7


  • Учителю
  • Ашық сабақ Компьютердің қосымша құрылғылары

Ашық сабақ Компьютердің қосымша құрылғылары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Т.Жаманмұрынов атындағы орта мектебі

















Сабақтың тақырыбы: Компьютердің қосымша құрылғылары.

Класы: 5

Пәні: информатика

Пән мұғалімі: Өтемұрат Айгерім Нұрлыбекқызы





























2015-2016 оқу жылы













Күні: 13.10.2015ж

Пәні: Информатика

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Компьютердің қосымша құрылғылары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Компьютерге қосылатын шеткі құрылғылардың қызметімен таныстыру. Оқушыларға алғашқы және қазіргі ақпарат тасығыштар жайында түсінік беру, ақпарат тасығыштардың әртүрлілігін көрсету. Есептеуіш техниканың даму барысында қазіргі заман талабына сай дербес компьютердің құрылғыларын терең түсіндіру.

Дамытушылық: Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыра отырып оқушылардың сауаттылықтарын, ойлау қабілетін, пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: Тәрбиеленген жеке тұлғаның бойына алған білімін, тәрбиесін қоғамда дұрыс пайдалана білуге үйрету және ой-өрісін дамыту.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, топтық әдіс

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, интерактивті тақта, компьютер, плакат, слайд, суреттер, компьютердің құрылғылары.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі - Оқушылармен сәлемдесу;

- Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру;

- Жағымды психологиялық ахуал туғызу; (Әр оқушы өзінің қай деңгейде дайындалып келгендігіне орай өзін-өзі смайликтермен (жақсы, орташа, нашар) көрсетеді.

- Оқушыларды топқа бөлу; (Геометриялық фигуралар үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек арқылы өздерінің қай топта болатынын білу және оларға мінездеме беріледі )

Үшбұрыш - Өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған істі аяғына жеткізетін, көшбасшы, саясаткер, өз өзіне сенімді адам.

Төртбұрыш- жаңа идеяларға жақын, білуге құмар, ізденгіш, батыл, көңіл күйі өзгермелі, өзін көпшілікке көрсете бермейтін адам.

Шеңбер -өте мейірімді, басқаның қайғысын да қуанышын да бөлісе алады. Көпшіл, ынталы, достары мен таныстары көп, пейілі кең, түйсігі жақсы дамыған адам.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылар Дербес компьютердің құрылғыларын суреттен көрсетіп, оның аттары мен не үшін пайдаланатынын жазады және үйге берілген тапсырманы қарау.

Міне балалар үй жұмысында есімізге түсіріп , біршама өткен тақырыптан қайталау жасадық.

III Білімді өзектендіру.

Оқушыларға сұрақтар қойылады.

  1. Компьютердің негігі құрылғыларына қандай құрылғылар жатады?

  2. Ақпаратты ұзақ уақытқа сақтау үшін қолданылатын жады түрі қандай?

  3. Компьютер өшірілгеннен кейін ақпарат жедел жадыда сақтала ма?

IV. Жаңа сабақты түсіндіру.

Қосымша құрылғылар - компьютердің жүйелік блогына қосымша жалғанатын құрылғылар.Оларды жүйелік блоктың сыртына да, ішіне де қосуға болады. Компьютердің қосымша құрылғыларына дыбыс колонкалары, микрофон, принтер, сканер, модем және т.б. жатады.

Дыбыс колонкалары - дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысы.

Принтер - ақпаратты компьютерден қағазға басып шығаруға арналған құрылғы. Заманауи принтерлердің мынадай түрге бөлеміз. Олар лазерлік, матриалық және сия бүріккіш болып бөлінеді.

Бүріккіш принтер Лазерлік принтер

Бүріккіш принтерлер қағазға бояулардың көмегімен басып шығарады.Бүріккіш принтерлерде және лазерлік принтерлерде де картриждері бар.Бұл картриждер ұнтақпен (тонермен) толтырылған. Лазерлік принтерлер түрлі түсті және ақ қара болып келеді. Лазерлік принтерлер лазер сәулесінің көмегімен басып шығарады.

Сканер-мәтіндік және графикалық ақпараттарды қағаздан компьютерге енгізу құрылғысы.Сканердің көмегімен мәтіндерді мәтіндік редакторға, фотосуреттерді - бейнелерді өңдеу программаларына аударуды т.б. орындайды.

Көпфункционалды құрылғылар(КФҚ) - бір құрылғыдағы принтер/ сканер/ көшірме/. Аталған функциялардың бәрін жүзеге асыруға арналған.Мұндай функциялар шоғырланған құрылғылар бүріккіш те, лазерлік те болуы мүмкін.

Модем - компьютерді жай телефон желісіне қосуға арналған құрылғы. Модем әдетте компьютерге Интернет желісінде орнатылады.

Тышқан - компьютер мен жұмыс істеуге арналған ең ыңғайлы құрылғы.

Ақпарат тасығыштар:

• Қатты диск;

• Жұмсақ диск;

• Лазерлік дискілер (СD- DVD);

• Флеш жады;

Тасығыштарда ақпарат компьютерге ыңғайлы түрде - сандық форматта сақталады. Адам тасығыштағы ақпаратты компьютердің көмегінсіз ажыратып оқи алмайды. Ақпарат тасығыштардың негізгі көрсеткіштері - олардың сиымдылығы.

Сыйымдылық - тасығышта сақталатын ақпараттың шектік сандық мөлшері.

Ақпарат тасығыштардың әрбір түрін толығырақ қарастырайық.

Қатты диск - үлкен көлемді деректер мен программаларды ұзақ уақытқа сақтайтын негізгі құрылғы. Жүйелік блоктың ішінде орналасқанына қарамастан қатты дискі компьютердің сыртқы жады болып табылады.

Дискета (жұмсақ диск) - шамалы көлемді деректерді көп қайтара жазып, сақтау үшін қолданылатын тасымалданатын магниттік ақпарат тасығыш. Тасығыштың бұл түрі әсіресе 1970-1990 жылдардың басында кеңінен таралды.

Қысқартылған CD-ROM тіркесі қазақ тілінде ықшам-дискі негізінде тұрақты сақтау құрылғысы деп аударылады.Ал , DVD - дискі үлкен көлемді ақпаратты сақтауға және мүмкіндік беретін артығырақ тығыздықтағы құрылымды жұмыс беті бар тасығыш.

Лазерлік дискілердің сыйымдылығы- СД дискілер үшін 650 Мбайттан, DVD дискілер үшін 9Гбайтқа дейінгі аралықта. Бастапқыда CD/DVD - дискілеге ақпарат жазуға болмайтын еді кейіннен жазатын CD/DVD- ROM және қайтадан жазатын дискілер пайда болды.

Заманауи ақпарат тасымалдайтын құрылғылар - ол флеш жадылар.Олар флешкалар немесе жады карталары болуы мүмкін. Флеш - жадыларға ақпаратты көп рет қайталап жазуға болады. Мұндай тасығыштардың физикалық мөлшерлері үлкен емес, ал сыйымдылығы жылдан - жылға артып келеді. Флеш - жадылар өлшем көрсеткіштері шамалы және тұтынушылардың көпшілігі үшін бағасы қолжетімді болғандықтан флеш- картатүрінде барлық сандық құрылғыларда - фотоаппараттарда , видеокамераларда , ұялы телефондарда кеңінен қолданылады.

V. Тақырыпты меңгергендерін тексеру

Компьютермен жұмыс:

- Мәтіндік редакторда берілген тақырыптың біріне жазыңдар.

«Дербес компьютер құрылғылары» мәтінін тарату. - Оқушылар жеке-жеке мәтіндік редакторда «Дербес компьютер құрылғылары» мәтінін жазады.

Компьютер сөзі «есептеуіш» деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кезде компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал. Дербес компьютер бірнеше блоктардан жүйелік блок, монитор, тышқан, пернетақтадан тұрады.

VI.Сергіту сәті

Шаршауды болдырмау жаттығулары:

1.Сағат тілі бағытымен және қарсы бағытта басты айналдыра бұру.

2.Басты кезекпен екі жаққа бұру.

3.Саусақтарды жұмырыққа жұму, қолдың ұшын босаңсыту.

4.Оңға-солға бұрылып, қолды сермеп, керіліп-созылу.

Көздің талуын болдырмау жаттығулары:

5.Қарау бағытын өзгерту: алысқа-мұрын ұшына, солға -оңға, төмен-жоғары.

6.Сағат тілі бағытымен және қарсы бағытта көзді айналдыра бұрып қарау.

7.Көзді жұмып, қолмен жауып, 1-1,5 минут отыру.

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:

Жұлдызшалардағы сұрақтарға жауап беру.

1.Қандай құрылғылар қосымша құрылғылар деп аталады? (принтер, сканер, модем,дыбыс колонкалары)

2.Принтерлердің түрлері нешеу? Оларды ата?(лазерлік, бүріккіш)

3.Сканерлер не үшін керек? (мәтіндік және графикалық ақпаратты қағаздан компьютерге енгізу құрылғысы)

4.Модем қандай қызмет атқарады?(компьютерді жай телефон желісіне қосу. Модем әдетте компьютерге Интернет желісінде орнатылады.)

5.Қатты диск қайда орналасқан? (жүйелік блокта)

6.Лазерлік дискілерге қандай дискілер жатады?(CD, DVD)

7.Аталған құрылғылардың қайсысы қосымша құрылғыларға жатады: монитор, процессор, жедел жады, принтер, пернетақта, қатты диск, флешка, колонкалар.

8. Лазерлік принтердің жұмыс қағидасы қандай?

9.Заманауи ақпарат тасымалдайтын құрылғы? (флешка)

Оқушыларға парақшаларға жазылған тест сұрақтары да беріледі.

1.Графикалық ақпаратты қағаздан компьютерге енгізу құралы

А) сканер В) принтер С) монитор Д) пернетақта

2.Дыбыстық ақпаратты шығару үшін не қажет?

А) монитор В) колонкалар С) сканер Д) микрофон

3.Артығын көрсет: А) сканер В) тышқан С) пернетақта Д) процессор

4.Заманауи ақпарат тасығыштардың қайсысының көлемі ең үлкені?

А) жұмсақ диск В) қатты диск С) лазерлік Д) флешка

5.Принтер қандай құрылғы?

А) Бір компьютерден басқасына ақпарат таситын В) графикалық ақпартты енгізітін

С) Ақпаратты қағазға басып шығаратын Д) Деректер мен программаларды ұзақ уақыт сақтайтын

6.Қайсысы ақпарат тасығыш емес?

А) Қатты диск В) лазерлік дискілер С) Флеш - жады Д) процессор

«Компьютер» тақырыбында сөзжұмбақ шешу

VIІ. Қорытындылау.

</ Смайликтер арқылы сабақтың қандай деңгейде өткенін көрсету. (әр оқушы бөлек көрсетеді)

VIII.Үй тапсырмасы : тақырыпты оқу, компьютердің қосымша құрылғыларын үш тілге аударып жазып келу.

Оқушыларды бағалау





Тест сұрақтары

1.Графикалық ақпаратты қағаздан компьютерге енгізу құралы

А) сканер В) принтер С) монитор Д) пернетақта

2.Дыбыстық ақпаратты шығару үшін не қажет?

А) монитор В) колонкалар С) сканер Д) микрофон

3.Артығын көрсет: А) сканер В) тышқан С) пернетақта Д) процессор

4.Заманауи ақпарат тасығыштардың қайсысының көлемі ең үлкені?

А) жұмсақ диск В) қатты диск С) лазерлік Д) флешка

5.Принтер қандай құрылғы?

А) Бір компьютерден басқасына ақпарат таситын В) графикалық ақпартты енгізітін

С) Ақпаратты қағазға басып шығаратын Д) Деректер мен программаларды ұзақ уақыт сақтайтын

6.Қайсысы ақпарат тасығыш емес?

А) Қатты диск В) лазерлік дискілер С) Флеш - жады Д) процессор





























































Компьютерлік жұмыс

Дербес компьютер құрылғылары

Компьютер сөзі «есептеуіш» деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кезде компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал. Дербес компьютер бірнеше блоктардан жүйелік блок, монитор, тышқан, пернетақтадан тұрады.





























































































Компьютерлік жұмыс

Дербес компьютер құрылғылары

Компьютер сөзі «есептеуіш» деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кезде компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал. Дербес компьютер бірнеше блоктардан жүйелік блок, монитор, тышқан, пернетақтадан тұрады.

































































































Компьютерлік жұмыс

Дербес компьютер құрылғылары

Компьютер сөзі «есептеуіш» деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кезде компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал. Дербес компьютер бірнеше блоктардан жүйелік блок, монитор, тышқан, пернетақтадан тұрады.





































































Сөзжұмбақ

  1. Мәтіндік және графикалық ақпаратты қағаздан компьютерге енгізу құрылығысы

  2. Компьютерді жай телефон желісіне қосуға арналған құрылғы

  3. Ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану тәсілдері туралы ғылым.

  4. Ақпаратты компьютерден қағазға басып шығару құрылғысы.

  5. Ақпаратты жұмыс істеу үшін қажетті заманауи құрылғы.

  6. Іске қосу батырмасын басқанда не шығады?

  7. Кішкене мөлшерлі ноутбуктерді не деп атаймыз?

  8. Компьютерге ақпарат енгізу құрылғысы?

  9. Жүйелік блоктың ішінде орналасқан.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал