7


  • Учителю
  • (қазақ тілі пәнінен ашық сабақ) 'Зат есім'

(қазақ тілі пәнінен ашық сабақ) 'Зат есім'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: С.Сейфуллин. «Ақсақ киік» өлеңі Сабақтың мақсаты: Білімділік: ақын жайлы білетін мәліметтерді еске түсіру, өлеңнің тақырыбы мен мазмұнын ашу; Дамытушылық: шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілетінің дамуына, тіл байлығының артуына ықпал жасау;Тәр
предварительный просмотр материала


Зат есім

(қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары)


Сабақтың тақырыбы: Зат есім
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Зат есім туралы кең ауқымды түсінік беру.Зат есім туралы білімдерін кеңейту.
2. Дамытушылығы: ақыл - ойын, логикалық ойлау жүйесін дамытуды көздеп, арнайы жаттығулар жүргізу. Сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік мәні: Сауаттылыққа, көркем жазуға, ұстамдылыққа, жылдам ойлауға, әдемі сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс - тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ - жауап
Көрнекілік: суреттер, дидактикалық материалдар жинағы
Пәнаралық байланыс: Ана тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Ой қозғау.
Қане, балалар, сабаққа көңіл аударайық:
- Суретпен жұмыс. Сөз таптары туралы берілген білімді еске түсіру.
- Сөз таптарын атау, тиянақтау.
- Зат есім,сын есім, сан есім, етістік.
- Сөз табу, сөзді қатыстырып сөйлем құрап айтады. (әр сөз табына)
- Мынау алма. Алма тәтті, қызыл. Ағашта бес алма өсіп тұр.
ІІІ. Жаңа сабақ
1) Сөзжұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын табу.
Зат есім.

1. Сенің ұлтың.

2. Қазақтың ұлы ақыны

3.Сен тұратын қала.

4. Сен білім алып отырған орын.

5. Еліміздің бас қаласы.

6.Мектеп - кеме, ... - теңіз.

7.Саған білім беретін адам.








Зат есім туралы ережені өздерімен бірге айтып түсіндіріп өтемін.
2) Ой ашар.
Ол кім? Бұл не? ойыны.
- Жекелеген заттардың суреті арқылы оларға Кім? Не? сұрақтарының қойылатынын білдіру. Сұрақтардың қойылатынын өздеріне тұжырымдатып, көздерін жеткізу, ереже шығару. Жалпы, жалқы есім жайлы айтқызу.
- Мысалы:
- Тақтадағы домбыра, кітап, бор, дәптер, әже мұғалім дәрігер т. б. суреттерге сұрақтар қойып өздері тұжырымдап, көздерін жеткізіп ереже шығарад

3) «Кел, жұмбақ шешейік. »

Бірнеше жұмбақтар шешкізіп, олардың жауаптарын беретін сөздерге тиісті сұрақтар қойғызу.

Мысалы: Қабат - қабат қаттама.
Ақылың болса аттама. (Кітап)
Жіп - жіңішке денесі,
Ортасында инесі (Қалам)
Кітап, қалам сөздеріне сұрақ қойғызып, оларды қатыстырып сөйлемдер құрату.
4) Оқулықпен жұмыс.
1 - жаттығу. Ауызша орындалады. «Сылтаушыл» ертегісін оқытып, зат есімдерді табу, оларға сұрақ қою, тәуелденген зат есімдерді теріп жазу.
5) Дәптермен жұмыс. 2- жаттығу.Сөздерді жалқы және жалпы есімге бөліп жаз,жазылу себебін түсіндіру

Жалқы есімдер: Жайық, Бішкек, Тайбурыл, Құтжол.

Жалпы есімдер: жаңбыр, биші, өлке, бала, оқушы.

6) Сергіту сәті. «Поэзия минуты»
Тіл туралы тақпақтар айту.Тіл туралы мақал- мәтелдер айтылады.

3 - жаттығу. Жұмбақты шешіп,тәуелдеулі зат есімдерді тауып, түбір сөздің соңғы дыбысының өзгеру себебін түсіндір.

Екі желім -

Күйдің көрігі, Әннің көлігі. (домбыра)

7) Тақтамен жұмыс.4- жаттығу, берілген сөздерден зат есім құрап жазу.

Ұш-ұшқыш, біл-білгіш, адал-адалдық, биік- биіктік,...

  • Бұлар қандай зат есімдер? Неліктен?

8) 5 - жаттығу. Ребус шешу. Шешуі: «Адал достық алтыннан да қымбат»

Мақалдың не туралы екенін өз сөздерімен әңгімелету

ІY. Сабақты бекіту. Сурет бойынша әңгімелету.
Y. Үйге тапсырма: Зат есім туралы ережелерді қайталау, 6- жаттығу,89 -бет.

YІ. Бағалау. Қорытынды.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал