7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу

Сабақ жоспары Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Алгебра 7-сынып. Сабақты орта мерзімді жоспарлау кестесі

Жалпы мақсаты: Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу әдістерін меңгерту, сабақта өздерін еркін сезіну, бағалау критерийлері бойынша бағалай алуға үйрету,топтық жұмысқа белсенді қатысу,нені және қалай оқу керектігін ұғыну, дарынды талантты оқушылармен жұмыс жасау, мақсат пен күтілетін нәтижеге сәйкес қалыптастырушы және жиынтық бағалау әдістерін тиімді жүзеге асыру арқылы сыни тұрғыда ойлай білу, логикалық ойлауын дамыту, АКТ ақпаратын тиімді қолдана білу, сыни тұрғыда ойлана білу қабілеттерін дамыту.Оқу нәтижелері



Белсенді жұмыс түрлері(топтық жұмыс,жоба жұмысы,зерттеу жұмысы)

Негізгі ресурстар

1

21.11

2016

Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу.

Мақсаты: Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу ұғымымен танысады.

Міндеті: Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу үшін ортақ көбейткішті жақшаның сыртына шығару тәсілін қолдану.



Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін «мен қандаймын» жаттығуын жүргізеді.

Оқушыларға сұрақтар қою арқылы өтілетін жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға ұмтылады.

Оқушылар сабақтың мақсаты мен тақырыпты ұғынып,уақыт шеңбері әдісі бойынша жаңа сабақты топпен талқылайды.Оқу барысында талқылауға топ түгелдей қатысады.уақытты үнемдеу барысында бір-бірін жалғастырады.

Ой сергіту «аялдама» бойынша жұмыс жүргізеді.

Оқушылар стикердегі логикалық сұрақтардың жауабын таба отырып үш топқа бөлінеді. «стикермен диалог» әдісі бойынша стикердегі есептерді жұбымен,тобымен шығарып талдайды.

Оқулықпен жұмыс: Ортақ көбейткішті жақшаның сыртына шығару арқылы көпмүшені көбейткішке жіктеу үшін қолданылатын алгоритм:

1.Ортақ көбейткішті табу;

2. Ортақ көбейткішті жақшаның сыртына шығару.

</ Мысал. 24ав+18ав-30ав = 6ав(4в+3а-5).

7).Есептер шығару.

I. №133(1;3;5)

II.№134(2;4;6)

III.№134(7;8;9)

5.Алғашқы ойларын анықтау

Оқулықтағы 2-3 мысалдарды оқып әуелі жұппен,кейін топпен ортада талқылайды.

8). Ой толғаныс: «Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу» дегенді қалай түсіндіңдер?

9). Бағалау.Кері байланыс арқылы.

10) Үйге:№136

Әр оқушы өздігінен тақырыпты оқып, мазмұнын аша алады.





Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу үшін ортақ көбейткішті жақшаның сыртына шығару тәсілін қолданады.

Тақырып мазмұны толық ашылды.



Оқушылар өз ойларын еркін жеткізе білді.







Оқушылардың арасында өзара ынтымастық орнады.

Бағалау барысында әр топтың мүшелері өз пікірлерін айтуға мүмкіндік алады.

1. Оқушылар үш топқа бөлу.

2.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру



Топта жекелеген тапсырмалары орындату,

ортақ шешім шығару.

Ой шақыру:

Ортақ көбейткішті жақшаның сыртына шығару арқылы көпмүшені көбейткішке жіктеудің дұрыс болатынын тексеру үшін жақшаның ішіндегі көпмүшені ортақ көбейткішке көбейту керек.Неге?

(Жұппен,топпен ортада талқылау.)

Оқулықтағы 1-мысал.













Кеспелер 1,2,3,4.























Оқулықтағы 2-3 мысалдар

2

23.11

2016

















































2-сабақ.

Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу.

Мақсаты: Оқушылардың топтау тәсілімен көпмүшені көбейткіштерге жіктей білу қабілеттерін дамыту.



Міндеті: Көпмүшені топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеу әдісін мысалдар арқылы түсіндіру.



Оқушылардың жұппен еркін жұмыс жасауларына қолайлы орта туғызу.





Үй жұмысын тексеру.

Есеп шешімінің дұрыстығы

Ереже айту

Ауызша есептеулер жүргізу.

- Қандайда бір заңдылықты пайдаланып өрнектің мәнін табыңдар: 65 ∙ 35 + 352

7,49 ∙ 2,5 + 2, 5 ∙ 2,51;

0,2 ∙ 7 + 0,8 ∙ 7 . 3.

- Дәреже түрінде көрсетіңдер:

х5 ∙ х2; a ∙ a2; - 26 ∙ (- 86); 4a2 ∙ (-8a3).

- Көбейтудің үлестірімлік заңын пайдаланып, теңбе-тең өрнекке түрлендір: (5х + 2) ∙ 7; 8 ∙ (х + 3); 12(10 - 3b).

3) Жаңа сабақ. Мысал: 7m+np+7n+mp көпмүшесін көбейткіштерге жіктейік.

Бұл көпмүшені барлық қосылғыштарының ортақ көбейткіштерін жақша сыртына шығару арқылы көбейткіштерге жіктеу мүмкін емес, себебі бұл қосылғыштардың барлығына ортақ көбейткіш жоқ. Мұндай жағдайда, көпмүшенің ортақ көбейткіштері бар мүшелерін топтаймыз.

Мысалы: 7m+np+7n+mp көпмүшесін (7m + 7n) + (np +mp) деп топтап, әрбір топтағы ортақ көбейткіштерді жақша сыртына шығарамыз: (7m +7n) + (np + mp) = 7 (m+n) + p(n+m) = (m+n)*(7+p).

4) Топтастыру: Сынып журналындағы тізім бойынша жұп және тақ нөмірлі болып оқушылар топтасады

5) Оулықпен жұмыс.

1- топ: Екі-екіден топтау арқылы жұмыс жасайды:

ax+bx-ay-by+az+bz=( ax+bx) - (ay+by) + (az+bz) = x(a+b) - y(a+b) + z(a+b) = (a+b)*(x-y+z).

2 -топ: Үш мүшеден топтау арқылы жұмыс жасайды:

(ax+az-ay) + (bx+bz-by) = a(x+z-y) + b(x+z-y)= (x+z-y)*(a+b)

6)Ой толғаныс кезеңі: «Егер көпмүшенің барлық мүшелерінің ортақ көбейткіші болмаса, онда көпмүшені көбейткіштерге жіктеуге бола ма?»

Үйге:№ 139

Сабақты пысықтау және бағалау.



Күтілетін нәтиже:

-Жылдам есептеуге үйренеді.

-Жұбымен жұмыс жасай біледі,топта бірлесе жұмыс жасай алады, бірін-бірі үйретуге машықтанады, әртүрлі көзқарастарды салыстырады ,басқа оқушылардың пікірлерін құрметтейді,бағалауды үйренеді

-топтау тәсілімен көпмүшені көбейткіштерге жіктеуге үйренеді;

-сонда топтау тәсілі арқылы көпмүшелерді көбейткіштерге жіктегенде:

-ортақ көбейткіштері бар мүшелерін топтау керектігін;

-ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару керек екенін біледі.

Әр топ 1 есепті әртүрлі әдіспен топтау арқылы есеп шығарады,

сұрақ қоя отырып есеп шешімін талдайды.

-Топтау тәсілін қолдануды біледі

Жұптасып-ойлан-бөліс

Идеялар мен ойларды дамытудың құрылымдық әдісі оқушылар ойланып әрқайсысы жеке жауап жазады, жұптарға бөлініп ең үздік деген тапсырмаларды біріктіреді. оқушылар өздерінің жаңа жақсартылған жауаптарымен сыныппен бөліседі.



Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Топтар жұмыстарын қорғайды, дәлелдейді, қорытындылайды









Бағалау критерийлерін жазып, тақтаға іліп қояды.





































































«Бармақ» арқылы бағалау



3

24.11

2016



3- сабақ



Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу.







Мақсаты: Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу тәлдерін қолданып, есеп шығару дағдысын қалыптастыру



Міндеті

Білік, дағдыларын жетілдіру өз бетімен ойлау қабілетін дамыту.

1.Психологиялық ахуал: бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіріп, әр оқушының жақсы қасиеттерін айту арқылы сыныпта оқушылар арасында еркіндік атмосферасын орнату.

2.Үй жұмысын тексеру.

- Есеп шешімінің дұрыстығын анықтау.

3. Мысал: Кейбір алгебралық өрнектерді ықшамдауда ортақ көпмүшені жақша сыртына шығарғанда, екімүшесін жақша сыртына шығаруға болады:

m(5a-2b)+n2(5a-2b)-p2(5a-2b) = (5a-2b) *(m+n2-p2).

4.Өз беттерімен орындау.

1-топ.

1) Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығар:

а) 12а-24в; б) 5mn2 - 4np

а) 2х6у4 - 6х4у2+8х2у

б) 11а(2а+в)+6(в+2а)

2) Теңдеуді шеш: 2х2+3х=0

2-топ

1) Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығар:

а) 9х2у3+99х4у3-999х3у

б) 4(p-q) - a (q-p)

в) 10ab+5b-30bc

г) 9а3в2 + 21а2в3

2) Теңдеуді шеш: 3х2+10х=0

4.Ой толғаныс.

5.Бағалау.

6.Үйге: № 143(1-4)















Күтілетін нәтиже:

Сыныпта психологиялық ахуал орнайды.

Өздігінен жұмыс жасай алады.

Ең жақсы деп танылған жұмыс анықтай алады.

ортаға салып,талдау жүргізе алады.

Қатемен жұмыс жасай алады.

Өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады.





















Есеп шығаруға уақыт беріледі. Уақыт аяқталғаннан кейін өз жазбаларымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмыс анықталып ортаға салынады.

Мысалдар, кеспелер





































«екі

жұлдыз,бір ұсыныс» арқылы бағалау

4

28.11

2016

4- сабақ

Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу.

Мақсаты:

Оқушылардың білімдерін жүйелеу, тереңдету, көпмүшені көбейткіштерге жіктей білу дағдыларын қалыптастыру. Жаңа қосымша мүшелер енгізу арқылы көпмүшені көбейткіштерге жіктеу.

Өз бетімен ойлау қабілетін дамыту.

Міндеті:

Оқушылардың көпмүшені көбейткіштерге жіктеуге деген ықылас, зейіндерін дамыту.

Шаттық шеңберінде «менің бүгінгі сабаққа келгендегі көңіл-күйім,сабаққа дайындығым» тренингін өткізеді.

«Ойланайық бір мезет

Абайлайық қарайық

Бірімізге біріміз

Күннің нұрын сыйлайық» Көңіл күйлерін көрсету.

2)Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.

3)Үй тапсырмасын тексеру.

Есеп шешімін талдау.

1 топ. Ауызша есептер шығарады.

2 топ.Мысалдар құрастырады.

Көпмүшені топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеу әдісіне.

3 топ. Мысалдар арқылы ортақ көбейткішті жақшаның сыртына шығару тәсілін түсіндіреді.

Жаңа сабақ. Жаңа қосымша мүшелер енгізу тәсілі.

Бұл тәсілдің негізгі мақсаты - берілген көпмүшені мүшелер саны артық басқа көпмүшемен алмастыру. Мұндай алмастыру шыққан көпмүшеге топтау тәсілін қолдану ішін жасалады.

Мысалы: а)а2+9а+20=а2+4а+5а+20=(а2+4а)+(5а+20)=а(а+4)+5(а+4)=(а+4)(а+5)

б) а2-5ав+6в22-2ав-3ав+6в2=(а2-2ав)-(3ав-6в2)=а(а-2в)-3в(а-2в)=(а-2в)(а-3в)

в) Әр топқа есеп беріледі.

Есепті «ротация» әдісі бойынша келесі топтар түсті қалам арқылы жалғастырып аяқтайды.

Оқулықпен жұмыс.№146, №147, 149.

1-ші есептері тақтада шығарылады.

2;3;4 есептерін әр топ жеке-жеке шығарады.

Үйге: №1-20(тест тапсырмалары 60-бет)

Сабақты бағалау және қорытындылау.

Оқушылар тақырып бойынша білімдерін өзектендіреді, өзін-өзі реттейді, қабілеттеріне қарай өздерін дамыта алады.

Күтілетін нәтиже:

Жұбымен жұмыс жасай біледі,топта бірлесе жұмыс жасай алады,бірін-бірі үйретуге машықтанады, әртүрлі көзқарастарды салыстырады ,басқа оқушылардың пікірлерін құрметтейді,бағалауды үйренеді

Есте сақтау қабілеті жоғары талантты және дарынды оқушылар дараланады.

Мұғалім мен оқушы арасындағы сенімділік қалыптасып барлық бала сабаққа қызығушылықпен қатысады.



Ынтамақтаса жұмыс жасауға қызығушылықтары басым болады.



Топпен жұмыс жасағанда өзара қарым-қатынасқа түседі.

Есептерді әңгімелесу арқылы талдау,сыни ойлауға үйренеді.



Дарынды оқушылар бір-біріне көмектесіп отырады.



Біліммен өзгергендігін сезеді

Оқушылардың сабаққа ынтасын байқау,еркін жұмыс жүргізеді,

оқудағы кедергілерді жояды



Кеспелер













































Бағалау негізінде

оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып ,

«екі жұлдыз, бір ұсыныс» бойынша бағалау



Шаймерденова С.Б.

№3 Красный Яр көпсалалы

орта мектеп-гимназиясының

математика пәні мұғалімі



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал