7


  • Учителю
  • Бала Абай мен Барлас ақын. М. Әуезов.

Бала Абай мен Барлас ақын. М. Әуезов.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Әдебиеттік оқу.

Күні: 1.04.2014

Сабақтың тақырыбы: Бала Абай мен Барлас ақын. М. Әуезов.

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды ұлы ақын Абайдың бала шағымен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту.

2.Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.

3.Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап.

</ Көрнекілік: суреттер.

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

ІҮ. Қорытындылау, бағалау.

Ү. Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасын тексеру: М.Әуезов.Бала Абай (мазмұндау)

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.



Абай кім?

ұлы ақын

жазушы аудармашы









білімге шақырды философ, лирик



Бүктемемен таныстыру.

Жаңа сабақ.

Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру



Оқулықпен жұмыс.

1-сабақ. Әңгімені оқып шығу.

2-сабақ. Бөлімдерге бөліп, ат қою, түсінік айту.



Әңгімені мәнерлеп оқушыларға оқыту.

- Мәнерлеп оқып беру.

- Мазмұнын түсіндіру.

- Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.



Сөздікпен жұмыс. Оқушылар түртіп алу жүйесі бойынша қолдарына қалам алып өздері үшін түсініксіз сөздердің астын белгілеп отырады.

Сол сөздердің мәнін ашу, түсіндіру, дәптерге жазу.

Оқушыларға тізбектей оқыту, мазмұнын сұрау.



Сергіту сәті.



Сұрақтар мен тапсырмалар:

-Оларға қандай қонақ келді?

-Барлас ақын Абайға неге ұнады?

-Ақын қандай жырды жырлады?

-Жыр Абайға қалай әсер етті?

-Барлас ақын Абайдың зеректігін қалай бағалады?



Шырағым, ер жетерсің,

Ер жетсең, сірә, не етерсің?

Алысқа шырқап кетерсің,

Шындасаң шыңға жетерсің, - деп Барлас ақын бала Абайдың бойындағы мол дарын-қасиетті сол кезде-ақ байқаған болатын.



Мәтінді бөліктерге бөлу, ат қою.

Мәтіннен Абайдың сыртқы түрін сипаттайтын жерді тауып оқы.

Бала Абайға мінездеме бер.













Мәтіндегі нақыл сөздерді тауып, дәптерге жаз.



Мақал.

Өнер - ағып жатқан бұлақ,

Ілім - жанып тұрған шырақ.



Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Үйге тапсырма: Абай туралы мәлімет. Әңгіме бөлімдері бойынша түсінік айтуға дайындалу.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.













 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал