7


  • Учителю
  • Word. Төрт түліктің бірі - сиыр ғылыми жоба 22 бет

Word. Төрт түліктің бірі - сиыр ғылыми жоба 22 бет

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

МАЗМҰНЫ





КІРІСПЕ ...........................................................................................................3



НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1 Төрт түліктің бірі ретінде сиыр малының тіршілігі ................................4



2. 2 Сиырдың шығу тарихы...............................................................................6



2. 3 Сиыр төлінің аталуы...................................................................................8



2. 4 Сиырға қатысты мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар,

жұмбақтар..........................................................................................................8



2. 5 Сиырға қатысты сөздер мен сөз тіркестерінің шығу тегі.......................9



ҚОРЫТЫНДЫ .............................................................................................17



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .....................................................18





















Аңдатпа

Текті мал - киелі де. Халық аңызында сиыр малын көлденең кесірден, ауру-кеселдерден сақтайтын, өсіп-өнуін желеп-жебейтін қамқоршы пірлер бар. Сиыр малының қамқоршы пірі - Зеңгі баба. Сан ғасыр көшпенді дәуірде тұмыс-тіршілігі тікелей мал шаруашылығына байланысты өткен қазақ халқы төрт түліктің сыр-сипатын, қадыр-қасиетін жете біліп, ерекше қастерлеген, малды былапыт сөздер айтып балағаттамаған, теппеген, басына ұрмаған, сылап-сипап баққан. Жаман ырымға жорып малды санатпаған.

Малдың шаруашылыққа қажетті өнімдік, күш-көліктік, т.б. қасиеттерін жетілдіру мақсатында үзбей бір ізділікпен сұрыптау жүргізіп, көрікті, сұлу, әсем асыл тұқымды өсірумен шұғылданған. Әсіресе, төл басына (алғашқы төлге) айрықша мән берген. Оларды іріктеп, барлық жағынан өскелең талапқа сай келген үлгілерінен тұқымдық ақ нар, боз айғыр, көк бұқа, көк қошқар өсірген. Аса бағалыларын сатпай, соймай, сыйға тартпай ерекшелеп, сетер атаған. Сиыр малын бағып-күту, шығынсыз өсіру оңай еместігін, малшының маңдай терін, қажырлы еңбегін, қиыншылықта төзімділік талап ететінін: «Сиыр бақтым - сидаң қақтым» мәтелі арқылы шаруа адамның зердесіне жеткізген.























Кіріспе



Қазақ - ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай шежіресі бойынша олар малдың өрісін, тіршілік табиғатын, қадір-қасиетін әбден зерттеп білген. Қазақтың жерін малсыз елестету мүмкін емес. Сәлемдесудің басы «Мал-жан аман ба?-дан» басталатынының өзі халық өмірінде малдың шешуші фактор, тіршілік көзі екенін көрсетеді. Кең сахарасында үйір-үйір жылқы, келе-келе түйе, табын-табын сиыр, отар-отар қой өсірген халықтың төрт түлік кисе - киімі, ішсе - тамағы, шөлдесе - сусыны, жүрсе - көлігі, жатса - төсеніші болған. Демек, қазақтың бүкіл тіршілік көзі төрт түліктің өсімі мен одан алынатын өнім түрлеріне байланысты еді. Сондықтан халқымыз төрт түлікті аса қадірлеп, қасиет тұтып, оларды барынша дәріптеп, бүкіл өмір тіршілігінің қуанышы мен ренішін, өзіндік дүниетанымын, рухани мәдени-өмірін, әдет-ғұрпын солармен байланыстырады.

Ғылыми жұмыстың мақсаты: Сиыр малының өзіндік ерекшеліктерін таныта отырып, оның еті мен сүтінің адам денсаулығы үшін аса пайдалы екенін ғылыми түрде дәлелдеу. Сиырдың түрлері, оның жас ерекшеліктеріне қарай аталуын көрсету, ел аузында сақталған мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар мен жұмбақтар, сондай-ақ тұрақты сөз тіркестерінің қолданылу аясын айқындау.

Міндеттері:

  • төрт түліктің бірі ретінде сиыр малының тіршілігімен танысу;

  • сиырдың шығу төркіні, оған қатысты атауларға зер салу;

  • сиырға қатысты мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақтарға тоқталу;

  • сиыр сөзінің және ол туралы тұрақты сөз тіркестерінің жасалу жолдарына сипаттама беру.









Негізгі бөлім



2. 1 Төрт түліктің бірі ретінде сиыр малының тіршілігі



Төрт түлік жұп, аша, айыр тұяқты және тақ, тік тұяқты болып бөлінгенімен, олардың бәрін қосып халық аяқты мал деп атайды. Малдың шығу тегі туралы аңыз көп. Солардың біріне құлақ ассақ, сиыр - судан жаратылыпты-мыс. Текті мал - киелі де. Халық аңызында сиыр малын көлденең кесірден, ауру-кеселдерден сақтайтын, өсіп-өнуін желеп-жебейтін қамқоршы пірлер бар. Сиыр малының қамқоршы пірі - Зеңгі баба. Сан ғасыр көшпенді дәуірде тұмыс-тіршілігі тікелей мал шаруашылығына байланысты өткен қазақ халқы төрт түліктің сыр-сипатын, қадыр-қасиетін жете біліп, ерекше қастерлеген, малды былапыт сөздер айтып балағаттамаған, теппеген, басына ұрмаған, сылап-сипап баққан. Жаман ырымға жорып малды санатпаған. Түйені келеге, жылқыны үйірге, сиырды табынға, қой мен ешкіні отарға топтастырып, төрт түліктің жалпы санын содан есептеп шығарған. Малдың шаруашылыққа қажетті өнімдік, күш-көліктік, т.б. қасиеттерін жетілдіру мақсатында үзбей бір ізділікпен сұрыптау жүргізіп, көрікті, сұлу, әсем асыл тұқымды өсірумен шұғылданған. Әсіресе, төл басына (алғашқы төлге) айрықша мән берген. Оларды іріктеп, барлық жағынан өскелең талапқа сай келген үлгілерінен тұқымдық ақ нар, боз айғыр, көк бұқа, көк қошқар өсірген. Аса бағалыларын сатпай, соймай, сыйға тартпай ерекшелеп, сетер атаған. Сиыр малын бағып-күту, шығынсыз өсіру оңай еместігін, малшының маңдай терін, қажырлы еңбегін, қиыншылықта төзімділік талап ететінін: «Сиыр бақтым - сидаң қақтым» мәтелі арқылы шаруа адамның зердесіне жеткізген.

Халқымыздың көшпелі өмірінде күш көлігі ретінде сонау ерте кезден пайдаланылып келе жатқан сиыр малының басқа қасиеттерін де бабаларымыз тым ерте білген сияқты. Археологиялық қазба материалдарының деректері бақташы елдің сиыр малының сүті мен етін азық етумен бірге оның терісін киім, еңбек құралы ретінде сол көне заманнан-ақ пайдаланып келе жатқанын дәлелдейді. Сиырдың сүтін ішіп қана қоймаған, одан қаймақ, май, ірімшік, құрт секілді тамақтың алуан түрін де дайындай білген. Ал терісін илеп, былғары жасаған. Қайысынан күш көлігін ұстап тұратын, салт мінетін арбаға немесе шанаға жегетін құрал-жабдықтар, әбзелдер әзірлеген. Жалпы, халқымыздың тарихына қатысты көне деректерге қарағанда, осындай ішкі қажеттіліктері үшін болмаса бұрынғы кезде сиыр малы байлықтың көзі ретінде онша көп өсірілмеген тәрізді. Тіпті бертінгі тарихтың өзінде ондай деректер көп кездесе бермейді. Көне көз қариялардың ескі кептен сыр шерткен шежіре әңгімелерінен де, мысалы, пәленшебайдың сиыры пәлен мыңға жетуші еді деп айтып отырғанын ести қоймаған секілдіміз. Мұның бұлай болуының басты себебі - сиыр малының суыққа төзімсіз, қыс айларында қолға қарап қалып, аса көп күтім тілейтіндігінен де шығар, әйтеуір қалай болғанда да барлық жерде бірдей түліктің бұл түріне ерекше көңіл бөле бермегені байқалады. Сондықтан да бұрынырақта қысқы соғымға сиыр сою дәстүр болмаған. Көбіне балалары көп кедей-кепшіктер сойған. Өйткені жылқы еті асуға бағалы болғанмен, салма (кеспе) жасауға келмейді. Сорпасы сылдырап сұйық болады. Сондықтан күнде ет асып жеуге шамасы жетпейтін кедей үйі балалары қарын-қажағын, сорпа-суын ішіп, ашықпай, тоқ отыру үшін сиыр сойған. Әдетте соғымға қысыр қалған сиыр, жасы ұлғайған өгіз шығарылып, олар қоңыр күзден-ақ қолға алынып күтіледі. [1]

Сырт көзге сылбыр, жуас көрінетін сиыр малының да көп қасиеттерін көркем шығармалар, аңыз-әңгімелер арқылы біліп жүрген жоқпыз ба? Жалғыз өгіздің бір табын малды ұялы қасқырдан түні бойы қорғаудағы ерлігінің өзі неге тұрады? Ал, шынтуайттап келгенде кейінгі жастарымыз, үлкен қалаларды былай қойғанда, облыс, аудан орталықтарында тұратын жеткіншектердің өзі Зеңгі баба тұқымының қасиеттерін, оның басқа түліктерден қалай және қандай қасиеттері арқылы ерекшеленетінін ашып айта алмайды. Кезінде сиыр малының көшсе көлік, сауса сүт, сойса ет болып, халқымыздың қажетіне жарағанын кейінгі жастар нақты бір аңыздай қабыл алып жүрсе, соған ең алдымен өзіміз кінәліміз. «Зеңгі баба», «сиыр малы» дегенді былай қойып, осы түлікті «сүт бағытындағы мүйізді ірі қара» деп оқытып жүрген жоқпыз ба? Осыны санасына сіңірген кейінгі жастардың сиыр малының тек ет пен сүт үшін өсірілетінін пайымдағаны болмаса, одан арғыға терең байламасы анық. Ал, шынтуайттап келсек, басқа да жан-жануарлар секілді Зеңгі баба тұқымы адамға серік, әрі момын жануарлардың бірі. Ол да түйсіне, сезіне алады, қажет кезінде иесін қауіпті жағдайлардан құтқарып та алады.



2. 2 Сиырдың шығу тарихы



Сиыр, ірі қара, мүйізді ірі қара - сүтқоректілер класына жататын аша тұяқты, қуыс мүйізді, күйіс қайыратын жануарлар. Сиыр малы осыдан 7-10 мың жыл бұрын Жерорта теңізі маңындағы елдерде қолға үйретілген.Қазіргі үй сиырларыныңшыққан тегі тур деп аталады.Тур деген жабайы сиырды қолға асырап, үйретілгеннен кейін үй сиыры пайда болған. Жабайы сиырлармен салыстырғанда, үй сиырларының аяқтары қысқа, денелері ірі, үлкен, шекелері кіші болып келеді. Бұл ірі қара әр түрлі тұқымдардың шағылысуы арқылы көптеген будандарға айналады. Мұндай сиырлар Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, т. б. туысқан республикаларда кең таралып өсті. Жергілікті сиыр тұқымдары көбейді.

Қазақстан сиырларының тұқымдары еттілік, сүттілік, көліктік жағынан ерекшеленіп, өсіп-өніп келеді

Сиырдың түрлері. Қазіргі кезде дүние жүзінде сиырдың 250-ге жуық түрі бар.Сиырдың дене бітімі олардың өнімділік бағытына (сүт, ет) байланысты болады. Сүт бағытындағы Сиырдың денесі ұзын, сүйегі салыстырмалы түрде жіңішке, терісі жұқа, жұмсақ, түгі жылтыр, қарыны кең, басы мен мойыны ұзын, құрсағы мен желіні үлкен болады. Ет бағытындағы Сиырдың тұрқы төртпақ әрі кең, омыраулы, аяғы мен мойыны қысқалау, желіні кішілеу, сүтті малға қарағанда бұлшық еттері жақсы жетілген, терісі қалың әрі жұмсақ, тері астындағы май қабаты жақсы дамыған.

Сүтті бағыттағы қолтұқымдар. Бұл бағытта өсірілетінірі қара қолтұқымдарынан сүт алу мақсаты көзделеді. Қазақстанда қырдың (даланың) қызыл сиыры, әулиеата, алатау, қарала, симменталъ қолтұқымдары өсіріледі.

Сиырдың өмір сүру кезеңі. Сиырлар 5 жасқа дейін өсіп жетіледі, кейбір кеш жетілетін тұқымдары 6 - 7 жасында өсуін тоқтатады. Ұрғашысы 20 - 35 жыл, бұқасы 15 - 20 жыл тіршілік етеді.Ересек Сиырдың салм. 250 - 600 кг, ең таңдаулысы 1000 кг; бұқасы 300 - 900 кг; ең таңдаулысы 1600 кг-нан асады.

Сүт бағытындағы сиырдан 9 - 12 жыл жақсы өнім алынады, бұдан кейін олардың тісі қажалып, өнімділігі төмендейді.

Сиырды күту. Шаруашылықта малды қолда және жайылымда үстайды. Қолда бағу кезеңінде мал қора - жайда, ал жайылым кезеңінде табиғи өрісте ұсталады. Жаз айларында көк шөп құрама жем, қыста сүрлем, пішендеме береді. Бұзауларды сүтпен қоректендіреді.

Сиырдың қасиеті. Сиыр малы момақан,көп күтімді талап етеді. Қазақта: «Сиыр малы-үйдің асыраушысы» деп тегін айтылмаған. Себебі: сиыр сүтінен қаншама тағам түрі жасалады. Ертеде қазақ халқы сиырдың терісінен құдықтан су тартатын ыдыс қауғалар, қымыз ашытатын сабалар мен сусын құятын торсықтар жасады. Сиырдың тезегін отын ретінде пайдаланды. Кейбір тұқымдардың бұқалары мен өгіздерін арба, шана тартуға пайдаланған.

Сиырдың еті мен сүтінің адамға пайдасы. Сиырдың сүті бағалы тамақ өнімі және тамақ өнеркәсібінің негізгі шикізаты. Сиыр сүтінен айран, сары май, ірімшік, кілегей, құрт, сүзбе,сары су әзірлейді. Сүт тағамдары денсаулыққа пайдалы және қоректі қасиеті де мол. Сиырдың сүті несеп ауруларына ем, Ойды ұшқырлайды.Сары май әл ауқатты арттырады. Ал етінің құрамында белок көп. Сиырдың еті-салқын, майлы, желдің қызуын қайтарады.



2. 3 Сиыр төлінің аталуы

Көшпелі мал шаруашылығымен айналысып келе жатқан қазақтар сиыр малын өсіруге ерекше көңіл бөлген. Қазақ халқы сиыр атауын жас ерекшеліктеріне қарай қалай атаған екен?

Қара мал (ірі қара) - сиырдың жалпы атауы.

Бұзау - туғанына алты ай толмағаны.

Баспақ - алты айдан асқан төлі.

Торпақ - алты ай мен бір жасқа дейінгісі.

Тайынша - бір жастан асқаны.

Тана - бір мен екі жас аралығындағы ірі қара.

Қашар - екі жасар ұрғашысы.

Құнажын - үш жасар ұрғашы мал.

Дөнежін - төрт жасар ұрғашысы.

Тайөгіз - бір жасар еркек мал.

Өгізше - екі жастан асқан еркек мал.

Құнан - үш жасар пішпе.

Дөнен өгіз - төрт жастан асқаны.

Атан өгіз - денесі ірі, қартаң пішпе мал.

Құр өгіз - ешқандай шаруаға пайдаланбай еркін жүріп, семірген соғым малы.

Мөшке - сауын сиыр.

Жылдым сиыр - күйі ерте келіп, жылда бұзаулайтын сиыр.

Тынжы - сүті көп сиыр.



2. 4 Сиырға қатысты мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар



Сиыр туралы мақал-мәтел

1) Сиыр алсаң танып ал, танымасаң тарғып ал.

2) Сиыр мүйіздің күші болмайды. Өгіз мүйізді сиырдың сүті болмайды.

3) Сиыр судан жериді, су сиырдан жериді

4) Жаман сиыр жазда бұзаулайды.

5) Нәсілі жаман сиырдан өлі бұзау туады.

6) Соқыр сиыр соқпақшыл, жаман адам тақпақшыл.

7) Сиырлы бай-сары май.

8) Дихан болсаң өгізің болсын.

9) Өгіз міегеннің өмірі өксиді.

10) Ары тартсаң өгіз өледі, бері тартсаң арба сынады.

11) Сиыр сипағанды білмейді, Жаман силағынды білмейді.

12) Өгізге туған күн, бұзауға да туады.

13) Малды бақсаң, сиыр бақ, сүт кетпейді шарадан

14) Сиырдың сүті-тілінде.

Жаңылтпаштар:

1) Қырда қырау, қызыл ала бұзау

2) Тауда тарғақ

Тарғыл ала торпақ

3) Әй, әй Айдарбай!

Иір мүйіз сиырыңды

Үйіңе айдай бар.

Жұмбақтар:

Басында мүйізі бар, үстінде киізі бар.(Сиыр)

Қисық ағашқа қар жұқпас (сиырдың мүйізі)

Екі ошаққа бір көсеу (Сиырдың танауы мен тілі)



2. 5 Сиырға қатысты сөздер мен сөз тіркестерінің шығу тегі



Енді осы Зеңгі баба тұқымы сиыр сөзінің қандай мағына беретінін талдай кетсек. Сиыр сөзі түркі тілдерінде кең тарағандығына қарамастан, кейбір

Ғылыми жобалар жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.

Ғылыми жобаның толқы нұсқасын жүктеу ақылы.

Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе

Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне 2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті ғылыми жобаңызды айтасыз немесе saulealt@mail.ru</<font color="#0000ff"> поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті ғылыми жоба тақырыбын жазып жібересіз.

Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған ғылыми жобаңыздың толық нұсқасы салынады.

Сондай-ақ, өзіңізде бар ғылыми жобаның толық нұсқасымен айырбас жасауға болады, сіз онымен ғылыми жобалар сайтымыздың толыға түсуіне көмектесесіз!!!







12



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал