7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты: 'Денсаулық-зор байлық'

Тәрбие сағаты: 'Денсаулық-зор байлық'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданыГосплемстанция негізгі орта мектебі физика-информатика пәнінің мұғаліміАктаева Р.Т Тақырыбы: Денсаулық-зор байлық Мақсаты: а) окушының өз бойына ең әуеліденсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы бел
предварительный просмотр материала

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Госплемстанция негізгі орта мектебі

физика-информатика пәнінің мұғалімі Актаева Р.Т


Тақырыбы: Денсаулық-зор байлық

Мақсаты: а) окушының өз бойына ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет түрлерін түсіндіру;

ә) салауатты өмір салтын үстаудың, денсаулық сақтау шараларына қатысудың қаншалықты маңызды екенін айқындап айту;

б) денсаулық үшін тиімді және толыққанды тамақтанудың маңыздылығын, шылымның зияндылығын түсіндіру, ағзаның қалыпты өсуін түсіндіру.

Өту барысы.

I. Кіріспе сөз.


Мұғалім:

Денсаулық үшін тиімді және толыққанды тамақтанудың маңызы үлкен. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жүмыс қабілетінің жоғарылауына және қоршаған ортаның әр түрлі жағымсыз қабілетінің қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.

Ағза қажетті қоректік заттарды үнемі қабылдап отыруы керек. Негізгі қоректік заттарға ақуыздар, майлар, кемірсулар кіреді.

Олардың ара қатынасы: ақуыздар бір бөлігі, майдың бір белігі және кемірсулардың төрт бөлігі болуы керек. Негізгі қоректік заттармен қоса тамақта су, витаминдер, минералды түздар, қоректік талшықтар болуы тиіс.

Қоректік заттар ағзаныңтіршілігіне, қалыпты есу мен дамуына қажет, сондықтан күнделікті қабылдайтын тағамның құрамыңда ағзаныңтіршілігі үшін қажеті қоректік заттардьщ барлығы болуы керек.

Адамдарға денсаулықты ұзақ уақытқа сақтау мен нығайтудың сенімді тәсілі ежелден-ақ белгілі, бұл -денені жаттықтыру, қозғалыс белсенділігі.

Дене жаттығуларын жүйелі түрде орындау ағзаны нығайтады, көңіл-күйді жақсартып, жүмыс қабілетін күшейтеді және денсаулықты сақтауға септігін тигізеді.

Шынығу - қоршаған орта факторының әсерінен температураның атмосфералық қысым өзгеруіне) адам ағзасының тұрақтылығын күшейтуге арналған шаралар жиьштығы.

Ауа арқылы шынығу-таза ауада, жасыл аланда болу, тауға шығу, су жағасында серуендеу.

Күн сәулесімен шынығу адам ағзасына оң әсерін тигізеді. Тері күйіп, коңыр түске ие болады. Ағзаның қорғаныш қасиетін жоғарьшатады.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал