7


  • Учителю
  • Салт дәстүрім - қазынам Ашық тәрбие сағат

Салт дәстүрім - қазынам Ашық тәрбие сағат

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Тақырыбы: Салт-дәстүрім- қазынам

Мақсаты: Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адаамгершілік қасиеттерінің халықтың салт-дәстүрімен сабақтастығын түсіндіру, сыйластық пен татулыққа, кішіпейілділікке баулу, ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

Көрнекілік: бесік, кереге, киіз үй жабдықтары, суреттер, кітаптар, мақалдар

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Құрметті қонақтар, оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Салт-дәстүрім- қазынам» атты сабағымызға хош келдіңіздер! Бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты - өз халқымыздың салт-дәстүрлері, асыл қазыналары туралы оқушыларымызға түсіндіріп, бойына сіңіру. Бала тәрбиесі тек мектеп қабырғасында ғана берілмейтіні анық. Ананың бесік жырынан бастап, адамның жер қойнауына берілгенге дейінгі өзі көріп-білген салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар барлығы да адамның дүниетанымын қалыптастыратын өмір сабақтары. Салт - дәстүр, әдет-ғұрып -атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі бар. Салт-дәстүрдің пайда болып, қалыптастыру тарихына көз жібертсек, олар халықтың әл-ауқат, тұрмыс тіршілік болмысынан туып қалыптасатынын көреміз. Сондықтан салт-дәстүрлерінің дұрыс -бұрысы бар деуге болмайды. Қазірі сіздер осы айтылғандардың шағын болса да куәсі боласыздар.

Бекнұр:

Ассалаумағаллейкум халқым менің,

Ардақтап дәстүріңді, салтыңды елім.

Мереке басы болсын берекенің,

Игі еңбектің жемісін бәрің жегін.



Қалқаман:

Туған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең,

Жұрт айтады надан деп.

Ата-бабаң ардақты,

Жамандыққа бармапты.

Ардай тұтып үлкенді,

Ата жолын жалғапты .



Дания :

Бауырласқан тәіміз,

Бұзылмаған антымыз.

Кең даланың ежелгі,

Қазақ дейтін халқымыз

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз





Әділбек:

Қазақтың дәстүрлерін білесің бе?

Білгеніңді ойға тоқып жүресің бе?

Білсең тыңдап алғын бүгін бізден,

Содан соң шын мәнінде істеп үйрен.

-Ал балалар ертеден келе жатқан салт-дәстүрлеріміз туралы әңгімелесеміз.



Ән: «Қазақтың дәстүрі» орындайтын Жандосұлы Ернар.





Ерасыл : «Балаға ат қою»

Бұл рәсім ұлағатты кісіге жүктеледі. Қазақ аттарының көптігі -басқа халықтардан ерекшелігі, қыз балалардың есімдері, олардың көркемдігі. Ат қою «көз тимесін» деген оймен қойылады. Ат таңдалғаннан кейін балалар құлағына 3 қайтара айтылады

Ақтілек: «Шілдехана»

Сәби дүние келген соң бір жеті бойы ана-баланы күтіп, оның көңілін көтеріп, оның қасында дастархан жаю әдеті. Қазақ елінің әр түкпірінде бұл рәсім әрқалай өтеді. Сол күні баланы шілде суына шомылдырып, сыңғырлаған тиіндер салады, балаға денсаулықпен бірге байлық та тілейді. Шілдехана өткізілген күні ана әбден сорпаланып өзінің шілде терін шығаруы тиіс.

Дилназ: «Қырқынан шығару»

Бөбек дүниеге келген соң 40 күннен соң оның алғашқы рет шашы алынып, бесікке салу рәсімі орындалады. 40 күннің өзі ананың бойы көтеріп, денсаулығы түзелген кезде болады. Осы уақыт ішінде баланың да, ананың да денсаулығы өте мықты күтім қажет етеді. Анаға кіндік шеше көмек беруі тиіс. Бұл дастархан басына тек әйел адамдар келіп қатысады.

Дана: «Бесікке салу»

Бесікке салу бұл кішігірім той ретінде өтеді. Келушілер тарту, шашу алып келеді. Бесікке салу тәжірбиелі әжеге немесе анаға жүктеледі. Түбек орналасқан жерден бұршақ тәрізді тоқаштар өткізіліп, оны «тыштырма» деп атайды. Осы жерде жиналған аналар бесік жырларын айтады. Бесік жырының сөздері естияр балалардың ой-қиялына жыр етіп, ананың мейір-шапағатын арттырады.

  • Олай , болса осы бесікке салу дәстүрін тамашалайды.

  • Көрініс: «Бесікке салу». Ата-аналардың көмегімен бесік салу рәсімі көрсетіледі. Бесік жыры.





















  • Бесікке салу рәсімін тамашаладық. Осы кішкентай нәрестенің есімін атау яғни ат қою дәстүрі де болады. Бұл дәстүрді бізге Ерасыл түсіндіріп өтсін.

Ілияс: «Тұсау кесер»

- бір жасқа толып еркін жүре бастаған бал бөбектің басқан қадамы құтты болып одан әрі ананы жамандық көрмей жаны жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтеді. Бөбектің тұсау кесілген баланы «Ақ жол болсын» деп ақ орамалдың үстіне немесе жұмсақ болсын деп кілем үстіне жүргізеді.

Ернар: «Баланы атқа мінгізу»

баланың буыны бекіп, 4-6 жасқа келгенде ат үстінде өзін-өзі ұстап отыра алатын жағдайға жеткенде, атқа мінгізу салтын жасап, ат құлағын ойнайтын денсаулығы зор, мықты, шымыр, жауынгер, еңбекқор қиыншыллыққа төзімді ұрпақ тәрбиелеудің бір түрі. Балаға ер-тұрмандарын сыйлап, атқа мінгізіп той жасайды.

Өлең жолдарына кезек берелік:

Қалқаман:

Жолаушы келген үйіне

Жайған қазақ дастархан.

Қарамай қазақ күйіне

Малын сойып бас тартқан.



Дана:

Көңілі ақ дастарханы кең жайылған,

Қонақтан аямаған дәм бұйырған.

Қонағын қол қусырып көңілін тапқан,

Қазақпыз қонақжайлы баяғыдан.





Ән хормен: Қазақы дастархан» хор.



-Міне біз осындай кең пейілді, қонақжай, салт - дәстүрге бай халықпыз. Балалар осы дәстүрлермен қатар атадан балаға қалып келетін сөздер де бар.

Ескірмеген ескі сөздер.

  • Ақ шашты атаны, ақ жаулықты ананы көрсең ізет көрсет.

  • Көп ішінде жаныңдағы адаммен сыбырласпа.

  • Көпшілік алдынде керілме.

  • Асықпай іш тамақты, жалама ыдыс аяқты.

  • Кіреріңде есікті, тарсылдатып қақпа. Шығарыңда есікті, тарс еткізіп жаппа.

  • Сөз өнерін тыңдасаң, бекіте сөйле, бос айтпа.

Көпіре сөйлеп кісіге, саусағыіды шошайтпа.

  • Сыйлап сәлем беремін, көршілерді көргенде.

Ізетпен бас иемін үйге қонақ келгенде.

Әдепсіз деп сөкпесін, анама айтып өкпесін.

- Ал ендеше балалар бүгінгі тәрбие сағатымыз ұнады ма?

- Қандай салт-дәстүрлер бар екен?

- Шашуды қай кезде шашады екенбіз?

- Ерулік дегенді қалай түсінеміз?

- Осылайша қазақтың әр дәстүрлі тойы қонақтарсыз өтпейді. Үйге келген қонақтар өздерінің тілектерімен қатар батасын береді.





Ернар: Бата.

Басқа амандық берсін,

Жанға саулық берсін,

Босаға тең болсын,

Пиғыл кең болсын,

Үйден ат кетпесін,

Алдан ас кетпесін,

Кетпес байлық,

Қайтпас ырыс берсін,

Дәулетің тасып жатсын,

Жасың жүзден асып жатсын!

Аумин!

  • Балалар, халқымыз салт-дәстүрмен әдет-ғұрыпқа терең ой мен халықтық тәрбиені сыйдырған, осылайша ұрпағын жақсылық пен ұлағаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелегенін ұмытпаңдар. Олай болса «Салт-дәстүрім- қазынам» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал