7


  • Учителю
  • Урок казахского языка на тему Балаға ат қою 10 класс

Урок казахского языка на тему Балаға ат қою 10 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Қазақ салт - дәстүрлері. Балаға ат қою. Сынып: 10 сынып.

Мақсаты:

Білімділік: Ата бабаларымыздан қалыптасып келе жатқан

салт - дәстүрлерді ұғындыру.

Дамытушылық: Қазақтың салт - дәстүріне қызығушылықтарын арттырып, сөздік қорын, сөйлеу қабілеттерін дамыту, оқушыларды зерттеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Қазақ халқының салт - дәстүрін қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ.

Әдіс - тәсілдер: топтық, жеке жұмыс, сұрақ - жауап, сын тұрғысынан ойлау,

Пәнаралық байланыс: әдеп, тарих, әдебиет.

Көрнекіліктер: интерактивтік тақта, мақал -мәтелдер, презентация.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушыларды сабақты қабылдауға дайындау.

Мұғалімнің сөзі. Кіріспе: Қазақтың салт - дәстүрі туралы айту.

1-слайд. Сызба (қазақтың салт - дәстүрі)

Презентацияны қорғау. 1 - топ: Тұсау кесу, 2-ші топ: Үйлену тойы.

Топтық жұмыс: бір - біріне сұрақ қою (презентация бойынша)

Тест (кілт бойынша өзін - өзі тексеру) интерактивтік тақта, шымылдық.

Сүреттердің астында тақтада қаламмен салт - дәстүрдің атын жазу.

Жаңа сабақ: Балаға ат қою.

2 - слайд.Берілген әріптердің ішінен сипаттамалары арқылы керкті дыбыстарды табыңыз. 1. Езулік, жуан дауысты дыбыс - А

2. Дауыссыз қатаң тән емес дыбыс - Т

3. Дауыссыз қатаң тән дыб. - Қ

4. Дауысты жуан еріндік дыб. - О

5. Екі дыб. беретін әріп - Ю

Қандай сөз шықты? Ат қою.

Бүгін сабақта «Балаға ат қою» деген дәстүрмен танысамыз.

Сабақтың ұраны: Бала - өмірдің жалғасы, болашағы.

Жаңа сөздер: Сан толғанады

Алуан түрлі

Көз тимеу

Байланыстырылып

Ұйғарылған

Мағыналы

Сөздік жұмыс.

Мәтінмен жұмыс. (топ ішінде жұмыс) Халықта балаға ат қоюдың алуан түрлері бар. Ат қою дәстүрінде бүкіл бір халықтың ұлттық ерекшелігі, ой - арманы көрінген. Ата - ана сәбиге ат қоймас бұрын көп ойланып, сан толғанады. Мұның сыры балаға ат қоюдың аса жауапты, аса қиын екенін көрсетеді. Қазақ халқының салты бойынша балаға үш күннің ішінде ат қойылуы керек. Баланың аты келешекте бай, батыр, сұлу, атақты би болса екен, тіл көз тимей, аман болсын деген тілекпен немесе белгілі уақыт, кезеңге байланыстырылып қойған. Жалпы адам есімі тілге жеңіл, жүрекке жылы, мәнді - мағыналы болуы ескерілген. Баланың атын қоятын адам нәрестеге ұйғарылған есімді сенің атың «бәленше» деп баланың құлағына үш рет айқайлаған. Атты мешітке барып , молдаға да қойдырған. Осыдан қазақта «азан шақырып қойған атым» деген сөз тіркесі қалыптасқан. Баланың ата - анасы ат қойған адамға «ат қояр» деп аталған сый - сыяпат берген.





1 -топ 2 - топ1.Мәнерлеп оқу



1.Манерлеп оқу



2.Сұрақтар құрастыру.



2. Сұрақтар құрастыру.



3. Мәтіннен септік жалғаулары бар зат есімдерді табу.



3. Мәтіннен тәуелдік жалғаулары бар зат есімдерді табу.



4. Сөйлемде тұрлаулы мүшелерді табу.



4. Сөйлемде сын есімдерін табу.







Жеке жұмыс:тақтада берілген сөздерге синоним, антоним қатар сөздерді жазу.

Дәстүр, халық, ат, ата - ана, сәби, уақыт - синоним.

Бай, қиын, жылы, батыр, кіші, тұңғыш - антоним.

Сөйлемдерді дұрыс құрастыру. (Сөздерді қалам арқылы орнына қою)

1. Дәстүрі бар, алуан түрлі, балаға, ат, қоюдың, халықта. 2. Толғанады, ойланып, сан, көп, бұрын, ат, қоймас, сәбиге. 3. Тілейді, азаматы, аяулы, халқының, болса екен, деп, ата - ана, сәбиде. 4. Берген, ата - анасы, адамға, ат, баланың, қойған, сый - саяпат.

5 жол өлең. 1. Зат есім.

2. 3 етістік.

3. 2 сын есім

</ 4. 1 мақал.

5. Синоним.

Қосымша ақпарат. Балаға ат қойғанда ата - аналардың арқа сүйетін ең басты салт - дәстүрі. (кесте)

Мақал - мәтелдерді аяқтау. (интерактивтік тақтаға жазу)

Қорытынды.

Бағалау.

Үй тапсырма: «Менің атымның тарихы» эссе жазу, сөздерді жаттау.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал