7


  • Учителю
  • Рефлексивті есеп ағылшын тілі 5 сынып

Рефлексивті есеп ағылшын тілі 5 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мақсаты: Тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстыра отырып, оқушылардың есте сақтау, айтылым әрекеттерін қалыптастыру.

Міндеттері:

Білімдік: «What is your address?» тақырыбы бойынша лексикалық материалдарды : address, flat, street, telephone number сөйлеу мен жазуда қолдана алу.What is your address? сұрағына жауап бере алу; айту, тыңдау, жазу дағдыларын дамыту

Дамытушылық: тілдерін жаттықтыру, есте сақтау қабілетін дамыту.

</<font color="#333333">Тәрбиелік: бір-бірін тыңдауға үйрету;топта жұмыс істеуге үйрету, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Топтық жұмыс ұйымдастыру арқылы оқушыларды ынталандыру.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ. Ағылшын тілінде мекенжайды, телефон нөмірін сұрап, жауап беруді білуге арналған сабақ. Дамыта оқыту технологиясының элементтері бар.

Жұмыс түрлері: Жеке, топтық, ұжымдық

Сабақтың барысы

Сабақ 5-Б сыныбында өтті. Сыныпта 12оқушы. Бұл сынып оқушылырының тілді үйренуге деген қызығушылықтары жоғары. Сабақ барысы мынадай принциптермен өтті:

  • Тапсырмаларды топпен шешу жолдары принципі

  • Қолжетімді білім принципі

Әр көрнекілік жаңа сабақты меңгерулеріне оң әсерін тигізді.

Тапсырмалардың барлығы бір ізділікпен, дұрыс қарастырылғын болды, яғни қиынынан оңайға өтіп отырды.

Оқушылардың белсенділігі мен өздік жұмыс жасай алатындықтары әр түрлі тапсырмалар мен сұрақтардың нәтижесінде көрініп отырды. Оқушылардың үйренуін қадағалау келесі кесте бойынша жүзеге асып отырды:

Мұғалім - Оқушы; оқушы-оқушы.

Сабақта оқушылардың жан-жақты дамуына мүмкіндіктер болды, сабаққа барлық оқушылар қатысты.

Танымдық іс-әрекет мінездемесі- шығармашылық.

Сабақтың құрылымы аталған сабақ түріне түгелдей сәйкестендірілген. Менің негізгі тапсырмаларым балалардың жас ерекшеліктеріне сай тілді меңгертудегі жағдайлар мен мүмкіндіктер туғызу болатын. Сабақтың мазмұны, көрнекіліктері, дамытушылық бейне жазбалар, топтық, жеке жұмыстардың барлығы оқушылардың белсенді ойлау қабілеттерін ұйымдастыру - сабақтың мақсатына жетуге және оқушы бойында танымдық қызығушылықтарының дамуына көмектесті.

Оқушылардың танымдық белсенділіктері, жаңа тақырыпты меңгеру және материалдарды қолдану деңгейін жақсы деп бағалаймын. Менің ойымша бұл сабақ әрі қарай оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің дамуына тірек болады.

Бұл сабақта денсаулық сақтау аспектісі де қарастырылды. Мен оқушылар арасында психологиялық ахуал туғызуға және дене жаттығуын жасауға мүмкіндік туғыздым.

Оқушылар сабақ барысында белсенді, мұқият, жұмыс істеуде қабілетті болды. Менің ойымша бұндай оқу іс-әрекетінің формасы оқушылар үшін тиімді болды. Менің тарапымнан педагогикалық әдептілік нормалары, қарым-қатынас мәдениеті сақталды.

Сабақтың ұйымдастырушылық кезеңі фонетикалық жаттығу- ағылшын тілінде ән орындаумен басталды. Өткен сабақта өткен лексиканы қолданып жаттығу жасалды.

Бұл сабақта жоспарланған міндеттер негізі орындалды.

Оқушылардың физикалық немесе психикалық шаршап-шалдығулары тапсырмалардың түрлерінің өзгеріп отыруына байланысты және жас ерекшеліктеріне сай жасалғандықтан болған жоқ.

Сабақта бір жоспарланған тапсырма орындалмай қалды. Топта жұмыс істеуде уақыт кедергісі болды, яғни тапсырманы мезгілінен кеш аяқтау себеп болды. Сабақтың мақсатына жеткенімді сабақ соңында қойған баға және оқушылардың қалдырған рефлексияларынан білдім.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал