7


  • Учителю
  • Эссе Мен не үшін өзгеруім керек

Эссе Мен не үшін өзгеруім керек

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мен не үшін өзгеруім керек

Ғалым

да, шахтер де бас иетін,

Ұстазым, бар сенің қасиетің.

Білім берген, ой берген, ақыл берген,

Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең …

Осы тақырыпты алғаннан соң көп ойландым. ​Мен өзімнің ұстаздар әулетінен шыққанымды мақтан етемін, себебі, алғаш мектеп табалдырығын аттап, алғаш рет қолыма қалам ұстаған күннен бастап, менің арманым мұғалім болу еді. Қазір мен өз арманыма жеттім деп ойлаймын және маған дәріс берген ұстаздарыма, ата-анама алғысым шексіз.

Мұғалімнің бейімділігі, дарындылығы көбінесе оқушының тағдырын шешеді. «Ұстазсыз шәкірт тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл, ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» дейді қазақ. Бұл басқа емес, дәл педагог мамандығына арнап айтылған мақал. Әрине, ұстаз деп тек мұғалімдерді айтуға болмайды. Менің өміріңе бағыт берген, кәсібімді үйреткен, тіршілігіме нәр берген адамның барлығын ұстаз санаймын. Егер мектептегі ұстазға келер болсақ, бұларды жаны өте нәзік, жомарт, сезімтал жандар деп айтар едім. Оқушыға ұстаздық жасайтын адамның бойында өз мамандығына берілген, бар қуатын оқушыға сарқып бере алатын, онымен бірге қуана да, қайғыра да білетін барлық асыл қасиеттер болу қажет. Менің ойымша, ұстаз болу - кез-келген адамның қолынан келе бермейді.

</ Нағыз ұстаз шәкірттерін «біз жақсы ұстаздан сабақ алдық» деп айтатындай дәрежеге жеткізу керек. Ұстаздарымды, ата-анамды мен «нағыз ұстаз» деп айта аламын және олардың жолын қуып өзімнің де ұстаз болғаныма қуаныштымын! Жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін, № 3 Қарабалық

орта мектебіне қызметке орналастым. Менің бірінші ұстанымым: оқушыларды оқыту үшін, бірінші өзің оқуың керек, оқушыларға тәрбие беру үшін, тәрбиені өзіңнен бастауың қажет, оқушыларды дамыту

үшін, әрдайым өзің іздену, даму үстінде болуым қажет сонда ғана осы мамандыққа лайықты деп санаймын. Бәрі бірден жақсы болып кете қойған жоқ. Мен көп іздендім, өз ісінің нағыз мамандарын, ең үздіктерін іздедім. Осылайша, мен өзімнің екінші ұстанымыма келдім: биіктерге жету үшін, болашаққа көз жүгіртіп, өз идеалыңды таба білуім керек. Мен өз әріптестерім арасынан Түсенова Раушан Қуантайқызының ұстаздық тәжірбиесін өзіме үлгі етемін. Өзмамандығым жайлы ойлана отырып, мен өзімнің педагогикалық жұмысымның мәнін аша алатын сөздер іздедім: педагог тәуліктің 24 сағатында педагог болуы тиіс, себебі ол - өмірдің мәні. Бір күнде тек 3 сабақ қана мұғалім болып, одан кейін мұғалім бетпердесін лақтырып тастап, босаңсуға болмайды. Педагог тұлғасы тәрбие беру құралы болуы керек. Педагог оқушылар алдында өзін-өзі жетілдіре білуі керек.

Осы маманға лайықтылығымның айнасы ретінде, жас ұрпаққа

білім беру мен тәрбиелеу жолындағы мына көрсеткіштерімді атап

өткім келеді.Өзімнің алдағы 5-жылғы іс -тәжірибелік жұмысымның нәтижесінде оқушыларымның білім сапасының артуына, тәрбиелік жұмыс жобамның негізінде оқушыларымның шығармашылық қабілеттері мен табиғи дарындары жетіле түсуіне қол жеткіздім. Мектепішілік, аудандық білім мен тәрбие жұмыстарын жүйелейтін реитінгілер мен байқауларда жүлделі орындарға ие болдым.Оқушыларым облыстық «Ақ бота» интелек туалдық ойындарға қатысып отырады. 2013 жылы оқушым Нарбек Бексұлтан облыс бойынша бірінші орын алса, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне байланысты өткізілген «Ауылым алтын бесігім» атты аудандық өнер байқауында Оралбеков Ержігіт бірінші орынға ие болды, Қазақ халқының ұлттық биі «Қара жорға» биімен сыныбым 1-ші орынға ие болды.

Ал,«осы мамандықты таңдағандағы жетістікті қалай өлшеуге

болады?» деген сұрақ қойылса, былай деп жауап берер едім: «Жетістік деп мен өзімнің оқушыларымды оқытудағы және тәрбие берудегі табыстарымды айтар едім. Оның нәтижесі - оқушыларымның өмірдегі жеңістері, дарындылық қасиеттерінің, қабілеттерінің ашылып, кеңейе түсуі, өзін-өзі бағалауды күшейтуі, өз бақытын іздеуі».

«Ақша жоғалтсаң - ештеңеңді жоғалтпайсың, уақытыңды жоғалтсаң - көп нәрсеңді жоғалтасың, досыңды жоғалтсаң - көп нәрсеңді жоғалтасың, өзіңді жоғалтсаң - бәрін жоғалтасың» деп неміс мақалы дұрыс

айтылған. Осыған орай, менің өмірлік қағидам ешқашан өз қадір-қасиетімді жоғалтпау, әрқашан тек шыншыл, адал, өз ісіне берілген тұлға болып қалу».

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде

«Болашақтың тағдыры жастардың қолында,жастардың тағдыры ұстаздың қолында» деген болатын.Ендеше бұл бүгінгі заман талабына сәйкес ұстаздардың да үнемі адам тағдырына жауаптылығымен қоса жаңару үстінде болу керектігін аңғартады. Мұғалім неліктен өзгеруі керек? Өйткені алғаш мұғалімдікке неліктен келген болсаңыз, сол себепті өзгеруіңіз керек.Балаға жаны ашитын,әрі ол сіз үйреткен білімді меңгергенге дейін сіз өзгересіз.Себебі мұғалімдер ғана әлемде барлық адамдардың ішінен үзіліссіз оқудың мақсатын түсінеді,себебі мұғалім болу ақша,мәртебеден,танымалдықтан артық.Сондықтан қарыштап дамып келе жатқан заманға сай мен де өзгеріп отыруым қажет. Бәсекеге сай ​



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал