7


План дуниетану (2- сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Жылу сүйгіш өсімдіктер.Суыққа төзімді өсімдіктер.

Жарық сүйгіш өсімдіктер. Көлеңкеге төзімді өсімдіктер.

Сабақтың мақсаты: Өсімдіктердің сыртқы орта жағдайларына бейімділігі туралы түсінік беру.

а)Дамытушылығы: Қосымша деректер арқылы шығармашылыққа, тапқырлыққа үйретіп, логикалық ойларын дамыту.

ә) Тәрбиелік мәні: Туған жерін сүйуге, құрметтеуге, оқып үйренуге, өсімдіктерін қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Бейне таспа, плакат, карточкалар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру:

  2. Үйге тапсырманы сұрау:

(4 топқа бөлу, әр топтан бір оқушыдан сұрау);

Өткен сабақта ылғал сүйгіш өсімдіктер мен құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер туралы оқып үйренген едік.

(видео фильм көрсету)

-Жалпы өсімдіктер жақсы өсуі үшін не қажет?

Жаңа тақырып: Жылу сүйгіш өсімдіктер. Суыққа төзімді өсімдіктер. Жарық сүйгіш өсімдіктер. Көлеңкеге төзімді өсімдіктер.

Дәптермен жұмыс: Күннің жадын жаңа тақырыпты жаздыру.

Көрнекілікпен жұмыс: Плакат арқылы түсіндіріп болып, картадан жылу сүйгіш, ылғал сүйгіш өсімдіктер туралы мағлұмат беру. Нан адам өмірінің өзегі. Жерге шыр етіп түскеннен нансыз тұра алмайсың. «Ас атасы-нан, нан атасы-ән» дегендей нанның бидайдан алынатынын біз жақсы білеміз. Сол бидайды өсіріп, баптайтын обылыстар Қостанай, Солтүстік Қазақстан жіне Павлодар.

Мақтадан түрлі бағалы маталар тоқылады. Мақтаны «Ақ алтын» деп те атайды.Мақтаның тұқымынан кір жуатын сабын және мақта майы да алынады. Мақта Республикамыздың Шымкент облысында егіледі.

Қызылорда облысында күріш егіледі. Күріш ылғал сүйгіш өсімдік. Ол пісіп жетілгенше судың ортасында тұрады. Ақ күріштен мол өнім алудан аты шыққан адам, атақты күрішші - Ыбырай Жақаев болатын.

Астықтың молаюы Республикамыздың экономикасын көтереді. Астық - халық берекесі болумен қатар шет елдермен сауда-саттықтың да көзі.

«Жүз рет естігенше бір рет көрген артық» дегендей, өзіміз оқып көз жеткізейік.

Оқулықпен жұмыс: Әр топтан екі оқушыдан оқыту.

Дәптермен жұмыс: әр топтан бір оқушы тақтаға өсімдік атауларын жазу және дәптерге көшіру.

Сергіту сәті: Қой баласы қозы, момақан-ақ өзі.

-Қой немен қоректенеді?

-Ия, жалпы үй жануарлары шөппен қоректенеді. Олай болса, өзіміз жақсы көріп айтатын әніміз «Қошақан» әнін айтып сергіп алайық.

Карточкамен жұмыс:

  1. Жылу сүйгіш өсімдіктерді ата?

  2. Жылу сүйгіш өсімдіктердің тұқымын неліктен +15-+20-0 температурада өнеді?

  3. Жылу сүйгіш өсімдіктердің тұқымын тек сәуір айында ғана себеді?

  4. Суыққа төзімді өсімдіктерді ата.

  5. Жарық сүйгіш өсімдіктерді ата.

  6. Көлеңкеге төзімді өсімдіктерді ата.

  7. Өсімдіктердің қандай пайдасы бар? Айтып бер.

  8. Қандай өсімдіктер көшетін жылыжайда өсіреді?

(гүл шоғын жасау)

-Тірі табиғат үшін нелер қажет? Балалар ойымызды топтастырып алайық.

Топтастыру стратегиясы: Әр топқа тапсырма беріледі.

-Тірі табиғат-

-Біздің Маңғыстау өңірінде қандай су қоймалары бар?

-Каспий теңізі.

Су тіршіліктің көзі.

Шығармашылық тапсырма:

Тамашалаған филм қорытынды шығара отырып орындары ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрау және сол сөйлемдерден шағын мәтін құрастыру.

Табиғат үшін су қажет. Суды үнемдеп, ластамай пайдалану керек. Суда тіршілік ететін жануарларды, су асты байлықтарын көз қарашығындай сақтау керек.

Оқулықта берілген тапсырмаға назар аударайық. Шөптесін өсімдіктерді біз қазір бақылауға ала алмаймыз. Өйткені қазір жылдың қыс мезгілі. Көктем

Келген соң өсімдіктерге осы бақылауды жүргізетін боламыз.

Үйге тапсырма: Осы тақырыптарды оқимыз және өсімдіктердің суретін саламыз.

Сабақты қорыту: Бүгін сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалаймын.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал