7


Әріпті өрнектің мәнін табу.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Әріпті өрнектің мәнін табу.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділігі: Әріпті өрнек туралы білімдерін бекіту, берілген мәтіндерден әріпті өрнектің мәнін табуды үйрету.

  2. Дамытушылығы: Оқушылардың тапсырма орындату барысында логикалық ой өрісін дамыту, өз бетінше әріпті өрнектің мәнін табуға дағдыландыру.

  3. Тәрбиелілігі: Оқушыларды саналылыққа, сыпайылыққа, әдептілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру, үйрету, сұрақ-жауап.

Түрі: ертегі сабақ.

Көрнекілігі: «Шалқан» ертегісі кейіпкерлері, суреттер, кестелер, үлестірмелер, кеспе сандар.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі, бейнелеу.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: оқу құралдарын түгендеу, оқушылардың партада дұрыс отыруын қадағалау, зейінін сабаққа аудару.

Сыныптың психологиялық ахуалын қалыптастыру.

Шеңбер жасап тұрып есимдерінің бірінші әрпінен басталатын жақсы сөздерді бір біріне айтқызу.

  1. Өткен сабақты пысықтау. Үлестірмелер арқылы 10 санына қосу азайту кестесін қайталау.

  2. Үй тапсырмасын тексеру. 4- есепті дәптерлерінен қарап шығу.

  3. Жаңа сабақ:

Біз бүгінгі сабағымызды ертегілер еліне саяхат жасаудан бастаймыз.Мұнда бақшаға шалқан егеміз , үлкен шалқанды тақтаға бекіту, егер осы тапсырмаларды дұрыс орындасақ, онда мына шалқанды еккен боламыз.

Оқулықпен жұмыс:

1-есеп бұл өрнектің бұрынғы шығарып жүрген өрнектерден кандай айырмашылығы бар екенін сұрақ қою арқылы ажыратып алу. Осы тапсырманы дұрыс орындасақ біз пісіп тұрған шалқанды жұлып алуымыз керек.

Олай болса көмекке атаны шақырамыз.

Әріпті өрнектің мәнін тап, мұндағы в= 3, 4, 1.

в+1 в+1+3 в+в 5-в

Атасы тартады жұлынбайды енді, көмекке апасын шакырамыз.

2- есеп кесте бойынша өрнектерді оқы және олардың мәнін тап:

с+3, мұндағы; 7, 5, 4, 6, 1, 2, 0.

10-а, мұндағы; 7, 3, 2, 8, 4, 5, 0.

Апасы тартады жұлынбайды енді, көмекке қызын шақырамыз.

Сергіту сәті:

3-есеп. Есептің шартын құрастыру. Балық туралы әңгімелеп беру.

Суретте не берілген?

Балықты немен аулайды?

Болат- 7 т. б

Бақытжан- ?,3 т. б. кем

Шешуі: 7-3=4

Жауабы: 4 табан балық ұстады.

Қызы тартады жұлынбайды енді, көмекке итін шақырамыз.

Сергіту сәті:

4-есеп Балықтың түрлері туралы айтып беру.

Есептің шартын құрастыру.

Асқар- 4 а

Серік- 6 а

Барлығы-? б

Шешуі: 4+6=10

Жауабы: 10 балық ұстады.

Иті тартады жұлынбайды енді, көмекке мысықты шақырамыз.

5-есеп. а) 5+3=8 8-5=3

10-3=7 5+4=9

Мысығы тартады жұлынбайды енді, көмекке тышқанды шақырамыз.

б) 4+3=7 9-5=4

10-5=5 4+6=10

Тышқан тартады бір мезгілде шалқан жұлынып кетеді.

Балалар, бұл шалқан құр шалкан емес екен , артындагы жазуды оқып беру,

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»

Балалар, біздер сондай ұйымшыл, бәріміз бір нәрсе жасасақ бірге тату болуымыз керек, сонда біз алмайтын қамал жоқ екен.

Сабақты қорытындылау:

Қосу мен азайтудың амал компоненттерін айту.

Оқушылардың жұмыстарын тексеру.

Үйге тапсырма: 5-есеп 2 бағаны 144- бет.

Білімдерін бағалау, мадақтау.

Рефлексия: сабақ соңындағы көңіл күйлерін көрсетеді, сабақтан алган әсерлерімен бөлісу.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал