7


Сабақ жоспары (1 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№1

Пәні: Ағылшын тілі

Күні:

Сыныбы: 1 «Д»

Сабақтың тақырыбы: Unit 1. Lesson 1. Hello

Сабақтың мақсаты: «Шет тілі», «ағылшын тілі» ұғымдарын қалыптастыру, атап айтқанда - тілдік коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік: бастапқы есту және дыбыстау дағдылары мен білімдерін дамыту; Hi, hello, a teacher лексикалық бірліктерін меңгеру; Good morning, hello, good bye, I'm …

Үф (модельді фраза бұдан ары қарай ); қолдану; We, say, and, ЛБ есту арқылы қабылдау;

Тұлғалық:оқушы үшін жаңа болып табылатын білім алушы әлеуметтік ролін түсіну.

Оқушының ағылшын тілін үйренуге қызуғушылығын, жады мен зейінін дамыту;

Жүйелік - әрекеттік:оқулық пен дәптерді пайдаланудың бастапқы дағдылары.

Сабақты материалдық қамтамасыз ету:

Мұғалім үшін: CD ойнатқыш, дүниежүзінің географиялық картасы, атаулары ағылшын тілінде жазылған заттардың орамалары, Лондонның көрнекі жерлерінің суреттері фонында бейнеленген қарғаның суреті.

Оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері.

Пәнаралық байланыс: музыка («We say hello» әнін орындау), география (ағылшын тілі ресми тіл болып табылатын елдеррдің атаулары).

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру сәті.

Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме балалар!

ІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Балалар, біз сендермен бірге жаңа «ағылшын пәнін» оқйтын боламыз. Бүгінгі сабақта ағылшын тілінде қай елдер сөйлейтінін білеміз, кейбір дыбыстар мен және ағылшын тілінде бір - бірімізбен сәлемдесуді үйренеміз.

ІІІ Тірек білімді белсенділеу.

Бүгін мен сендерге құр қол келген жоқпын. Мына заттарға, олардың сыртында жазылған жазуларға қараңдар. Бұл жазулар қай тілде жазылғанын білесіңдер ме? (Cl: ағылшын тілінде). Жарайсыңдар! Бүгін сендер үшін есте қаларлыұ күн. Біздер ағылшын тілін үйрене бастаймыз. Әр сабақта ағылшын тілін үйрен отырып, ағылшын тілінің сөздері, әндері және тақпақтары әлеміне қызықты саяхат жасайтын боламыз. Дүниежүзі картасына қараңдаршы. Ағылшын тілі Англия, Америка, Канада, Австралия және Жаға Зеландия тұрңындары үшін ана тілі болып табылады. (мұғалім картадан ағылшын тілінде сөйлейтін елдерді көрсетеді және атайды).

Балалар, әр түрлі елдердің адамдары бірін - бірі түсіне алады ма? Ана - аналарыңмен бірге шетелде болғандарың бар ма? (Балалар болған елдерді атайды). Әртүрлі елдердің адамдары өзара қай тілде сөйлеседі? Дұрыс, ағылышн тілінде. Балалар, ағылшын тілінде қандай сөздерді білесіңдер? (Cl: yes, no, etc.) Осы оқу жылынан бастап ағылшын тілін үйренеміз.

IV Жаңа материалмен жұмыс.

Фонетикалық ойын.

Балалар, ақылды қарғабізге ағылышн тілін үйренуге көмек көрсетеді.Mr.Wise Crow! Ол бізге Англияның Лондон қаласынан ұшып келді. Онда оны ұзақ жасайтындығы және ақылы үшін құрмет тұтады (Лондонның қызықты жерлеріндегі қарғаның суретін көрсетеді). Mr.Wise Crow өте ақылды және күрделі ағылшын дыбыстарын меңгеруге көмек көрсетеді.

Mr.Wise Crow бізді Лондонға серуендеуге шақырады / ei/, /ei/, /ei/. Ал енді, балалар, сендердің кезектерін келді. Ақылды қарғаның артынан дыбыстарды қайталаңдар. Now you. Repeat after Mr.Wise Crow, please: / ei/, /ei/, /ei/. Өте жақсы, балалар. Well done, children! Біздің досымыз кішкене тасты басып кетіп, аяғын ауыртып алды: /аі/, /аі/, /аі/. Аяғын ауыртып алды. Repeat after Mr.Wise Crow, /аі/, /аі/, /аі/. Well done, children! Досымызды мұқият тыңдаңдар, ол не айтып тұр? Бұл /d/ дыбысы Repeat after Mr.Wise Crow, please: /d/, /d/, /d/. Балалар бұл жай дыбыс емес. Тілдеріңді алдыңғы жоғарғы тістеріңнің артындағы бұдыр жерге тіреп, осы дыбысты тағы бір айтып көреміз: d/, /d/, /d/. Бұл дыбыс Mr.Wise Crow, тұранын қаланың атауында кездеседі. Тыңдаңдар. Listen: /lᴧndǝn/, /lᴧndǝn/, /lᴧndǝn/, Енді Лондон сөзін ағылшын тілінде айтамыз

Repeat please: /lᴧndǝn/, /lᴧndǝn/, /lᴧndǝn/, Well done, children!

Оқулыкпен жұмыс.

1 - жаттығу. Listen to your teacher and repeat.

Суретке қараңдар. Бірінші қыркүйекте қандай мерекені атап өтеміз. Суретте кімді көріп тұрсыңдар?

Мұғалім: Good morning, I'm а teacher!

Сәлеметсіңдер ме! Мен мұғаліммін!

Repeat afterme: Good morning!

Әдетте ересек адамдарға «Good morning!» дейміз, бірақ бір - бірлеріңі «Ні!» немесе «Нello!» деуге болады. Бір - біріңмен амандасыңдар.

Бала: Hello, I'm Alibek!

Repeat afterme: Hello, I'm Alibek!

Танысу үшін: Who are you? Деген сұрақты қойыңдар. Менің сұрағыма жауап беріп көріңдер: Who are you? , I'm Anar

Track 1

Teacher:- Good morning. I'm а teacher.

Alibek: - Good morning. I'm аAlibek

«Танысу» дидактикалық ойыны. (Балалар шеңберге тұрып, сәлемдеседі: - Hello, I'm... ) сөздерінің көмегімен өздерін таныстырады. Одан кейін: Who are you? Сұрағын және оған берілетін жауапты пысықтайды.)

2 - жаттығу. Listen and sing

Енді ән тыңдаймыз

Track 2.

Listen and sing

We say hello,

We say hi!

Hello and hi,

Hello and hi.

We say - Біз сөйлейміз.

Балалар осы тақпақты аударып көрейік. Балалар мұғаліммен бірге ән айтады.

Сергіту сәті:

Hands up! Hands down!

Shake! Shake!

Turn around. Step aside,

Step left! Step right!

Сабақты қорытындылау.

V. Сабақты қорытындылау.

- Балалар, бүгін сендер қай елдерде ағылшын тілінде сөйлесетінін, ағылшын тілі халықаралық тіл екенін білдіреді. Сабақта өзің үшін тағы қандай жаңалық аштың? Сабақ соңында ата - аналарыңа не туралы айтар едіңдер?

Мұғалім: Well done, children!

Енді біз сабақтың басында үйренген әнді қайталаймыз. Бұл адамдар бір - бірімен амандасқан кезде айтылатын сөздерді есте сақтауға көмектеседі. Менің соңымнан қайталаңдар:

We say hello,

We say hi!

Hello and hi,

Hello and hi.

Өте жақсы! Сендер бүгін жақсы жұмыс істедіңдер. Well done, children!

Ал енді қоштасамыз: Good bye!

№2

Пәні: Ағылшын тілі

Күні:

Сыныбы: 1 «Д»

Сабақтың тақырыбы: Unit 1. Lesson 2. What's your name?

Сабақтың мақсаты:«What's your name?» сұрағын қоюды үйрету. Оқушылардың ағылшын тілінің [θ], [w] ерекше дыбыстарымен таныстыру. 1 - ден 5 - ке дейін сан есімдерін үйрену

Күтілетін нәтиже:

Пәндік: фонетикалық ойын - жаттығу арқылы фонетикалық дағдылар мен білімді дамыту, «What's your name? My name is Kate. Good morning children» сөйлемдерін меңгеру және сөйлеу тілдерінде қолдана білу; қарапайым сыпайы сауал - диалог жүргізу дағдысы. 1-5 сандарын енгізу;

Тұлғалық: Оқушының ағылшын тілін тіліне қызығушылығын дамыту, зейіні мен жадын дамыту; өзге адамдарды құрметтеуге және сыпайы болуға үйрену.

Жүйелік - әрекеттік:«What's your name?» сұрағына дұрыс реплика қайтара білу және дұрыс сұрақ қоя білу, ағылшын тілінде 1 - ден 5-ке дейін санауды үйрену.

Сабақты материалдық қамтамасыз ету:

Мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқу қызыметін ынталандыруға арналған смайлдар, интерактивті тақта, сандар бейнеленген флэш - карталар.

Оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері.

Пәнаралық байланыс: музыка («We say hello» әнін орындау), математика (1 - ден 5 - ке дейін санау).

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру сәті.

Сәлемдесу:

Мұғалім: Hello children! I'm (мұғалім өзін таныстырады). Мұғалім ишарат жасап, балаларды орындарына отыруға шақырады. Sit down, please.

ІІ Тірек білімді белсенділеу.

Фонетикалық ойын - жаттығу

Балалар, бүгін біз тағы да Mr.Wise Crow келді. Онымен амандасайық: Hello Mr.Wise Crow! Оың халі қалай екен: How are you, Mr.Wise Crow!

Мұғалім дауысын сәл өзгертіп, Қарғаның орнына жауап береді: I'm fine, thank you, children!

ІІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Балалар (children), бүгін біз: «Атың кім?» - «What's your name?» сұрақтарын қоюды және оларға жауап беруді үйренеміз: "My name is…." Ағылшын тілінде 1 - ден 5 - ке дейін санауды үйренеміз.

IV Жаңа материалмен жұмыс.

Мұғалім өзі «What's your name?» деген сұрақты қойып және оған жауап береді: "My name is….".

Мұғалім оқушылардың назарын ағылшын тіліндегі [w] ерекше дыбысының дұрыс артикуляциясына аударады.

Оқулықпен жұмыс

1 - жаттығу.

Look, listen and repeat.

Track 4

Teacher: hello, children

What's your name?

Alibek: My name is Alibek.

Anar: My name is Anar

1 - жаттығу.Listen and sing

Балалармен бірге ән тыңдаңыз. Балалар фразаларды дұрыс естіп, қайталай алуы үшін әр жолды бәсең қарқынмен айтыңыз.

4 - жаттығу. listen and learn.

Оқушыларды 1 - ден 5 - ке дейін сандармен таныстыру. Мұғалім оқушыларға 1 - ден 5 - ке дейін сандарды көрсетіп, ағылшын тілінде атауларымен таныстырады.


Сергіту сәті:

Hands up! Hands down!

Shake! Shake!

Turn around. Step aside,

Step left! Step right!

Дәптермен жұмыс

Жұмыс дәптерінде берілген материалды бекітуге арналған жаттығулар беріледі.

1 - жаттығу: Find and tick.

Бұл жаттығу балалар бірінші сабақта танысқан лексикалық бірліктерді қайталайды. Балалар ер баланы, қызды және мұғалімді тауып, тиісті төртбұрышты қанатша белгісін қоюға тиіс.

2 - жаттығу: count and trace over the number

V. Сабақты қорытындылау.

- Сендердің әрқайсысың не үйрендіңдер? Бүгін үйге барғанда ата - аналарыңа достарыңа сендер не айта аласыңдар? Бүгінгі сабақ үшін кімді мақтай аласыңдар?

Ата - аналарға арналған тапсырма: 1 - ден 5 - ке дейін сандар белгіленген карточкалар дайындау.


№3

Пәні: Ағылшын тілі

Күні:

Сыныбы: 1 «Д»

Сабақтың тақырыбы: Unit 1. Lesson 3. I'm 7

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды 6 - дан 10 - ға дейін сан есімдермен таныстыру. Балалардың бұрын оқылған сұрақтарды қою және оларға сәйкес жауап беру дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру. Өзін - өзі таныстыру дағдыларын дамыту. Өзге адамдарды құрметтеуге баулу.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік: сұраулы және мақұлдау сөйлемдерін құру, сұрақтарға қысқа жауап беру, сандарды ажырату дағдыларын қалыптастыру, оқушыларды [t], [h], [ǝ:], [ǝu].

Тұлғалық: шет тілін меңгеруге тұрақты ынта қалыптастыру, амандасу және танысу кезінде тілдік этикетті сақтау; өзге адамдармен қарым - қатынас кезінде оларды құрметтеу;

Жүйелік - әрекеттік:әдеттегі танысу жағдайларында тілдік клишелерді пайдалану.

Сабақты материалдық қамтамасыз ету:

Мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқу қызыметін ынталандыруға арналған смайлдар, интерактивті тақта, сандар бейнеленген флэш - карталар.

Оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері, 1 -ден 10 - ға дейінгі сандар бейнеленген карточкалар.

Пәнаралық байланыс: музыка, математика.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру сәті.

Good morning children!I'm…… Sit down please.

ІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Осы сабақта 1 - ден 5 - ке дейін санауды қайталаймыз және 10 - ға дейін санауды және жаңа [t], [h], [ǝ:], [ǝu] дыбыстарын үйренеміз.

ІІІ Тірек білімді белсенділеу.

Балалар, бүгін біз тағы да Mr.Wise Crow келді. Hello children. How are you?

Онымен амандасыңдар. Балалар, менің артымнан [h] дыбысын қайталаңдар.

Өткен сабақта сендер ағылшын тілінде 1 - ден 5 - ке дейін санауды үйрендіңдер. Қай санның атауында [t] дыбысы естіледі? Мен сендерге сандарды көрсетемін оларды атаңдар.


Оқулықпен жұмыс

1 - жаттығу. Listen and say the chart

Мұғалім балалармен бірге 1 - ден 5 - ке дейінгі сандарды қайталайды және сандардың (6-10) атауымен таныстырады.

Track7

One, two, three, four, five, six, seven, eight, nine, ten.

1 - жаттығу.

- Сандар туралы не үйренеміз. Енді ән тыңдап жаттап алайық.

Track8 Listen and sing


IV Жаңа материалмен жұмыс.


3 - жаттығу:look, listen and repeat

Балалар, суреттегі кейіпкерлерге қараңдаршы. Олармен жақынырақ танысып, жастары нешеде екенін білейік. Ағылшын тілінде жасымыз нешеде екенін айту үшін: I'm 6. I'm 10.

Сергіту сәті:

One, two

Clap, clap

Three, four

Stamp, stamp

Five, six

Jump, jump

Seven, eight

Hop, hop

Nine and ten

Stop, stop

Дәптермен жұмыс

1 - жаттығу. Fine the number circle it and say it

Оқушыларға әртүрлі заттарда жасырынған сандарды тауып, оларды айналдыра сызу және атау ұсынылады.

V. Сабақты қорытындылау.

- Сабақта жаңадан не үйрендіңдер, қандай сөздер мен фразаладды білдіңдер? Балалар сабақта жаттаған сөздер мен фразаларды қайталайды. Егер балалар фразаларды айтпаса, мұғалім оларды естеріне салып, қайталауды сұрайды. Әр сабақта балаларды мақтай отырып, олардың жетістіктерін атап өту өте маңызды.

№4

Пәні: Ағылшын тілі

Күні:

Сыныбы: 1 «Д»

Сабақтың тақырыбы: Unit 1. Lesson 4.Meet my friend

Сабақтың мақсаты: өз досын таныстыру дағдысын қалыптастыру. «How old are you?»үлгілік фразамен таныстыру. Жаңа he/she лексикалық бірліктерін енгізу. 1 - ден 10 - ға дейін санау дағдысын олар әрі қалыптастыру

Күтілетін нәтиже:

Пәндік: өз жасын сұрай және көрсете отырып, сұраулы жәнек мақұлдау сөйлемдерін құру, сандарды ажырату дағдыларын қалыптастыру, оқушылар [a:], [ʃ] дыбыстарымен таныстыру, [ð] - [z] дыбыстарымен саралау

Тұлғалық: бірлескен қызмет барысында әртүрлі жағдайлар шеңберінде мұғаліммен, өзге ересек адамдармен ынтымақтастық дағдыларын дамыту, амандасу кезінде тілдік этикетті сақтау, өзге адамдармен қарым - қатынас кезінде оларды құрметтеуге баулу;

Жүйелік - әрекеттік:досын таныстырған кезде тілдік клишелерді пайдалану, «How old are you?» сұрағына дұрыс реплика қайтара білу.

Сабақты материалдық қамтамасыз ету:

Мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқу қызыметін ынталандыруға арналған смайлдар, интерактивті тақта, сандар бейнеленген флэш - карталар.

Оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері, 1 -ден 10 - ға дейінгі сандар бейнеленген карточкалар.

Пәнаралық байланыс: музыка, математика.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру сәті.

Good morning children!I'm…… Sit down please.

ІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Бүгін біз «How old are you?» сұрағын қойып, оған жауап беруді бір бірімізді танысуды содан - ақ досымызды таныстыруды үйренеміз

ІІІ Тірек білімді белсенділеу.

Балалар, бүгін біз тағы да Mr.Wise Crow келді. Hello children. How are you?

Онымен амандасыңдар.

Бүгін мен хайуанаттар бағында жүріп [ʃ], [ʃ], [ʃ], деген дыбысты естідімю Бұл дыбысты кім шығарды? Дұрыс жылан.

IV Жаңа материалмен жұмыс.

he/she жіктеу есімдіктерінің мағынасын ашу. Флэш - карталарды пайдалана отырып, мұғалім оларды ер бала мен қыздың бейнеленгенін айтады.

He is a boy. She is a girl

Мұғалім қыз бала мен қыздың аттарын кезек - кезек атайды. Жұптасып жұмыс істеу. Осы құрылымды пайдалана отырып, балалар бірін бірі таныстыруы тиіс.

Оқулықпен жұмыс

1 - жаттығу. Listen and learn

Суреттерге қараңдаршы. Онда кімді көріп тұрсыңдар? Иә біздің кейіпкерлеріміз Әлібек, Анар, Бота және жаңа ертегі кейіпкері. Ол біздің ғаламшардан ба? Кейіпкерлеріміздің аты кім? Жасы нешеде?

Муни Айдан ұшып келіпті. Біздің ғаламшар туралы ештеңе бімейді. Біз және біздің кейіпкерлеріміз оған көмектеседі.

Track 10

2 - жаттығу. Listen and sing

Мұғалім балалармен бірге ән айтып, қимылдар жасайды. Мұғалімнің ұйғарымына қарай қимылдар әртүрлі болуы мүмкін.

3 - жаттығу. Look and say

Мұғалім бірінші кейіпкер мысалында үлгі көрсетеді. He is a boy.

Дәптермен жұмыс

1 - жаттығу. How old are you the children? Write the number. Say

2 - жаттығу: Count and tick

Оқушылар суреттегі нүктелер санымен сәйкес келетін сан жазылған торкөзге қанатшы (v)белгісін қояды.

V. Сабақты қорытындылау.

- Жарайсыңдар балалар! Бүгін сендер «How old are you?» деген сұраққа жауап беруді және «he/she» сөздерін үйрендіңдер. Өздеріңнің жастарыңды айтумен шектелмей, достарыңның жасын айтуды үйрендіңдер. Ағылшын тілінде досымызды/ құрбымызды қалай таныстыратынымызды есіме салыңдаршы.

Әр сабақта оқушылардың жетістіктерін мақтап мадақтап, отыру өте маңызды.

Well done, children! Good bye!

№5

Пәні: Ағылшын тілі

Күні:

Сыныбы:1 «Д»

Сабақтың тақырыбы: Unit 2. Lesson 1.My family

Сабақтың мақсаты: «Менің отбасым» тақырыбы бойынша жаңа лексиканы үйрену. This is….. құрылымын мақылдау сұраулы

Сабақтың мақсаты: «менің отбасым» тақырыбы бойынша жаңа лексиканы үйрену. нысандарды қолдану; ағылшын тілінің ерекше дыбыстарын айту дағдыларын дамыту. Ата - ана мен тума - туысқандарды құрметтеуге баулу.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік: өз отбасы мен тума - туысқандарын таныстыру дағдысын қалыптастыру.

Тұлғалық: ата - ана мен туысқандарды құрметтеуге баулу

Жүйелік - әрекеттік: осы тақырып бойынша оқылған лексикалық - грамматикалық материалды пайдалану.

Сабақты материалдық қамтамасыз ету:

Мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқу қызыметіне ынталандыруға арналған смайлдар, интерактивті тақта, флэш - карталар.

Оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, фломастерлер.

Пәнаралық байланыс: музыка («My mother, my father, my sister, my brother» әнін орындау), сурет (жұмыс дәптерінде контурларды үстінен бастырып сызу).

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру сәті.

Good morning children! How are you? (CL. Fine thanks) Sit down please.

ІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Біз өзіміз және достарымыз туралы айта білеміз. Солай емес пе? Бүгін біз ең жақын адамдар туралы айтып үйренеміз. Сендер үшін ең жақын адамдар кім? (Cl. Ана, әке ).

ІІІ Тірек білімді белсенділеу.

Фонетикалық жаттығу

Балалар, бізге Mr.Wise Crow келді. Hello, children. How are you? Балалар, онымен амандасыңдар. Mr.Wise Crow - бүгін біз [ð], [z] дыбыстарын айтып жаттығамыз. Біз бұл дыбыстар мен таныспыз. Ара ызылдағанда тіліміз қай жерде болады? (CL. Үй ішінде). Ал шыбын ызылдағанда тіліміз қай жерде болады? (CL. Далада). Listen and repeat: [ð]- [z], [ð]- [z], [ð]- [z].

IV Жаңа материалмен жұмыс.

Оқулықпен жұмыс

1 - жаттығу. Listen and repeat:

Оқулықтағы суретке сүйене отырып, жаңа лексиканы еңгізу. Оқушы балаларға таныс кейіпкер - Әлібекті көрсетеді. Ол өзінің отбасы туралы әңгімелеп береді.


Track13.

Hi! My name is Alibek. This is my family. This is my father, Marat. This is my mother, Gulmira. This is my brother, Olzhas and this is my sister, Aliya.

Дидактикалық ойын.

Мұғалім отбасы мүшелері бейнеленген карточкаларды көрсетеді, балалар оларды айтады (father, mother, brother, sister,).

Содан соң мұғалім карточканы көрсетеді (mother,) айтқанда «father» дейдію Балалар мұғалімді түзету керек.

2 - жаттығу.Look and listen to Bota.

Track 14.

Hi! My name is Bota. This is my family. This is my father. This is my mother . This is my brother and this is my sister.

Мәтінді тыңдаған кезде оқушылар аты аталған Ботаның отбасының мүшесін саусақтарымен көрсетеді. Тыңдағаннан кейін оқушыларға Ботаның Отбас туралы естеріңде қалғанын әңгімелеп беруді ұчыныңыз.

«Show me» дидактикалық ойыны.

Мұғалім отбасы мүшесін айтады, акл оқушылар оны суреттен көрсетеді. Show methe mother. Show methe sister. Show methe brother. Show methe father.

3 - жаттығу. Listen andsing.

Track 15.

My mother, my father, my sister, my brother.

My mother, my father, my sister, my brother.

This is my family, this is my family

Оқушылар әнді тыңдайды. Оқушылар әнді орындай отырып, 1 - жаттығу суретіндегі отбасы мүшелерінің әрқайсысын көрсетеді.

4 - жаттығу. Look and say

Оқушылар ұсынылған суреттерге сәйкес қажетті отбасы мүшесін атап, сөйлемді аяқтауға тиіс. Мысалы: This is my mother.

Соңғы сөйлемде оқушылар family деген жалпы атауды қолдануы тиіс

VСабақты қорытындылау

Жарайсыңдар балалар! Бүгінгі сабақта сендер отбасы мүшелерінің қалай таныстыру керектігін (This is my mother және т.с.с. айтуды ), отбасы туралы сұрақ қоюды үйрендіңдер. Ағылшын тілінде ата - анамызды әпкелерімізді (қарындас, сіңілілерімізді), ағаларымызды(інілерімізді) қалай таныстыру керектігін есіме салыңдаршы. Жарайсыңдар! (Әр сабақта балаларды мақтай отырып, олардың жетістіктерін атап өту өте маңызды

№6

Пәні: Ағылшын тілі

Күні:

Сыныбы:1 « »

Сабақтың тақырыбы: Unit 2. Lesson 2.My family

Сабақтың мақсаты: «Менің отбасым» тақырыбы бойынша жаңа лексикамен танысу.

Kind, strong, little, big, деген бағалау лексикасының көмегімен сөйлеу, ағылшын тілінің [ɳ] ерекше дыбысын айту дағдыларын қалыптастыру. Ата - ана мен тума - туысты құрметтеуге баулу.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік: жаңа кind, strong, little, big, лексикасын қолдана отырып, өз отбасын таныстыру және сипаттау дағдысын қалыптастыру; his/her тәуелдік есімдігін білу

Тұлғалық: өз отбасын құрметтеуге баулу.

Жүйелік - әрекеттік: осы тақырып бойынша оқылған лексикалық - грамматикалық материалды пайдалану

Сабақты материалдық қамтамасыз ету:

Мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқу қызыметіне ынталандыруға арналған смайлдар, интерактивті тақта, флэш - карталар.

Оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, фломастерлер.

Пәнаралық байланыс:сурет салу

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру сәті.

Good morning children! How are you? (CL. Fine thanks) Sit down please.

ІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Бүгін біз ата - анамызды, ағаларымызды (інілерімізді), әпкелерімізді (қарындас, сіңілілерімізді) сипаттауды үйренеміз.

ІІІ Тірек білімді белсенділеу.

Фонетикалық жаттығу

Балалар, бізге Mr.Wise Crow келді. Hello, children. Бүгін біз [ɳ] дыбысын айтып үйренеміз. [diŋ], [diŋ]. Бұл дыбысты қай сөзді естиміз?

IV Жаңа материалмен жұмыс.

Оқулықпен жұмыс

Балалар өткен сабақта Әлібек бізді өзінің отбасымен таныстырды. Бүгін ол өзінің отбасы туралы әңгімесін жалғастырады. Біз оның отбасымен жақынырақ танысамыз.

1 - жаттығу. Listen and learn:

2 - жаттығу.Look and listen

Look at these photos. Who do you see? Дұрыс, біздің досымыз Муни мен оның отбасы. Муни өз отбасы туралы не айтатынын тыңдап көрейік.

3 - жаттығу. Describe the photos.

Track 15.

Балаларға суреттерге қарауды ұсынып, отбасының әр мүшесінің таттарын атаңыз. Мұғалім балаларға фотосуреттерді кезек - кезек көрсетіп, сұрақтар қояды.

Сергіту сәті.

Hands up! Hands down!

Shake! Shake!

Turn around. Step aside,

Bend left, bend right,

Turn around and sit down.

Дәптермен жұмыс

1 - жаттығу:

Оқушылар арнайы белгіленген орынға ата - анасының, аға - інілері мен әпке - сіңілілерінің суреттерін салып, оларды сипаттайды.

2 - жаттығу:

Шаршыдағы дұрыс суретті табуға арналған тапсырма беріледі. Мұғалім әр суретке арналған сөйлемді оқйды. Оқушылар тыңдайды және қажетті суретті айналдыра сызады.

V Сабақты қорытындылау

Бүгінгі сабақта сендер не үйрендіңдер? Осы сабақ туралы ата - аналарыңа не айтар едіңдер?

Бүгінгі сабақтың өз отбасыңның мүшелері туралы айтуды үйрендіңдер. Қандай сөздерлі пайдаландық? (CL кind, strong, little, big,).

Жарайсыңдар! (Әр сабақта балаларды мақтай отырып, олардың жетістіктерін атап өту өте маңызды).

Well done, children! Good bye!


№7

Пәні: Ағылшын тілі

Күні:

Сыныбы: 1 « »

Сабақтың тақырыбы: Unit 2. Lesson 3.My friend's family.

Сабақтың мақсаты: «Меніңдосымның отбасым» тақырыбы бойынша жаңа лексиканы үйрену.

grandmother/granny, grandfather/grandpa to love етістігімен сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Ағылшын тілінің [r], [p] ерекше дыбыстарын дұрыс дыбыстау дағдысын қалыптастыру.his/her тәуелді есімдіктерін пайдалану белсенділігін арттыру.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік: өз досымның отбасын таныстыру дағдысын қалыптастыру;

Тұлғалық: әртүрлі мәдениеттердің өкілдерін құрметтей білуге баулу;

Жүйелік - әрекеттік: осы тақырып бойынша бұрын оқылғанлексикалық - грамматикалық материалды (mother, father, sister, brother) пайдалану.

Сабақты материалдық қамтамасыз ету:

Мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқу қызыметіне ынталандыруға арналған смайлдар, интерактивті тақта, флэш - карталар.

Оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері.

Пәнаралық байланыс: музыка, елтану

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру сәті.

Good morning children! Listen to me and say:

Good morning, Good morning,

Good morning to you!

Good morning , Good morning

I am glad to see you!

Мұғалім қимылдармен сүйемелдей отырып, алғашқы 2 жолды айтады, балалар қалған жолдарды айтады.

Good morning, Good morning!

We are glad to see you!

How are you? (CL. Fine thanks) Sit down please.

ІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Бүгін біз досымыздың/құрбымыздың отбасын таныстыруды үйренеміз. «Отбасы» тақырыбы бойынша жаңа сөздерді үйренеміз.

ІІІ Тірек білімді белсенділеу.

Фонетикалық жаттығу

Балалар, бізге Mr.Wise Crow келді. Hello, children.

Бізде мен саябақпен келе жатып, иттің ырылдағанын естідім. Осы дыбысты айтып көріңдер: [p], [p], [p]. Ал менің көршімнің иті өзгеше ырылдайды. [r], [r], [r]. Осындай дыбысты айту үшін тілімізді артқа тартып сәл дөңгелентеміз.

IV Жаңа материалмен жұмыс.

Оқулықпен жұмыс

1 - жаттығу. Look and listen

Мұғалім балалармен бірге жаңа: mother, father, sister, brother сөздерінің айтылуын пысықтайды.

- жаттығу.Describe Anar's family

This is Anar. This is her family. This is her grandfather. This sis her drandmother.

3 - жаттығу. Follow the lines and say

Сергіту сәті.

Hands up! Hands down!

Shake! Shake!

Turn around. Step aside,

Bend left, bend right,

Turn around and sit down.

Дәптермен жұмыс

1 - жаттығу:Follow the lines and say

Жаңа лексиканы қолдану белсенділігін арттыруға арналған жаттығу; Оқушылар көрсетілген сызықтар бойынша екі кейіпкедрің - Ольга мен Мишаның әжесі мен атасы бейнеленген суреттерді салыстыру

V Сабақты қорытындылау

Бүгінгі сабақта сендер не үйрендіңдер? Осы сабақ туралы ата - аналарыңа не айтар едіңдер?

Бүгінгі сабақтың ата - әжелер туралы әңгімелесуді үйрендік «grandmother/granny, grandfather/grandpa» сөздерін пайдаландық

Ата - аналарға тапсырма: келесі сабақта «My family tree» жобасын орындау үшін фотосуреттер дайындау (туған - туысқандардың беттерін қиып алу). Әр сабақта оқушылардың жетістіктерін мақтап, мадақтап отыру өте маңызды.

Жарайсыңдар! (Әр сабақта балаларды мақтай отырып, олардың жетістіктерін атап өту өте маңызды).

Well done, children! Good bye!

№8

Пәні: Ағылшын тілі

Күні:

Сыныбы: 1 «Д»

Сабақтың тақырыбы: Unit 2. Lesson 4. My friend's family.

Сабақтың мақсаты: «My friend's family» тақырыбы бойынша жаңа лексиканы үйрену.

Үлгілік танысу жағдайында диалог және маналог құру дағдысын қалыптастыру. [l] дыбысынь дұрыс айту дағдысын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік: өз досымның отбасын таныстыру дағдысын қалыптастыру;

Тұлғалық:үлкендерді құрметтеуге баулу, танысу жағдайында тілдік этикетті сақтау дағдысын қалыптастыру.

Жүйелік - әрекеттік: осы тілдік тақырып бойынша бұрын оқылғанлексикалық - грамматикалық материалды берілген коммуникативтік жағдайда пайдалану.

Сабақты материалдық қамтамасыз ету:

Мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқу қызыметіне ынталандыруға арналған смайлдар, интерактивті тақта, флэш - карталар.

Оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері, отбасы мүшелерінің фото суреттері.

Пәнаралық байланыс: музыка, өзін - өзі тану, еңбекке баулу.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру сәті.

Good morning children! Listen to me and say:

Good morning, Good morning,

Good morning to you!

Good morning , Good morning

I am glad to see you!

Мұғалім қимылдармен сүйемелдей отырып, алғашқы 2 жолды айтады, балалар қалған жолдарды айтады.

Good morning, Good morning !

We are glad to see you!

How are you? (CL. Fine thanks) Sit down please.

ІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Бүгін біз досымыздың/құрбымыздың отбасын таныстыруды үйренуді жалғастырамыз

ІІІ Тірек білімді белсенділеу.

Фонетикалық жаттығу

Балалар, бізге Mr.Wise Crow келді. Hello, children.

Mr.Wise Crow бүгін бізге жаңа [l] дыбысын ала келді. Мен бұл дыбысты мына бір көңілді әннен тыңдаған едім. La - la - la lemon! La - la - la lamp! Қараңыздаршы қандай әдемі дыбыс.

IV Жаңа материалмен жұмыс.

Оқулықпен жұмыс

Балалар, біз қоннаққа барған кезде әдептілік сақтауымыз керек. Ол нені білдіреді. Cl: үй қожайындарымен амандасуға/қоштасуға, қонақжайлы үшін алғысымызды білдіруге міндеттіміз. Мұғалім; Дұрыс, балалар.

Біздің танысымыз Муни Әлібектің үйіне қонаққа барды. Әлібек Муниді өз басымен қалай таныстырғанын тыңдаймыз.

1- жаттығу.Listen and learn

2 - жаттығу. Listen and learn the poem

Сергіту сәті.

Hands up! Hands down!

Shake! Shake!

Turn around. Step aside,

Bend left, bend right,

Turn around and sit down.

Дәптермен жұмыс

1 - жаттығу:Look and draw the lines. Say who they are.

Контурларды төменде берілген отбасы мүшелерінің суреттерімен сәйкестендіру.

V Сабақты қорытындылау

  • Бүгінгі сабақта сендер не үйрендіңдер? Осы сабақ туралы ата - аналарыңа не айтар едіңдер?

  • Сабақта біз өз отбасымыз және досымыздың отбасы туралы әңгімелесуді үйрендік. Әлібектің өз лтбасы туралы әңгімесін тыңдадық, өз отбасымызды қалай жақсы көретіндігіміз туралы айттық.

Бүгін сен үшін не жаңа болды?

Біз бүгін «отбасы ағашы» дегенннің не екенін білдік. Жарайсыңдар! (Әр сабақта балаларды мақтай отырып, олардың жетістіктерін атап өту өте маңызды).

Well done, children! Good bye!


№9

Пәні: Ағылшын тілі

Күні:

Сыныбы:1 «Д»

Сабақтың тақырыбы: Unit 2. Lesson 5.Let's play

Сабақтың мақсаты:білім мен дағдыны бекіту, қорыту және жүйеле. Ұжымды құрметтеу сезімін тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік: бастапқы сөйлеу және тыңдау дағдыларын қалыптастыру;

Тұлғалық:жасы үлкендерді құрметтеге, құрбы - құрдастарға деген төзімділікке баулу.

Жүйелік - әрекеттік:өзінің оқу/коммуникативтік іс - қағаздарын қойылған міндеттерге және оларды іске асыру талаптарына сәйкес орындар

Сабақты материалдық қамтамасыз ету:

Мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқушыларды тілді үйренге, ынталандыруға және көтермелеуге арналған смайлдар

Оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері.

Пәнаралық байланыс:музыка, өзін - өзі тану, еңбекке баулу

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру сәті.

Good morning children! Listen to me and say:

Good morning, Good morning,

Good morning to you!

Good morning, Good morning

I am glad to see you!

Мұғалім қимылдармен сүйемелдей отырып, алғашқы 2 жолды айтады, балалар қалған жолдарды айтады.

Good morning, Good morning!

We are glad to see you!

How are you? (CL. Fine thanks) Sit down please.

ІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

  • Бүгін танысқан уақыттан бастап үйренгенімізді қайталаймыз

ІІІ Тірек білімді белсенділеу.

Сабақта фонетикалық жаттығу ретінде үйренген әндерімізді немесе жаттаған тақпақтарымызды қайталаған жөн. Бұл артикуляциялық аппараттық қалпына кетіруге және эмоциялдық көңіл күйді жақсартуға әсер етеді.

Оқулықпен жұмыс

Қазір біз өткен қызықты «Бұлақ» деген ойынды ойнаймыз. Біз барлық кедергілерден өтіп, сұрақтарға жауап беруге тиіспіз. Ол үшін екі топқа бөлінеміз. Әр топ өзіне ат ойлап табады. Оқушылардың жұмысын бағалау үшін әртүрлі бақылау нысандарын ұсына алады.

  1. Answer the question: What's your name? оқушылар кезек - кезек сұрақ қойып, оған жауап береді.

  2. Count from 1 to 10. Оқушылардың барлығын қатыстыру үшін бірінен бірі санатқызу керек.

Дәптермен жұмыс

1 - бақылау тестін орындау. Оқушылардың жұмысын бағалау үшін мұғалім смайлдарды пайдаланады.

1 - жаттығу: listen, choose and circle what you hear.

Оқушылар суретке қарап, мұғалім айтқан сөйлемді салыстыруға және дұрыс салынған суретті айналдыра сызуға тиіс

2 - жаттығу:Оқушылар Анардың отбасылық ағашын толтыру керек.

V Сабақты қорытындылау

  • Балалар сендер бақылау жұмысын өте жақсы орындадыңдар. Енді ағылышн тілінің көмегімен өздерің басқа адамдармен танысып, достарыңмен туысқандарыңды басқа елдің адамдарымен ағылшын тілінде таныстыра аласыңдар.

Әр сабақта балалардың жетістігін мақтап, бағалап отыру өте маңызды.


№10

Пәні: Ағылшын тілі

Күні:

Сыныбы:1 «»

Сабақтың тақырыбы: Unit 3. Lesson 1. School things

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды "School things" тақырыбы бойынша жаңа лексикалық бірліктермен (a pen, a pencil, a ruler, a rubber)таныстыру. Мектеп құрал - сайманын білдіретін жаңа сөздерді енгізудің үлгілік жағдайына диалог және монолог құру дағдысын қалыптастырну. «what's this? »сұралы грамматикалық құрылымын енгізу. Дұрыс дыбыстау дағдысын дамыту.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік: қызықтыратын зат туралы ақпарат сұрау және оған сәйкес іс - әрекет жасау дағдысын қалыптастыру.

Тұлғалық:мектеп құрал - сайманына ұқыптылықпен қарауға баулу.

Жүйелік - әрекеттік:қарым - қатынас міндеттеріне сәйкес ауызша нысандағы сөйлемді саналы түрде құру.

Сабақты материалдық қамтамасыз ету:

Мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқушыларды тілді үйренге, ынталандыруға және көтермелеуге арналған смайлдар, мектеп құрал сайманы бейнеленген флэш - карталар

Оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері.

Пәнаралық байланыс:музыка, өзін - өзі тану.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру сәті.

Good morning children! Listen to me and say:

Good morning, Good morning,

Good morning to you!

Good morning , Good morning

I am glad to see you!

Мұғалім қимылдармен сүйемелдей отырып, алғашқы 2 жолды айтады, балалар қалған жолдарды айтады.

Good morning, Good morning !

We are glad to see you!

How are you? (CL. Fine thanks) Sit down please.

ІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

  • Бүгін біз сабақта жұмыс істейтін заттардың аттарымен таныстыру.

ІІІ Тірек білімді белсенділеу.

Фонетикалық жаттығу.

  • Балалар, бізге кімнің келгенін қараңдар. Mr.Wise Crow келді. Hello, children. How are you? онымен амандасыңдар.

  • Балалар, бізде мен көшеден әдемі машина көргенім естеріңде ме? Мен сонда не деп айқайлап едім? (Cl: wow!)мені тыңдап артымнан қайталаңдар. [w],[w], [w]. Еріндеріңді алға қарай созыңқырап, дөңгелетіп, күрт арасын ашыңдар: [w],[w], [w].

Жаңа материалмен жұмыс

Оқулықпен жұмыс

1 - жаттығу: Look and learn

Look and picture, listen and repeat after me:

2 - жаттығу:listen and remember

  • Мына суретке қараңдар. Балалар қолдарында не ұстап тұр. Сендер бұл заттардың ағылшын тілінде қалай аталатынын білесіңдер. Ал, енді біз біртұтас сөйлем құруды үйренеміз. Мына - қарындаш. Біздің кейіпкерлеріміз не айтар екен?

Track 21

It's a pencil. It's a ruler. It's a rubber

3 - жаттығу:

  • Балалар, енді сендер, біздің кейіпкерлер сияқты әр заттың атын атаңдар.

4 - жаттығу:

Оқушыларға суреттерге қарауды ұсыныңыз.

Сергіту сәті:

Hands up! Hands down!

Shake! Shake!

Turn around. Step aside,

Step left! Step right!


Дәптермен жұмыс

1 - жаттығу: Listen to

Мұғалім балалардан осы жаттығуды орындау үшін ұсынылған стикерлердің арасынан тыңдалған сөйлемдердің мазмұнына сәйкес келетінін таңдап алып, бос төртбұрышқа жапсыруды сұрайды.

2 - жаттығу:

Балалар затты тауып, оның атын атайды.

V Сабақты қорытындылау

Сендердің әрқайсылардың бүгін нені үйренеді? Біздің сабақтан кейін сендер ата - аналарыңа не туралы айтар едіңдер?

  • Жарайсыңдар! Бүгінгі сабақта оқу құралдарынатап үйрендіңдер. (оқушылар сөздерді атайды a pen, a pencil, a ruler, a rubber ) «what's this? » деген сұрақты қоюды және оған жауап беруді үйрендіңдер. Қандай жақсы баласыңдар. Well done!


№11

Пәні: Ағылшын тілі

Күні:

Сыныбы:1 «»

Сабақтың тақырыбы: Unit 3. Lesson 2. School things

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды "Scool things" тақырыбы бойынша жаңа лексикалық бірліктермен (a book, a copy - book, a bag, a pencil case)таныстыру. Тақырып бойынша бұрын оқылған лексиканың белсенділігін арттыру. Мектеп құрал - сайманын білдіретін жаңа сөздерді енгізудің үлгілік жағдайында диалог және құру дағдысын қалыптастыру. Жаңа лексикалық бірліктерді дұрыс дыбыстау дағдысын дамыту.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік: қызықтыратын зат туралы ақпарат сұрау және оған сәйкес іс - әрекет жасау дағдысын қалыптастыру. Ұсынылған зат туралы естіген материалды түсіну.

Тұлғалық:мектеп құрал - сайманына ұқыптылықпен қарауға баулу.

Жүйелік - әрекеттік:ауызша нысандағы сөйлемді қарым - қатынас міндеттеріне сәйкес саналы түрде құру.

Сабақты материалдық қамтамасыз ету:

Мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқушыларды тілді үйренге, ынталандыруға және көтермелеуге арналған смайлдар, мектеп құрал сайманы бейнеленген флэш - карталар

Оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері.

Пәнаралық байланыс:музыка, сурет салу

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру сәті.

Good morning children! Listen to me and say:

Good morning, Good morning,

Good morning to you!

Good morning , Good morning

I am glad to see you!

Мұғалім қимылдармен сүйемелдей отырып, алғашқы 2 жолды айтады, балалар қалған жолдарды айтады.

Good morning, Good morning !

We are glad to see you!

How are you? (CL. Fine thanks) Sit down please.

ІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

  • Бүгін біз сабақта жұмыс жүргізу үшін қажетті заттардың атауларымен танысуды жалғастырамыз.

ІІІ Тірек білімді белсенділеу.

Фонетикалық жаттығу.

  • Балалар, бізге кімнің келгенін қараңдар. Mr.Wise Crow келді. Hello, children. How are you? онымен амандасыңдар.

  • Балалар, өткен сабақта үйренген сөздерді есімізге түсірейік. (Pen - a pen , pencil - a pencil,ruler - a ruler, rubber - a rubber

Ал қазір сендермен ойын ойнайық. Мен сендерге өткен сабақтардан таныс дыбыстарды айтамын, ал сендер осы дыбыстар кездесетін сөздерді айтасыңдар.

[u] - book, ruler, goodbye, good morning

[e] - pen, pencil, friend

[r] - ruler, rubber, grandmother, grandfather

Жаңа материалмен жұмыс

Оқулықпен жұмыс

1 - жаттығу:Learn the new words

Look at this picture, listen and repeat after me:

2 - жаттығу:ask and answer the question

3 - жаттығу:Say. Оқушылар көзбен It's... сөйлемінің құрылымын ажыратып, фразаның басын айтқаннан кейін суретте бейнеленген заттың атын атап, оны аяқтайды.

Сергіту сәті:

One, two, three on the tiptoes

One, two, three on the tiptoes

One, two, three turn around

Clap, clap, step aside

Дәптермен жұмыс

1 - жаттығу: Answer the question: what's this? Colour

V Сабақты қорытындылау

  • Бүгін сабақта не үйрендіңдер? Сабақ соңында ата - аналарыңа бүгінгі сабақ туралы не айтасыңдар?

Бүгін сабақта оқу - құрал жабдықтарын атап үйрендіңдер (a book, a copy - book, a bag, a pencil case)

what's this? деген сұрақты қоюды және оған жауап беруді үйрендіңдер.

Әр сабақта балалардың жетістігін мақтап, бағалап отыру өте маңызды.


№12

Пәні: Ағылшын тілі

Күні:

Сыныбы:1 «»

Сабақтың тақырыбы: Unit 3. Lesson 3. Our classroom

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды "Our classroom" тақырыбы бойынша жаңа лексикалық бірліктермен (a desk, a chair, aboard)таныстыру. Зат есімнің көпше түрімен таныстыру. Сынып бөлмесінде орналасқан заттарды білдіретін жаңа сөздерді енгіздің үлгілік жағдайында ауызша сөйлем дағдысын қалыптастыру. Дұрыс дыбыстау дағдысын дамыту.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік: қызықтыратын зат туралы ақпарат сұрау және оған сәйкес іс - әрекет жасау дағдысын қалыптастыру.

Тұлғалық:оқу құралдарына және сыныптағы заттарға ұқыптылықпен қарауға баулу.

Жүйелік - әрекеттік:ағылшын тілінде сөздер мен фразаларды есту арқылы қабылдау барысында тілдік түйсікке сүйену; кестедегі ақпаратты тарату, бекіту.

Сабақты материалдық қамтамасыз ету:

Мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқушыларды тілді үйренге, ынталандыруға және көтермелеуге арналған смайлдар, мектеп құрал сайманы бейнеленген флэш - карталар

Оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері, қарындаштар

Пәнаралық байланыс:музыка, математика

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру сәті.

Good morning children! Listen to me and say:

Good morning, Good morning,

Good morning to you!

Good morning , Good morning

I am glad to see you!

Мұғалім қимылдармен сүйемелдей отырып, алғашқы 2 жолды айтады, балалар қалған жолдарды айтады.

Good morning, Good morning !

We are glad to see you!

How are you? (CL. Fine thanks) Sit down please.

ІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

  • Бүгін біз сынып бөлмесіндегі заттардың атауларымен танысамыз және оқу құралдарын көпше түрде атап үйренеміз

ІІІ Тірек білімді белсенділеу.

Фонетикалық жаттығу.

  • Балалар, бізге кімнің келгенін қараңдар. Mr.Wise Crow келді. Hello, children. How are you? онымен амандасыңдар.

  • Балалармен жақында зообақта болдым ондағы жануарлардың қалай дыбыстайтындары жөнінде сендерге әңгімелеп берсем деймін. Маған бәрінен бұрын ұнағаны кішкентай маймылдар. [tʃi], [tʃi], [tʃi]. Деп дыбыстаса, ал ересек маймылдар: [tʃа], [tʃа], [tʃа], деп дыбыстайды.

Жаңа материалмен жұмыс

Оқулықпен жұмыс

1 - жаттығу:Learn the new words

Look at this picture, listen and repeat after me:

2 - жаттығу:look, fine and say

Суретке қарап, заттарды тауып, оларды атаңдар.

3 - жаттығу:Listen, remember and say

  • Балалар суретке қараңдар. Муннидің қолында неше қаламбар?

Сергіту сәті:

One, two, three on the tiptoes

One, two, three on the tiptoes

One, two, three turn around

Clap, clap, step aside

Дәптермен жұмыс

1 - жаттығу: Play Bingo

Әр оқушы бір сөйлемді таңдап, сонымен ғана жұмыс істейді. Мұғалім оқылған сөздер бейнеленген флэш - карталарды мөлдір емес дорбаға салады. Балалар кезек - кезек 1 каточкадан шығарып, осы сөзді атайды. Қолында осы сөзді бейнелейтін сурет бар оқушылар өздерінің жолынан оны сызып тастайды. Жолдағы барлық сөздерді сызып тастап бала «Bingo» - деп айқайлайды.

2- жаттығу: Count and match

оқушылар әр суретке бейнеленген зат санын белгілейтін санды таңдайды.

1 - сурет. Three bags 3

2 - сурет.eight rubbers 2

3 - сурет.two bags 6

4 - сурет.six pencils 8

5 - сурет.four books 1

6 - сурет.one desk 4

V Сабақты қорытындылау

  • Бүгін сабақта не үйрендіңдер? Сабақ соңында ата - аналарыңа бүгінгі сабақ туралы не айтасыңдар?

оқушылар: бүгінгі сабақта жаңа сөздермен таныстық (a desk, a chair, aboard). заттарды санауды үйрендік. Қандай жаңалық аштыңдар? Оқушылар зат есімнің көпше түрін жасау ережесі.

Дұрыс ағылышн тілінде зат есімнің көпше түрі s - тің көмегімен құралады.

Goodbye, children!


№13

Пәні: Ағылшын тілі

Күні:

Сыныбы:1 «»

Сабақтың тақырыбы: Unit 3. Lesson 4. At school

Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша оқылған лексикалық бірліктерді пайдалану. Іс - қимыл жасауға басшылық білдіретін жаңа сөздерді енгізудің үлгілік жағдайында ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру. зат есімдерді көпше түрде дұрыс айту дағдысын дамыту.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік: мұғалімнің бұйрықтары мен өтініштерін сәйкес орындау дағдысын қалыптастыру.

Тұлғалық:оқу құрал жабдықтарына және заттарына ұқыптылықпен қарауға және жасы үлкендерді құрметтеуге баулу.

Жүйелік - әрекеттік:осы тілдік тақырып бойынша оқылған лексикалық - грамматикалық материалды берілген коммуникативтік жағдайда пайдалану; ағылшын тіліндегі сөздер мен фразаларды есту арқылы қабылдау барысында тілдік түйсікке сүйену.

Сабақты материалдық қамтамасыз ету:

Мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқушыларды тілді үйренге, ынталандыруға және көтермелеуге арналған смайлдар, мектеп құрал сайманы бейнеленген флэш - карталар

Оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері, қарындаштар топтамасы

Пәнаралық байланыс:музыка, өзін - өзі тану

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру сәті.

Good morning children! Listen to me and say:

Good morning, Good morning,

Good morning to you!

Good morning , Good morning

I am glad to see you!

Мұғалім қимылдармен сүйемелдей отырып, алғашқы 2 жолды айтады, балалар қалған жолдарды айтады.

Good morning, Good morning !

We are glad to see you!

How are you? (CL. Fine thanks) Sit down please.

ІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

  • Бүгін біз сынып бөлмесіндегі заттардың атауларымен танысуды жалғастырамыз және сыныпта өзін -өзі ұстаудың бастапқы нормаларын сақтауды, мұғалімнің бұйрықтары мен өтініштерін орындауды үйренеміз.

Тірек білімді белсенділеу.

Фонетикалық жаттығу.

  • Балалар, бізге кімнің келгенін қараңдар. Mr.Wise Crow келді. Hello, children. How are you? онымен амандасыңдар.

  • Балалар бір дыбысты дауы ырғағын өзгерту арқылы түрліше айтуға болады. Егер сен таңғалған болсаң [әu], қуансаң [әu] That's great! Егер біреуге аяушылық көрсеткің келсе [әu]дейсің.

Жаңа материалмен жұмыс

Оқулықпен жұмыс

1 - жаттығу:Look, listen and learn

Оқушылар суретерге қарап, тыңдайды және аударады қажет болса мұғалім аударады.

2 - жаттығу:lookand say

Балалар, суреттегі балалар қандай бұйрықтарды орындап жатыр.

Сергіту сәті:

Hands up! Hands down!

Shake! Shake!

Turn around. Step aside,

Bend left, bend right,

Turn around and sit down.

Дәптермен жұмыс

1 - жаттығу: Listen, choose and tick


V Сабақты қорытындылау

  • Бүгін сабақта не үйрендіңдер? Сабақ соңында ата - аналарыңа бүгінгі сабақ туралы не айтасыңдар?

Бүгін сабақта "оқу құрал - жабдықтар" деген тақырыптың сөздерін пайдаландыңдар (a book, a copy ,book, a bag, a pencil case). Мұғалімнің нүсқауларын орындауды үйрендіңдер.

Әр сабақта балалардың жетістігін мақтап, бағалап отыру өте маңызды.

Goodbye children!


№14

Пәні: Ағылшын тілі

Күні:

Сыныбы:1 «»

Сабақтың тақырыбы: Unit 4. Lesson 1. Colours

Сабақтың мақсаты:"Colours" тақырыбы бойынша жаңалексикалық бірліктермен танысу. Түстерді білдіретін жаңа сөздерді енгізудің үлгілік жағдайында ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру. жаңа лексикалық бірліктерді дұрыс дыбыстау дағдысын дамыту.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік: қызықтыратын зат туралы ақпарат сұрау және оған сәйкес іс - әрекет жасау дағдысын қалыптастыру;

Тұлғалық:Ағылшын тілін үйренуге қызығушылыөты дамыту, оқушылардың зейіні мен жадын дамыту. өзге адамдармен қарым - қатынас кезінде оларды құрметтеуге және сыпайы болуға баулу.

Жүйелік - әрекеттік:ауызша айтылымды ауызша түрдегі қатынас міндеттеріне сәйкес саналы түрде құру.

Сабақты материалдық қамтамасыз ету:

Мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқушыларды тілді үйренге, ынталандыруға және көтермелеуге арналған смайлдар, мектеп құрал сайманы бейнеленген флэш - карталар

Оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері, қарындаштар топтамасы

Пәнаралық байланыс:музыка

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру сәті.

Good morning children! Listen to me and say:

Good morning, Good morning,

Good morning to you!

Good morning, Good morning

I am glad to see you!

Мұғалім қимылдармен сүйемелдей отырып, алғашқы 2 жолды айтады, балалар қалған жолдарды айтады.

Good morning, Good morning!

We are glad to see you!

How are you? (CL. Fine thanks) Sit down please.

ІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

  • Бүгін біз түстерді белгілейтін сөзденмен танысып, түстердің атын үйренеміз.

  • Тірек білімді белсенділеу.

Фонетикалық жаттығу.

  • Балалар, бізге кімнің келгенін қараңдар. Mr.Wise Crow келді. Hello, children. How are you? онымен амандасыңдар.

  • Балалар, мен кеше өзімнің кішкентай достарыммен ойыншықтар сататын дүкенде болдым. Айтыңдаршы, маған қандай ойыншық ұнады деп ойлайсыңдар: yellow yo - yo!

  • Жаңа материалмен жұмыс

Оқулықпен жұмыс

1 - жаттығу: Learn the colours

Оқушылар суретерге қарап, тыңдайды және аударады қажет болса мұғалім аударады.

2 - жаттығу: Listen and sing

3 - жаттығу: Answer the question. What colour is it? It`s red.

4 - жаттығу: Listen and learn

5 - жаттығу: Pair work. Ask and answer


Дәптермен жұмыс

1 - жаттығу: Listen, choose and tick


V Сабақты қорытындылау

  • Бүгін сабақта не үйрендіңдер? Сабақ соңында ата - аналарыңа бүгінгі сабақ туралы не айтасыңдар?

Бүгін сабақта "оқу құрал - жабдықтар" деген тақырыптың сөздерін пайдаландыңдар (a book, a copy ,book, a bag, a pencil case). Мұғалімнің нүсқауларын орындауды үйрендіңдер.

Әр сабақта балалардың жетістігін мақтап, бағалап отыру өте маңызды.

Goodbye children!




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал