

А у-ла-ма Су-ла- ма Ал-ма

Ау-ла-ма- ды. Су-ла- ма- ды Ал-ма-ды

Суреттегі балаларға ат қойып, мәтінді оқыту. Оқушыларға дос туралы түсіндіру. Достары барма , олардың аттарын сұрау.

Оқулықтың астындағы өткен әріптер туралы сұрап, оларға мысалдар келтіру.

Дәптермен жұмыс.

Жазу дәптерінің бетіндегі жазуларды әдемілеп жазу.

Талдау.

Оқушыларға бірнеше сөздерді талдатқызу.

Аула, сула, алды, алма, ауламады, суламады.

Сергіту сәті.

Пеш қасында, мысық отыр.

Екі көзін , қысып отыр

Тышқан етін жегісі келіп,

Тісі оның қышып отыр.

Жазу дәптеріндегі қалған жазуларды жазу.

Қорытынды.

Дауыссыз дыбыстарға байланысты ережені еске түсіру.















































































Әліппе

36 Сабақ Күні

Сабақтың тақырыбы М м дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1. Мм дыбысы мен әрпін таныту.

2. Мм дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқу, түсінік беру.Тілін дамыту.

3. Әдемі жазуға, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Көрнекті құралдар. Суреттер, әріптер.

Әдіс-тәсілдері. Түсіндіру, сұрақ -жауап.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру.

Табиғатым тамаша .

Көз тоймайды қараса.

Табиғатты қорғаймыз.

Жаман бала болмаймыз.

Өткен сабақты қайталау.

Оқулықпен жұмыс.41 бет Мақтадан не алынады екені анықталады Мақтаны егеді, оны комбанмен жинайды, мая етіп үйеді, мата жасайды, киім тігеді.

Марал, шара, Самат, дулат, Тоты Алмас, орамал, мата сөздерін буынға бөліп оқыту

Буындармен жұмыс. Шарларда жазылған буындарды оқу, олармен сөз құрастыру.

Ал-лақ, да-дала, ты-алты, са-сана, ма-марал, то-тоты, ты- тоты, ал- алма.

Сергіту сәті.

Аспанға қарап ай көрдім,

Төменге қарап жер көрдім.

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім

Дәптермен жұмыс. 38 беттегі қолға арналған жаттығу, М-ның бас әрпі жызып, мата . сөзіне талдау жасалып, боялады. Алма мата алды сөйлем көшіріліп жазылады.

Бекіту.Диктант. Дала, Самат, мата, алма, анар.

Қортындылау.Ойын «ұйқасын тап! » Ма-ма-ма, апорт жақсы алма.

Ме-ме-ме, келе жатыр кеме. Ма-ма-ма құлама! Құласаң жылама.

Ойын «Кім тез!» М сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі.

Ойын «Жалғастыр» Алғашқы буынды айтамын, оқушылар сөзді айтады.

О+р

Ы+р

Р+а

Л+а

Ш+а

С+а

Д+а

М+а

Р+о

Л+о

Ш+о

С+о

Д+о

М+о

Р+у

Л+у

Ш+у

С+у

Д+у

М+у

Р+ы

Л+ы

Ш+ы

С+ы

Д+ы

М+ы

Жұмбақ шешу Түйе өркеші, қарайық, Ұқсайды оған қай әріп?

Титтей егесің, қаның төгесің.(маса).

Спортшыдан аумайды,

Секіртеді аунайды,

таңқы танау ойынпаз

Мазақтайды, заулайды (маймыл)



















Әліппе



37 Сабақ. Күні:

Сабақтың тақырыбы: Нн дыбысы мен әрпі

Сабақтың міндеті: әрпінің баспа және жазба түрін таныту

Сабақтың мақсаты:

  1. Сөздерді талдата отырып, н әрпінің орналасу тәртібін түсіндіру.

Дыбыстарды пайдалана отырып, буындарды, сөздерді және

сөйлемдерді оқытуға үйрету;

  1. Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, ақыл - ойын, тіл

байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту.

3. Ұлтжандылыққа, тіліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу

Көрнекті құралдар: суреттер

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Әдіс -тәсілдері: көрнекілік

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру: Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.

Қайырлы күн достым,

Қайырлы күн болсын.

..........ң күні,

Сәтілікке толсын.

Біздің алар бағамыз,

Кіл бестіктер болсын.

Өткен сабақты қайталау.

Қандай әріп өткендерін сұрау.

Жаңа сабақ

Сабақты «Ас атасы -нан» деген мақалды пайдаланып сабақты бастау.

Бірде Науан әжесіне еріп, егіс даласына келді. Ол шашақты басы иіліп тұрған бидай сабақтарын көріп, әжесінен:

-Мынау өсіп тұрған не?- деп сұрады.

- Науанжан, бұл пісіп тұрған нан,- деп ,жауап берді әжесі.

- Нан болса, таба наны қайда?

-Таба нан да осы дәннің ішінде.

- Ақ тоқаш ше?

- Ол да осы дәннің ішінде .

- Бауырсақ ше ?

- Бауырсақ та дәнге сиып тұр.

- Әже, кіп-кішкентай қауызды дәнге осынша көп нан қалай сыйып тұт? - деп Науан таңғалды.

- « Ас атасы -нан, нан атасы -дән! деген. Осынша мол дүние ,тоқшылық әрбір дәннің ішінде, - деді әжесі.

Осы жерде оқушылардың назарын нан, дән деген сөздерге аударту. Нн дыбысының әрпімен таныстыру.

Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтың 42- бетіндегі сөздермен жұмыс жүргізу.

Ар ыс ау анау

Нар ырыс нау анар

Суретпен жұмыс.

Суретке қарап , белгілі бір жүиемен әңгіме өрбіту.

Талдау.

Комбайн, трактор , наубайхана , бидай сөздеріне талдау жасау.

Оқулықтағы « Нан» мәтінімен жұмыс жүргізу. Ондағы сызылған сөздерге дыбыстық талдау жасату.

Сергіту сәті.

Нан қоқымын шашпаңдар!

Жерде жатса баспаңдар !

Теріп алып қастерлеп .

Торғайларға тастаңдар.

Дәптермен жұмыс.

Жазу дәптерінің бетіндегі жазуларды әдемілеп жазу.

Оқулықтағы Тапқышбектің тапсырмасын орындау.

Қорытынды .

Дауысты , дауыссыз дыбыстардың ережесін қайталату.

























































































Әліппе



38 Сабақ. Күні

Сабақтың тақырыбы. Н н дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты.

1 Алған білімдерін кеңейтіп, қызығушылығын арттыру. Ол арқылы

сөздерді оқу және жазуға үйрету.

2.Оқушылардың жалпы ой-өрісін, тілін, танымдық ойын қалыптастыру,

танымдық ойын дамыту.

3.Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Өткен сабақты пысықтау. Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? Ол қандай дыбыс?

Ойын: Қай топ әдемі жазады? Н әрпі неше элементтен тұратынын аңғарту

1-қатар Н дыбысы бар сөздер айтады.

2-қатар. Н дыбысы бар сөздерге сөйлем құра

3-қатар Н дыбысы бар сөздерді тақтаға жазады. Маса, мол, алма, тақта, мал, мамыр.

Нан мәтінінде не туралы айтылған? Мәтінді тізбектеп оқыту.

Оқулықпен жұмыс.43 бет Суретпен жұмыс. Ата мен бала. Неге нан жерде жатыр? Картинаға қандай ат қоюға болады? Тірек сөздер: Санат, ата, нан, тастама, Алмат, аула, ал.

Тіл дамыту. Нан болса- ойнап- жүреміз

Нан болса-еркін жүреміз.

Нан- қасиет,

Нан- береке,

Нан- мереке,

Буындармен жұмыс. Шарларда жазылған буындарды оқу, олармен сөз құрастыру.Тақтада жұмыс. Су, на, шу, ма, ну, ал, ра, ор, ау, са.

Ал-ма, ор-ма, са-на, ма-са. Сөз, сөйлем құрастыру. .

Сергіту сәті.

Аспанға қарап ай көрдім,

Төменге қарап жер көрдім.

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім

Дәптермен жұмыс. 40 беттегі қолға арналған жаттығу, Н-ның бас әрпі жазып, нар сөзіне дыбыстық талдау жасалып, боялады. Шынар сөзін көшіріп жазады.

Бекіту.Диктант. ата, нан, нар. ыдыс, аула.

Қортындылау. Оқушылар нан туралы тақтақтарды айтады. Ойын «Ұйқасын тап!» Дан-дан-дан. Жасадым ұя тақтайдан..

Ойын «Сөз құрастыр» Тақтадағы буындардан сөз құрастырады..

Ойын «Жалғастыр» Алғашқы буынды айтамын, оқушылар сөзді айтады.

Әліппе серігі 13 бет, Нанды қадірлейік.

Жұмбақ шешу

Ас біткеннің анасы,

Қасиетті нан осы.

Қайсы әріптен басталып

Аяқталған қарашы. (Н) Екі тіреу, басқышы біреу. (Н) Әуеден күбі түсті, Күбінің түбі түсті. (найзағай)













Әліппе



39 -40 Сабақ 2 сағат. Күні

Сабақтың тақырыбы: ң дыбысы мен әрпі

Сабақтың міндеті: әрпінің баспа және жазба түрін таныту

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға ң дыбысы мен әрпін таныту. Дыбыстарды пайдалана

отырып, буындарды, сөздерді және сөйлемдерді оқытуға үйрету.

2.Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, ақыл - ойын, тіл байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту.

3. Сауатты жазуға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекті құралдар: суреттер

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс -тәсілдері: көрнекілік

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру. Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.

Мақсатымыз -білім алу.

Міндетіміз- еңбектену.

Өткен сабақты пысықтау. Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? Ол қандай дыбыс?

Ойын: Қай топ әдемі жазады? Н әрпі неше элементтен тұратынын аңғарту

1-қатар Н дыбысы бар сөздер айтады.

2-қатар. Н дыбысы бар сөздерге сөйлем құра

3-қатар Н дыбысы бар сөздерді тақтаға жазады. Нар, Дана, нан

Нанды қадірлейік. Нан дастарқанға қалай келеді? Кімдер еңбек етеді?

Кіріспе әңгіме

Шаңда бар,

Шамда жоқ.

Аңда бар

Малда жоқ. (Ң)

Н- нан Ң- ның қарашы,

Айырмасы бар қандай?

Бейне бір оң аяққа,

Тұзақ іліп алғандай .

Жаңа сабақ:

Мұғалім оқушыларымен қайталай отырып (ша-ң-ң, а-ң-ң), ң дыбысын тапқызады, оның әрпімен таныстырады. Ң әрпі үнді дауыссыз дыбыс. Баспа және жазба түрімен таныстыру.

Суретпен жұмыс. Шаңғы, жаңғақ, саңырауқұлақ, қоңырау сөздерінен ң дыбысын тапқызып, буындық, дыбыстық талдау жасап, сөйлем құрату.



Сергіту сәті:

Аспанға қарап ай көрдім,

Төменге қарап жер көрдім.

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім



Оқулықпен жұмыс: Оқулықтың 44-бетіндегі бағанда берілген буындар мен сөздерді

оқушыларға оқытады, талдатады.

Тіл жаттықтыру үшін:

Дың -дың - қоңыраумын

Дың-дың - соғыламын

Дың-дың - қағыламын

Мектептен табыламын. /Қоңырау/

Дәптермен жұмыс: №2 жазу дәптерінің 3-бетіндегі қолды еркін жазуға жаттықтыру жұмыстары жүргізіледі. Ң әрпін, осы әріп бар сөздерді үлгі бойынша жазып үйренеді.

Оқулықпен жұмыс: Оқулықтың 45-бетіндегі аңдар туралы сөз, сөйлем құрату жұмысы жүргізіледі. Бұдан басқа да білетін аңдар туралы сөз болады.

Ол барыс, аю, елік, қоян.

Төмендегі мәтінге ат қойып, онымен шығармашылық жұмыс (тауып оқу, теріп оқу, үзіп оқу, тұтас оқу ) түрлері жүргізіледі. Мәтінде не туралы айтылған?

Дәптермен жұмыс: Оқушыларға дәптердегі бос жолдарға оқулықтағы карусель түрінде берілген буындарды оқып, көшіріп жазу тапсырылады.

Тапқышбектің тапсырмалары: суреттердің аттарын атату.

«Қай әріп жоқ» ойыныӘріп кассасына сөздер жазылады. Жоқ әріпті балалар тауып қояды.

Мысалы: ша..ғы, а.. , ша.... , .......

Қорытынды:

н және ң әріптерінің айырмашылығы қандай? Ң дыбысы бар сөздерді айт.

Қаңбақ, жаңғақ, аң, шың, жең,

Жаңбыр, қайың, таң, тың, сен,-

«ң»- нан сөз жоқ басталған-

«ң» үлестен бос қалған.



Темір тілді, Сыңғыр үнді. (Қоңырау)



Айналада жортып жүрмін,

Аңшылардан қорқып жүрмін.

Алдыма бір әріп қоссаң,

Бастауымын әрбір күннің (аң-таң)

Үйге: Әліппе серігі. 13 бет Жұмбақтар жаттау.























































Әліппе

41 Сабақ Күні:

Сабақтың тақырыбы: Ғғ дыбысы мен әрпі

Сабақтың міндеті: Ғғ әрпінің баспа және жазба түрін таныту

Сабақтың мақсаты:

  1. Сөздерді талдата отырып, ғ айтылу артикуляциясын түсіндіру.

Дыбыстарды пайдалана отырып, буындарды, шағын мәтінді оқытуға үйрету

  1. Ғғ дыбысы қатысқан жаңа сөздерді білдіру арқылы оқушылардың

жалпы ой-өрісін , тілін , танымдық ойын қалыптастыру. .

3. Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, әдептілікке тәрбиелеу

Көрнекті құралдар: суреттер

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс -тәсілдері: көрнекілік

Сабақ барысы

Ұйымдастыру: Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.

Жаңа сабақ

Қолымда шалғы -

Қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп?

(Ғ)

Ағада бар,

Менде жоқ.

Жағада бар

Жеңде жоқ. (Ғ)

Мұғалім аға, жаға сөздерін бірнеше рет айтып, оқушылардың назарын ғ дыбысына аударып, ғ дыбысының таңбасымен таныстырады

(А-ғ-ғ-ғ, жа-ғ-ғ-ға)

Ғғ - дауыссыз дыбыс. Себебі ....

Оқушылардан ережені толық сұрау.

Сергіту сәті

.1.2.3

Бойға жинап күш.

Бір отырып, бір тұрып

Біз шынығып алайық

Алақанды соғайық

Оқулықпен жұмыс

Оқулықтың осы бетіндегі баған түріндегі сөздерді тұтас оқуға жаттықтыру жұмыстары жүргізіледі. Ол сөздерді пайдаланып, сөйлемдер құратуға болады. Сөздік жұмыстарын жүргізу де қажет.

Мұғалім «Ол - Сағат аға. Сағат аға шалғы тартты» деген сөйлемдерді оқушыларға талдатып, меңгерткеннен соң, оқушылардың ойлаған сөйлемдерімен олардың қатарын арттыруға болады. Сөйтіп, әңгімеге ат қойылады

Дәптермен жұмыс

Жазу дәптерінің 6-бетіндегі жазуға жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Оқушылар Ғ дыбысының бас әрпін жазып үйренеді. Бас әріптен басталатын сөздерді жазып, көркем жазу дағдысы қалыптаса бастайды. Олар суретке және сызбаға сүйеніп, сөйлем құрап жазады.

Қорытынды

Есту диктанты:

Арыстан орманда. Орманда аңдар мол. Олар аң аулады

Балға , таға, бұрғы сөздеріне дыбыстық талдау жасап, сөйлем құрату, тақтада жазу\

Әліппе

42 Сабақ Күні:

Сабақтың тақырыбы: Ғ дыбысы мен әрпі

Сабақтың міндеті: Ғ әрпінің баспа және жазба түрін таныту

Сабақтың мақсаты: 1. Ғғ дыбысын қайталату.Сөздер құрастыра білуге үйрету.

2.Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, ақыл - ойын, тіл

байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту.

3. Жылдамдылыққа , төзімділікке тәрбиелеу

Көрнекті құралдар: суреттер

Сабақтың түрі: бекіту сабақ

Әдіс -тәсілдері: көрнекілік

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру оқушылардың назарын сабаққа аударамын.

«Қай әріп жоқ?» ойыны.Тақтаға бірнеше сөз жазамын. . Балалар жоқ әріпті тауып, орнына қояды. Мысалы : қар..а, бал..а, та..а, ......

Жұмбақ Ағада бар,

Менде жоқ.

Жағада бар,

Жеңде жоқ.

(Ғ)

Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтың 47-бетіндегі баған түрінде берілген буындарды, сөздерді тұтас оқу жаттығулары орындалады.

Оқушылардың назарын мазмұнды суретке аударып, ол бойынша әңгіме құрау тапсырылады.

Ат тағалау мәтінімен талдау- жинақтау әдісі бойынша жұмыстар жүргізіледі. Мәселен, «Мәтінде неше сөйлем бар? Үшінші сөйлемдегі кісі аттарын ата. Олардың жазылуын түсіндір. Бірінші сөйлемнің соңғы сөзін буынға бөл. Екінші сөйлемдегі бір буынды сөзді тап. Төртінші сөйлемдегі бірінші сөзге дбыстық талдау жаса».

Бекіту.Осы беттегі логикалық жаттығу жұмыстары ауызша орындалады. Ондағы ғ дыбысы бар сөздерді атап, оларды талдайды.

Ал оқулықтың 47-бетіндегі соңғы тапсырма сабақты бекітуге қызмет етеді. Балға, таға,бұрғы сөздерінде дыбыстық, буындық талдаулар жасалып, ғ әрпінің орны анықталады.

Дәптермен жұмыс: 6 бет Сөйлем құрастыру. Ғалым шөпті шапты.

Есту диктанты: Ғалым аға шалғы тартты. Ол ат тағалады.

Қорытынды

Жаңылтпаш

Ғажап бояу жағады,

Ғани сурет салады.



Әліппе серігі. 14 бет. Мен ғарышкер боламын.



















Әліппе

43 Сабақ Күні.

Сабақтың тақырыбы: Жж дыбысы мен әрпі

Сабақтың міндеті: Жж әрпінің баспа және жазба түрін таныту

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Жж дыбысы мен әрпі таныту, ,оларды жаңа ж әрпімен

таныстырып, осы әріп арқылы сөздер құрастыра отырып, ойларын

өрбіту.

2. Оқушылардың ой - өрісін, танымдық дағдыларын, тіл байлығын,

сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту.

3. Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекті құралдар: суреттер

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс -тәсілдері: көрнекілік

Сабақ барысы:



Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.

ЖӘліппе пәнінен сабақ жоспарыаңа тақырып:



Желбірейді жалаулар

Оң қолында сәбидің.

Желбірейді жалаулар

Балконында әр үйдің

/С. Жиенбаев/



Оқулықпен жұмыс

Ертеде орманда бір жолбарыс өмір сүріпті.Жолбарыс аяңдап келе жатса. Ағаштың қасында жираф жайбарақат шөп жеп тұр екен.Жолбарыс бұған дейін жирафты көрмеген екен. Өзін аң патшасы санайтын жолбарыс қорыққанын білдірмей, жөн сұрапты:

-Ау, сорайған, сен кім боласың?

Оқыс дауыстан шошыған жираф аяқтары дірілдеп: -«Мен бе, ж-ж-ж-жи-жи-жираф, ж-ж-ж-жи-жи-жираф», - деп қайталап жолбарыс жөніне кетеді. Жираф та аман-есен құтылғанына қуанып, «ж-ж-ж-жуф», - деп дем алады.

Жолбарысқа жираф не деп жауап береді?

Балалар: «Ж-ж-ж-жи-жи-жираф» деп атайды. Сол кезде мұғалім ж дыбысының әрпін көрсетеді. Оқушылармен жи, жу, жа, жо буындар құрастырып жаттығады.

Оқулықтың 48-бетіндегі буындарды оқушылар бірнеше рет қайталап оқиды.

Сергіту сәті

Дәптермен жұмыс

Жазу дәптерінің 7-бетіндегі жазуға арналған жұмыстар мұғалімнің басшылығымен орындалады. Оқушылар ж әрпін жазып үйренеді. Жаға, жалау сөздеріне дыбыстық талдау жасап, берілген сөздерді үлгідегідей етіп жазады.

Қорытынды

Лау -лау - желбірейді жалау

Аз -аз -келді, міне жаз.









Әліппе



44 Сабақ. Күні

Сабақтың тақырыбы: Жж дыбысы мен әрпі

Сабақтың міндеті: Ж әрпінің баспа және жазба түрін таныту

Сабақтың мақсаты: 1. Сөздерді талдата отырып, ж айтылу артикуляциясын түсіндіру.

Дыбыстарды пайдалана отырып, буындарды, шағын мәтінді

оқытуға үйрету

2. Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, ақыл - ойын, тіл

байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту.

3. Ұлтжандылыққа, тіліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу

Көрнекті құралдар: суреттер

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс -тәсілдері: көрнекілік

Сабақ барысы:



Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.

Есту диктанты:

Жанар мен Жомарт достар. Олар ағаш отырғызды. Жарас жалау алды

Оқулықпен жұмыс

Оқулықтағы суретпен шағын мәтін құраймыз..

-Жанат пен жанар не істеді?

-Олар қайда барды?

-Жанар неге жылады?

51 беттегі балалар туралы мәтін құрастыру. Тірек сөздер: Талғат, Ғалым, достар, сағадат, ағасы.

Тапқышбектің тапсырмасын орындату.

Шарда жазылған буындарды жалғастыру.

Шаң ---- ғы дос------ тар

/ / /

ға---- лым Жан ту



Ауызша жұмыс

Алғашқы әрпін өзгертсең ...

«Ж» - дан бастап оқысаң

Күнде алдыңнан кезігем.

«Ж» орнына «Қ» қойсаң,

Бір мүшемін өзіңе.

/Жол - қол/

/С. Ақыпбеков/

Сергіту сәті

«Кім зейінді» ойыны

Ойын шарты: арнайы бір дыбысқа суреттер топтастырылады. Мұғалім суреттерді көрсетіп айтып тұрады. Балалар қай дыбыс жиі айтылса, сол дыбысты тауып айтулары керек.



Мысалы: Жалау, жаңғақ, етік, жіп, жалпақ, жапырақ .....



Әліппе пәнінен сабақ жоспарыӘліппе пәнінен сабақ жоспарыӘліппе пәнінен сабақ жоспары





Әліппе пәнінен сабақ жоспары

Әліппе пәнінен сабақ жоспары













Дәптермен жұмыс

Жазу дәптеріндегі тапсырма орындалады

Қорытынды

Ж әрпіне байланысты сөздерді жаз















































































Әліппе

.

45 Сабақ Күні

Сабақтың тақырыбы: І і дыбысы мен әрпі

Сабақтың міндеті: Іі әрпінің баспа және жазба түрін таныту

Сабақтың мақсаты: 1. Іі дыбысы мен әрпін таныстыру, дауысты , дауыссыз дыбыстарды

ажырата білуге үйрету.

  1. Сөздік қорларын молайту, буын туралы түсініктерінкеңейту, ауада

әріп элементтерінің жазуын қалыптастыру.

  1. Іі әрпінің жазба түрін жаза білуге , сауатты жазуға, әдемілікке

тәрбиелеу.

Көрнекті құралдар: суреттер

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс -тәсілдері: көрнекілік

Сабақ барысы

Ұйымдастыру. Оқушылардың зейіндерін аудару

Бәріміз тұрайық.

Күннен жылу алайық

Алтын күн, жарқын күн

Шуағыңды төге бер

Арайыңнан нәр алған

Біз бақытты балдырған.

Өткен сабақты пысықтау.

Жаңа сабақ

Жаңа сабақты жұмбақ шешуден бастайық.

Кірпіде бар.

Құста жоқ.

Түлкіде бар.

Мысықта жоқ. ( І)

І дыбысы бар сөзді созып айтамыз ( к-і-і-ірп-і-і, түлк-і-і- і)

Сөйтіп Іі дыбысың әріп -таңбасымен таныстыру.

Дауысты дыбыстың ережесін сұрау.

Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтағы шарларда жазылған сөздерді тез, шапшаң оқыту.( ал,іл, он,ін,тіл,шіл,тіс,тыс)

Оқулықтағы суретпен жұмыс жасау.

-Суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар?

-Олар не істеп жатыр?

-Қандай мезгіл?

-Алыстан нелерді көріп тұрсыңдар?

Мәтінмен жұмыс .

Мәтіндегі адамдардың аттары қалай жазылғандарына көңіл бөлгізу. Оларды айтқызу. ( Ажар, Лашын)

Сөйлемдерді буынға бөлгізіп, оқыту.

Сергіту сәті

1,2,3,

4,5,6 -шебер бала біз.

7,8- білім мен еңбек егіз.

9,10- жаттығу орындау жөн.

Дәптермен жұмыс.

Дәптерде берілген жазуларды жазғызу.

Оқулықтың 53- бетіндегі суретпен әңгіме өткізу.

  • Суреттерден кімдерді көріп тұрсыңдар?

  • Бала қайда бара жатыр?

  • Баланың қолында не бар?

  • Ол не істеді?

Әр оқушыға өздерінің әңгімелерін айтқызу. Әңгімедегі бірнеше сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасату.

(бала , шана, қар, ит, ағаш)

Оқулықтағы сөздерді оқыту. Оларды талдау. Буынға бөлгізу.

(Да-ла-ға, ша-на, о-тыр -ды, і-лес-ті, жа-рыс -ты, жо-та- дан, сон-да, жа-ңа)

Өткен әріптерге мысал келтіру. (н с л р м ж )

Дәптермен жұмыс.

Жазу дәптеріндегі жазуларды дәптерге әдемілеп жазу. Бірнеше сөздерді ауада жазғызу.

Логикалық жаттығуды ойын түрінде өткізу. Ойын. «Жасырынған әріптер»

Сергіту сәті.

« Басымызды не «стейміз?»

Басымызды иеміз.

Билейміз, күлеміз.

Бір анда, бір мында

Қарап ал айнала.

Дидактикалық ойын.

Шарты:Тақтаға бірнеше кеспе әріптер бекітіледі. Оқушылар дауыссыз дыбыстарды бір бөлек, жуан дауысты дыбыстарды бір бөлек және жіңішке дауысты дыбыстарды бір бөлек қояды.

Оқушылар бұл ойыннан дыбыстардың түрлерін айыра білуге үйренеді.

Түсінгендерін тексеру.

-Іі қандай дыбыс?

-Қандай сөздерде келеді?

-Іі дыбысына мысал келтіріңдер.

Қорытынды.

Оқушылардың білімін мадақтау. Іі -қандай дыбыс.













Әліппе

46 Сабақ. Күні.________

Сабақтың тақырыбы : Іі дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. Іі дыбысы мен әрпін қайталату.,таныту. Ол арқылды сөздерді оқу

мен жазуға үйрету.

2. Оқушылардың сөйлеу қабілетін, ой өрісін, тілін дамыту.

3. Үлкендерді сыйлауға, білімділікке ,дыбыстап буындық талдау

жасауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, кеспе әріптер.

Сабақтың түрі: бекіту.

Әдіс -тәсілдері : түсіндіру, сұрақ -жауап.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру, ( Психологиялық дайындық)

1 дегенім -жаман баға, алады оны жаман бала .

  1. дегенім -нашар баға , інішегім нашарлама.

  2. дегенім- орта баға, сапасы да орта ғана .

4 дегенім- жақсы баға, алады оны жақсы бала.

5 дегенім -үздік баға, оқимыз тек үздік қана.

Өткенді қайталау.

Өткен әріптер туралы сұрау. Оқулықтың 54 -бетіндегі суретпен жұмыс жүргізу. Оқулықтың үстіңгі жағындағы сөздермен жұмыс жасау, оларды буынға бөлгізу. Су-ыр, то-ты, ара-лар, жан -у-ар, мы-нау, ,а-ғаш- та, ,ал-дын- да, ор-ман- ның.

Суретпен жұмыс.

-Мынау не? Ал мынау-тоты. Ал мынау-аралар.

-Мынау суыр. Ол ағашта отыр.

- Ол қайда отыр? Суыр да, тоты да - жануар.

- Ол іннің алдында отыр.

Жаңылтпашты тез оқыту.

Ара, ара, аралар.

Орманның ішін аралар.

Дәптермен жұмыс. Жазу дәптерінің бетіндегі жазуларды дәптерлеріне әдемілеп жазу. Өткен әріпті ауада жазғызу.

Сергіту сәті.

Қыран құстай самғаймыз.

Әлемді біз шарлаймыз,

Биік-биік шыңға өрлеп.

Тыныштықты қорғаймыз.

Ойын « Жоғалған әріп»

Ағаштың, анардың, масаның суреттері.

А . аш, ан . р , ма . са

Оқулықтың 55 бетіндегі суретпен жұмыс.

-Жомарт не істеді?

- Ол не ішті?

- Столдың үстінде не жатыр?

Тапқышбектің тапсырмасын орындау.

Сабақты сұрақ- жауап арқылы қорытындылау.

















































Әліппе



47- сабақ Күні

Сабақтың тақырыбы: Әә дыбысы мен әрпі

Сабақтың міндеті: Әә әрпінің баспа және жазба түрін таныту

Сабақтың мақсаты: Сөздерді талдата отырып, ә дыбысының айтылу артикуляциясын түсіндіру. Жуан-жіңішке дауыстылар туралы түсінік беру.Дыбыстарды пайдалана отырып, буындарды, шағын мәтінді оқытуға үйрету. Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, ақыл - ойын, тіл байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту.Сауатты жазуға, шапшаңдыққа баулу.

Көрнекті құралдар: суреттер

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Әдіс -тәсілдері: көрнекілік

Қолданылған технология:

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.

Жұмбақ шешіледі.

Таныстырар әріппен

Мынау кітап-әліппең.

«Әліппе» деген аты оның

Басталған қай әріптен?

Жұмбақ шешуін талдау арқылы жаңа дыбысты бөліп алып, Ә дыбысын қайталау. Қандай дыбыс?

Ойын: «Жалғастыр». Мұғалім әріпті көрсетеді. Оқушылар оған сөз ойлай бастайды. Әр оқушы өзі ойлаған сөздерін қанша дыбыстан тұратынын айтады. Дыбыстарды ретімен айтып беруін сұраймын. Мысалы, ә әрпін көрсетемін. Бір оқушы, әтеш-десе, екіншісі- оның 4 әріптен тұратынын айтса, үшіншісі- әтеш сөзіндегі дыбыстардың ретін айтып береді. т.б.

Оқулықпен жұмыс. 57 беттегі суретпен жұмыс. Сөйлем құрастыру. Тірек сөздерді оқыту. Әшір, дәрі, тыңдады, ішті Мысалы: Әшір тіс дәрігеріне келді. Әшірдің бойын өлшеді. Әшірдің кеудесін таңдады

Логикалық ойынды шешеді.

Сергіту сәті. Әдемі әтеш,таң атпай тұрыпты.

айдарын тарапты, жан- жағына қарапты, орнына отырыпты.

Тақтадан кеспе әріптер арқылы оқыту. Ән, ән-ші, әл, әл-ді, сән, сән-ді, дәм, дәм-ді, дән, дән-ді. Сөздерді оқытып, дыбыстық, буындық талдау жасап, Ә дыбысының орынын анықтау.

Оқулықпен жұмыс 58 беттегі суретпен жұмыс. Мәтінді оқып беремін. Оны суретпен байланыстырамын.

Мәтінді тізбектеп оқу. Мәтінде кім туралы айтылған? Мәтінге қандай ат қоюға болады?

Логикалық тапсырма. Ә дыбысы бар сөздерді ата. әтеш, әліппе, шәйнек

Дәптермен жұмыс. 15 беттегі ә,а әріптерін жазу. Алды- әлді сөздерін салыстыру, жуан-жіңішке дауыстылар туралы түсінік беру.

Суреттердің атауларын жазу. шана, ат, сағат. Буындық, дыбыстық талдау жасау.

Ойын: «Жоғалған буын» Аяқталмаған сөздердің буындарын тауып жаз. Дәрі, әнші, мәсі, әлді, шәлі, сәнді.

Жаңылтпаш жаттау. Әнуар- өнер түлегі, Әдемі етіп тігеді.

Суреттермен жұмыс. Жыл мазгілдерін ата. Сөйлем құрастыр.Сөздерді оқыту.











Әліппе



№ 48сабақ Күні.

Сабақтың тақырыбы: Әә дыбысымен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. Әә дыбысы мен әрпін қайталау. Өткен әріп арқылы берілген

сөздерді оқу және жазу.

2.Балалардың сөздік қорларын, тілдік байлықтарын дамыту,

дүниетанымдарын кеңейту, аақыл-ойын дамыту.

3.Жан-жануарларды қорғауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен

қарауға, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, баспа және жазба әріптер.

Сабақтың түрі:. Қайталау.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, қайталау.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру.

( Психологиялық дайындық)

Амансың ба, алтын күн.

Амансың ба, көк аспан

Амансың ба, достарым.

Сендерді көрсем қуанам.

Өткен сабақты қайталау.



Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтың 58- бетіндегі басындағы сөздерді дауыстап оқыту. Екінші жолдағы сөздерді буынға бөлгізу.

Ән-ші, әл-ді, сән-ді, дәм-ді, дән-ді.

Ойын « Қанша болса, сонша»

1.Тық-тық 2 мәрте.

2 дыбыстан құралған сөз ойла, сөз құрастыр Ат, су, ру, ну, ал, ар.

4 рет шапалақпен ұрып, қанша ұрғанын санату.

4 дыбыстан құралған сөз ойлаңдар.

БАЛА, ШАНА, ТАНА, ТАҒА, МАМА ,ПАПА,

Оқулықтағы мазмұнды сурет бойынша әңгіме құрастырып, мынадай өлең шумағынан бастауға болады.

-Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан,

Шұнақ құлақ бес ешкі.

Қос-қос лақты қос ешкі,

Төрт қозылы екі қой.

Бәрін бірге ойлап қой.

Сұрақ.

Бұлардың барлығын қалай атаймыз.

-Мал, малшы деп жауап берулері мүмкін. Енді олардың бағушысының атауын қалай атаймыз. Мысалы, жылқыны жылқышы бағады. Түйені түйеші бағады. Сиырды сиыршы, қойды қойшы бағады. Мәтінді мәнерлеп оқыту.

Сергіту сәті.

Қаламсап қолға аламыз.

Дәптерді қиғаш қоямыз.

Денемізді тік ұстап.

Әдемі етіп жазамыз.

Дәптермен жұмыс.

Жазу дәптерінің бетіндегі жазуларды ойын арқылы жазғызу. « Жоғалған буынды тап» Осы ойын арқылы буындарды жалғастырып, сөздер құрау ,оларды көркем етіп дәптерлеріне жазу.

Оқулықтың 59- бетіндегі «Төрт мезгіл» туралы әңгіме құрастыру.

Қыс. Қыста далаға қар жауады. Күн суық болады. Балалар жылы киімдерін киіп , далаға сырғанақ тебуге , ойнауға шығады.

Көктем. Көктемде дала жылына бастайды. Ағаштар бүршік атады. Жылғалардан су ағады.

Жаз. Жаз мезгілі өте көңілді. Айнала жап-жасыл болады. Күн ыстық болады. Балалар суға түседі. Жазда дем аламыз.

Күз. Күзде жапырақтар сарғайып, ағаштар жалаңаштанады. Егіншілер егіндерін жинайды.

Оқулықтағы сөздерді оқыту. Ондағы кісі аттарына көңіл бөлгізу.

Сабақты сұрақ -жауап арқылы қорытынды жасау.

Дауыссыз дыбыстың ережесін қайталау.















































































Әліппе

1 сынып

№ 49 Сабақ Күні

Сабақтың тақырыбы. Өө дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты. Білімділігі: Өө әрпін таныту. Өө дыбысын сөз ішінде ажырата

білуге үйрету.

Дамытушылығы: Дауысты дыбыстарды талдау, салыстыра білу

қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: Ана тілін сүюге, кішіпейілдікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, кеспе әріптер, сызбалар.

Әдісі: Түсіндіру,ойната отырып оқыту.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру ( Психологиялық дайындық)

Тілейміз көктем шуағын

Тілейміз жаздың ұзағын

Тілейміз күздің жемісін

Тілейміз қыстың қарлысын.

Өткенді пысықтау.

Мәтінді оқыту. Сызбалар бойынша әр балаға мысал келтірткізу. Дәрігер сөзін ауызша дыбыстық талдау жасатқызу.

Жаңа сабақ

-Бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын мына жұмбақты шешіп, соның бірінші дыбысын атасаңдар, сонда табасыңдар.

Тоқығаны ау,

Шыбынның жауы, (Өрмекші)

­Өрмекші сөзінің бірінші дыбысы -Ө дыбысы екен.

-Балалар, бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы Ө дыбысы. (Хормен айтқызу)

-Ө дыбысы дауысты ,қызыл белгімен белгілейміз.Енді мына суретке назар аударайық.

Бөрік, өрік, көз, өрнек.

Сөздерге талдау жасау.

Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтың 60-бетіндегі сөздерді оқушыларға оқытқызу. Жаңа дыбыстың орнын тапқызып, олардың сөздің басында, ортасында келетінін айту. Оқушыларға мәтінді оқытқызу. Мәтіннің астындағы суретте жазылған сөздерді оқу. (ор, ар, оң, аң, тол, сол.)

Ойын

«Сөз ойла, тез ойла» Оқушыларға Ө әрпінен келетін сөздер ойлатқызу.

Сергіту сәті

Мен өрікпін ,өрікпін

Бау-бақшаға көрікпін

Дәптермен жұмыс

Жазу дәптердің бетіндегі Ө әрпінің баспа және жазба түрлерін салыстырып, қолды жаттықтыру. Оқушыларға жаңа әріпті ауада, тақтада жазып көрсетіп, дәптердегі үлгі бойынша жазғызу.

Оқулықтағы дәмді, тәтті сөздерінің қатарын көбейтіп, оларды дәптердің бос жолдарына жазу. Сөздерге буындық, дыбыстық талдау жасату. ( дәмді, тәтті, қышқыл, ащы, тұщы, тұзды)

Оқулықтың 61 бетіндегі жеміс-жидектермен таныстыру.Оларға байланысты әңгіме құрастыру.

Тапқышбектің тапсырмасын орындау. Бос орындарға әріптерді қою.

Сабақты қорытып, жақсы қатысқан балаларды мадақтау.



Әліппе





50Сабақ Күні:

Сабақтың тақырыбы: Ққ дыбысы мен әрпі

Сабақтың міндеті: Ққ әрпінің баспа және жазба түрін таныту

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Ққ дыбысы менәрпін таныту., оларды қ әрпімен

таныстырып, осы әріп арқылы сөздер құрастыруға үйрету.

2.Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, ақыл - ойын, тіл

байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту.

3. Дұрыс оқуға,әдемі жазуға тәрбиелеу.

Көрнекті құралдар: суреттер

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс -тәсілдері: көрнекілік

Сабақ барысы:

ҰйымдастыруОқушылардың назарын сабаққа аударамын.

Кіріспе әңгіме Жұмбақ шешіледі.

Оңға қарай,

Оқысаң да - бір халық.

Солға қарай

Оқысаң да сол халық. (Қазақ)

Жұмбақ шешуін талдау арқылы жаңа дыбысты бөліп алып, Қ қ әрпімен таныстыру. Дауыссыз, қатаң дауыссыз. Әріптің аты-қы. Жазылуын көрсету, тақтада, ауада, бірнеше оқушылар жазады. Қ-дыбысы бар сөздер айту.

Сөз ортасында

Сөздің соңында

Қалам…..

Аққу….

Қайық…..

Жаңа тақырып.

  • ҚӘліппе пәнінен сабақ жоспарыалада бар,

Далада жоқ.

Қорада бар,

Санада жоқ.

(Қ)

  • Қала- сөзіне буындық, дыбыстық талдау.

  • Бағандардағы сөздерді оқып, буын санын анықтау. Мұнда қ дыбысының орнын анықтату

Сергіту сәті. Таң атты, күн шықты,

Аспанды бұлт жапты.

Жел тұрды, жаңбыр жауды.

Найзағай сарт-сұрт етті.

Біз бұға қалдық.

Оқулықпен жұмыс

Оқулықтағы Астана тақырыбына арналған суретпен жұмыс. Мәтінді оқып, талдау.

Сөздік жұмысын жүргізу.

Ауызшы жұмыс. «Кім тез шешеді?» ойыны

1.Қыста жер бетін басады, Жазда сайға қашады.(қар) 2.Қар сияқты аппақ, Өзі сондай тәтті - ақ.(қант) 3. Шеңбер жасап өседі, Желмен бірге көшеді. /Қаңбақ/

Дәптермен жұмыс. Жазу дәптеріндегі тапсырма орындалады.Қоға, аққу сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

Есту диктанты: Омардың тісі ауырды. Ол дәрі ішті.

Қорытынды: Оқулықтан Тапқышбектің тапсырмасын орындау керек. Ын-ты-мақ-тас, қол-ты-ра-уын, шын-шыл, ша-ла.

Ойын: «Ұйқасын тап!» ақ-ақ-ақ, секіреді лақ .қар-қар-қар, қарқылдайды қарға. Дақ-дақ-дақ, міне саған балмұздақ. Қа-қа-қа, ұшады жаңқа. Қу-қу-қу, құс патшасы аққу. Күн-күн-күн, туған күн.



































































Әліппе

51 Сабақ Күні:

Сабақтың тақырыбы: Қ дыбысы мен әрпі.

Сабақтың міндеті: Қ әрпінің баспа және жазба түрін таныту

Сабақтың мақсаты: 1. Сөздерді талдата отырып, қ айтылу артикуляциясын түсіндіру.

Дыбыстарды пайдалана отырып, буындарды, шағын мәтінді оқытуға,

естіген сөздерді жазуға үйрету.

2.Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, ақыл - ойын, тіл

байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту.

3.Ұлтжандылыққа, тіліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу

Көрнекті құралдар: суреттер

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс -тәсілдері: көрнекілік

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.



Өткенді пысықтау:

Оқушылардың тілін дамыту үшін оқулықтың 64-бетіндегі ыдыстардың атауын толықтырып, олардың қолданылу қызметін анықтау.

Сауаттылығын жетлдіру үшін сөздерге(қасық, кесе, шанышқы, қазан) дыбыстық, буындық талдау жасау.



Жаңа тақырып:

«Ас адамның арқауы» деген ұғымға түсініктеме беру. Мәтінді оқып, талдау.

Қ әрпінің бас әрпімен таныстыру.

Сергіту сәті

Оқулықпен жұмыс

Оқушылармен бірге мазмұнды суретке әңгіме құрау. Әңгіме құрауды оқушыларды топтарға бөліп тапсыруға болады. Түрлі тақырыпта әңгіме құрату. Ондағы адамдардың бір-біріне қарым-қатынасы, іс-әрекеті жөніндегі әңгіме мазмұны да түрліше болады.

Тірек сөздерді оқу. Атасы, жоғарыда, Қуат, қарлығаш, нанның, қуанғаннан, тамақ.

Атасы мен немересі Қуат жолда келе жатыр. Өрмекші өрмек тоқиды, құмырсқа нан қиқымдарын тасиды, жоғарыда қарлығаш шөп жинайды. Әр табиғат өкілі жұмыс істеуі керек.

Ауызша жұмыс:

64-65 беттегі «Буындарды жалғастыр» ойыны орындалады. Та-мақ-та-ну, ас-та-ну қу-ыр-дақ, қу-ыр-маш. Оқу:

Әліппе пәнінен сабақ жоспары



Дәптермен жұмыс. Жазу дәптеріндегі тапсырма орындалады. Қонақ, қуырдақ сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

Қ-ғ дыбыстары салыстырылады. Ақ-ағы, тарақ- тарағы, қатық-қатығы. Лақ- лағы.

Қолға жаттығу.

Сөздік диктанты:Астана, қала, дәрі, ілгіш, іні, қармақ. Қаламқас журнал оқыды. Дыбыстық талдау

Қорытынды

Қ әрпіне байланысты сөздер тізбегін жазып шығады.

Әліппе серігі. 17 бет, Қарлығаштар. Оқып беріп, мазмұнын түсіндіру.

Әліппе





52 Сабақ Күні:

Сабақтың тақырыбы: Кк дыбысы мен әрпі.

Сабақтың міндеті: Кк әрпінің баспа және жазба түрін таныту

Сабақтың мақсаты:1. Кк дыбысымен әрпін таныту. Дыбыстарды пайдалана отырып,

буындарды, шағын мәтінді оқытуға, естіген сөздерді жазуға үйрету.

2.Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, ақыл - ойын, тіл

байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту

3. Әдемі жазуға ,сауаттылыққа тәрбиелеу

Көрнекті құралдар: суреттер

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс -тәсілдері: көрнекілік

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру. Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.

Өткенді пысықтау: Қ дыбысы қандай дыбыс? мысал келтір Тақтада жазу.

Кірспе:

Әліппе пәнінен сабақ жоспарыӘліппе пәнінен сабақ жоспары







Суретпен жұмыс жүргізеді. Сөздерді буынға бөліп, қай әріптен басталғанын айтады.

Жаңа тақырып: К әрпімен танысу. Жазба және баспа әрпін таныту Сабақты өлең шумағын мәнерлеп айтып беруден бастау.

Таң әлі атқан жоқ,

Маңай әлі қараңғы.

Әтеш ерте оянып,

Жан-жағына қарады.

Шынықтырып денені,

Қанаттарын қағады.

Ку-ка-ре-ку, тұр-тұрлап,

Оятады баланы,

Бұл өлеңді қимыл-қозғалысқа келтіре отырып, басқа уақытта сергіту сәтінде орындауға болады.

Оқушының көңіл күйін көтеріп, жаңа дыбысқа ынтасын арттыру үшін өлең шумағын оқып, қимыл-қозғалыс арқылы жеткізу. Ку-ка, ре-ку сөзін бірнеше рет қайталап, қай дыбыстың бірнеше рет естіліп тұрғанына назар аудара отырып, жаңа дыбыс - К к әрпін көрсету. К- дауыссыз дыбыс. К-дыбысы бар сөздер айту.

Сөз ортасында

Сөздің соңында

Кеме …..

Ескек,

Есек, елік.еріншек.…..

Оқулықпен жұмыс. 66 бет. Кеме сөзіне буындық, дыбыстық талдау жасау. Сөйлем құрастыру.

Сөздерді буынға бөліп, тізбектеп оқыту.

Мазмұнды суретпен әңгіме құрайды. Мәтін оқылады. Мәтіннің құрылу жүйесін мән беру керек.

Дәптермен жұмыс. 21 бет. К-кіші әрпін жазу. Бір үзіліспен жазылады. Керік, көйлек, кітап сөздерін дыбыстық талдау жасалады.

Есту диктанты:Қарлығаш аспанда қалықтады. Астана жас қала.

К-дыбысына байланысты дауыссыздың ережесін қайталату.

67 бет. «Екі лақ» ертегіні оқып беру. Тірек сөздерді оқу (ақ, жағада, көк, олар, жол, лақ, лақтар, маған). Сөйлем құрастыру. Мазмұнды суретпен әңгіме құрайды.

Оқушылардың құраған әңгімелерін оқыту.

Дәптермен жұмыс. 22 бет. К-бас әрпін жазу. Бір үзіліспен жазылады. Ақ-ақшыл, сары-сырғыш, көк-көкшіл. Дыбыстық талдау жасау.

Сергіту сәті. Әтеш ерте оянып,

Жан-жағына қарады.

Шынықтырып денені,

Қанаттарын қағады.

Бекіту.67 бет Логикалық тапсырма. «Буынды оқы» таса, сала, лашын, шыншыл, шынтақ, сырмақ., сырға.

Сөздік диктант : лашын, лақ, көл, көрік, көш

Қорытынды: К әрпіне байланысты сөздермен сөйлем құрайды































































































































Әліппе







53 Сабақ Күні:

Сабақтың тақырыбы: К дыбысы мен әрпі.

Сабақтың міндеті: Жуан және жіңішке дыбыстарды айыра білуге жаттығу

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Кк дыбысын қайталатып, ол арқылы сөздерді оқу мен

жазуға үйрету.

2.Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, ақыл - ойын, тіл

байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту.

3.Ұқыптылыққа, тазалыққа тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Көрнекті құралдар: суреттер

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Әдіс -тәсілдері: көрнекілік

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру. Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.Өткенді сабақты пысықтау. «Көл жағасында» буындап оқу.

Дыбыс деген не? Әріп ше?Д ыбыс түрлерін ата

Дауыссыз және дауысты дыбыстар дегеніміз не?

Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді? Буын түрлерін ата

Тақтамен жұмыс:«Саңырауқұлақ» сөзін пайдаланып, сөз құра. Мысалы: сары, құлақ, .......

Құраған сөздерін оқушылардан сұрау. Дауыссыздың ережесін қайталаймыз.

Оқулықпен жұмыс. Буындап оқу. (көр, көрші, сат, сатушы, мал, малшы, аң, аңшы, оқу, оқушы

Сергіту сәті.

Жаңбыр жауды себелеп,

Гүлдер жайнап өседі.

Көп ізденген балалар,

Білімді болып өседі.

Оқулықпен жұмыс: «Көрші» мәтінін оқып, балалармен мазмұнын талдаймыз.

Оқулықтың жоғарғы жағындағы сөздерді шапшаң оқыту. Оқушыларға суретті көрсетіп, сол сурет бойынша әңгімелеу. Шана сөзін ауызша талдату.

Дәптермен жұмыс: К,Қ әріптерін жазу

Жазу дәптеріндегі Тапқышбектіңтапсырмасын орындату.

Тақтада орындау. Көр-көрші. Мал-алшы.Оқу-оқушы (дыбыстық талдау).

Есту диктанты: Далада қар жауды. Кәрім шанасын алды.

Суретпен жұмыс:

69 беттегі мазмұнды суретті пайдаланып, шағын мәтін құрайды. Оған тірек сөздерді пайдаланады. (іні, қыс, аға, қар, Ідіріс, қалың, Әлім, тату, қамқоршы, тіл алғыш)

Тапқышбектің тапсырмасын талдау.

Дәптерге жазу: тіл, ірімшік, кілт, дәрі сөздерін жазу.

А-ә, қ-ғ әріптерін салыстыру. Ал, әл, ар, әр, ақ, әк, сан, сән, сал, сәл.

Тарақ, тарағы. Ынтымақ, ынтымағы.

Қорытынды: Жуан және жіңішке дыбыстар жайлы не білдік?

Жұп дауыстыларды ата

Дауысты ,дауыссыздардың ережесін еске түсіру.Демалыста ережені жаттап келуге тапсыру.

















Әліппе

№ 54 - Сабақ Күні:

Сабақтың тақырыбы: Е дыбысы мен әрпі.

Сабақтың міндеті: Е әрпінің баспа және жазба түрін таныту

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды Ее дыбысы мен әрпімен таныстыру, Баспа және жазба түрлерін жазуға үйрету. . 2.Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, ақыл - ойын, тіл байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту.

1. Жан-жануарларды қорғауға ,қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекті құралдар: суреттер

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс -тәсілдері: көрнекілік

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру.Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.

Кіріспе әңгіме:

Жарға шығып ойнайды,

Ойынға бір тоймайды.

Болса дағы сақалы,

Секеңдеуді қоймайды. (Ешкі) Шешуін буынға бөліп, буындық талдау жасау

Жаңа тақырып:

Е дыбысымен таныстыру. Е дауысты, жіңішке дыбыс. баспа, жазба түрімен таныстыру. ҮзіліСөз басында

Сөз ортасында

Сөздің соңында

Ескек, есек, елік, еден …..

кеме,

әке, әже

ссіз жазылады. Тақтада, ауада жазу.

Оқулықпен жұмыс

Елеуіш сөзін тақтаға жазып, дыбыстық талдау жасайды. Ал, ел, ар, ер, та, те, қа, ке, са, се, ла, ле, ма,ме, да, де. Дауысты дыбыстар алмастырылды а-е Буындардан сөз құра. Алма, маса

«Лақ» мәтінін оқиды. Тізбектеп оқу.

Ата, әже, ана, әке, аға, сіңлі, іні сөздеріне әңгіме жүргізеді

Суретпен жұмыс:Емен, елік, есек, есік, етік , кесе, еден, терезе сөздерімен сөйлем құрайды.

Дыбыстық, буындық талдау жасайды.

Тіл дамыту 71 бет тірек сөздер: Қатира, самауыр, кәрім, су, сурет, аулада, суретші, әдемі. Сөйлем құрастыр.

Дәптермен жұмыс.24 бет е -нің кіші әрпін, 25 бет бас әрпін жазады.

71 бет Логикалық тапсырманы жазу. Ал, ан, ақ,ар, ан, ак, аң, ал, ат, ас

ән, әр, әк, әл, әт, әс

Есту диктанты:Әлім Ідірістің інісі. Әлім, Ідіріс тату. Әлім тіл алғыш. Ідіріс қамқоршы

Ауызша жұмыс:

Жіктеу. Менің лағым.Сенің лағың. Сіздің лағыңыз. Оның лағы.

Менің ешкім. Сенің ешкің. Сіздің ешкіңіз. Оның ешкісі.

Жаңылтпашты жаттау: Есет ата ет асатар, Ет асатса, бес асатар

Қорытынды

Е қандай дыбыс? Ережесін еске түсіру.



Тік лік сек мен сім







Әліппе

№ 55 Сабақ Күні:

Сабақтың тақырыбы: Е дыбысы мен әрпі.

Сабақтың міндеті: Е әрпінің баспа және жазба түрін таныту

Сабақтың мақсаты: 1.Сөздерді талдата отырып, е айтылу артикуляциясын түсіндіру. Дыбыстарды пайдалана отырып, буындарды, шағын мәтінді оқытуға, естіген сөздерді жазуға үйрету. Не істеді сұрағына жауап беретін сөздерді анықтау. 2. Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, ақыл - ойын, тіл байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту. 3. Ұлтжандылыққа, тіліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу

Көрнекті құралдар: суреттер

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс -тәсілдері: көрнекілік

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру.Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.

Кіріспе әңгіме: Жұмбақ шешу.

Мал емес демейді,Тек етін жейді. (есек)

Өткен сабақты пысықтау. Лақ мәтінді оқыту, мазмұндау.

Оқулықпен жұмыс

. 72 бет. «Асқар» мәтінді оқыту. Буындап оқыту.

- Мәтінде кім туралы айтылған?

- Асқар кімнің інісі?

- Есен неше жаста?

- Олар кімді жақсы көреді?

- Әжең туралы не дер едің?

Дәптермен жұмыс. 26 бет. Әріптермен, сөздерді көркем жазу.

Дыбыстық талдау. Елік, жүгері, көбелек.

Е дыбысына дыбыстық мінездеме беру.

--------------- Е

-Е -дауысты дыбыс.

- Неге?

- Себебі , бұл дыбыстарды айтқанда ...

Оқулықтан «Сөз құра»ойыны. Дәптерге жазу. Әтеш, әже, әуе, әлем, әсем, әке.

Лек, елік, етік, еден, емен, есек.

Сергіту сәті.

Күннің көзі шуақты

Сергітеді денемді

Құрдастарым сияқты

Оқушымын мен енді.

Кіріспе әңгіме: «Сөзді аяқта »ойыны: Балалар далада ...... Айжан сабақ ................... Арман тақтаға ........................ Еңлік шаңсорғышпен ..................

Жаңа тақырып:Не істеді? деген сұрақтарға жауап беретін сөздердің нені білдіретінін алдындағы жұмыс арқылы таныту. Заттың атын білдіретін сөздерге не істеді? деген сұрақ қойылады.

Оқулықпен жұмыс:Оқулықтағы сурет бойынша жұмыс жүргізіледі. Тірек сөздерді пайдалана отырып сөйлем құрайды. Әсел, кір, жуды, еден, көмектеседі, анасына, келді

Суретпен жұмыс:Тақтаға ілінген сурет бойынша сөйлемдер құрап, заттың қимылын білдіретін сөздерді тақтаға жазады.

Қорытынды Оқулықтағы логикалық тапсырманы орындау.

Заттың аты жекеше, көпше түрде айтып, сұрақтарын анықтау.

Есту диктанты: Асан оқушы болды. Ол мектепке келді.Сабағын беске оқыды.



Заттың қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қойылады?

Сабақты ережені қайталату арқылы қорытынды жасау.





































































№ 56 Сабақ Күні:

Пәні: Әліппе

Сабақтың тақырыбы: Б дыбысы мен әрпі.

Сабақтың міндеті: Б әрпінің баспа және жазба түрін таныту

Сабақтың мақсаты: 1.оқушыларға Бб дыбысы мен әрпін таныту, оларды жаңа Бб әрпімен таныстырып, осы әріп арқылы сөздер құрастыра отырып, ойларын өрбіту. . 2.Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, ақыл - ойын, тіл байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту. 3. Ұлтжандылыққа, тіліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Таза,сауатты жазуға дағдыландыру.

Көрнекті құралдар: суреттер

Сабақтың түрі: бекіту сабақ

Әдіс -тәсілдері: көрнекілік

Қолданылған технология: Скт.

Сабақ барысы:

Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.

«5» болсын алар бағамыз

Біліммен бақыт табамыз

Өнерменен өрістен

Өсе берсін санамыз.

Жаңа сабақ. Жұмбақ шешіледі.

Шөп-шөп, шөжелерім,

Сары алтындай, балапаным.

Тез жетіңдер, жем берейін,

Дәнге толы алақаным- өлеңде не туралы айтылған? Жұмбақ шешуі арқылы жаңа дыбысты бөліп алып, Б дыбысын айту. Б дауыссыз, ұяң дыбыс.Айтылуы- бы Баспа, жазба түрімен таныстыру. б-үзіліссіз жазылады, Б- бір үзіліспен жазылады. Тақтада, ауада жазу.(суреттерді пайдалану)Сөз басында

Сөз ортасында

Сөздің соңында

Балық, бала …..

Арба....

Штаб, клуб....

Б -дауыссыз дыбыс.

- Неге?

- Себебі бұл дыбысты айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап , ауа қысылып шығады.

Суретпен жұмыс. Жолдан өтіп бара жатқан балапандар. Осы суретте б-дан басталған сөздер: бағдаршам, балапан, бақбақ, себет, арба. Буындық, дыбыстық талдау жаса.

Оқулықпен жұмыс 74 бет .ба-ла-пан. Буын, әріп санын анықтау.

Суреттерге сүйене отырып, буындарды жалғастыра оқиды.бақа, бота, бөрік.

Сызбамен оқыту. Бақа, балық, болат, бота, бөрік, көрік.

. Мәтінді оқыту.Әңгімеге ат қою. Берілген дайын мәтінмен талдау- жинақтау жұмысын жүргізе отырып оқушылардың өз сөзімен сөйлеуіне жағдай туғызу.

Сергіту сәті..

Бақа, бақа, балпақ,

Басың неге жалпақ?

Бақа, бақа, балпақ,

Көзің неге тостақ?

. Дәптермен жұмыс. 27 бет, кіші әріпті жазу; буындарды аяқтау бал-та, бө-рік, бо-та сөздерін жазу.

Жеке құрастыру: Буынға бөліп жаз. Ба-уыр-сақ, шыл-быр.

Дыбыстық диктант. А,т,ғ,л,н,у, ш,р- 3 сөз құрап жаз.

Оқулықтың 75 бетіндегі Бақшадатақырыбымен жұмыс жасау. Сұраққа жауап алу.

-Не өсірді?

Кім өсірді?

Оқып беру.

Бүгін Бекен, Берік, Биғаш, Биғайша бәріміз балалар бақшасына барып, бүлдіршін балдырғандарға бауырсақ, бүлдірген бердік. Бақшада бізден басқа беларус, башқұрт балалары болды. Біз бәріміз бірге биледік.

Қорытынды. Бүгін қандай әріппен таныстық? Мысал келтір.

Жаңылтпаш. Бақбақ бақта бар,

Бақа да бақта бар.





























































№ 57 Сабақ Күні:

Пәні: Әліппе

Сабақтың тақырыбы: Б дыбысы мен әрпі.

Сабақтың міндеті: Б әрпінің баспа және жазба түрін таныту

Сабақтың мақсаты: 1.Сөздерді талдата отырып, Бб әрпінің айтылу артикуляциясын түсіндіру. Дыбыстарды пайдалана отырып, буындарды, шағын мәтінді оқытуға, естіген сөздерді жазуға үйрету.Зат есімнің жекеше, көпше түрін қайталау, етістіктің болымды, болымсыз түрін меңгерту. 2.Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, ақыл - ойын, тіл байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту.3. Ұлтжандылыққа, тіліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Таза,сауатты жазуға дағдыландыру.

Көрнекті құралдар: суреттер

Сабақтың түрі: бекіту сабақ

Әдіс -тәсілдері: көрнекілік

Сабақ барысы:

Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.

Қайырлы таң достым!

Қайырлы күн болсын!

Сәрсенбінің сәті

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз.

Кілең бестік болсын!

Үй тапсырмасын сұрау.

Мұрат пен бұзау- жатқа сұрау.

74 беттегі мәтінді тізбектеп оқыту.

Ойын: «Кім әдемі жазады?»

Асқабақ, қызылша, шалғам,кәді, орамжапырақ, картоп. Бұлар қайда өседі?(бақшада)

Сұраққа жауап. Не өсірді? Кім өсірді?

Асқабақ өсірді. Ескендір өсірді.

Шалғам өсірді. Ержан өсірді.

Кәді өсірді. Еркін өсірді.

Баклажан өсірді. Еділ өсірді.

Дәптермен жұмыс. 28 бет. Бас әрпі-бір үзіліспен жазылады. Тақтада, ауада жазу. Оқушылар жазады.

Суретті диктант. Бақа, балық,бота, бағдаршам,арба.

Сергіту сәті

. Зат есімді жекеше, көпше түрде жазу. Қаңбақ- қаңбақтар, жаңғақ- жаңғақтар, балта- балталар.

Оқулықтан 76 беттегі сөздеді көшіріп жазады.

76 бет. Етістіктің болымды, болымсыз түрін меңгерту. Буындап оқыту. Бар-ма, ал-ма. Бер-ме, бөл-ме, бол-ма, отыр-ма.

. Дәптермен жұмыс. Етістіктерді болымды-болымсыз түрін жазу.(Тақтада мұғалімнің басшылығымен орындалады)

Суретпен жұмыс.Берік балық аулады.

Мәтінді оқыту. Берілген дайын мәтінмен талдау- жинақтау жұмысын жүргізе отырып оқушылардың өз сөзімен сөйлеуіне жағдай туғызу. Мәтіннің басы, шарықтау шегі, соңын анықтау.

Сергіту сәті..

Логикалық тапсырма: Сөздерді буынға бөліп оқу, суретін көрсету. Не істеді? Шыбын ұшты. Сауықсан қонды. Көбелек ұшты. Аққу жүзді. Бөдене тұрды. .

77 бет суретпен жұмыс. Не істеді? Тірек сөздерді оқу. Тірек сөздердің көмегімен сөйлем құрастыру. Жадыра оқушы. Ол қаламмен жазды. Асан оқушы. Ол тақтада бормен жазды. Асқар оқушы. Ол ұшырды. Еңлік шаңсорғышпен үйді жинады. Жамал ыдысты сүртті.

Логикалық тапсырма. Емен, балапан, домбыра, балға, таға. Қай сөзде қай дыбыс бар?

Сабақты қорытындылау. Бүгін қандай әріпті қайталадық?

Жаңылтпаш. Бақбақ бақта бар,

Бақа да бақта бар.

Қосымша: Буынға бөліп жаз:Ақыл, ынта, шабыс, қамшы,қасық.

Жұмбақ шешу.

«Б»әрпінен бастасаң,

Отын жарар құралмын.(балта)

Қызықтырып әркімді-ақ,

Суда жүзер жалтылдап,

«Б» әрпінен басталған,

Сол жәндәктің атын тап?(балық)

Аспанға ұшар бу болып,

Жерге қайтар су болып.(бұлт)

Иесі оның сәби,

Әрі төсек, Әрі үй.(бесік)

Ышқынады өзі жоқ,

Ысқырады сөзі жоқ.(боран)

Ұзын мұртты сарылар

Қойнында наны бар





























































№ 58 Сабақ Күні:

Пәні: Әліппе

Сабақтың тақырыбы: И дыбысы мен әрпі.

Сабақтың міндеті: И әрпінің баспа және жазба түрін таныту

Сабақтың мақсаты: 1. И и дыбысымен әрпі бар сөздерді меңгерту. .2. Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, ақыл - ойын, тіл байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту. 3. Жақсы мен жаманды айыра білуге тәрбиелеу.

Көрнекті құралдар: суреттер

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс -тәсілдері: көрнекілік

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.

Үй тапсырмасын пысықтау. Бөлме мәтінді тізбектеп оқыту,

. Кигізіп ап ұзын жіпті көзіне,

Киім тігіп береді ол өзіңе.(ине)

. Ине сөзіндегі и дыбысын созып айтып, оқушылардың назарын соған аударады да, и әрпін көрсетемін.. И- дауысты дыбыс, тілдің қызметіне қарай-жіңішке, еріннің қызметіне қарай-езулік, Жақтың қызметіне қарай-қысаң дауысты дыбыс. (и,у әріптерімен таңбаланып тұрған дыбыстар сөз, буын ыңғайына қарай бірде жуан, бірде жіңішке болады. Мысалы: тарих, Иса, бару, келу, би, ки бірде дауысты, бірде дауыссыз болады. )

Қарашы, енді

Десең егер И қандай?

Бір мен Л - ды

Біріктіріп қойғандай. И әрпінін баспа, жазба түрімен таныстыру. Ауада жазу, тақтада жазу.

-И- дауысты дыбыс.

-Себебі бұл дыбыстарды айтқанда ...

Дәптермен жұмыс.Кіші әрпін жазу. Бір үзіліспен жазылады.

Тақтада Ине, инелік- сөздеріне дыбыстық талдау жасау.



Әліппе пәнінен сабақ жоспары



Әліппе пәнінен сабақ жоспары



















.Кеспе буындармен жұмыс

и-не, ки-ім, жи-ын ти-ін, ти-ын

. «Әжесі мен немересі» мәтіні оқылып мазмұны талданады.Суретке сәйкес мәтінді оқып, жан- жақты талданады. Мәтін кімдер жайында? Олар мәтін мазмұнын өз сөздерімен айтып береді. Мәтіннің басы, шырықтау шегі, соңы анықталады.

Сергіту сәті

«Моншақ әріп» ойыны. Моншақтың үзік белгілеріне қарай сөздер құрайды. Олар қандай сөз пайда болғанын айтады. (ине, етік, кимешек)

Суретпен жұмыс: Ұлттық киімдермен таныстыру. Бауыржанның киімдері: Шапан, етік, бөрік,ішік.

Білетін киімдерді ата. Жаулық, мәсі, кимешек, сәукеле, ішік

: Ойланалық тапсырмасын орындау.. Тәулік, жиек, мәсі, тиін, ішік, биік.

Есту диктанты: Бауыржан оқушы болды. Ол мектепке келді.

. Қандай әріп өттік?

Бергісі келмей түймесін, Кісіге жұмсар инесін. (итмұрын)

Үйге 78-79 бет. әліппе серігі 19 бет, Инелік жаттау.

Ережені қайталау.



























































№ 59 Сабақ Күні:

Пәні: Әліппе

Сабақтың тақырыбы: И дыбысы мен әрпі.

Сабақтың міндеті: И әрпінің баспа және жазба түрін таныту

Сабақтың мақсаты: 1. Сөздерді талдата отырып, и айтылу артикуляциясын түсіндіру. Дыбыстарды пайдалана отырып, буындарды, шағын мәтінді оқытуға, естіген сөздерді жазуға үйрету; Заттың жекеше, көпше түрімен таныстыруды жалғастыру. 2. Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, ақыл - ойын, тіл байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту. 3. Ұлтжандылыққа, тіліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу

Көрнекті құралдар: суреттер

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс -тәсілдері: көрнекілік

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.

Өткенді пысықтау. 78 бет, мәтінді тізбектеп оқыту; әліппе серігі 19 бет, Инелік жатқа сұрау.

Кіріспе әңгіме:

Тіл жатықтыру:

Икемді екен Игісін,

Икемдінің бұл ісін.

Иді сымнан Игісін

Инеліктің үлгісін

Дәптермен жұмыс

И- бас әрпін жазу, Инеш, Иса сөздерін жазып, ауызша дыбыстық талдау жасау.

79 беттегі логикалық тапсырманы тақтаның көмегімен орындату.

Жаңа тақырып:

Оқулықпен жұмыс. Шыбын, инелік, маса- ұқсастықтары, айырмашылықтарын айту.(бунақденелер, қансорғыштар,т,б,«Кейіпкер орындығы» ойын.

. Оқулықпен жұмыс

«Инелік» мәтінімен танысу. Инелік жайлы мәлімет беру.

Заттың жекеше және көпше түрімен танысу, оларға сұрақтар қою. Инелік, инеліктер. Қайтті? сұрағымен таныстыру. Сиыр мөңіреді, ит үрді, бота боздады.

Дәптермен жұмыс

И-дің бас және кіші әрпін жазу. Тақтада орындап, дәптерге көшіру. Маса, шыбын, инелік- көпше түрде жазу.

Логикалық тапсырма

К-көбелек, а-ара, қ-құмырсқа, и- инелік

Сергіту сәті

Отырайық жүрелеп ,

Гүлді үзіп алайық.

Орнымыздан түрегеп

Басқа гүлге қонайық.

Суретпен жұмыс:

81 беттегі суреттермен жұмыс ондағы сұрақтарға жауап беру.Тиін орманда болады. Сиыр ше? Киік далада болады. Ит ше?

Есту диктанты:

Әжем кимешек киді. Атам мәсі киді. Немересі атасы мен әжесіне көмектесті.

Ауызша жұмыс:

Ойланайық тапсырмасы орындалады. Суреттерді пайдаланып сөйлемдер құрап тақтаға жазу.

Бірінші бағанды дәптерге көшіріп жазу.



Қорытынды.

Заттың көпше түріне қандай сұрақ қойылады.

Ережені қайталату.































































































№ 60 Сабақ Күні:

Пәні: Әліппе

Сабақтың тақырыбы: Й дыбысы мен әрпі.



Сабақтың міндеті: Й әрпінің баспа және жазба түрін таныту



Сабақтың мақсаты: 1. Сөздерді талдата отырып, й айтылу артикуляциясын түсіндіру. Дыбыстарды пайдалана отырып, буындарды, шағын мәтінді оқытуға, естіген сөздерді жазуға үйрету 2. Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, ақыл - ойын, тіл байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту. 3. Ұлтжандылыққа, тіліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекті құралдар: суреттер

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс -тәсілдері: көрнекілік

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.

Бәріміз тұрайық .

Күннен жылу алайық

Алтын күн, жарқын күн,

Шуағыңды төге бер.

Арайыңнан нәр алған

Біз бақытты балдырған.

Кіріспе әңгіме: Жұмбақ

Өзі үлкен жануар,

Үстінде екі тауы бар. /Түйе/

Түйе сөзіне талдау жасап, сөйлем құрау. Й- дауыссыз дыбыс. Жазба және баспа түрімен таныстыру. Сөздің басында өте сирек кездессе, ортасында, соңында кездеседі. Әрқашан дауысты дыбыстан соң келеді. Мысал келтіру.

Жаңа сабақ. Суретпен жұмыс.

Аурухана суреті ( дәрігер, ауырды, йод)

Оқулықпен жұмыс Йод-сөзіне дыбыстық талдау жасап, сөйлем құрастыру.

Йогурт- тағам тамаша,

Йод жақ- жараң қанаса.

82 бет жеке сөздерді салыстыра оқытып, дыбыстық талдау жасайды.

«Айдар мен Айдос» тақырыбындағы мазмұнды сурет әңгімеленеді.

-А йдос пен Айдар не істеді?

- Олардың қолдарында не бар?

Олар қайда отыр?

Сергіту сәті

Жел соқты -гу-гу,

Жаңбыр жауды, тырс, тырс,

Жаңбыр басылды.

Күн ашылды.

Дәптермен жұмыс 33 бет. Й-кіші әрпін жазу, сөздерді жазу, ай мен қозы сөздеріне дыбыстық талдау жасайды.

Сөздік диктант. Ағай, ойла, оймақ, айтыс, айла.

Бекіту. «Тамақтану» әңгіме құрастыру. Алтынай, Айдар, қайрат, қаймақ, айран, тамақ, алма, өрік.

Ауызша жұмыс: Ой - ой - ой - қорада тұр қой,

Ай - ай - ай - жайылып жүр тай.

Қорытынды. Й қандай дыбыс? Мысал келтір.

Логикалық тапсырманы орындау. Қыз атаулары: Айқын, Айша, Айжан, Айман. Ұлдардың аттары: Айдос, Айдар, Айдын, Айбек







































































































№ 61 Сабақ Күні:

Пәні: Әліппе

Сабақтың тақырыбы: Й дыбысы мен әрпі.

Сабақтың міндеті: Й әрпінің баспа және жазба түрін таныту

Сабақтың мақсаты: 1. Сөздерді талдата отырып, мәтінмен таныстыру. Мәтін мазмұнын ашуға, буындарды ажыратуға, естіген сөздерді жазуға үйрету 2. Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, ақыл - ойын, тіл байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту.

3. Таза ,сауатты сөйлеуге тәрбиелеу.

Көрнекті құралдар: суреттер

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс -тәсілдері: көрнекілік

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.

Шығу үшін шымыр боп,

Шынығамыз шаршамай,

Бұлшық еттер шымыр боп,

Аламыз сосын тыныс жай.

Есту диктанты:

Айжан айранды ішті. Қайрат інісіне ойыншығын берді.

Кіріспе әңгіме:

Шебер сөзіне түсініктеме береміз.

Қолынан бәрі келетін жақсы тамақ лісіреді



Шебер

жақсы тігеді сурет салады

Жаңа тақырып:

Й сөздің басында, ортасында кездеседі. Й тек дауысты дыбыстан кейін ғана жазылады.

Шебер сөзіне дыбыстық талдау жасату.

Оқулықпен жұмыс«Шебер қолды әжей» мәтінімен танысу.

Мазмұнын ашып, талдау

Суретпен жұмыс:85 беттегі суретпен жұмыс жүргізіледі. Суреттермен сөйлем құрайды.

-Айдос не істеді?

- Оның суреті қандай болды?

- Ал Айжан мен Майра не істеді?

- Сен ше?

Дәптермен жұмыс 34 бет Й- бас әрпі жазу. Айдар сиыр бақты. Мен, сен, ол- жіктеу.тақтада оқушыларға орындату.

Ауызша жұмыс: Й әрпі кездесетін сөздерді жазу

Қорытынды Й дыбысының дұрыс жазылуын қалай ескереміз

























№ 62 Сабақ Күні:

Пәні: Әліппе

Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі.

Сабақтың міндеті: Г әрпінің баспа және жазба түрін таныту

Сабақтың мақсаты: 1. Гг дыбысы мен әрпі бар сөздерді меңгерту. .2. Оқушылардың сөйлеу тілін , ойлау, сезіну қабілетін дамыту. 3. Сыпайылылық, төзімділікке тәрбиелеу.

Көрнекті құралдар: суреттер

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс -тәсілдері: көрнекілік

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.

Бір, екі, үш,

Сынып іші тып-тыныш.

Жалқаулықты тастайық

Сабақты біз бастайық.

Жаңа сабақ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Г- дауыссыз, ұяң. Баспа және жазба түрімен таныстыру.

Көшеде құдық, қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп?(Г)

Өзі сондай нәзік,

Су құйсаң кетеді,

Алақанын жазып. (гүл)

Г- дауыссыз дыбыс.

-Неге?

- Себебі, бұл сөздерді айтқанда,..

Ережені қайталату.

Ауада, тақтада жазып көрсету. Дауыссыз дыбыс+ дауысты дыбыс г+а, г+е, г+о, г+ө, г+у, г+і, г+ә. Буындар құрап, сол буыннан сөздер құрау.

Оқулықпен жұмыс. 86 бетіндегі бағанға жазылған сөздерді тұтастай оқуға жаттықтыру жұмысы жүгізіледі.

Кеспе әріптерін пайдаланып басқа сөздер құратып, оларға дыбыстық, буындық талдаулар жасалады.

Дәптермен жұмыс. Г-кіші әрпін жазу, буындарды жазу, ертегі, әңгіме- жазу.

Қ-ғ сандық- сандығы

К-г көйлек- көйлегі дыбыстық талдау,

Сергіту сәті

Бір, екі -жүреміз.

Үш, төрт -тоқтаймыз.

Бес, алты-жүреміз.

Бес, алты және жүреміз.

( Алаңда тізбектеліп жүріп орындайды)

Оқулықпен жұмыс. «Ай мен Әтеш» оқу, ертегі . Мазмұнын ашып, талдау

Суретпен жұмыс: «Ер қанаты ат» мақалын түсіндіріп, сурет бойынша әңгіме айтады. Тірек сөздерді оқу. Сөздерді сөйлемге қатыстырып құрау.

Дәптермен жұмыс:Қайрақ- қайрағы, Тарақ тарағы, қайық- қайығы, жапырақ -жапырағы, көйлек -көйлегі, шелек -шелегі

Есту диктанты:

Қаламқас аулада достарымен ойнады. Ойын қызықты болды. Барлық балалар тату ойнады.

Қорытынды. Г әрпіне байланысты сөздерді еске түсіру







№ 63 Сабақ Күні:

Пәні: Әліппе

Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі.

Сабақтың міндеті: Г әрпінің баспа және жазба түрін таныту

Сабақтың мақсаты: 1. Сөздерді талдата отырып, г айтылу артикуляциясын түсіндіру. Дыбыстарды пайдалана отырып, буындарды, шағын мәтінді оқытуға, естіген сөздерді жазуға үйрету2. Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, ақыл - ойын, тіл байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту. 3. Сөздің дыбыстық иәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеу.

Көрнекті құралдар: суреттер

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс -тәсілдері: көрнекілік

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру. Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.

Мен бақытты баламын

Оқып дана боламын

Әрқашан би билеп,

Жұлдыздай боп жанамын.

Өткенді пысықтау. Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? Ол қандай дыбыс? Сөздің қай жерінде кездеседі? Мысал келтір. Ойындар: «Кім әдемі жазады?»

«Буындардан сөз құра» Мұғалім алғашқы буынын айтады. Оқушылар жалғастырады.

Кіріспе әңгіме:Буынды жалғастыр: Гүлдер, шеге, көгершін, қалам, оқулық, жапырақ, ойыншық,

Оқулықпен жұмыс. Шардағы буындармен сөздер құрастыру. Қа-қағаз, қалам, ге- шеге, тегене, ке-кеме, келе, кесе, кө-көмір, көмек, көше, ко-ко , ғы- шаңғы,бұғы, гі- көгі, игі, кі-кісі,кілем, кіші.

«Көгершін» мәтінімен танысу. Мазмұнын ашамыз. Қамбар не істеді? Қаламқас ше?

Ауызша жұмыс:Көгершінге қандай қамқорлық жасаймыз? деген сұраққа жауап айтамыз.

Жаңа тақырып.Қандай? Не істеді? Сұрақтарымен таныстыру.

Заттың түрін, түсін білдіретін сөздерге қандай? деген сұрақ қойылады.

Заттың қимылын білдіретін сөздерге не істеді? деген сұрақ қойылады.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,

Иықты алға тік ұстап,

Мұғалімнен ұғамыз

Әрбір сөзін нық тыңдап.

Дәптермен жұмыс.

Г-ның бас әрпін тақтада, ауада, дәптерде жазу. 2 элементтен тұрады.

Егеу, дәптер-сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

Тапқышбектің тапсырмасын дәптерге көшіріп жазу.

Қандай? Не істеді?

Көк,көкшіл, көгерді

Сары, сарғыш сарғайды

Ақ ақшыл ағарды

БекітуА,ғ,у,ш,о,қ,м,с,ы,д,б,ж,р,ң.е,і,ә.и- осы әріптерден 3 сөз құра аға, бас,бер т.б.

Қорытынды.Қандай? Не істеді? сұрақтарына жауап беретін сөздерді атаңдар

Әліппе серігі. 21 бет. жаттау













67





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал