7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары:Циклдік алгоритмдер және оның түрлері. Қайталану саны белгісіз циклдер.

Сабақ жоспары:Циклдік алгоритмдер және оның түрлері. Қайталану саны белгісіз циклдер.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы: Күні: Тексерілді:



Сабақтың тақырыбы: Циклдік алгоритмдер және оның түрлері. Қайталану саны белгісіз циклдер.

Сабақтың мақсаты:

Белгілі бір әрекеттер тізбегі бірнеше рет қайталанатын болса, онда циклдік алгоритмдерді қолдананып, есептерді шешу керектігін оқушыларға түсіндіру. Циклдік алгоритмдерді құру кезінде есепті жүйелеу арқылы шешіп, ойлау қабілеттерін дамыту.Циклдік алгоритмдерді өмірмен байланыстыру арқылы оқушыларды цикілдің мәнін ұғуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты бекіту

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, презентация

Пәнаралық байланыс: математика

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

А) Оқушыларды сабаққа дайындау, түгендеу

Ә) Ұқыпты, ынталы болуға үйрету

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

IV.Сабақты бекіту

V.Үйге тапсырма

VI.Оқушыларды бағалау





Өткенді қайталау:

  1. Алгоритм дегеніміз не?

  2. Шығу тарихы

  3. Алгоритмнін неше түрі бар?

  4. Алгоритмнің жазылу жолдары.

  5. Сызықтық алгоритм?

















Жаңа сабақты түсіндіру.

Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер тізбегі бірнеше рет қайталанып орындалып отырады. Математикада есеп шығару кезінде бір теңдеуді пайдаланып, ондағы айнымалы мәнінің өзгеруіне байланысты оны бірнеше рет қайталап есептеуге тура келеді. Осындай есептеу процесі бөліктерінің талап орындауын цикл деп атайды, ал қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер тобы циклдік алгоритмдерге жатады. Циклдік алгоритмдерді пайдалану, оларды кейіннен программаларда цикл командалары түрінде қысқартып жазу мүмкіндігін береді.

Циклдік процесті қамтамасыз ететін алгоритм бөлігін қайталау командасы құрайды. Бұл команда алгоритмді жинақы етіп жазуға мүмкіндік береді.

Қайталау командасын алгоритмдік тілде жазу үшін әзірше (әзір), цикл басы (цб) және цикл соңы (цс) түйінді сөдері қолданылады: әзірше сөзінен кейін қолданылатын шарт, ал цикл басы мен цикл соңы түйінді сөдерінің арасына қайталанатын командалар жазылады. Мұнда да цикл басы мен цикл соңы түйінді сөздер арасындағы цикл аздап оңға ығыстырылып жазылады, олай ығыстыру қайталанатын командалардың орындалу реттігін түсінуді оңайлатады.

Қайталау санының алдын ала белгілі және белгісіз болуына байланысты цикл екі түрге бөлінеді. Қайталау саны алдын ала белгілі цикл - арифметикалық цикл деп, орындалу саны белгісіз цикл - командалық (итерациялық) цикл деп аталады.

Арифметикалық цикл. Арифметикалық цикл ең қарапайым цикл болып табылады және практикада жиі қолданылады. Қайталану барысында цикл параметрі арифметикалық прогрессияның заңы бойынша тұрақты шамаға өзгеріп отырады. Алгоритм атқарылар алдында цикл параметрінің бастапқы мәні белгілі, осыдан кейінгі қайталану барысында цикл параметрі белгілі бір шамаға (қадамға) өзгере отырып, алдын ала берілген соңғы мәнге жетуі қажет.

Алгорим мен программа жазуды жеңілдету үшін циклдік алгоритмдер ықшамдалған түрде «модификатор» немесе «цикл басы» блогын пайдалану арқылы жазылады. Бұл программадағы арифметикалық циклдің өз командалары былай жазылады:





Интерациалық (қадамдық) цикл. Цикл орындалмас бұрын, оның қайталану саны белгісіз болған жағдайда, қадамдық циклді пайдаланады. Циклді аяқтау үшін белгілі бір шарт тексеріледі. Егер шарт орындалмаса, онда кайталану командасы атқарылады. Ал шарт орындалса, онда цикл қайталанбайды. Қадамдық циклді кескіндегенде модификатор қолданылмайды, себебі неше рет қайталанатынын алдын ала білмейміз.





Өткенді пысықтау:

  1. Цикл деген не?

  2. Циклдің түрлері қандай?

  3. Цикл блогы қалай сызылады?

  4. Цикл блогында неше байланыс сызығы бар?

  5. Циклда егер шарт болатын болса, онда ол қалай орналасу керек?





Үйге тапсырма: 1. Тақырып мазмұнына дайындалу.

2. Есеп: 1, 3, 5, ...., 15 сандар тізбегі берілген. осы тізбектің квадраттарының қосындысын есептейтін блок-схема, алгоритм және пргорамма құрып келу керек.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал