7


  • Учителю
  • Геометрия Фалес және Фалес зерттеулері

Геометрия Фалес және Фалес зерттеулері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№ 12 сабақМҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ



Тақырыбы: Фалес және Фалес зерттеулері.

Мақсат:



Жаңа білім

Фалестің кім екендігін бейнелеп айтады. Фалес геометриядан басқа қандай ғылымдарды зерттегендігін атап шығады. Геометриялық фактілерді және оның маңызын қайта есіне түсіреді.

Жаңа түсінік

Фалестің геометрияны қандай салаларда қолданғанын мысал келтіреді. Ғылымның қаражат көзіне әсер ететіндігін түйіндейді. Фалестің астрономияға қосқан үлесінен мысал келтіреді. Геометриялық ашуларындағы үшбұрыштың теңдігі жайлы фактіні парафразалайды.



Қолданым әрекеті

Фалестің таң қалдырған ашуларының ішіндегі геометрияға қатыстысын табу үшін геометрия туралы білімін қолданады. Шеңберлер туралы білімін қолданып, тікбұрышты үшбұрышты шеңберге іштей қалай сызу керек екендігін болжайды.

Талдау әрекеті

Фалестің ашуларынан біреуін талдайды. Ешнәрсені қолданбай, оны дәлелдеу қандай екендігіне қорытынды шығарады.

Шығармашылық әрекет

Астрономия ғылымы мен геометрия ғылымының арасындағы байланысын анықтайды.



Бағамдау әрекеті

Фалестің өмірінің кейбір бөліктерінің түсіндірмесін береді. Оның ашуларына сыни талдау жасайды.Оның әртүрлі ғылымдағы ашуларын саралап, сипаттайды.

Сабақ құрылымы:



І. Ақпарат алмасу (14 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (4 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (16 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (8 мин.).

V. Бағамдау - бағалау (3 мин.).

Сабақ типі: фронтальді, топтық

Оқыту әдісі: репродуктивті, ішінара ізденушілік.

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі: Оқушыға жол сілтеу, оқушының индивидуалдық қасиеттерін дамыту

Негізгі ұғымдар мен терминдер:

Фалес, Фалес теоремасы, астрономия, милет мектебі, вертикаль бұрыштар, Хеопс пирамида, шеңбер, тікбұрышты үшбұрыш, абыз, күн тұтылуы.

Оқушыда дағды қалыптастыру:



Тақырып бойынша әртүрлі ерекше сұрақтарға жауап беру, белгілеген мақсатқа қол жеткізу, өзін-өзі дамыту, топпен жұмыс істеу және топ жұмысының нәтижесін көру, өз ойын сынып алдында қорғай білу, өзгелердің жауабын көңіл бөліп оларды талдау.

Ақпарат көздері:

  1. Қайдасов, Ж., Хабарова, Г., Абдиева, А. Геометрия 8 сынып оқулығы. Алматы «Мектеп» 2012.

  2. Фалес. Онлайн сурет. www.geniusrevive.com/ru</</span>

Үй тапсырмасы:Өзің ұнатқан ғалымның геометриядағы ашулары туралы мағлұмат білу және ашқан теоремалары болса дәлелдеп көрсет.



САБАҚ БЛОКТАРЫ ○



Тақырып жоспары:

1.Фалес туралы маңызды мәлімет

2. Фалестің өмірбаянына шолу.

3. Фалестің іскерлігі

4. Астрономия ғылымына қосқан үлесі

5. Геометрия ғылымына қосқан үлесі

6.Фалестің таң қалдырған ашулары



Слайдтар:4 - слайд Фалес (б.з.д 640/624 - 548/545жж)

  • Милет қаласынан шыққан ежелгі грек философ, математигі. Иондық философияның өкілі және Еуропа ғылымы бастау алатын милет мектебінің негізін салушы, Грецияның жеті данасының бірі.Геометрия Фалес және Фалес зерттеулері



5 - слайд Өмірбаяны

  • Б.з.д V ғасырдан бастап Фалесті дана, ғұлама деп есептеген.

    Көзі тірісінің өзінде Фалеске "философия атасы " деген атақ берген.

  • Фалес саудагерлікпен айналысқандықтан көп саяхаттаған. Кей жылдары Египетте, Фива және Мемфисте тұрған. Онда абыздардан сабақ алып, су тасқынының болу себептерін зерттеген, пирамида биіктігін өлшеуді көрсеткен. Нақ Фалес геометрияны гректерге алып келген деп есептелінеді



6 - слайд Іскерлігі

  • Лидия королі Крез қол астында әскери инженер қызметінде жүріп, әскердің өзеннен өтуі үшін Милет қаласының тұсынан су қоймасын және су каналын салдырған.

  • Фалес Милет қаласында ұзақтықты анықтайтын құрылғы құрастырған. Бұл құрылғы арқылы теңізде жүріп кемеден жағалауға дейінгі ара қашықтықты есептеген.Геометрия Фалес және Фалес зерттеулері

  • Замандастары Фалестің жағдайы жоқтығы оның философиясының қажетсіздігін көрсетеді деген. Бірақ сол жылы жұлдыздарды бақылау арқылы зәйтүннің көп өнім беретінін түсінген Фалес, қомақты кіріске кенелген. Осылайша, Фалес, философияның маңызын көрсеткен.



7- слайд Астрономия ғылымына қосқан үлесі

  • Фалес алғашқы болып ай мен күннің бұрыштық өлшемін тапқан және айдың шамасы өз жолының 1/720 бөлігін құрайтынын көрсеткен.

    Ол шағылысқан сәуленің түсуінен ай жарқырайды деп тұжырымдады.

    Ай мен күннің тұтылуына бірінші болып анықтама берді.Геометрия Фалес және Фалес зерттеулері

  • Фалес египеттік нұсқадағы 365 күндік (12 ай) күнтізбе енгізді.

    Нақ Фалес гректерге жеті қарақшыны жол көрсететін құрал ретінде көрсеткен деп есептелінеді.

  • Фалес глобус ойлап шығарған деп тұжырымдалады. Бұрыштарды санау

    арқылы Фалес аспан денелерінің қозғалысын қарастыратын "математикалық әдіс" ойлап тапқан.

8 - слайд Геометрия ғылымына қосқан үлесі

Фалес :Фалес теоремасын

  • Вертикаль бұрыштар теңдігін

  • Бір қабырғасы және оған іргелес жатқан бұрыштары тең болса, екі үшбұрыштың өзара теңдігін

  • Тең бүйірлі үшбұрыштың табан бұрыштарының теңдігін

  • Диаметр шеңберді дал ортасынан бөлетінін

  • Жарты шеңберге іштей сызылған бұрыштың әрқашанда тік

болатынын дәлелдеген.



9 - слайд Фалестің таң қалдырған ашулары

  • Фалес б.з.д. 585 жылы күн тұтылуын болжаған және сол күннен бастап есімі халыққа кеңінен тарады.

  • Ол алғашқы болып тікбұрышты үшбұрышты шеңберге іштей сызды.Геометрия Фалес және Фалес зерттеулері

  • Үшбұрыштар ұқсастығын қолдану арқылы жағадан кемеге дейінгі қашықтықты есептеді.

  • Египетте Хеопс пирамидасының биіктігін дәл тауып, Абыздарды таң қалдырды.



іі. алғашқы бекіту





Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.Қорытынды:___________________________________________________________  Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

  1. Фалес деген кім?

  2. Фалес геометриядан басқа қандай ғылымдарды зерттеген?

  3. Фалес геометрияны басқа қандай салаларда қолданған?

  4. Ғылымды білу арқылы оны қаражат көзіне айналдыра аламыз ба?

  5. Астрономиядағы қосқан үлесінен біреуін атаңыз. Не үшін ол маңызды болып табылады.

  6. Геометриядағы ашуларынан қайсысын білесіздер. Олардың геометриядағы маңызы неде?

  7. Геометриялық ашуларындағы үшбұрыштың теңдігі жайлы фактіні өз бетімен жазып көріңіз.(қайталау сабақтарында өткен болатынбыз)

ІІ деңгей тапсырмалары

  1. Фалестің таң қалдырған ашуларының ішіндегі геометрияға қатыстысы қайсысы?

  2. Тікбұрышты үшбұрышты шеңберге іштей қандай түрде сызатын едіңіз.

ІІІ деңгей тапсырмалары

  1. Вертикаль бұрыштардың тең екендігін біз алдыңғы сабақтарда өттік, сіз сол

    Фалестің ашуын өздігіңізден ойлап таба аламын деп ойлайсыз ба? Оны қалай дәлелдейтін едіңіз?

Топтық жұмыс.

Оқушылар жұптасып келесі тапсырманы орындайды.

Үшбұрыштың бір қабырғасы тең 6 бөлікке бөлінген. Осы үшбұрыштың қалған екі қабырғасын тең екі бөлікке бөліңдер.Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал