7


  • Учителю
  • Ашық сабақ 'Есептер шығару' 9- класс

Ашық сабақ 'Есептер шығару' 9- класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Бекітемін» Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: А. Ізбасарова

Күні: 18.12.15ж

Сыныбы: 9

Пәні:физика

Сабақтың аты

Есептер шығару

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

  • Тербелмелі қозғалыс туралы білімдерін шыңдау.

  • Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс. Электромагниттік тербелістерге арналған формулаларды есептер шығаруда қолдана білуге үйрету

  • Топ арасында бағалауға баулу

Күтілетін нәтиже

  • Тербелмелі қозғалыс жайында мағлұмат алады.

  • Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс. Электромагниттік тербелістерін күнделікті тұрмыста және формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді

  • Топ арасында бағалай алатын болады

Негізгі идеялар

Еркін тербелістер деп дене тепе-теңдік күйінен шығарылғаннан соң сыртқы күштің әрекетінсіз болатын тербелістерді айтады.

Еркін тербелістердің жиілігін жүйенің меншікті тербеліс жиілігі деп атайды.

Еріксіз тербелістер дегеніміз - сыртқы периодты күштің әрекетінен болатын тербелістер.

Мәжбүр етуші күштің тербеліс жиілігі мен тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі дәл келген кездегі еріксіз тербелістер амплитудаларының кенет арту құбылысы резонанс деп аталады.

Тапсырмалар

Топтық жұмыс

Жеке жұмыс «жалғасын тап»

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

  1. Сәлемдесу

  2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

  3. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (формула әріптеріне байланысты 4 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)

  1. Тербелістер деген не?

  2. Ығысу деген не? Ол қандай әріппен белігіленеді?

  3. Гармоникалық тербелістер деген не?

  4. Тербеліс периоды деген не?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)

  1. Өткен тақырыпқа шолу жасау

ІҮ. Топтық жұмыс (25 минут)

Берілген есептерді топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Бақылаушының бағалау парағы


Бағалау өлшемдері


Топтар


1

2

3

4

Қорытынды:


0-ешнәрсе жазылмаған

1-балл толық емес

2-балл орташа

3-балл толық орындалған

Топтарға берілетін деңгейлік есептер:


1-топ:

1. Математикалық маятниктің ұзындығы 4000см. Осы маятниктің тербеліс периоды неге тең?

2. Ұзындығы 37см резеңке баудың қатаңдығын анықтау үшін оқушы бауға массасы 100г жүк ілгенде бау 90см-ге ұзаратын болса, онда резеңке баудың қатаңдығы және периоды қандай болады?

3. Гармоникалық тербелістің қозғалыс теңдеуі (м). Тербелістің амплитудасын, жиілігін және периодын табыңдар.

2-топ:

1. Камертонның жиілігі 440Гц болса, 5с-та қанша тербеліс жасайды?

2. Қатаңдығы 160Н/м серіппеге ілінген массасы 400г жүктің тербеліс жиілігін табыңдар.

3. Гармоникалық тербелістің қозғалыс теңдеуі . Тербелістің амплитудасы, периоды, жиілігі және меншікті жиілігі қандай?

3-топ:

1. Қатаңдығы 10Н/м серіппеге ілінген массасы 0,1 кг жүктің тербеліс периоды қандай?

2. Контурдағы конденсатордың сыйымдылығы 50мкФ, циклдық жиілігі 5кГц. Индуктивтілігі неге тең?

2. Тербеліс амплитудасы 10см, ал жиілігі 0,5Гц болса, онда қозғалыс теңдеуі қалай жазылады?


4-топ:

1. Тербелмелі контурдың сыйымдылығы 50мкФ-қа, ал индуктивтілігі 50Гн-ге тең. Контурдың тербеліс периодын табыңдар.

2. Маятник 1 мин 40с-та 50 тербеліс жасайды. Тербелістің периодын, жиілігін және циклдық жиілігін табыңдар.

3. Маса секундына қанатын 600 рет қағады, ара қанатыныңтербеліс периоды 5мс, 1 мин ұшқанда осы екеуінің қайсысы қанатын көп қағады?

VІ. Жеке жұмыс «жалғасын тап» (8 минут)

  1. Тербеліс дегеніміз.........................

  2. Тербеліс мынадай түрлерге бөлінеді............................

  3. Тербелісті сипаттау үшін мынадай физикалық шамалар қолданылады...................

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

Кейінгі тапсырмалар

24-жаттығу.№4

Кейінгі оқу

қайталау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал