7


  • Учителю
  • Пәні айналамен танысу тақырыбы Жолда жүру ережесі

Пәні айналамен танысу тақырыбы Жолда жүру ережесі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру салалары: Қатынас

Бөлімдері: Айналамен танысу

Тақырыбы: Жолда жүру ережесі

Мақсаты:

1 білімділік Жол ережесі туралы түсініктерін қалыптастыру.

2 дамытушылық Ой- өрісін, сөйлеу мәнерін дамыту.

3 тәрбиелік Жолда абайлап жүруге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Бағдаршам-светафор, пешеход- жаяу жүргінші өтпесі.

Қолданатын

көрнекіліктер: Бағдаршам,көшені, жолды бейнелейтін суреттер.



Әрекетті туындату, түрткі болу







Қол алысып қане біз,

Достасайық баріміз,

Айтарым бар сендерге,

Тез төрыңдар шеңберге,

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Балалар ұйымдасқан түрде шеңбер құрып,берілген өлең жолдарын қайталайды.

Ұйымдастыру, ізденіс жүргізу

Тәрбиеші балаларға автобусқа отырып қалаға серуенге шығуды ұсынады.

Тәрбиеші балаларға тақпақ оқып береді.

Үлкен, кіші қала бар

Ой жүгіртіп қарап ал

Көше заңы тым қатты,

Сақ болыңдар, балалар!

Балалар біз бағдаршамға келіп тоқтадық.

Қызыл түс- мұқият бол!-Қозғалысқа тиым салады.

Сары түс- Абай бол! Дайындал! Көшені өтуге рұқсат беремін!-Келесі белгіні күт.

Жасыл түс- Жол бос! Ашық! Жүріңіз!-Көшені өтуге болады, дегенді білдіреді.



Сұрақ-жауап.

1.Бағдаршамның қызыл түсі мен сары түсі жанған кезде көшеден неге өтуге болмайды?

2.Сары көзсіз тұрған бағдаршам нені білдіреді?

3.Көшеден өткен кезде көліктер мен жаяу жүргіншілерге қарауға бола ма?



Сөздік жұмыс.

Бағдаршам-светафор, пешеход-жаяу жүргіншілерге арналған өткел.



Сергіту сәті.

Оң жақ жасыл жанғанда,

«Оңға бұрыл» дегені.

Сол жақ жасыл жанғанда,

«Солға бұрыл» дегені.

Бағдаршам тіліне,

Бағынбауға болмайды.



Балалар тәрбиешінің ұсынысын қуана қабылдайды.



Балалар тәрбиеші оқып берген тақпақты мұқият тыңдайды.









Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды













Балалар бағдаршамның қызыл түсі жанған кезде көліктер жүретінін айтады.

Егер бағдаршам белгісі жаяу жүргіншінің кескіні түрінде орындалса, онда ол тек жаяу жүргіншіге ғана қолданылатынын айтады.

Көліктер мен жаяу жүргіншілерге қарамай, бағдаршамға қарау керектігін айтады.



Балалар тәрбиешінің айтқандарын қайталайды.





Балалар сергіту сәтін қимылмен орындайды.

Рефлекция - түзету жұмыстары





























Тәрбиеші тақпақ оқып береді.

Жол қилысы үстінде,

Ақ жолаққа сызылған.

Көрсетеді бұл бізге,

Жолдан абай болып өтуге.



Дид/ойын: «Бағдаршам»

Мақсаты: Жол қауіпсіздігі туралы білімдерін бекіту.

Ойын шарты: Тәрбиеші балаларға жасыл, сары, қызыл түстерді көрсетеді, ал балалар олардың қандай қызмет атқаратынын қимыл-қозғалыспен көрсетеді.



Тәрбиеші сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтайды.



Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.









«Жасыл» түсті көрсеткенде балалар орындарынан тұрып, жүрген қимыл көрсетеді. «Сары» түсті көрсеткенде баяу қозғалыс қимылын жасайды.

«Қызыл» түсті көрсеткенде орындарына отыра қалады.







Балалар тәрбиешінің мадақтағанына риза болады.









Күтілетін нәтиже

Біледі:

Бағдаршамның қандай қызмет атқаратынын біледі.



Түсінігі бар:

Жолда абайлап жүру керектігі туралы түсінігі бар.



Орындай алады:

Берілген сұрақтарға жауап бере алады.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал