7


  • Учителю
  • Геометрияның негізгі ұғымдары, түзудің орналасуы

Геометрияның негізгі ұғымдары, түзудің орналасуы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Мерзімі:___________________ сыныбы:8 сынып

Сабақтың тақырыбы: Геометрияның негізгі ұғымдары.

Сабақтың мақсаты:

</ Білімділік: Геометрияның негізгі ұғымдарының анықтамаларын еске түсіру.

Дамытушылық: ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, алғырлыққа, зеректікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы.

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі.

II. Мақсат қою.

Балалар, төменгі бос орындарға жауап жазыңдар.

(асты сызылған курсив сөздердің орнына оқушы дәптерінде бос орын қалдырылған)Сұрақтарға жауап беріңдер:

  1. Анықтама дегеніміз не?

Жауабы: Жаңа ұғымдардың мағынасын бұрыннан белгілі ұғымдар арқылы түсіндіретін сөйлемді анықтама деп атаймыз.

  1. Негізгі ұғымдар дегеніміз не?

Жауабы: Анықтамасыз қабылданатын ұғымдар негізгі ұғымдар деп аталады.

  1. Дәлелдеу дегеніміз не?

Жауабы: Берілген тұжырымдаманы ретімен талдау арқылы ақиқаттығына көз жеткізу оны дәлелдеу деп атайды.

  1. Кесінді дегеніміз не?

Жауабы: Түзудің берілген екі нүктесі мен олардың арасында жатқан барлық нүктелерінен тұратын бөлігі кесінді деп аталады..

  1. Сәуле дегеніміз не?

Жауабы: Жарты түзуді сәуле деп атайды.

  1. Жарты жазықтық дегеніміз не?

Жауабы: а түзуі жазықтықты екі бөлікке бөледі. Бөліктердің әрқайсысын жарты жазықтық деп атаймыз.

  1. Толықтауыш сәулелер дегеніміз не?

Жауабы: Бір-бірін түзуге дейін толықтыратын сәулелер толықтауыш сәулелер деп аталады.



II кезең

Теориясы: «БІЛУ» (Кім?Не? Нені? Қашан? Қайда? Қалай? Не істеді?)

Бос орынға қажетті сөздерді жазып, сөйлемдерді толықтыр.

  • Бір нүктеден шығатын екі сәулемен шектелген жазықтықтың бөлігі бұрыш деп аталады.

  • Екі бұрышты беттестіргенде сәйкес қабырғалары және төбелері дәл келсе, олар тең бұрыштар деп аталады..

  • Бұрыштың төбеінен шығып, оны қақ бөлетін сәуле осы бұрыштың биссектрисасы деп аталады.

  • Қабырғалары толықтауыш сәулелер болатын бұрыш жазыңқы бұрыш деп аталады.

  • Жазыңқы бұрыштың жартысы тік бұрыш деп аталады.

  • Тік бұрыштан кіші бұрыш сүйір бұрыш деп аталады.

  • Тік бұрыштан үлкен, жазыңқы бұрыштан кіші бұрыш доғал бұрыш деп аталады.

  • Әрбір бұрыштың нөлден үлкен белгілі бір градустық өлшемі бар болады.

  • Бір қабырғасы ортақ, ал қалған екі қабырғасы толықтауыш сәулелер болып келетін екі бұрыш сыбайлас бұрыштар деп аталады.

  • верт

Теориясы: «ТҮСІНУ»

(неге? неліктен? себебі? не үшін?)

Себебін анықта:

  1. Не себепті екі сүйір бұрыштың қосындысы 1800 -қа тең емес ?

Жауабы: Өйткені оның әрбір бұрышы 900-тан кіші . Демек, екеуінің қосындысы 1800-тан кіші болады.

  1. Не себепті екі доғал бұрыштың қосындысы 1800-қа тең емес?

Жауабы: өйткені доғал бұрыш 900-тан артық. Демек, олардың қосындысы 1800-тан артық болады.



Теориясы:«ТАЛДАУ»

(Салыстыр, айырмашылығы неде? Ұқсастығы неде? Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.



Венн диаграммасын толтыр:

Сүйір бұрыш Доғал бұрыш





















1) Тақырыптың басты идеясын жаз:

Әрбір бұрыштың нөлден үлкен белгілі бір градустық өлшемі бар болады.

.

Теориясы: «Жинақтау»

(Қорытынды шығар,анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. түрінде)













Практикасы: «ҚОЛДАНУ»

(қарапайым тапсырмалар)















Практикасы:

«БАҒА БЕРУ»

(сен қалай ойлайсың? Не істер едің?)



Қандай үшбұрышты тікбұрышты үшбұрыш дейді?

Жауабы: Егер үшбұрыштың бір бұрышы тік болса, онда мұндай үшбұрыш тікбұрышты үшбұрыш болады.

Қандай үшбұрышты тең қабырғалы үшбұрыш дейді?

Жауабы: Егер үшбұрыштың барлық қабырғалары және бұрыштары өзара тең болса, ондай мұндай үшбұрыш тең қабырғалы үшбұрыш болады.

Қандай түзулерді параллель түзулер дейміз?

Жауабы: Бір жазықтықта жататын, өзара қиылыспайтын түзулер параллель түзулер болады.

Қандай түзулер перпендикуляр түзулер дейді?

Жауабы: Егер екі түзу тік бұрыш жасап қиылысатын болса, онда мұндай түзулер перпендикуляр түзулер болады.



III кезең: Деңгейлік тапсырмаларды орындап балл жинау

I деңгей ( 5 балл)

Теориясы «БІЛУ»

(Кім?Не? Нені? Қашан? Қайда? Қалай? Не істеді?)

Сұрақтарға жауап бер:

Неге тең бүйірлі үшбұрыш деп аталады?

Себебі: Екі қабырғасы тең.





Неге перпендикуляр деп аталады?

Себебі: тік бұрыш жасап қиылысқан.





Практикасы: «ҚОЛДАНУ»

(қарапайым тапсырмалар)

  1. Үшбұрыш пішіндес жер бөлігінің периметрі 1248 м.а= 476 м, b=504 м болса үшінші қабырғасын табыңдар.



  1. үшбұрыштың бұрыштары берілген. Үшінші бұрышын табыңдар.



  1. үшбұрыштың бұрыштары берілген. Үшінші бұрышын табыңдар.





II деңгей ( 5 балл+4 балл= 9 балл)

Теориясы: «ТҮСІНУ»

(Неліктен? Себебі? Не үшін? Неге?)

Неліктен тең қабырғалы үшбұрыштың бұрышы 600-қа тең?

Себебі: Оның үш бұрышы тең 1800-ты 3-ке бөлсек, 600 шығады. /Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең/

Неліктен тікбұрышты үшұрыштың сүйір бұрыштарының қосындысы 900-қа тең?

Себебі: 1800-тан 900-ты азайтқанда 900 шығады.

/Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең/

Теориясы: «ТАЛДАУ»

1.Салыстыр. 2.Айырмашылығы неде? 3.Ұқсастығы неде? 4.Тақырыптың басты идеясын жаз,деген тапсырмалар болу керек.

Параллель түзулер мен перпендикуляр түзулердің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын көрсетіңдер:

Ұқсастығы: Олар бір жазықтықта жататын түзулер.

Айырмашылығы: параллель түзулер өзара қиылыспайтын түзулер болса, перпендикуляр түзулер тік бұрыш жасап қиылысады.





Тақырыптың басты идеясын жазыңдар:

Түзулер өзара орналасуына байланысты параллель түзулер және перпендикуляр түзулер болып бөлінеді.

Практикасы: «ҚОЛДАНУ»

(2-кезең қарапайым тапсырмаларының өзгертілген жағдайдағы құсқалары орындалады)

  1. Үшбұрыштың екі қабырғасының қатынасы 5:7, ал үшінші бұрышы қалған екі бұрыштың кішісінен 440-қа артық. Үшбұрыштың бұрыштарын табыңдар.



  1. Үшбұрыштың екі төбесіндегі сыртқы бұрыштары 1100 және 1600 -қа тең. Үшбұрыштың барлық бұрыштарын табыңдар.

  1. Үшбұрыштың екі төбесіндегі сыртқы бұрыштары 1200 және 1600 -қа тең. Үшбұрыштың үшінші бұрышын табыңдар.

  1. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының бірі 500 , ал сыртқы бұрыштарының бірі 850-қа тең. Оның қалған ішкі бұрыштарын табыңдар.

, ,

II деңгей ( 5 балл+4 балл+3 балл= 12 балл)

Теориясы: «ЖИНАҚТАУ»

(қорытынды шығаруға бағытталған: Мамұнды жүйеле, анықтама бер, кесте сызба толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш сияқты тапсырма шарттарында болу керек)

Cөзжұмбақты шешіңдер:









  1. 900-тан кіші бұрыш?

  2. Центрден бірдей қашықтықта жатқан түктелер жиынтығы?

  3. Үшбұрыштың төбесінен шығып, қарсы қабырғаға түсірілген перпендикуляр?

  4. Бір сәуледен шығатын екі сәуле?

  5. Шеңбердің екі нүктесін қосыһатын кесінді?

  6. 1800-қа тең бұрыш?

  7. Ауырлық центрі, ортоцетр т.б. нүктелер шеңбердің қандай нүктелері деп аталады?

Практикасы:

«БАҒА БЕРУ»

( сен қалай ойлайсың? Не істер едің?)

Сұраққа жауап бере отырып түсіндір:

Сен қалай ойлайсың? Шеңбер, түзу, үшбұрыш біздің өмірге керек пе? Керек болса қандай жағдайда?

Жауабы:

Менің ойымша ______________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал