7


  • Учителю
  • Қышқылдар, құрамы, алу жолдары

Қышқылдар, құрамы, алу жолдары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы:Қышқылдар, құрамы, алу жолдары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты:Қышқылдар туралы маліметтер бере отырып, олардың құрамы және алу жолдарымен таныстыру

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың сана сезімін, ойлау қабілетін,білімі мен біліктілігін, таным қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Сабақ барысында оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа,жауапкершілікке қорытындылай білуге үйретіп, тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақ көрнекілігі: Менделеевтің периодтық жүйесі,схемалар,кестелер.

Сабақтың өтілу барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Еске түсіру

ІІІ. Жаңа сабақ

ІV. Бекіту

V. Үйге тапсырма

VІ. Бағалау

Сабақтың барысы:

ІІ. Еске түсіру. Өткен тақырыптарда қышқыл деген сөзді жиі кездестірдіңдер. Табиғатта кездесетін қышқылтым дәмі бар қымыз, шұбат, алма, лимон, т.б заттар бәріңе таныс.Ал олардың құрамында қышқыл болады.Сұйылтылған сірке қышқылы тамақ өнеркәсібінде жиі қолданылады.

ІІІ.Жаңасабақ.Қышқыл химиялық қосынды,көк лакмус қағазына қызғылт рең беретін ерітінді, дәмі қышқыл. Қышқылдар құрамына қарай оттекті, оттексіз болып, олардағы сутек атомдарының сандарына қарай бір және көп негізді деп бөлінеді.

Қышқыл дегеніміз - құрамында металл атомдары мен орын алмастыруга бейім сутек атомдарынан және қышқыл қалдықтарынан тұратын күрделі қосылыс. Қышқыл ерітінділерде түсін озгертетін заттарды индикаторлар деп атайды. Қышқылмен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасының ережесін мұқият сақтау керек.

Азот, тұз, күкірт қышқылдары сұйық заттар, ал фосфор және бор қышқылы (Н33) - қатты заттар болса, кремний қышқылы суда ерімейтін іркілдек зат. Көмір және күкіртті қышқылдары тұрақсыз, оңай айырылатын заттар.

H2CO3→CO2↑+H2O;

H2SO3→H2O|+SO2

Қышқылдың құрамында кіретін сутек атомдарының саны әртүрлі. Қышқыл құрамында сутектің бір атомы болса бірнегізді, екі атомы болса екінегізді болып бөлінеді.Осыған сай олардың қышқыл қалдықтары да бір немесе екі валенттік көрсетеді.Қышқыл құрамында оттек атомының болу немесе болмауына байланысты оттекті және оттексіз болып бөлінеді.Оттекті қышқылдардың дәстүрлі атаулары қышқыл түзуші элемент атымен байланысты шыққан. Мысалы:H2SO4 күкірт қышқылы, HNO3 азот қышқылы.

Алу жолдары:

Кейбір бейметалл оксидтерін суда еріту арқылы оттекті қышқылдар алуға болады:

2+H2О=H23 -күкіртті қышқыл

3+H2О=H24 -күкірт қышқылы

P2O5+3H2O=2H3PO4 -фосфор қышқылы





Оттексіз қышқылдарды жай заттардың тікелей әрекеттесуі (синтез әдісі) бойынша алады:

H2+Cl2=2HCl

H2+S=H2S

Түзілген газдарды суда еріткенде қышқылдар алынады.

Кейбір оттекті қышқылдарды сәйкес оксидтерін сумен әрекеттестіріп алады:

2+H2О=H23

3+H2О=H24

Егер фосфорды жағып алып, түзілген ак буға су қосып шайқасақ, ерітінді лакмусты қызғылт түске бояйды, себебі мына реакциялар жүреді:

4P+5O2=2P2O5

P2O5+3H2O=2H3PO4

қышқылдық оксид + су = қышқыл

Кейбір ұшқыш, тұрақсыз және ерімейтін қышқылдарды олардың тұздарына концентрлі қышқылмен әсер етіп алуға болады.

Осы реакцияны</<font color="#252525"> кеңсе желіміне концентрлі тұз қышқылымен әсер етіп көрсетеміз.

Na2SiО3+ 2HCl = H2SiO3↓ + 2NaCl

















ІV. Бекіту

Қышқылдардың құрамына сутек атомы және қышқыл қалдығы кіреді.Қышқыл құрамына кіретін сутек атомының санына қарай олар: бір-, екі-,және үш негізді болып бөлінеді.Қышқылдармен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасының ережесін мұқият сақтаған жөн.Қышқыл әсерінен күлгін лакмус және сары метилоранж қызарады. Қышқыл дегеніміз - құрамында металл атомдары мен орын алмастыруга бейім сутек атомдарынан және қышқыл қалдықтарынан тұратын күрделі қосылыс. Қышқыл ерітінділерде түсін озгертетін заттарды индикаторлар деп атайды

V. Үйге тапсырма: §33 оқып келу. 5, 6, 7 - тапсырмалар

VІ. Бағалау







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал