7


  • Учителю
  • Математика және спорт 5 сыныпқа арналған

Математика және спорт 5 сыныпқа арналған

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Математика және спорт





Мақсаты: Оқушыларды зерделілікке,зейінділікке,тапқырлыққа баулу,өнер-лі, білімді, жігерлі және қайратты азамат болуға, ынтымақтастыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу, білімге және спортқа қызығушылығын арттыру.





Ал бүгінгі сайысқа қалайсыңдар,

Сендер өтер әлі де талай сын бар,

Сұрағыма жауап бер, қымсынбай- ақ.

Жауап қатсаң сұраққа жарайсыңдар.-





Күш, өнер, білімменен алысуға.

Бар өнерді салайық , ортамызға.

Ал кәне, кім шығады, сайысуға!

дей келе математика және спорт сайысымызды бастаймыз.

Бүгін бізде екі команда «Өжеттер», «Зеректер».

1) Амандасу рәсімі: " Өжеттер " тобы,

Ұраны: Білекті бірді жығар.

Білімді мыңды жығар.

Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын?

Алға қойған мақсатымыз бір екен.

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.





1) Амандасу рәсімі: " Зеректер "тобы.

Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Сәлемдесуі:

Армандарға қол созумен келеміз.

Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.

Білімменен қаруланған тобымыз.

Қарсыласты қалайда біз жеңеміз.

1 тур .Қапшық тола есеп. Бұл турда балалар қапшықпен бірінен соң бірі секіре отырып,тақтада тұрған есепті кезекпен шығарады.Қай команда қапшықпен секіре отырып,есепті де жақсы шығарса,сол команда жеңіске жетеді.

Өжеттер Зеректер

  1. 35 санын 12-ге арттыр. 1. 19 санын 11-ге арттыр.

  2. 25 санын 15-ке кеміт. 2. 20 санын 16-ға кеміт.

  3. 45 санын 16 ға арттыр. 3. 25 санын 18-ге арттыр.

  4. 18 санын 12-ге кеміт. 4. 23 санын 21-ге кеміт.

  5. 17 санын 11-ге арттыр. 5. 17 санын 13-ке арттыр.

  6. 14 санын 16-ға арттыр . 6. 27 санын 13-ке кеміт.





Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер,

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер

2 тур. Көбейту кестесі.Көбейту және көбейту. 2-ші турда 2 командадағы балалардың екі-екіден екі командадан скакалканы айналдырады.Ал скакалка ішінде командадан бір бала секіре отырып,допты аспанға лақтырады.Секіріп болғанда қарсы командаға сұрақ қояды.Көбейту кестесінен.10 нан 20санына дейінгі сандардың көбейту кестесі.

10*10=100

10*11=110

10*12=120

10*13=130

10*14=140

10*15=150

10*16=160

10*17=170

10*18=180

10*19=190

10*20=200



Алдағы біз баратын бағыт анық

Сәйгүлік екеніңді тағы таныт.

Жорғада аттың басын тартпас болар,

Ал енді тізгіндерді ағыталық.







3 тур.Дәл түсірде құтыл.Бұл турда балалар кезекпен шеңберге допты лақтырады.Егерде доп шеңберге түспесе,ол кезде сол балаға сұрақ қойылады.Шеңберге допты түсірген бала орнына барып тұра береді.

Тік төртбұрыштың периметрінің формуласы: P=2(a+b)=2a+2b

Үшбұрыштың периметрінің формуласы: P=a+b+c

Тік төртбұрыштың ауданының формуласы: S=ab

Тік бұрышты параллелепипедтің көлемінің формуласы: V=abc

Жолдың формуласы: S=vt

Заттың құнының формуласы: C=an

Квадраттың периметрінің формуласы: P=4a

Квадраттың ауданының формуласы: S=a*a

Кубтың көлемінің формуласы: V=a*a*a

Шеңбердің диаметрі неге тең? D=2R





Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену жалықпау.

4 тур .Аяқ саусақтары.Командадағы төрт бала қиын есеп шығаруға қалады да,қалған екі бала аяқ саусақтарымен бір ыдыстан екінші ыдысқа шариктерді салуы қажет.

  1. Лиза,Лаура және Мәдина мерекелік дастарханға 18 тоқаш даярлауға уәделесті.Оның 4/9-ін Лиза,1/3-ін Лаура даярлады.Қалғанын Мәдина даярлады.Мерекелік дастарханға Мәдина неше тоқаш даярлады? (8,6,4)

  2. Тік төртбұрыштың ұзындығы 27 см.Оның ені ұзындығының 5/9-індей.Тік төртбұрыштың ені неше см? (15)

  1. Марат,Жеңіс, және Саян үшеуінің ақшаларын қосқанда 150 теңге болды.Оның ½-сі Мараттыкі,1/3-і Жеңістікі.Ал қалған ақша Саяндыкі.Саянда неше теңге болды? (75,50,25)

  2. Тік төртбұрыштың ені 15 см.Бұл оның ұзындығының 5/9-індей.Тік төртбұрыштың ұзындығы неше см? (27)





Мықты болсаң -артағыны жеткізбе!

Мықты болсаң -шоқалаққа сүрінбе,

Мықты болсаң -тайғанама көк мұзда,

Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт,

Мықты болсаң -заманыңды көктеп өт!

5 тур Шаштың жина.Шелектегі заттарды шашып,қайта санап салу керек.

6 тур Дәлдеп түсір.









Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз.

Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз.

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз.

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз

Бүгінгі жеңімпаз команданы анықтаймыз,- әділқазыларға сөз кезегін берейік

Денсаулығы ғаламның-денсаулығы адамның ,ал Математика -ғылымдар патшасы дей келе бүгінгі сабақ аяғына жетіп қалды.Сонымен бүгінгі «математика және спорт» атты сабағымыз аяқталды.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал