7


  • Учителю
  • Конспект урока по казахскому языку на тему 'Сан есімнен өткенді қайталау' (6 класс)

Конспект урока по казахскому языку на тему 'Сан есімнен өткенді қайталау' (6 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мерзімі: 7.12.215ж.

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 6-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сан есімнен өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
Сан есімнен алған білімдерін тереңдету, жинақтау. Әрбір оқушының өз бетінше білім алуына дағдыландыру. Ұлттық тәрбие негізінде өз ұлтының ғасырлар бойы жинақталған құнды тәжірибелері мен тәлім - тәрбиесін, адамгершілік қағидаларын оқушы бойына сіңіру. Сөздік қорын байыту және күрделендіру. Ойлау процесін дамыту. Шығармашылық қабілетін шыңдау.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ.
Сабақтың әдісі: тест, сұрақ - жауап, ойын элементтері, семантикалық кесте т. б.
Сабақтың көрнекілігі: сызба - кестелер, үлестірмелі қиықшалар, т. б.
Сабақтың типі: Қайталау сабағы
Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Психологиялық дайындық.

«Шаттық шеңбері» ойыны арқылы оқушыларға бір-біріне келе жатқан тәуелсіз мерекесімен құттықтау.

ә) Топқа бөлу. Екі түрлі кәмпит беру арқылы сыныпты екі топқа бөлу.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.

-оқушыларды түгендеу

-сабақтың мақсатын ашу.

ІІ. «Қызығушылықты ояту»

Көбейту кестесін кім жақсы білсе еске түсірейік.

8 х 10 = сексен

2 х 3 = алты

9 х 5 = қырық

5 х 10 = елу

9 х 10 = тоқсан

2 х 9 = он сегіз

100 х 10 = мың
ІІІ. Қайталау-оқу анасы.

«Иә» - «Жоқ» стратегиясы бойынша өткен тақырыпты тексеру.

1.Сан есім дегеніміз заттың атын білдіреді?

2. Сан есім мағынасына қарай дара және күрделі болып бөлінеді?

3. Сан есімнің 6 түрі бар

4. Реттік сан есім «нешінші?» деген сұраққа жауап береді?

5. Алтау реттік сан есімге жатады ма?

6. Бестен екі бөлшектік сан есім

7. Топтау сан есім заттың нақты санын білдіреді

8. Болжалдық сан есім «қанша?» деген сұраққа жауапбереді

9. Он бес күрделі сан есім

10. 15-ғасыр дефис арқылы жазыла ма?

Постер қорғау.


Терме диктант.

Бес, тоғыздан, жеті, он-оннан, сегізден екі, жетіге жуық, мың, алтау, он екінші, қырық шамасы, тоқсан тоғыз, он алты, жүз жетпіс тоғыз.
"Кім жүйрік?" ойыны арқылы орындалады. Оқушылар фонетика саласын еске түсіре отырып, сан есімдерді буынға бөліп параққа жазып көрсетеді.
Бір буынды сан есімдер: бір, он, бес, үш, төрт, жүз, мың, т. б.
Екі буынды сан есімдер: екі, алты, жеті, сегіз, тоғыз, алпыс, отыз, т. б.
Үш буынды сан есімдер: жиырма, милион, т. б.
Сергіту сәті.

1.Тал басында тізіліп,

Он жапырақ тұр еді

Жел соқты да үзіліп,

Ұшып кетті біреуі

Ізінше оның жұлынып,

Түсті тағы бесеуі

Тұр әлі де ілініп,

Тағы оның нешеуі?

2. Немере атасынан: «Жасың нешеде?» деп сұрады. Аиасы егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмірт сүрсем, онда маған 100 жас болар еді. Атасы нешеде?

3. Бақытжанның 4 ұлы бар, оның әрқайсысының қарындасы бар. Бақытжанның неше баласы бар?

4. Екі адам төрт сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше саат ойнады?

5. Бөлменің 4 бұрышы бар. Әр бұрышта бір мысықтан отыр. Олардың әрқайсысының құйрығында бір-бір мысықтан отыр. Әр мысықтың алдында бір-бір мысықтан отыр. Сонда бөлмедегі барлық мысық саны нешеу?

ІҮ. Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтан берілген жаттығу жұмысын орындау.

Семантикалық кестені толтыр

Мысалдар

Есептік

Реттік

Жинақтық

Болжалдық

Топтау

Бөлшектік

Тоғыздан екі

Он-оннан

Мың

Қырық

Он екінші

Тоқсан бес

Екі жарым

Бес-бестен

Жетеу

Онға жуық

Алпыс

Сегізден екі

Бесеу

20-30 шамасы

Ү. Қорытынды кезең

Сабақты тест жұмысы арқылы қортыу

Тест

1. Сан есімнің қай септікте тұрғанын анықтаңыздар.

Таңертең сағат жетіде тұрамын.

А) Ілік септік. В) Барыс септік. С) Көмектес септік. Д) Жатыс септік. Е) Атау септік.

2. «2» санынан жинақтық сан есім жасайтын жұрнақты көрсетіңіз.

А) -дан. В) -тен. С) -нші. Д) -еу. Е) -ні.

3. Бөлшектік сан есімнің сұрақтарын көрсетіңіз.

А) Нешінші В) Нешеу С) Қай? Д) Кім? Е) Қанша?

4. Күрделі сан есімді табыңыз.

А) Бесінші. В) Екі. С) Алты. Д) Үш жүз жетпіс. Е) Төртеу.

5. Күрделі реттік сан есімді табыңыз.

А) Он-он бес. В) Он бірінші. С) Он бір. Д) Екі бүтін оннан үш. Е) Отыз тоғыздан.

6. Ондық бөлшектік сан есімді тап.

А) Екі бүтін оннан бес В) Екінші. С) Екі-екіден. Д) Екі. Е) екіден төрт

7. Топтау сан есімді көрсетіңіз.

А) Үш-үштен. В) Туып-өскен. С) үштен екі Д) онға жуық. Е) екеу

8. Дара сан есімді көрсетіңіз.

А) Екі жүз сегіз. В) Жиырма. С) Он төрт. Д) Жиырма бес. Е) Бестен үш.

9. Жинақтық сан есімді белгілеңіз.

А) Жетеу. В) Белбеу. С) Белгілеу. Д) Істеу. Е) Нешеу.

10. Болжалдық сан есімді табыңыз.

А) Бес-бестен. В) Беске таман. С) Бесінші орын. Д) Бес адам. Е) Сағат бесте

Кілті:

1. Д 2. Д 3. Е 4. Д 5. В 6. Е 7. А 8.В 9. А 10.В

Үй тапсырмасы: Үйге 5 сұрақтық тест құрап келу

Бағалау оқушыларды топ басшысына бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал