7


Ашық сабақ Алкандар (9 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәні: Химия

Күні: 08.04.2016ж

Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: Көмірсутектердің жіктелуі, номенклатурасы және изомериясы. Қаныққан көмірсутектер. Метан. №7 Зертханалық жұмыс.

Сабақтың мақсаты: Органикалық қосылыстардың маңызын және А.М.Бутлеровтың теориясын қайталау арқылы көмірсутектердің жіктелуі, номенклатурасы және изомериясын түсіндіріп, қаныққан көмірсутектерге сипаттама беру арқылы метан мен этанның формуласын шарөзек арқылы құрастырту.

Күтілетін нәтиже: Көмірсутектердің жіктелуі, номенклатурасы және изомериясын түсіну арқылы қаныққан көмірсутектерге сипаттама беріп, метан мен этанның және басқа алкандардың формуласын шарөзек арқылы құрастыра алады.

Сабақтың көрнекілігі: Презентация, шарөзекті модель, үлестірме парақшалары, жұмыс парақшасы.



3-минут

Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу. Сынып оқушыларын түгелдеу.

Сыни ойлату арқылы үлестірме парақшалармен оқушыларды 4 топқа бөлу. Топ басшыны тағайындау, бағалау жүйесімен оқушыларды таныстыру, жұмыс парақшалары таратылады.

І-топ «Метан»

ІІ-топ «Этан»

ІІІ-топ «Пропан»

ІV-топ «Бутан»

Оқушылар сыни ойлау арқылы үлестірме парақшалармен төрт топқа бөлініп отырады. Топ басшысын тағайындайды және бағалау жүйесімен танысады, жұмыс парақшаларына аты-жөндерін жазады.

Органикалық заттары бар үлестірме парақшалар, жұмыс парақшасы

5-минут

Графикалық диктант

Оқушылар графикалық диктантты шешу арқылы органикалық заттарды құраушы элементтердің әріптерін және кескінді тапқызу. А.М.Бутлеровтың теориясын және 4 түрлі факторларын сұрау. «Заттың қасиеті оның қандай элемент атомдарынан және олардың қаншасынан тұратындығына ғана байланысты емес, сонымен қатар молекуладағы атомдардың байланысу тәртібіне және олардың өзара бір-біріне көрсететін әсеріне де тәуелді болады» №1 қосымша

Оқушылар графикалық диктантты шешу арқылы органикалық заттарға байланысты элемент әріптерін және кескінді мұғалімнің түсіндіруі арқылы табады, А.М.Бутлеровтың теориясын айтады.

Үлестірме парақтар, таныстырылым

20-мин

Мұғалім түсіндірмесі және кері байланыс

Қаныққан көмірсутектерге, гибридтену, изомерия және метанға шолу жасау. Метан алудың бейнеролигі көрсетіледі.

Оқушылар қаныққан көмірсутектер, гибридтену, изомерия және метан туралы түсініктерін қалыптастырады.

таныстырылым, бейнеролик. https://www.youtube.com/watch?v=QZ1VwuzSwZs

Қаныққан көмірсутектердің атаулары арқылы формуласын тапқызу. Жұмыс парақшасы арқылы жеке жұмыс жасату. №2 қосымша (жұмыс парақшасы)

Оқушылар қаныққан көмірсутектердің аттарының қасына формулаларын жазады.

таныстырылым, жұмыс парақшасы

Жүйелік номенклатура бойынша қосылыстың атын тапқызу. №2 қосымша

Оқушылар жүйелік номенклатура бойынша қосылыстың атауын табады.

таныстырылым, жұмыс парақшасы.

Изомерлердің атауларын келісімдері арқылы «иә» немесе «жоқ» арқылы белгілету. №2 қосымша

Оқушылар жұмыс парақшаларына сәйкестендіруді белгілейді

таныстырылым, жұмыс парақшасы

7-минут

«Тәжірибе алаңы»

Көмірсутектер молекулаларының моделін (үлгісін) шарөзектер арқылы дайындау. №7 Зертханалық жұмыс.

Оқушылар метан мен этан молекулаларының моделін (үлгісін) шарөзектер арқылы дайындайды.

Шарөзекті модель

Ашық сабақ Алкандар (9 сынып)

3-минут

Қорытынды

Баламалы тест: метан мен пропанды салыстыру арқылы оқушылардың білімдерін нақтылау. Метан болса оң қолды көтеру керек, пропан болса сол қолды көтеру керек. Сұрақтары:

1.«Батпақ газы» деген атауға ие болған газ.(оң)

2.Отын ретінде қолданылатын газ.(сол)

3.Табиғи газдың құрамында болады.(сол)

4.«Сығылған газ» немесе «баллон газы» деп аталады.(оң)

5.Шахтадағы жарылысты туғызатын газ.(оң)

6.Қызыл жолақты цистерналар арқылы тасымалданатын газ.(сол)

7.Ағайындылардың аралық жастары 1 жастан?

8.Гибридтену деген не?

9.Радикал деген не?

10.Изомерия деген не?

Оқушылар қойылған сұрақтарға оң немесе сол қолдарын көтеріп, сыни ойлау арқылы жауап береді

Презентация жұмыс парақшалары.

2-минут

Бағалау

Оқушылар жұмыс парақшалары арқылы ұпайлары қорытындыланып бағаланады.

Топ басшысы жұмыс парақшасына қорытынды ұпайларын есептеп, бағаларын қойып тапсырады..

таныстырылым, жұмыс парақшасы

3-минут

Рефлексия

Оқушылардан сабақтан алған әсерлерін «Буриме» әдісі арқылы төрт қатар жаздырамын.

...аламын

...табамын

...жазамын

...қолданамын

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін «Буриме» әдісі арқылы жазып тапсырады және оймен бөліседі

Таныстырылым, жұмыс парақшасы

2-минут

Үй тапсырмасы

§45-46 оқу, жаттығуларды орындау, метанның табғатта кездесуіне және қолданылуына кластер жасау.

Оқушылар жеке ізденіп келеді.

таныстырылым











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал