7


  • Учителю
  • Конспект по информатики на тему Контурды жасау және редакциялау. (7 класс)

Конспект по информатики на тему Контурды жасау және редакциялау. (7 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ САБАҚ ЖОСПАРЫ: «Тексерілді»

Оқуісі-жөніндегіорынбасары

«_______» ___________2016ж _____________________



Пәнаты : Информатика



Сынып : 7



Сабақтың тақырыбы : Контурды жасау және редакциялау.

Сабақтың мақсаты:

  1. Басқа нысандардан арнайы құралдарды пайдаланып, контур жасап үйрену, олармен бірге әркеттер жасау.

  2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және компьютермен жұмыс жасау мүмкіншіліктерін дамыту.

  3. Оқушыларды ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, копьютермен сауатты жұмыс жасай білуге үйрету.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Әдісі: Көрсете - баяндау, пікірлесе - түсіндіру.

Сабақтың барысы :

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Үйге берілген тапсырманы тексеру

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндеру

IV Компьютермен тәжірибелік жұмыс

V Үйге тапсырма беру

VI Қорытындылау

І. Сабаққа келмеген оқушыларды түгендеу.

Тест

  1. Нысандарды қосарлау ...... іске асады.

  1. Ерекшелеу құралымен

  2. Нысан → Түрлендіру бұйрығымен

  3. Түзету → Қосарлау бұйрығымен

  4. Түзету → Қою бұйрығымен

  1. Нысандар ретін өзгертуге бола ма?

  1. Өзгертуге болмайды

  2. Нысанды тек бір деңгейге жоғары көтеруге болады

  3. Нысанды тек алдыңғы планға көтеруге болады

  4. Өзгертуге болады

  1. Салынған бірнеше фигураны қалай ерекшелеуге болады?

  1. Әр фигураны үстіңгі сол жақ түйіннін шерту арқылы

  2. Әр фигураны екі реттен шерту арқылы

  3. Тінтуір меңзерімен фрагментті қоршау арқылы

  4. Белгілеу құралын таңдап, фигураны біреуін шертіп, Shift пернесін басып тұрып, басқа нысандарды шерту арқылы

  1. Пропорцианалды тік төртбұрыш алу үшін қандай пернені басып тұру қажет?

  1. Alt

  2. Ctrl

  3. Shift

  4. CapsLok

  1. «Ізбе - із көшіру» үшін қандай пернені басып тұру қажет?

  1. Ctrl

  2. Shift

  3. Alt

  4. Бос орын

ІІІ. Жаңа сабақ

Кескіндерді тек нысан-фигураларды барлық уақытта жасай алмаймыз.Көбінесе кескіндер күрделірек.Кез келген фигураны контурға түрлендіруге болады: оның әдісі Контур → Нысандарды контурлау (Контур → Оконтурить обьект) бұйрығы арқылы орындалады.

Контурлармен жұмыс істеуге арналған құралдар : Түйіндер, Қарандаш, Қаламұш, Каллиграфиялық қаламұш.Конспект по информатики на тему Контурды жасау және редакциялау. (7 класс)Конспект по информатики на тему Контурды жасау және редакциялау. (7 класс)Конспект по информатики на тему Контурды жасау және редакциялау. (7 класс)Конспект по информатики на тему Контурды жасау және редакциялау. (7 класс)

Түйіндерді редакциялау үшін ең алдымен сегментті тінтуірмен шертіп, ерекшелеу қажет. Shift пернесін басқанда, бірнеше түйін ерекшеленеді.

Құралдарды контурлармен жұмыс істеу кезінде қолдану ерекшеліктерін қарастырайық.

Қарандаш

Қағазға қолмен сурет салынған сияқты Қарандашты пайдаланып, еркін қисықтар салуға болады.Нәтижесінде көптеген түйіндері бар қисық алынады.Жеке түйіндерді Құралдар параметрінің панеліндегі Түйіндердегі батырмамен жоюға болады.Конспект по информатики на тему Контурды жасау және редакциялау. (7 класс)

Түйіндер санын автоматты түрде Контур → Жеңілдету бұйрығын орындау арқылы кішірейтуге болады.Түйіндер санын суретті салу кезінде реттеп отыруға болады.

Қаламұш

Құралдар қисықтармен қоса, түзу контурларды да алуға мүмкіндік береді.

  • Төрт режим қолжетімді;

  • Безье қисығы;

  • Спиро қисығы;

  • Тік кесінділердің тізбектелуін салу (бір-біріне қатысты кез келген бұрыштарды);

  • Тік кесінділердің тізбектелуін салу ( бір-біріне қатысты тікбұрыштарда).

  • Түйіндер тінтуірдің шертуімен қосылады.Контурды салуды аяқтау тінтуірді екі рет шерту немесе Enter перенсін басу арқылы орындалады.Контурды соңғы түйіннен бастап толықтыруға болады.



Калиграфиялық қаламұш

Калиграфиялық қаламұш құралы Қарандашқа ұқсас, бірақ өзара тұйықталған параллель екі контурды құрайды.

Түйіндерді редакциялау

Өздеріңнің көздерің жеткендей, Түйіндер құралын пайдаланып, түйіндерді қосуға, жоюға, ерекшелеуге, жылжытуға болады.Аталғандардан басқа, Түйіндер құралында тағы бірнеше параметр бар.



IV. Компьютермен тәжірибелік жұмыс.

  1. Қарындаш құралын пайдаланып, кез келген контур сызыңдар.

  2. Контурды көшіріп алыңдар Ctrl-D

  3. Көшірмеге контурлық әсерлерді қолданыңдар: Контур→Контурлықәсерлер редакторы

  4. Ішкі сызықты түр салу әсерін таңдап, Қосу батрмасын басыңдар. Нәтижесінде контур сызықты түрге айналады.

  5. Сықықты түрді Түйіндер құралымен ерекшелеңдер, бірнеше сары түсті таңбалар пайда болады, оларды басқара отырып, өздеріңе керек әсерді ала аласыңдар.

  6. Tab пернесін басу арқылы бастапқы контурға ауысыңдар, Қарындаштық нобай әсерін қолданыңдар.

  7. Контурларды топтап, жиектердің түсін өзгертіңдер.



V. Үйге тапсырма беру

§24. «Контурды жасау және редакциялау» тақырыбын оқып, мазмұндау.



VI. Қорытындылау

  1. Контурдың анықтамасын беріңдер.

  2. Контур мәзірін зерттеп, әрбір бұйрығының қызметін сипаттаңдар.

  3. Қарандаш құралымен салынған контурдың қандай екрекшеліктері бар?

  4. Қаламұш құралының көмегімен түзу сызықтар жасау алгоритмін құрастыр.

  5. Қисықты қалай редакциялауға болады?



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал