7


  • Учителю
  • 'ТМД-ның құрылуы' (9 класс) тақырыбының сабақ жоспары

'ТМД-ның құрылуы' (9 класс) тақырыбының сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала




Батыс Қазақстан облысы

Зеленов ауданы

Переметный ауылы

Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп





Тақырыбы:










Дайындаған: тарих пәнінің мұғалімі

А.Б.Дакешева




2011-2012 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін

жариялауы және ТМД-ның құрылуы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің

жариялануы, ел азаттығының тарихи және халықаралық маңызы,

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы туралы қолда

бар құжаттарды, тарихи зерттеулерді пайдалана отырып,

тереңірек түсінік беру;

Дамытушылық: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін

пайдалана отырып, жаңа материалмен байланыстыру

арқылы ойлау қабілетін, өскелең ұрпақтың ата тарихын

терең оқып-үйренуге деген қажеттіліктерін арттыру, өз

білімін жетілдіруге, қосымша ізденуге бағыт беру,

қорытынды шығару дағдыларын дамыту;

Тәрбиелік: Тарих тағылымынан сабақ алып, өз болашағына батыл қадам

жасайтын, халқымыздың біртуар перзенттеріне құрметпен

қарайтын, елін, туған жерін сүйетін, еркіндіктің қадірін түсіне

білетін саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың міндеті:

  • Қазақстанның тәуелсіздік жариялануы алдындағы саяси жағдайын еске түсіру;

  • ХХ ғғ. мемлекеттік қайраткерлерді тану;

  • Қазақ елінің тәуелсіздік жолындағы басты оқиғаларын білу;

  • Тарихи тұжырым, қорытындыға келу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының стратегиялары,

сұрақ-жауап, баяндау, пікір алмасу

Сабақтың көрнекілігі: «Тәуелсіздік шежіресі» кітаптар көрмесі, флипчарт,

«Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы»Publisher

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылар өз беттерімен білім алуға дағдыланады; Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы қарсаңындағы және көп күткен азаттыққа жету кезіндегі саяси жағдайын, қазақ халқының алдында тұрған міндетін, мақсатын түсіне біледі; ТМД-ға мүше болған мемлекеттерді ажыратады; сол кезеңдегі мемлекеттік қайраткерлердің елжанды әрекеттері туралы қажетті білімді игеріп, оны ойтолғаныс кезінде іске асырады.

Сабақтың кілт сөзі:

«Тәуекелi тұратындардың ғана қолы жетпесе Тәуелсiздiк бола ма?

Азаппен, арпалыспен келмесе Азаттық бола ма?

Оңайлықпен келсе оның қадiрi бола ма?

Қадiрi жоқ нәрсе қолда ұзақ тұра ма?» Н.Ә.Назарбаев


САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу;

Сабаққа қатысын тексеріп, зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

Бірлігі жарасқан елімнің

Бүгінгі азаттық төрінде

Білімнің нық түскен жолына

Тәуелсіз елімнің тірегі

Еліме, жеріме, мектепке

Жолдайық ақ ниет, тілекті

Оқушылар тілегі

Сабақтың мақсаты хабарланып, сәйкесінше міндеттері айқындалады.


Қызығушылықты ояту

  • Құлақ салып көрейікші, қандай әуен естіледі?

  • Аталмыш ән қандай тарихи оқиғаны еске түсіреді? Желтоқсан оқиғасы

  • Ендеше, қазақ топырағына ұлттық санасын намысы жетелеген қайсар буынның келгенін әйгілеген, тәуелсіздік жолындағы үлкен асу болған 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын, қазақ елінің егемендігі мен азаттық алуы қарсаңындағы кезеңін еске түсіріп, төмендегі тапсырмаларды орындайық


Ой қозғау

«Алтын қақпа» ойынының желісімен

«Тас қақпа» сұрақтары:

1. 1986 жылы Қазақстан КП ОК бірінші хатшылығы қызметінен кеткен мемлекет қайраткері?

2. 1930-1950жж жазықсыз жаза ұшырағандар қашан ақталды?

3. Желтоқсан оқиғаларына қатысып, жаза тартқан адамдар саны?

«Күміс қақпа» сұрақтары:

1. Жаңадан сайланған халық депутаттарының 1989 жылғы маусымда өткен І съезі қандай мәселені талдауға талпыныс жасады?

2. Тарихта «тамыз бүлігі» деп аталатын оқиғаға сипаттама беріңдер?

«Алтын қақпа» сауалы:

1. 1969 жылдан партиялық қызметке ауысып, 1979-1984 жж ҚК ОК хатшысы қызметін атқарған мемлекеттік қайраткер?


«РАФТ» стратегиясымен жұмыс

Р- Елбасы Н.Ә.Назарбаев
А- Қазақстандықтар
Ф- Жолдау
Т- Болашақтың іргесін бірге қалайық!


«Ой ашар»

Сәйкестендіру жұмыстары орындалады

1

Қазақ елі Қазақстан Республикасы атауын қашан иеленді?

С

1 желтоқсан 1991 жыл

2

Тұңғыш Президент сайлауы қашан өткізілді?

О

25 қазан 1990 жыл

3

Қазақ КСР-і Президентінің қызметін тағайындау жөніндегі ұйғарымын республиканың Жоғарғы Кеңесі қай кезде шығарды?

Р

Сәуір 1990 жыл


4

«Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы» қашан қабылданды?

К

10 желтоқсан 1991 жыл

1-К / 2-С / 3-Р / 4-О

  • Оқушылар, қандай сөз құрадық?

  • Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы

  • КСРО қашан құрылып еді? 1922 жылы

  • Ендеше, алып державаның ыдырауы хақында ой жинақтайтын боламыз

«Адасқан оқиғалар»

Минск кездесуі Ашхабад кездесуі

1991 жыл 13 желтоқсан 1991 жыл 8 желтоқсан

Түркіменстан КСР-нің астанасы Белорусь КСР-нің астанасы

Славян мемлекеттері Орта Азия республикалары

«Қазақ елі» бейне көрсетілімі

  • Экранға назар аударып, бейне-сюжетке арқау болған тақырыпты тауып көрейік.

  • Сонымен, оқушылар, бүгінгі сабағымызда «Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы және ТМД-ның құрылуы» атты бізге етене таныс тақырып төңірегінде ой қозғап, пікір алмасатын боламыз


Мағынаны тану

Жоспар:

  • Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы

  • Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуының тарихи маңызы

  • Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуының халықаралық маңызы

  • Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы


«Тарих тағылымы» айдары

Ел тәуелсіздігі төңірегінде сыр шерту

  • 1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» ҚР Конституциялық Заңы қабылданды.

  • Қазақ халқының үзбей күрес жүргізген 2,5 ғасырдан астам уақытында 400-ге жуық ұлт-азаттық көтеріліске шықты.

  • Әлемдік қауымдастықтың тең құқықты мүшесі ретінде Қазақстан Республикасы 1992 жылы 2 наурызда БҰҰ-на қабылданды.

  • 1991 жылы 21 желтоқсанда КСРО құрамында болған Армения, Әзірбайжан, Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Өзбекстан, РФ, Тәжікстан, Түркіменстан, Украина басшылары Алматы қаласында бас қосып, ТМД құрылды.

  • Сол кездесуде Қазақстан үш славян мемлекетімен бірігіп, ядролық қаруға байланысты біріккен шаралар туралы келісімге қол қойды.

Тәуелсiздiк - ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетiн арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты. Тәуелсiздiктiң әрбiр жылының бiз үшiн мәнi бөлек, маңызы айрықша. Қиындық атаулыны жеңетiн бiр-ақ күш бар, ол - бiрлiк. Елiңдi, жерiңдi қорғау үшiн бiрлiк қаншалықты қажет болса, Тәуелсiздiк жемiстерiн, бүгiнгi қол жеткен табыстарымызды сақтап қалу үшiн де ол сондай қажет. Тәуелсiздiк туын тiгуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек.

Дүниеде тәуелсiз Қазақ елi бар;
Әлемде егемен Қазақстан бар;
Оның көпұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар;
Қуатты экономикасы, сенiмдi саяси жүйесi бар;
Ең бастысы - бүгiннен нұрлы, бүгiннен кемел болашағы бар;
Сол күнге берiк сенiмi бар!

Тәуелсiздiктiң бiздiң бәрiмiзге артар мiндетi мол.

Әулетiмiздiң асуы да, дәулетiмiздiң тасуы да өз қолымызда. Қазақстанның болашағы саламатты өмір салтын ұстанған, намысшыл, кемел білімді, елжанды, отансүйгіш, жалынды жүректі, биік рухты жас ұрпақпен бірге қаланбақ.

Бүгiнгi өз келешегiне бет алған Тәуелсiз Қазақстан - бұл бiздiң ортақ жетiстiгiмiз, бұл бiздiң ортақ мақтанышымыз!


Ойтолғаныс

«5 жолды өлең» құрастыру

1 (кім, не?) - Тәуелсіз Қазақстан

2 (қандай, қай?) - азат, егемен

3 (не істеді, қайтты?) -

ЕЫҚҰ-на, Ислам Конференциясы ұйымына төрағалық етті,

Еуропа мемлекеттерімен терезесі тең, керегесі кең дәрежеге жетті,

діни конфессиялар басшыларының тұңғыш рет съезін өткізді,

Елордасын көркейтті, экономикасын өркендетті,

жастарға элитарлық білім алуға мүмкіндік ашты

4 (төрт сөзден тұратын сөйлем) - Бірлігі жарасқан тәуелсіз Қазақстан

5 (балама сөз)- мемлекет


«Ойды аяқта»

1. Қазақстан Республикасында тәуелсіздік күні ...................................... тойланады.

2. Қазақ халқы азаттық жолында............. көтеріліс жасады.

3. 1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда бас қосқан мемлекеттер..........құрғандары туралы хаттамаға қол қойды.

4. 1992 жылы ..........................Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.


Түйіндеу

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауының тарихи маңызын қалай тұжырымдар едің?»

  • Қазақстан жеке мемлекет ретінде әлем қауымдастығы құрамына енді;

  • Шикізат базасы, арзан еңбек күші ретінде қолданылып келген республика экономикасы нарық қатынастары негізінде экономикалық өрлеу жолына түсті:

  • Қазақ халқы ұлт ретінде жойылып кетуден құтылды, ұлттық нышандар қайта жаңғыра бастады;

  • Қазақстан халқы азаматтық еркіндікті, әлеуметтік теңдікті сезінді, демократизмге жол ашылды;

  • Тарихи «ақтаңдақтар» сыры ашылып, жазықсыз жазаланғандар ақталды;

  • «Нұрлы көш» бағдарламасының арқасында шетелге тентіреп кетуге мәжбүр болған отандастарымыз тарихи Отанына қайта оралу мүмкіндігін иеленді т.б.


Топтастыру стратегиясы







Қорытындылау

«Алаш, Алаш» деп айбатын асырған ер қазақ, «Абылайлап» ел шақырған ер қазақ, «сары қазан, қара баланың» қамы үшін деп ұран салған өр қазақтың өскелең ұрпағы өткенге көз жүгіртіп, бүгінмен өмір сүрсе дейміз.

Тәуелсiздiктiң қайта оралғаны - бiздiң ата-бабаларымыздың сан ғасырлық азаттық күресiнiң заңды өтеуi. Ата-бабаларымыздың осыншама байтақ жердi ақ найзаның ұшымен, ақ бiлектiң күшiмен қорғап қалғанының арқасы. Мұндай жер болмаса, мұндай елде болмас едi.

Б.Тілеуханның «Елім менің» әні сүйемелімен «Жасампаздық пен бейбітшіліктің 20 жылы» буклеттік жинағы көрсетіледі


Бағалау

Үйге тапсырма беру: §37 оқу, қазақ елінің тәуелсіздігі жөнінде сыр

шертетін баспасөз материалдарымен танысып,

20 жыл ішінде қол жеткен жетістіктерді саралау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал