7


  • Учителю
  • Разработка Праздника Нового года '2016жылғы «Жаңа жыл» сценариі'

Разработка Праздника Нового года '2016жылғы «Жаңа жыл» сценариі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

2016жылғы «Жаңа жыл» сценариі

Безендірілген зал.

Қонақтар жайғасып отырады.

/Музыкамен залға Хан уәзірлерімен кіреді. Хан келіп таққа отырады, екі уәзірі екі жағында./

Хан-С.Е: - Уа, менің уәзірлерім, мынау не деген тыныштық? Жаңа жыл болса келіп қалды, бұл тойға менің Бекзадам қатысады. Қане, барлық халықты тойға шақырыңдар!

1.Уәзір-Амина: - Құп болады, хан ием!

Уа, халайық, бәріңді хан ием жаңа жыл кешіне шақырады, келіңіздер!

2-Уәзір-Әділ: - Бұл тойға ханның Бекзадасы қатысады, ең әдемі, сұлу қыздар мен балаларды хан сарайына шақырамын.

(осы кезде музыка ойналып, екі-екіден қол ұстасқан қыз бен ұл төрге келіп хан алдына бас иіп, кезек - кезек екі жаққа бөлінеді. Түгел тұрып болған кезде (вальс билейді)

Жүргізуші-М.Е: - Армысыздар, құрметті қонақтар, ата - аналар, және Сарыкөл орта мектебінің оқушы балғындары! Сіздерді 2016-шы жаңа жылдарыңызбен құттықтаймыз! Жаңа жыл құтты болсын, денсаулықтарың мықты болсын! Олай болса, Хан мен Бекзаданың шақыруы бойынша, хан сарайындағы жаңа жылдық тойымызды бастаймыз!

Жүргізуші: - Балалар, Аяз ата келгенше ән айтайық6би билейік Біздің дауысымызды естіп өзі де келіп қалар. Ортада биылғы жылдың 4сынып жас бишісі Индираны ортаға шақырайық.

1. Жүргізуші: -Индира мың бұралған биіңді Аяз ата естіген болуы керек, тыңдаңдаршы, ненің жаусы, қоңыраудың даусы ғой, есік жақта ешкім көрінбей ме?

Хан-С.Е: - Балалар, өнерлерің керемет екен, Осыны Аяз атаға көрсетейік. Уәзірлерім, Аяз-атаны алып келіңдер!

Қоңыраудың дауысы, Аяз-ата келеді.

Аяз-ата мен Ақшақар кіреді:

Аяз ата-Ж.С:Армысыздар, ата-Аналар, балалар, қонақтар! Жаңа жыл құтты болсын!

Ақшақар-Анар: Дауыстарыңды естіп, сендерді сағынып, алыс-алыс орманнан, биік биік таулардан, сендерді көрейін деп келіп тұрмыз, сыйлығымыз да бар. Би: Қазіргі би-3сынып оқушыларының орындауында тамашалаңыздар. Аяз-ата: - Не деген өнерлісіңдер. Мен бір дыбыс естіп тұрмын, қайдан шығып жатыр?Ақшақар сен естимісің (Аяз-ата шыршаны аралап жүріп шырша түбінде күріштің күрмегін тазалап, ыңылдап ән айтып отырған қызды көреді).

Аяз-ата: - Сен кімсің? Не деген сүйкімді қыз едің, сен неге көңілсізсің? Жаңа жыл кешіне неге қатыспадың?

Сүйкімді қыз- Нурикамал: - Аяз-ата, мен қайдан барайын? Маған өгей шешем көп жұмыс берді. Күріштің күрмегін тазарту керек, үй жинау керек, от жағамын. Өгей шешем қыздарын алып тойға кетті.

Аяз-ата: - Олай болса, мен саған көмектесемін. Мен сиқырлы таяғыммен жерді үш рет ұрсам, құстарым жетіп келеді. (құстар келеді)

Құстар-Айсанат,Айда,: - Шиқ-шиқ, бізден қандай көмек керек?

Аяз-ата: - Сүйкімді қызға көмектесіңдер. Күріштің күрмегін теріп, үй жинаңдар.

Құстар: - Жарайды-жарайды. Сүйкімді қыз, сен кете бер.

Сүйкімді қыз: - Ата, мен қалай барамын? Әдемі көйлегім жоқ қой.

Аяз-ата: - Мен мына жаңғақты домалатып жіберем, тоқтаған жеріне барса, әдемі көйлек береді. (қыз әдемі көйлекті киіп шығады).

Сүйкімді қыз: - Аяз-ата, құстар, сіздерге көп рахмет. Мен кеттім.

Құстар: - Шиқ-шиқ, сағат 12де тез қайт. Әйтпесе, таң атып кетеді.

Жүргізуші: - Қандай тамаша қыз. Тойға жақсы келдің, қандай өнерің бар? Қане, көрсетші.

Сүйкімді қыз:

Жаңа жыл, жақсы келдің, жаңа жырым,

Жақсылық пен шаттықтың төктің нұрын.

Кел, Жаңа жыл, төріме төрлет, кәне,

Сағынып, көптен аңсап күттік сені.

(Музыкамен «Жаңа жыл-2016» кіреді)

Жаңа жыл- Жандос : Армысыңдар мені асыға күткен бөбектерім,

Бармысыңдар ата-ана,ұстаз көп өткелім.

Менің жылым маймыл жылы құт-береке әкелсін

Тілегімді көп етпегін.

Ескі Қой жылы-К.Қ: Ал, жаңа жыл аттаған қадамың құтты болсын көп жақсылық әкел.Сау болыңдар балалар, келесі жүздескенше!./кетеді/

Ж-ші: Амин.Кел, жаңа жыл бізбен бірге шеңберге тұрып ән шырқа.

Хоровод: «Шыршаға бардық»әні шырқалады.

Хоровод: «Келді міне жаңа жыл»әні.

Құстар: - Шиқ-шиқ, сүйкімді қыз, таң атып қалды, тез қайт!

(Қыз асығып жүгіріп жүріп аяқ киімін шешіп кетеді. Қыз жүгіріп кетіп қалады, Бекзада шығып, Аяз-атаға кездеседі)

Аяз-ата: - Бекзадам, неге көңілсізсің?

Бекзада- Г.С-англ: - Аяз-ата, жаңа билеген қыздардың ішінен әдемі, сүйкімді қыз көрдім. Би аяқталған кезде тез кетіп қалды, мен таба алмай қалдым, аяқ киімі түсіп қалды. Атын да білмеймін. (Отырған қыздардың аяғына Аяз-ата екеуі кигізеді, іздейді)

Өгей шеше-М.К.: - Мүмкін менің қыздарымдікі болар. Қап, аяқтарының үлкендігін көрмейсің бе? Мынаған да сыймайды.

Шал- : - Мүмкін менің қызымдікі болар?

Өгей шеше- С.А: - Әй, шал, сен не деп тұрсың? Сенде қыз жоқ қой!

Бекзада: Әкей қызыңызды әкеліңізші өтінемін.

( Ақшақар мен шал қызды тауып әкеледі аяқ киім дәл болады)

Жүргізуші: - Аяз-ата, біздің балалар сізге арнап ойын және тақпақтар дайындап әкелді. Ата әуелі ойын ойнайық,кейін тақпақ тыңдайсыз келістік пе?.

Ойын: "Ақ қаланы тез жасау"-ата-аналарымен бірге.

Тақпақтар:Балалардың дайындаған тақпақтары айтылады.

Аяз-ата: Бәрекелді - балалар, сендер мені шынымен қуантып тастадыңдар.Енді мен кетейін басқа мектептің де балаларының жаңа жыл кешіне жетейін.Сау болыңдар балалар.

Балалар: Сау болыңыздар.

«Аяз ата-Ақшақар» атты жаңа жылдық мерекелік байқау кеші өтті



28.12.2012 ж күні гимназия қабырғасында 8 сыныптар арасында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен өткізілген жаңа жылдық мерекелік байқау кеші өтті.



Байқаудың мақсаты: оқушылардың қабілеттіліктерін ояту арқылы бойындағы талабы мен талантылығын арттыра отырып, шығармашылығын шыңдау, қоғамдық жұмыстарға белсене қатыстыру, руханилыққа тәрбиелеу арқылы, өнері мен өрісін дамыту.



Байқау кеші жалпы «Кел, Жаңа жыл» атты вальс биімен ашылды. Ортаға мерекенің сәні Аязата мен Ақшақар шақырылып, жасыл шырша шамы жандырылды. Жаңа жыл мерекесімен құттықтай келе жаңа жылға арналған тілектер мен өлең шумақтар оқылды. «Жас Ұландықтар» биі флеш-моп билетіліп, жасыл шыршаға арналаған әндер шырқалды.



Жалпы 8 сыныптардан 4 сынып қатысты.



Олар: 8 «А» сыныбы «Жалын» тобы, 8 «ә» сыныбы «Фреш» тобы, 8 «В» сыныбы «Қызықты Жаңа жыл» тобы, 8 «Г» сыныбы «Ғажайыптар» тобы.



1 кезең: «Аяз ата- ақша қар» таныстыру кезеңі. Бұл кезең бойынша



Аяз ата мен Ақшақар ортаға шығып өздерін және топтарын таныстырады. Таныстыру түрі өз еркі (өлең шумақ, ән, көрініс, би билеу және т.б немесе барлығын біріктіру). Бұл кезең бойынша тек ортаға Аяз ата мен Ақшақар шыға алады. Таныстыру 3 минутан аспау керек.



2. кезең «Келді міне, жаңа жыл!» кезеңі бойынша көрініс көрсетіледі. Мұнда жаңа жылға байланысты көрініс көрсетілуі қажет. 5-6 адам , яғни топтағы барлық оқушылар қатыса алады. 5 минуттан аспау керек.



3. кезең «Шаттанып бір ойнайық» кезеңі. Залдағы көрермендермен ойын жүргізу керек. Ойынды жүргізуге топтың барлығы немесе Аяз ата мен Ақшақар шыға алады. Ойынды жүргізгенде барлық зал қамтылады немесе бірнеше көрермендермен жүргізіледі. Ойынның уақыты 3-4 минут. Ойының бір (1) түрін ала аласыздар. Ойын түрін таңдау өз еріктеріңіз.



Аталған барлық кезеңдер бойынша топтар өз өнерлерін ортаға салды.



8 «А» сыныбы «Жалын» тобы таныстыру кезеңі бойынша топтарын таныстырып, қыс туралы және адасқан ақшақар жайлы көрініс көрсетті. Ойын барысында жұптастырып би билетіп, әндер шырқатты.



8 «Ә» сыныбы «Фреш» тобы өлең шумақтармен және ән салып топтарын таныстырып, жаңа жыл кейіпкерлерімен қыс қызығы туралы көрініс көрсетті. Ойыншықтармен ойындар ойнатты.



8 «В» сыныбы «Қызықты Жаңа жыл» тобы Аязата мен Ақшақар ортаға шығып өлең жолдарымен топтарын таныстырып, үлкен шеңбер құрып би билетіп, сыйқырлы таяқтармен ойындар ойнатып, қыс бейнесі және ақшақарлар биі туралы көрініс көрсетті.



8 «Г» сыныбы «Ғажайыптар» тобы топты ән шырқап топтарын таныстырса, «Күлшеқыз» тақырыбында көрініс көрсетіп, шарларды жару арқылы «Талапты орында» атты тақырыптағы ойын ойнатты.



Қазылар алқасының шығарған шешімі бойынша топтар



8 «А» сыныбы «Жалын» тобы 56 ұпаймен белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталса, 8 «Ә» сыныбы «Фреш» тобы 58 ұпаймен ІІІ орынды иеленді, 8 «В» сыныбы «Қызықты Жаңа жыл» тобы 71 ұпаймен ІІ орынды иеленді, ал 8 «Г» сыныбы «Ғажайыптар» тобы 83 ұпаймен І орынды иеленді.



Барлық топтар дипломдармен марапатталды. Байқау соңы кешке ұласып, бимен жалғ Әділет:



Қанша заман өткенімен,



Ескірмейді асыл шырша.



Алатаудың көктемімен,



Доссың ғой сен,жасыл шырша.



Нурия:



Өзгермейсің қыс келсе де,



Бояуыңды оңдырмайсың.



Аяз шымшып тістесе де,



Жапырағыңды тоңдырмайсың.



Аянат:



Жасыл желек жамылған,



Алыс моншақ тағылған.



Міне сұлу шыршамыз,



Көптен күтіп сағынған.

Жүргізуші:



асын тапты.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал