7


  • Учителю
  • Концпект по казахскому языку на тему Макал-Мателдер (4 класс)

Концпект по казахскому языку на тему Макал-Мателдер (4 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сынып: 4

Сабақтың тақырыбы : Мақал-мәтелдер Диктант Құсмұрын

Сабақтың мақсаты :

а) Балаларды есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру

ә) Мұқият тыңдап,ұқыпты жазуға дағдыландыру ;

б) Өз ісіне ұқыпты,мейрімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі : баяндау,мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі : диктанттар жинағы

Халықтық педагогика

элементтерін қолдану : мақал - мәтелдер

Пәнаралық байланыс : әдебиет.

Сабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Жаңа сабақ : Мақал-мәтелдер .Мақал-мәтелдерді еске түсіру.

Диктант

Құсмұрын

Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың кіндік қаны тамған Құсмұрын бекінісінің ескі жұрты - қазіргі Қостанай облысы, Семиозер ауданы, Шөптікөл совхозының Киров бөлімшесінен үш-төрт шақырым жерде.

Шоқан туған жылы Аманқарағай дуанының осында ауысуына орай, жаңа дуан да Құсмұрын аталып кеткен. Шоқанның әкесі, майор дәрежесіндегі Шыңғыс Уәлиханов, сол кездері Құсмұрын дуанының аға сұлтаны болған.

Мұхамедханафия яки Шоқан (анасының еркелетіп қойған есімі) Құсмұрын бекінісінің аға сұлтаны үшін арнайы салынған ағаш үйде өмірге келген.

Шоқанның туған жері неліктен Құсмұрын деп аталатындығын жазушы Сәбит Мұқанов «Аққан жұлдыз» романының бірінші кітабында: «Бекіністің сырт желкесіндегі қырқаның тұмсығы сағымды күндері алыстан қараған адамға ..қонғалы келе жатқан алып құстың тұмсығына ұқсауына қарай » - деп түсіндіреді.

Шоқан Омбы кадет корпусында оқып жүрген кездері практикалық жұмысы ретінде көптеген карта, схемамен қатар, түрлі -түсті бояумен пейзаж жасаған. Сол еңбектерінің бірнешеуінде Құсмұрын маңы бейнеленген.

(С.Мұқтарұлы, 107 сөз)

Мәтінді тағы бір рет оқып беремін.Оқушылар тыныс белгісін қояды.



Үйге тапсырма :









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал