7


  • Учителю
  • Қазақ тілінен сабақ жоспары. 2-3 сынып /параллель сыныптарда/

Қазақ тілінен сабақ жоспары. 2-3 сынып /параллель сыныптарда/

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: «Түбір және қосымша»

Сабақтың мақсаты: Түбiр мен қосымшаның жазылу заңдылықтарын қайталау. Түбiр сөзден қосымшаны айыра отырып, байланыстырып сөйлеуiн жеңілдету, белсендiлiктерiн арттыру.

Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, өз ойын жеткiзе бiлу, шығармашылық қабілетін дамыту. Байланыстырып сөйлеу тілін көркем жазу дағдыларын жетiлдiру.

Тәрбиелік: Жаңа технологияға сүйенiп оқушылардың жаңа сабақтан және өткен сабақтан алған бiлiмдерiн тиянақтау. Сауаттылыққа, әділдікке, жылдам ойлауға тәрбиелеу.



Сабақтағы көрнектіліктер: «Бiлiм елiне саяхаттың» сызбасы, куб, карточкалар,

Сабақтың типi: Өткендi қайталау.

Сабақтың турі: Дәстүрлі емес саяхат сабақ.

Сабақтың әдiсi: Топпен жұмыс, шығармашылық жұмыс, «кубизм» стратегиясы, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

а) Сабаққа дайындығын тексеру.

2. Психологиялық дайындық:

Қазақ тiлi-өз тiлiм, ана тiлiм,

Абай, Мұхтар сөйлеген дара тiлiм.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дана тiлiм,- дей келiп, балалар ендi қазақ тiлi сабағымызды бастаймыз. Бәріңде сабаққа ынтамен, белсендi қатысып отырыңдар.

Үй тапсырмасын тексеру.

- Үйге не берiлiп едi? (5-жаттығу,үй тапсырмасын калай орындағандарыңды тексеру.)

Жаңа сабақ

-Балалар, бүгiнгi сабақта бiз Түбір мен қосымшаны қайталау арқылы «Бiлiм елiне саяхат» жасаймыз. Саяхатқа қандай көлікпен шығамыз?Автобуспен.

Саяхатымыздың басы «Мектеп аялдамасынан» басталмақ. «Мектеп аялдамасы» тапсырмасы оқушыларға қима қағаз беру.

2-сынып

1) Сөз құpaмына не жатады? 2) Түбір сөз дегеніміз не? 3)Қосымша дегеніміз не?

3-сынып

1) Туынды сөз дегенiмiз не?

2) Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса,жалғанатын қосымша қандай болады?

3) Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, жалғанатын қосымша қандай болады?

Енді «Алғырлар» аялдамасы Кітаппен жұмыс

Ендеше оқулықтарыңдағы 2-сынып 128- беттi ашыңдар. Мұндағы 1- жаттығуды Өлеңді мәнерлеп оқып,жатқа жазу.Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын тап.

3-сынып 11-бетті ашамыз.1-жаттығу (ауызша)

Сынып аялдамасы: Сергimу сәті (Музыкамен жасау)

Жақсы балалар, келесi аялдамаға кеттік. Бұл «Мергендер» аялдамасы екен. Ендi оның да тапсырмасын орындап, өзiмiздiң мақсатымызға жетейік. «Мергендер аялдамасы» бiзге арнап мынандай тапсырма дайындапты:

«Қар лақтыру » ойыны

1.Дыбыстар нешеге бөлінеді? Қатаң,ұяң,үнді дыбыстарды атап беріңдерші?

2.Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

3.Сөйлем деген не?

4.Сөйлемнің түрлері.

5. Сөз құрамы.

6.Түбір дегеніміз не?

7.Жалғау,жұрнақ дегеніміз не



Келесі аялдамамыз «Тапқырлар аялдамасы»

Кітаппен жұмыс: 2-сыныпқа 2-жаттығу ауызша жақша ішіндегі қосымшалардың тиістісін қосып оқу.

3-сынып 2-жаттығу сөйлемді көшіріп жазу, түбір мен қосымшаны табу.

2-сынып 3-жаттығу (ауызша)

3-сынып 3-жаттығу. Берілген сөздерге ы-і қосымшасын қосып жазу.

2-сынып 4-жаттығу. Берілген сөздерден түбір мен қосымшасын тап. 3-сөзге сөйлем құрастыру.

3-сынып 5-жаттығу. Мақал-мәтел көшіріп жазып, ішінен өзгеріске үшыраған сөздерді тауып, астын сызу.

Қорытынды.

Келесі аялдама «Білгірлер» аялдамасына да келіп жеттік. Енді «Білгірлер» аялдамасының тапсырмасы. Әр топқа мынандай тапсырмамен қима қағаз берiледi.

2-сыныпқа: Түбiр сөздi тауып, тақтаға шығып, жазады. (Қыста, ағаштар, шанамен, қардан,

терезеге)

3-сыныпқа: Түбiр сөзге жалғанатын қосымшаны жазады. Қыс,қар,шаңғы,мұз(-мен,-та,-ға,,-дан)

Шығармашылықпен жұмыс.

Осы сөздер бойынша әр сынып «Қыс» туралы өз беттерімен қысқа мәтін құрастырып, дәптерге жазады .

Сонымен балалар, бүгiнгi сабақта не iстедiк? (Бiлiм еліне саяхат жасадық, жаттығулар орындап, «қар лақтыру» ойыны арқылы анықтамаларды еске түсірдік). Түбір сөз дегеніміз не? Қосымша дегеніміз не?

Бүгінгі сабақ сендерге үнады ма?

Бағалау.

Үйге тапсырма беру:

Қазақ тілінен сабақ жоспары. 2-3 сынып /параллель сыныптарда/

Қазақ тілінен сабақ жоспары. 2-3 сынып /параллель сыныптарда/



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал