7


Сабак Тест сурактары 4 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тест сұрақтары



1-нұсқа



1.Төл сөздің тыныс белгісін анықта

Кеше кешке жолдасы Қарқаралыда әлі екі-үш күн боламыз деген болатын.

А) тырнақша, үтір, сызықша

В) қос нүкте, сызықша, леп белгісі

С) қос нүкте, тырнақша, үтір, сызықша

Д) қос нүкте, тырнақша

Е) сызықша, қос нүкте, тырнақша



2.Төл сөзді сөйлем

А) Осы алаңнан қоныс тауып, біз ошақ қаздық.

В) «Амангелдіге» келісімен, бұл арман шыңына жетті.

С) «Табылған ақыл, Мұқа!» - деп, Жарқын айналасына қарады.

Д) Күрең ат - Бөжейдің қыс мінетін аты.

Е) Тәртіп бойынша, мен сіздерге есеп беруге міндеттімін.



3. Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылатын жерді тап

А) Көңіл кірлесе, сол жаман.

В) Үңгір іші қараңғылана түсті.

С) Сондағы оқитыным Некрасовтың өлеңдері.

Д) Даланы өрлей жүрген ақын Абай әнге салды.

Е) Досың үйде ұйықтап жатыр.



4. Сызықшаның қойылу себебін анықта.

Бұл - үлкен бақыт.

А) Жіктеу есімдік - зат есім.

В) Есімдік - сын есім.

С) Сілтеу есімдігі - зат есім.

Д) Есім - етістік.

Е) Зат есім - зат есім



5. Тыныс белгілері туралы ережелер жинағы қалай аталады?

А) Синтаксис

В) Лексикология

С) Фонетика

Д) Стилистика

Е) Пунктуация



6. Жалпылауыш сөзге байланысты қойылған тыныс белгісін тап

А) Жанат орын ұсынып еді, - отырған жоқ.

В) Балалар, аманбысың, шырақтарым.

С) Ата қоныс - ата мекен.

Д) Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Е) Ол ол ма, одан да бетері бар.



7. Қос нүктенің қойылған орнын анықта

Қарт күрсінді: - Ұлым, желік қуыпсың!

А) Қарсылықты салаластың жай сөйлемдері арасына.

В) Мезгіл бағыныңқылы сөйлемнен кейін.

С) Төл сөзден кейін.

Д) Жалпылауыш сөзге қатысты.

Е) Автор сөзінен кейін.



8. Қос нүктенің қай сөзден кейін қойылатынын белгіле

Жалғыз кемдігім хат танымайтыным ғой.

А) жалғыз

В) кемдігім

С) хат

Д) танымайтыным

Е) ғой



9. Үтірдің қойылу себебі

Оқып білім ал, бөбек!

А) бірыңғай мүше

В) одағай

С) қыстырма сөз

Д) оңашаланған айқындауыш

Е) қаратпа сөз



10. Үтірдің қойылу себебі

Менің ұғуымша, терең сын.

А) Шартты бағыныңқылы сабақтас

В) Толымсыз сөйлем

С) Оқшау сөздер

Д) Қыстырма сөз

Е) Құрмалас құрамындағы жай сөйлем



11. Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілерінің дұрыс қойылғанын тап

А) Ол әндер ерлікті де елдікте де сұлулықты да сыйдырған.

В) Ол әндер: ерлікті де елдікте де сұлулықты да сыйдырған.

С) Ол әндер ерлікті де, елдікте де сұлулықты да сыйдырған.

Д) Ол әндер - ерлікті де, елдікте де, сұлулықты да - сыйдырған.

Е) Ол әндер ерлікті де, елдікте де, сұлулықты да сыйдырған.



12. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсет

А) Көп сөз - күміс - аз сөз, алтын.

В) Көп сөз - күміс; аз сөз - алтын.

С) Көп сөз - күміс, аз сөз - алтын.

Д) Көп сөз, күміс, аз сөз, алтын.

Е) Көп сөз күміс - аз сөз алтын.



13. Қойылмаған тыныс белгіні табыңыз.

Жақсы адам елдің арысы.

А) қос нүкте

В) сызықша

С) үтір

Д) нүкте

Е) сұрақ белгісі



14. Сабақтас құрмалас сөйлемді тап

А) Сауран шаңғыға әуесқойлардың бірі бола тұра, әлі күнге мұншалықты ұзын алқапта, әсіресе мынау еңістікте сырғанап көрген емес.

В) Міне біз де келдік. Кеш те басталды.

С) Мен үй жинап жатырмын, өзің келіп кет.

Д) Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қардың суы секілді тез суалар.

Е) Бұл уақыттың ішінде ел де өзгеріп кетті, адамдар да өзгерді.



15. Құрмалас сөйлемді тап

А) Асқар белгілі мерзімде тұрды.

В) Байжан Самарқанға қарап еді, кескіні ыңғайсыздау екен.

С) Жабай жауап қайтара алмады.

Д) Ауылдарыңнан не хабар бар?

Е) Ертең күн жылы, бұлтсыз, жауынсыз болады.



16. Тура мағыналы сөз

А) қара жұмыс

В) қарақағаз

С) қара ниет

Д) қара көйлек

Е) қара сөз



17. Сөздің тура мағынасы

А) Ол менің үлкен балам.

В) Жасың үлкен, жолың үлкен.

С) Үлкенді сыйлай білейік.

Д) Үлкен кісінің сөзін қайда қоясың?

Е) Сірә, үлкен іс қылайын деп жатқан шығар.



18. Диалект сөз

А) Әрлі-берлі

В) кәсіпкер

С) сәукеле

Д) ұжым

Е) маңлай



19. Езулік дауыстылар

А) б,в

В) е, і

С) м, н

Д) ү,у

Е) о,ө



20. Тұйық буын

А) ата-баба

В) ас-су

С) ас үй

Д) ат-тон

Е) алша



21. Тасымалдауға болмайтын сөз

А) еңбек

В) 30 га

С) сулы

Д) километр

Е) жүзім



22. Ұяң дауыссызға аяқталған сөз

А) қыз

В) саң

С) Болат

Д) таң

Е) қыс



23. Орфографиялық заңдылыққа сай жазылған сөз

А) құлұншақ

В) тұлұм

С) көзүлдірүк

Д) бөгет

Е) өзөн



24. Түбір сөз қатаңға бітсе, қосымша қандай дыбыстан басталатынын анықта

А) жіңішке дауыстыдан

В) дауыстыдан

С) қатаңнан

Д) ұяңнан

Е) үндіден



25. Үндестік заңына бағынбайтын сөз

А) сызғыш

В) халық

С) Астана

Д) Қарағанды

Е) ауызекі



Тест жұмысының жауаптары

1- нұсқа



1-С

2-С

3-С

4-С

5-Е

6-Д

7-Е

8-В

9-Е

10-Д

11-Е

12-С

13-В

14-А

15-В

16-Д

17-Е

18-Е

19-В

20-С

21-В

22-А

23-Д

24-С

25-Е







2-нұсқа



1. Емле бойынша дұрыс жазылған күрделі жалқы есім

А) «балдырған» журналы

В) балдырған журналы

С) Менің атым Қожа хикаяты

Д) «абай жолы» романы

Е) «Абай жолы» романы



2. Термин сөздер

А) Отарба, ұрын бару

В) диалект, садақ

С) эвфемизм, дисфемизм

Д) адырна, найза

Е) сауыт, айбалта



3. 60-70-тей адам жиналды деген сөйлемдегі сан есім түрін белгіле

А) реттік

В) жинақтық

С) болжалдық

Д) топтау

Е) есептік



4. Есімшенің септелген түрі

А) береке, немере

В) күліп, барғансың

С) сонау, аналардың

Д) оқуға, сенімен

Е) береріме



5. Негізгі үстеу

А) жылдам

В) күні бүгін

С) жоғары-төмен

Д) жаздыгүні

Е) балаша



6. Шылауды көрсет

А) жөнінде, беу

В) қатар, гөрі, беу

С) ғана, сайын, әрі

Д) сықылды, әлі

Е) шамалы, қысқасы



7. Еліктеу сөз

А) уақыт

В) ерлік

С) сауық

Д) жылп

Е) көрік



8. «Шапқан сайын үдей беру» күрделі сөзінің бағыныңқы сыңары

А) шапқан сайын

В) шапқан үдей

С) сайын үдей

Д) сайын беру

Е) үдей беру



9. Ашық дауыстылардан құралған сөз

А) Көкшетау

В) Ынтымақ

С) Егіз

Д) Сегіз

Е) Ырыс



10. Дара бастауышы бар сөйлем

А) Еңбегің еш кетпес деп ойлаймын.

В) Еңбек түбі - береке.

С) Шу өңірі өнімді мол береді.

Д) Сегіз қырлы, бір сырлы.

Е) Үш салт атты жүріп келеді.



11. Жай сөйлемнің қай түрі

Қаңтар, 1917 жыл.

А) атаулы

В) жалаң

С) жақсыз

Д) жақты

Е) жайылма



12.Салалас құрмалас сөйлем

А) Жер үрлеген сайын, сапырылысып түскен сары жапырақ жер бетін жасырып жатыр.

В) Ел сүйсе, ер де сүйеді.

С) Теректер мен қайыңдардың шық басқан су жапырақтары табан астында былпылдап жатыр, басқан аяқтың тықыры білінбейді.

Д) Еңбек қылсаң, қара жер де береді, сені құр тастамайды.

Е) Үсен манағы пышақтың сыртымен тасқа қатты ұрып еді, от шығып, мақта тұтанды.



13. Бұйрықты сөйлемді тап

А) Халықтан қайырымдылықты, қариядан байымдылықты үйрен

В) Сүйіп істеген іс шаршатпайды.

С) Мәуелі ағаш майысқақ.

Д) Құс балапаны үшін тұзаққа түседі.

Е) Өлеңі де жақсы екен.



14. Сөйлем мүшесі болып есептелмейтін оқшау сөз

А) етіс

В) сын есім

С) зат есім

Д) есімдік

Е) қаратпа



15. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзі бар сөйлем

А) - Сыйласқанға ештеңе жетпейді екен! деді Бейсен.

В) - Сыйласқанға ештеңе жетпейді екен!, деді Бейсен.

С) - Сыйласқанға ештеңе жетпейді екен, деді Бейсен.

Д) - Сыйласқанға ештеңе жетпейді екен! - деді Бейсен.

Е) - Сыйласқанға ештеңе жетпейді екен!: - деді Бейсен.



16. Одағайды көрсет

А) Өзімдікі болса игі еді.

В) Охо, өлкемдегі өмір қандай!

С) Балам, ойымды таба алмадың.

Д) Мынау не деп тұр?

Е) Қой деймін, бала.



17.Сөйлемдерден омоним сөздерді тап

А) Аш жүру - денсаулыққа зиян. Қарның ашты ма?

В) Диктантты сауатты жаз. Жаз ерте шықты.

С) Жұмыс істейді. Мен жұмысымды бітірдім.

Д) Жазда Ыстықкөлге барамын. Маған жаз айы ұнайды.

Е) Қаладағы тіршілік қызық екен.



18. Антоним сөзі бар мақал-мәтел

А) Ақылың аз, ашуың көп болса - қор боласың.

В) Татулық - табылмас бақыт. С) Адал достық алтыннан да қымбат.

Д) Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады. Е) Ашуың келсе, қолың тарт.



19. Қате жазылған сөз.

А) Айдана

В) Өнерпаз

С) Даурен

Д) Кітап

Е) Бөдене



20. Дауысты дыбыстардың жасалуы

А) Өкпедегі ауаның кедергіге ұшырап шығуына.

В) Езудің кейін қарай ашылуынан.

С) Тілдің ілгері қарай созылуынан.

Д) Жақтың тар ашылуынан.

Е) Өкпедегі ауаның кедергісіз шығуынан.



21. «Еңбекшілер» деген сөздің қай буынына екпін түсіп тұр

А) еңбек

В) ші

С) бек

Д) лер

Е) ең



22. Тасымалдауға болмайтын сөз

А) туған

В) етіс

С) жаздық

Д) қағаз

Е) тұйық



23. Бөлек жазылатын сөз

А) ешқайда

В) әлдекім

С) әруақытта

Д) әркім

Е) кейбір



24. Айтылуда өзгеріске түсетін сөз

А) ақ ешкі

В) терең ой

С) дыбыс

Д) бақ қону

Е) синоним



25. Сөз аралығындағы ілгерінді ықпал

А) Орынбай біліммен озады.

В) Тоқсан жасқа толды.

С) Білім басы - бейнет, соңы - зейнет.

Д) Ат екі күн иесін күтті.

Е) Жолдың екі жағы - биік.



Тест жұмысының жауаптары

2 - нұсқа



1-Е

2-С

3-С

4-Е

5-А

6-С

7-Д

8-А

9-А

10-А

11-А

12-С

13-А

14-Е

15-Д

16-В

17-В

18-А

19-С

20-Е

21-Д

22-В

23-С

24-А

25-Д









3-нұсқа



1. Үндестік заңына бағынбайтын қосымша

А) өнер, жұмыс, есім

В) ықыласпен, әкетай, балгер

С) клубқа, заводта, қонаққа

Д) мектепте, отынды, қонақтар

Е) жазықсыз, қыздарға, жүгірші



2. Қосымшаның түбір сөзге дұрыс жалғанған түрі

А) грамы

В) граммі

С) грамі

Д) граммы

Е) грамми



3. Көмекші есім

А) ауыл

В) тау

С) өзен

Д) кітап

Е) маңы



4. Күрделі сын есім

А) қатты

В) сары

С) аппақ

Д) күрең

Е) түнгі

5. Жинақтық сан есім

А) бәрі біркелкі

В) бес-бестен

С) оқып отыр, жеп отыр

Д) алтау, біреу

Е) отыз екі, жүздеген



6. Өздік есімдікті тіркес

А) бірер елік

В) өз баласы

С) жүз шамалы

Д) қос қыран

Е) көркем дүние



7. Қимыл мағынасын білдіретін сөз

А) қызыл, ақ, көк

В) паһ-паһ, ойпырай

С) күлкі, мінез, ой

Д) біреу, екі, үш

Е) күлу, оқы, тоқу



8. Күрделі үстеу

А) төмен

В) бұрын

С) тез

Д) жорта

Е) ендігәрі



9. «Биік қорған» тіркесіндегі басыңқы сыңар

А) сын есім

В) зат есім

С) есімдік

Д) сан есім

Е) етістік



10.Сілтеу есімдігі

А) әне

В) және

С) енді

Д) әлді

Е) әрі



11. Бұйрықты сөйлем қандай мағынада қолданылады.

А) талап ету

В) сұрау

С) хабарлау

Д) жалыныш

Е) көңіл күй білдіру



12. Ыңғайлас салалас сөйлем

А) Бүгін мені күткендердің саны есепсіз.

В) Күн шықты.

С) Сиырының тұқымы да жақсы, бабы да жақсы екен.

Д) Тіл - ұлтымыздың қасиетті қазынасы.

Е) Дегенмен үйге ерте келгендіктен, бәріне үлгердім.



13. Қаратпа сөз

А) Алдарыңнан ақ жол болсын, ардагерлер.

В) Расында, ол келе алмады.

С) Екі бесіміз - он.

Д) Ертең де, бүгін де бара алмаспын.

Е) Отыз - алтыға қалдықсыз бөлінеді.



14. Үтірдің қойылу себебі

Уай, шіркін, ән деп осыны айт!

А) қаратпа

В) одағай

С) қыстырма

Д) бірыңғай мүше

Е) төл сөз



15. Жай сөйлем

А) Жерге көк шығысымен, төлдерді жайылымға жіберді.

В) Ауыл тауға көшкенде, ол қалаға кетіп еді.

С) Үйге үлкендер де, кішілер де көңілді кірді.

Д) Оны танығанмен, Сәуле сыр бермеді.

Е) Жаз шыққанда демалысқа шығайын деп едім, бірақ болмады.



16. Тыныс белгісі дұрыс қойылған көп құрамды төл сөз

А) - Мың-мың рахмет, атажан, - деді Гүлжан қуанып, Дос болса сіздей болсын, Мен жыламаймын, қуанам!

В) - Мың-мың рахмет, атажан!, деді Гүлжан қуанып - Дос болса сіздей болсын. Мен жыламаймын, қуанам!

С) - Мың-мың рахмет, атажан: деді Гүлжан қуанып, Дос болса сіздей болсын, Мен жыламаймын, қуанам!

Д) - Мың-мың рахмет, атажан! - деді Гүлжан қуанып: - Дос болса сіздей болсын. Мен жыламаймын, қуанам!

Е) - Мың-мың рахмет, атажан деді Гүлжан қуанып - Дос болса сіздей болсын. Мен жыламаймын, қуанам!



17. Орфография бойынша жазылған сөз

А) қойайын

В) қояйын

С) қойяйын

Д) қояйың

Е) қойайн



18.Тәуелді жалғаулы сөз

А) ауылдың адамы

В) қалаға бару

С ) бүлдірген теру

Д) адамды құрметтеу

Е) жауап беру



19.Кейінді ықпал

А) орын

В) сөзшең

С) орман

Д) өнерпаз

Е) күндік



20.Ілгерінді ықпал

А) мәдениет

В) жанбады

С) добым

Д) машина

Е) Қамысбай



21.Үндестік заңына бағынбай тұрған сөз

А) лауазым

В) бөлінгіш

С) Темірқазық

Д) Өлеңдер

Е) үнемшілдік



22. Тасымалдауға болатын сөз

А) тарс

В) төрт

С) басты

Д) бұлт

Е) қант



23.Тұйық буын мен бітеу буыннан жасалған сөз

А) аспап

В) сана

С) сатқын

Д) кербез

Е) кереге



24.Омоним бола алмайтын сөз

А) бастық

В) көр

С) сөз

Д) ат

Е) сол



25. Омоним болатын сөз қайсы?

А) ауыз

В) құлақ

С) от

Д) балшық

Е) сау



Тест жұмысының жауаптары

3 - нұсқа



1-В

2-А

3-Е

4-С

5-Д

6-В

7-Е

8-Е

9-В

10-А

11-А

12-С

13-А

14-В

15-С

16-Д

17-В

18-А

19-В

20-Е

21-С

22-С

23-А

24-С

25-Е









4-нұсқа



1.Антоним сөздер

А) ұятсыз-көргенсіз

В) шайқасу-шайнау

С) үміт ету-күдер үзу

Д) шалағай-жаңғалақ

Е) хат-хабар



2.Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөз

Ниетің қисық болса, ағайынға өкпелеме.

А) ниетің

В) қисық

С) болса

Д) ағайынға

Е) өкпелеме



3.Диалект сөз

А) бөз, боз

В) көпшік, дарбаза

С) қара, ат

Д) оның, соған

Е) орман, тоғай



4.Архаизмге жататын сөз

А) ғарышкер

В) балмұздақ

С) қорамсақ

Д) әңгелек

Е) сүт



5.Көмекші есімді тіркес

А) орман іші

В) ауылдың малы

С) баланың бесігі

Д) Сәуленің қуыршағы

Е) Зәуренің болашағы



6.Сапалық сын есім

А) сүтті сиыр

В) малды ауыл

С) үлкен үй

Д) құмды жер

Е) қарлы қыс



7.Сын есімнің салыстырмалы шырай түрі

А) жеп-жеңіл

В) ауыр

С) ірірек

Д) қара

Е) ашық



8.Жіктеу есімдігі

А) Біз

В) кімдер

С) өзім

Д) бәрі

Е) бәріміз



9.Шығыс септігінде тұрған сілтеу есімдігі

А) маған

В) онымен

С) бұдан

Д) бізден

Е) сенен



10.Ырықсыз етіс жұрнағы жалғанып тұрған сөз

А) шапты

В) шабылды

С) шабысты

Д) шаппады

Е) бақты



11.Дара етістік

А) Марат жаңа келді.

В) Балалар ойнап жүр.

С) Төрт жердегі төрт - он төрт.

Д) Оның түсі сары.

Е) Оның киімі әдемі.



12.Мезгіл үстеумен тіркескен тіркес

А) ежелден таныс

В) тауып алды

С) отыз адам

Д) жаңа киім

Е) жақсы белгі



13.Анықтауыш қатыспаған тіркес

А) Терезенің көзі

В) Жақсыдан үйрен

С) Бидайдың сабағы

Д) шаңырақтың ағашы

Е) Мараттың ойыншығы



14.Демеулік шылаулы тіркес

А) Тек қана сен кел.

В) Өзгелерге де риза.

С) Балалармен бірге.

Д) Сенен бұрын.

Е) Оған дейін.



15.Қиысуды көрсет.

А) жолда жатты

В) әдейі бармау

С) сіздер жеткіншексіздер

Д) түнімен жүрді

Е) ермек үшін жазу



16.Біріккен сөз

А) жасампаз

В) өндіріс

С) жолсерік

Д) алынған

Е) тапсырды



17.Одағай сөзге байланысты қойылып тұрған тыныс белгіні көрсет

А) Ойбай Жақа-ау ол - Жоламанның дүмпуі ғой.

В) Ойбай Жақа-ау! Ол, Жоламанның дүмпуі ғой.

С) Ойбай, Жақа-ау! Ол - Жоламанның дүмпуі ғой.

Д) Ой бай, Жақа-ау, Ол - Жоламанның дүмпуі ғой.

Е) Ойбай - Жақа-ау ол Жоламанның дүмпуі ғой.



18.Қаратпа сөз

А) Қой, не болса да кетейік.

В) Мейманым, жақсы жатып, жай тұрдың ба?

С) Таныды да таң болды.

Д) Дала тақыр, бірақ тығыз бетегемен жайнаған.

Е) Тәк-тәк, айтпа енді.



19.Төл сөзді сөйлем

А) Сен дегенде сөз бар ма?

В) Әй дер әже, қой дер қожа жоқ.

С) балалардың соңғы ермегі - «Ақсүйек», «Соқыр теке».

Д) «Осы күні сол ара жайнаған қызыл гүл», - дейді.

Е) Сауатты болу дегеніміз - дұрыс жазып, дұрыс сөйлеу.



20.Дұрыс жазылған сөз

А) Кең маңлай

В) Кеңмаңлай

С) Кеңмаңдай

Д) Кеңмаңылай

Е) Кең маңдай



21.Хабарлы сөйлем

А) Жауап берсең ше.

В) Сен қашан келесің.

С) Балалар далада ойнап жүр.

Д) Әттең, кешігіп қалдың-ау.

Е) Келгеніңе қанша болды.



22.Бастауыштан кейін қойылған сызықшаны тап

А) Қыздардың үлкені Зайра да, кішісі - Сара.

В) Қыздардың үлкені - Зайра да, кішісі - Сара.

С) Қыздардың - үлкені Зайра да, кішісі Сара.

Д) Қыздардың үлкені Зайра да - кішісі Сара.

Е) Қыздардың - үлкені Зайра, кішісі Сара.



23. Жұрнақ жалғанған сөз

А) сандықша

В) кітаптар

С) жерлерге

Д) дәстүрмен

Е) адамда



24. Көптік жалғауының дұрыс қолданылмауы

А) қыздар

В) студенттер

С) он оқушылар

Д) көліктер

Е) жауаптар



25. Архаизм сөз

А) саяжай

В) бағдаршам

С) сыңсу

Д) жусан

Е) қаламақы



Тест жұмысының жауаптары

4- нұсқа



1-С

2-В

3-В

4-С

5-А

6-С

7-С

8-А

9-С

10-В

11-А

12-А

13-В

14-А

15-С

16-С

17-С

18-В

19-Д

20-Е

21-С

22-В

23-А

24-С

25-С







5-нұсқа



1."Терең"сөзінің ауыспалы мағынасын табыңыз.

A) Терең білім.

B) Терең су.

C) Терең өзен.

D) Терең көл.

E) Терең құдық.



2. Езулік дауыстылар қатарын толықтырыңыз:А, ә, е, э, ы, і, ...

A) Ө.

B) Ү.

C) О.

D) У.

E) И.



3. Соңы үнді дауыссызға аяқталатын сөзді көрсетіңіз.

A) Міндет.

B) Қозы.

C) Ағаң.

D) Көрпеш.

E) Кенесары.



4. Сөздің ең алғашқы мағыналық бөлшегін қалай атайтынын көрсетіңіз.

A) Күрделі сөз.

B) Қосарлама сөз.

C) Біріккен сөз.

D) Туынды сөз.

E) Түбір сөз.



5. Күрделі зат есімді табыңыз.

A) Жұмысшы.

B) Оқулық.

C) Асхана.

D) Өнеркәсіп.

E) Басшы.



6. Сан есімге қандай тыныс белгісі керек, анықтаңыз.

Қапты 2 ден көтеріңдер.

A) Үтір.

B) Дефис.

C) Қос нүкте.

D) Нүкте.

E) Тире.



7. Заттың өзін де, белгісін де, санын да білдірмейтін, есім сөздер орнына жұмсалатын сөз табын көрсетіңіз.

A) Етістік.

B) Сын есім.

C) Зат есім.

D) Есімдік.

E) Сан есім.



8. Бұйрық райлы етістікті табыңыз.

A) Барған.

B) Барды.

C) Бар.

D) Бармақ.

E) Барар.



9. Сөйлемде неше еліктеу сөз барын белгілеңіз.

Қарға қарқ етті, ірімшік жерге салп етті.

A) 3.

B) 2.

C) 4.

D) 1.

E) 5.



10. Омоним бола алмайтын сөзді белгілеңіз.

A) Терезе.

B) Өлең.

C) Табыс.

D) Отау.

E) Орыс.



11. Сөз арасындағы кейінді ықпалды табыңыз.

A) Жүз сом.

B) Салт-сана.

C) Қара торы.

D) Қол орақ.

E) Тоғай іші.



12. Салыстырмалы шырайды табыңыз.

A) Сарғылт.

B) Аса көп.

C) Сап-сары.

D) Өте сары.

E) Сары.



13. Себеп-салдар үстеулі тіркесті көрсетіңіз.

A) Тез келді.

B) Амалсыздан көнді.

C) Дереу жетті.

D) Етпетінен жығылды.

E) Жорта сөйледі.



14. Септеулік шылауды көрсетіңіз.

A) Шынар-ай, ойымды дөп бастың, сәулем.

B) Егер жолым болып кетсе, бәріңе жақсылық болады.

C) Жұмыстан бұрын сенімен кездесу қиын боп кетті.

D) Я ұл, я қыз болсын, ұрпақ болса болғаны.

E) Көкірегі ашуға толып тұр, бірақ оны сыртқа шығармады.



15. Жанаса байланысқан пысықтауыштық қатынасты табыңыз.

A) Мәдимен кездесу.

B) Мейірімді бала.

C) Ақсақ құлан.

D) Үздік оқу.

E) Жолдассыз адам.



16. Тура толықтауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.

A) Тек жүрсең, тоқ жүресің.

B) Өтірікші өзін алдайды.

C) Оқусыз білім жоқ.

D) Әдеттің жөні-әдет.

E) Қар жауды.



17. Аралас құрмалас сөйлемнің арасына үтір мен сызықшаның қойылу себебін анықтаңыз.

Егер мұғалім болғымыз келсе, жалдайтын ауыл да табылды, менің жалданғым да келді, - оған Баймағамбет болмады.

A) Бірыңғай мүшеге.

B) Қарама-қарсылық мәні болғандықтан.

C) Күрделі сөз тіркестерінің арасына.

D) Қалған сөйлемге басыңқы сыңар ұйытқы болғандықтан.

E) Себеп мәнді мағыналы болғандықтан.



18. «Біріншіден, екіншіден» деген қыстырма сөздердің мағынасын анықтаңыз.

A) Көңіл-күй.

B) Өкіну.

C) Ой тәртібі.

D) Сендіру.

E) Мақұлдау.



19. Сызықшаның қойылу себебін анықтаңыз.

Абай операсы - қазақ музыкасын биік белге шығарған ірі туынды.

A) Бастауыш - сан есім, баяндауыш - етістік.

B) Қосарлы айқындауыш.

C) Бастауыш - есім, баяндауыш - есім.

D) Бастауыш сын есім, баяндауыш зат есім.

E) Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғадағы зат есім.



20. Грамматикалық тұлғаларында өзгерісі бар диалект сөзді табыңыз.

A) Маңдай.

B) Аласа.

C) Көз.

D) Пысқан.

E) Қырағы.



21. Түбір тұлғасы өзгеріске ұшырап біріккен сөзді табыңыз.

A) Қырықаяқ.

B) Саңырауқұлақ.

C) Ақкенже.

D) Түрегел.

E) Ілімхан.



22. Еркін сөз тіркесін табыңыз.

A) Қоян жүрек.

B) Су жүрек.

C) Қалта сағат.

D) Жүгіріп бара жатыр.

E) Төбе шашы тік тұру.



23. Жақсыз сөйлемді табыңыз.

A) Ердостың атқа мінгісі келді.

B) Абай шығармаларынан үзінді келтірді.

C) Асанмен бес жыл бірге оқыдым.

D) Қызықты кітап.

E) Мөлдір бұлақ.



24. Төлеу сөзді көрсетіңіз.

A) - Айналайын, келінжан, өркенің өссін!

B) Той да өтті, Ыбыштың есін алған көкпар да өтті.

C) Артына қарап өкініш көрсе, алдына қарап үміт көреді.

D) Тәуелсіз елдің тірегі - білімді ұрпақ.

E) Сәбит Мұқанұлы бір кітапты бітіріп, екіншісін бастағанда, демалатынын айтты.



25. Соңғы жылдары шешендік сөздерді жинап, зерттеп, танытуға үлес қосқан ғалымды табыңыз.

A) Ә.Кекілбаев.

B) М.Жұмабаев.

C) А.Байтұрсынов.

D) Б.Адамбаев.

E) С.Сейфуллин.



Тест жұмысының жауаптары

5-нұсқа



1. A

2. E

3. C

4. E

5. D

6. B

7. D

8. C

9. B

10. E

11. C

12. A

13. B

14. C

15. D

16. D

17. E

18. C

19. E

20. D

21. D

22. C

23. C

24. E

25. D



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал