7


  • Учителю
  • Қатынас көркем әдебиет Шағын орталық

Қатынас көркем әдебиет Шағын орталық

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала







Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Тақырыбы: «Доп»





Қатынас

Бөлімі:

Көркем әдебиет

Тақырыбы:

«Доп»

Мақсаты:

Кейіпкердің өзара қарым - қатынасын бағалай білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

Үлкен әдемі доп.





Мотивациялық-қозғаушылық







  1. Ойын: «Ғажайып қапшық»

Мақсаты: Тәрбиеші сипаттамасы, бойынша қапшық ішіндегі затты табу. Мысалы : өзі дөңгелек, резеңкеден жасалған, домалайды, секіреді.

Тәрбиешінің сипаттамасын тыңдап қаптағы ойыншықтың доп екенін табады.

Ұйымдастыру-іздестіру





Доптың қандай түрлері бар?

Олар бізге не үшін керек?

Тақпақты оқып беру

- Доп не істейді?

Не үшін ол ұстатпайды?

Доп орнына өздеріңді қойып көріңдерші.Солай істеуге бола ма?

Үлкендерді тыңдау керек, допты тепсең домалап кете береді. Ал сендер ақылменен ойланып жұмысқа кірісіңдер. Үлкендердің айтқанын орындауға үйреніңдер.

Доптар әр түрлі болады (түстерін атайды)

Доппен біз ойнап, көңіл көтереміз

Тақпақты мұқият тыңдайды



  • Домалайды, ұстатпайды.

  • Жоқ, олай беталды жүгіруге болмайды. Үлкендерді тыңдап, айтқанын істеу керек. Ақылды болу керек.



Оңға, оңға, түзу тұр,

Солға, солға, түзу тұр,

Алға қарай бір адым

Артқа қарай бір адым

Жоғары төмен қарайық

Орнымызды табайық

Сергіту сәтін қимылдар жасап орындайды.



Рефлексивті-түзетушілік



Д/о: «Кім шапшаң»

Мақсаты: қиылған түрлі - түсті доптарды құрастыру.





Доппен ойнауға шақыру.

Түрлі-түсті түстегі доптардың қиындысын құрастырады.



Доппен ойындар ойнайды.





Күтетін нәтиже:



Тақпақтың желісінен үлкендердің айтқанын орындауға, оларды тыңдап, ойланып , іс - әрекет жасауға үйренеді.

Нені игереді:

Сипаттама арқылы қай зат екенін табады.

Нені біледі:

Үлкендерден тапсырмалары орындауға және көпшілік ортасында ережелерді сақтап жүруге үйренеді







Тәрбиеші: Капанова Арай Нұрланқызы

































































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы



Тақырыбы:



Қатынас

Бөлімі:

Көркем әдебиет

Тақырыбы:

«Қияр мен қырыққабат»

Мақсаты:

Кейіпкердің іс әрекетін бақылауға және толқылап, салыстыруға үйрету.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

Ертегінің желісі бойынша суреті,ертегі желісі бойынша сызылған қияр мен қырыққабат суреті.





Мотивациялық-қозғаушылық



Ойын: «Көңіл күйіміз қандай?»

Мақсаты:Бір - біріне допты беру арқылы көңіл - күйлері жайлы айтып беру.



Балалар допты бір -біріне беру арқылы көңіл күйлері жайлы айтып береді.





Ұйымдастыру-іздестіру



Жұмбақ жасыру:

Қабат - қабат тоны бар,

Аласа ғана бойы бар(қырыққабат)

Дидактикалық ойын



«Сыйқырлы қорап» ойынын ұйымдастыру

Ойын мақсаты: көкөніс аттарын қайталату

Шарты:



Қораптан көкөністерді қолға ұстап, сипап тұрып не ұстап тұрғанын айтады.







Ертегімен таныстыру



Ертегіні талдау:

-Ертегі не туралы?

-Қияр не істеді?

-Қиярдың іс - әрекеті дұрыс па?

-Неге ол досы қырыққабатқа көмектеспеді?

-Қиярдың бүрі неден қалған екен?

Жұмбақтың шешімін табады.



















Қорақа қолдарын салып, қолына ілінген көкөністі сипап сезіп, не ұстап тұрғанын айтады.



Ертегіні мұқият тыңдайды.



-Ертегі қияр мен қырыққабат туралы.

-Қияр қырық қабатқа көмек көрсетпей қойды.

-Қиярдың әрекеті дұрыс емес, ол досына қарамай жалғыз өзі шомыла берді.

-Ол досына көмектесу керектігін білмейді.

-Суда коп шомылып жүре бергендігі үшін бүрі қалған.



Қолға алып шарды

Үрлеймін мен былай

Уф-ф-ф

Үрлеймін деп қатты

Жарып алдым шарды.

Қимыл - қозғалыстармен сергіту сәтін жасайды.

Рефлексивті-түзетушілік



«Егер де мен....» ойынын ұйымдастыру



-Сендер өздеріңді қиярмын деп елестетіңдер,

-Сендер қиярдың орнында болғанда не істеуші едіңдер?









«Біз доспыз бәріміз» ойыны арқылы қорытындылау.

Әр бала өз ойын айтады



-Қиярдың орнында болғанымда қырыққабатқа көмектесіп, бірге шомылушы едім. Сонда ол көп суда жүрмей, оның үсті тегіс әдемі болушы еді.

«-Мен сенімен доспын деп»-,бір-бірлерінің қолдарын ұстап, достасады.

Күтетін нәтиже:



Кейіпкерлердің іс-әрекетінің жағымды жақтарын өздеріне үлгі алуға білу керек.

Нені игереді:

Достыққа деген адалдық қасиеттін игереді.

Нені біледі:

Өз тәжірибесінде оң қасиеттерін еңгізуге үйренеді.







































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Тақырыбы:Қатынас

Бөлімі:

Көркем әдебиет

Тақырыбы:



«Апорт»

Мақсаты:

Алманың түрімен таныстырып, үлкендердің еңбегін құрметтеуге, шамасы келгенше көмектесуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

Алма ағашының суреттері.







Мотивациялық-қозғаушылық



Қонаққа қуыршақ Айсұлудың келуі.Өзінің алматы қаласынан келіп, өзімен бірге көп алма әкелгенін айтуы.



Балалар қуыршақ Айсулудың келгенін қуана, амандасады.





Ұйымдастыру-іздестіру



-Балалар, мен алманы қайдан алдым деп ойлайсыңдар?

-Алманың дәмі қандай?

(Әр баланың аузына бір кесім алма салу)

Біздің әрқайсымыздың атымыз сияқты бұл алманың аты-апорт.



Өлеңмен таныстыру



Өлеңді талдау:

-Өлең не туралы?

-Алма қай қаладан келді?



Түсіндіру.

Апорт басқа алмаларға қарағанда үлкен болады.Дәрумені көп. Оны жуып жеу керек. Ол үлкен еңбектің арқасында пісіп жетіледі. Үлкендердің еңбегін құрметтеу керек. Оларға қолдан келгенше көмектесу керек.



«Ретімен қой» ойынын ұйымдастыру

Мақсаты: Адам еңбегін құрметтеуге баулу

Шарты: Суреттерді ретімен қояды.



Сергіту сәті

Алма алма, көп алма

Қызыл сары көк алма

Теріп алып келейік

Атамызға берейік

Балалардың жауабы:

-Алманы сен ағаштан алдың.

-Алманың дәмі тәтті







Өлеңді көңіл бөліп тыңдайды.



-Өлең алма туралы

-Алма- Алматы қаласынан келді.



Тәрбиешінің сөздерін мұқият тыңдап алып, түсінбегендерін сұрайды.







Алма өсірудегі адам еңбегіне байланысты суреттерді ретімен қатарлап қояды.





Сергіту сәтін тақпақпен бірге қимылдарын жасайды

Рефлексивті-түзетушілік



«Бұл қай жеміс?» ойыны арқылы қоытындылау

Мақсаты: Сипаттама арқылы қай жеміс екенін табу.

(Сырты қызыл-іші ақ, өзі ағашта өседі.

Түсі жасыл, ағашта өседі, көлемі гитараға ұқсайды.(

Қай жеміс туралы айтып тұрғанын табады. (Балалар жауабы: Алма, алмұрт)

Күтілетін нәтиже:Апорт алмасымен танысып, оның үлкендер еңбегімен келетінін білу керек.

Нені игереді:

Алма туралы білгендерін еске түсіреді және пайдасын игереді.

Нені біледі:

Алмадай қып-қызыл, алмадай домалақ сөз тіркестерін қолданады. Жатқа айту біледі.









Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы





Қатынас

Бөлімі:

Көркем әдебиет

Тақырыбы:

«Лақ» Т. Әбдірахманов

Мақсаты:

Кейіпкердің іс әрекетін бақылауға және толқылауға үйрету. Жанашырлыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

Ойыншық құлын, қозы, лақтар.





Шаттық шеңберінде тұрып, педагог қолындағы допты үй жануарларының атын айтып балаға лақтырады. Бала қағып алып, басқа жануар атын айтады. Ойын осылайша жалғасады.



Шаттық шеңберінде тұрып, допты қағып алып жануар атын атап, допты келесі балаға лақтырады.

Ұйымдастыру-іздестіру

Суретпен жұмыс

-Балалар мына тақтадағы суреттер өте сыйқырлы суреттер екен, олар өздерінің сиқырлы заттарын ұмытып кетіпті, осы заттарға қарап отырып қай жануарды екенін тауып алайық



Өлеңмен танысу:

Т. Әбдірахмановтың «Лақ» тақпағын оқып беру





Өлеңді талдау.

  • Лақ не істеді?

  • Кімді іздеді?

  • Фатима не істеді?







Орнымызда тұрайық

Қолымызды созайық

Бір отырып бір тұрып

Демімізді алайық.

«Егер де мен...» ойынын ұйымдастыру

Тақпақты талдап, балаларға Фатиманың орнына өздеріңді қойғанда не істеуші едіңдер деп, сұрап, пікір айтқызу арқылы балаларды қиналған адамдармен жануарларға жанашырлық көрсету керек екенін түсіндіру.

Заттарды әр жануардың қасына орналастырады.











Тақпақты мұқият тыңдайды



-Лақ маңырады.

-анасын іздеді.

-Фатима лаққа кім тиісті екен деп ойлады



Тақпақты қайтарып қимылдарын жасайды.













Лақты анасының алдына алып барушы едім.

-анасын табуға көмектесуші едім.

Рефлексивті-түзетушілік

Д/о: «Кімнің даусы?»

Шарты: Тәрбиеші әртүрлі үй жануарларының даусын салады, балалар кімнің даусы екенін табу керек.

Мақсаты: Дауыстың кімдікі екенін таба отырып қандай сезімдегі немесе қандай көңіл күйдегі жануар екенін білуге үйрету.

Қай жануардың даусы екенін айтады.

Күтілетін нәтиже:



Қиналған жанға жанашырлық танытуды.

Нені игереді:

сұрақтарға толық жауап береді.

Нені біледі:

өз достарына да, керек кезде көмек көрсетеді.





























































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы





Тақырыбы:



Қатынас

Бөлімі:

Көркем әдебиет

Тақырыбы:



«Мысық пен тауық»

Мысық пен тауық әңгімесі бойынша сызылған суреті, ойыншық мысық пен ойыншық тауық

Мақсаты:

Мақсаты: Кейіпкерлерге жаншылықпен қарауға, олардың ішкі сезімдері мен көңіл - күйін салыстыруға үйрету.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:









«Сыйқырлы жіп» ойынын ұйымдастыру

Мақсаты: Зейіндерін шоғырландыру

Шарты:Шеңберде тұрып бір-біріне жылы лебіз айтады



Бір-бірлерін жылы лебіз айтады.







Ұйымдастыру-іздестіру

Топқа марғау ( мысықтың баласы) келеді. Балалармен бірге қалғысы келетінін айтады. Бұдан соң топта тауықтың да бар екенін байқап, одан қорқатынын айтады.

Педагог: Сен тауықтан қорқасын ба? - деп сұрайды.

-Йә, - дейді мысық.

Педагог: Сен оның балапандарын жеп қойған шығарсың. Онда мына әңгімені тыңдайық, марғау неге тауықтан қорқатынын білеміз.



«Мысық пен тауық» әңгімесін оқу.

Әңгімені талдау:

-Әңгіме не туралы?

-Мысық не істеді?

-Тауық ше?

-Не дұрыс жасады?

-Ал не бұрыс жасады?



Сергіту сәті:

Тамаша, тамаша

Қандай жақсы тамаша

Би билейміз баршамыз

Әніміз тұр жараса

Түсіндіру.

-Әр ана өз баласын қорғайды. Сондықтан әңгімедегідей жануарлардың, құстардың балаларына тиіспеңдер. Олардың аналары сендерге қатер туғызады. Сендерге ашуланып, жаман әсерін тигізуі мүмкін.Біздің де аналарымыз бізді қауіп -қатерден қорғап жүреді.Сендер жануарлардың балаларына қамқор болуға тырысыңдар.Оларды қинамаңдар.

Марғаудың кіргеніне таңданып қарайды.Оған топта қалуға болатынын айтады.



Тауық ешкімге тиіспейтінін айтады









Әңгімені зер салып тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді.









Тақпақты қимылымен жасап,орындайды.





Мұқият тыңдап , аналардың әрқандай жағдайда да өз баласына жаны ашып, баласын қорғайтынын біледі.

Рефлексивті-түзетушілік

«Дұрыс па ,әлде бұрыс па?» ойыны арқылы қорытындылау

Дұрыс әрекетті атағанда балалар, қолдарын шапалақтайды, бұрыс әрекет болғанда жерді аяқтарымен тарсылдатады.

Күтілетін нәтиже:Жақынына жанашырлықпен қарауға, оларды жамандықтан қорғауға үйренеді.

Нені игереді:

Қамқорлық жасай біледі.

Нені біледі:

Күнделікті өмірде жанашырлық таныта біледі.









































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы





Тақырыбы:



Қатынас

Бөлімі:

Көркем әдебиет

Тақырыбы:

«Қар» Қ. Сыдықов

Мақсаты:

Өлеңдегі кейіпкерлердің іс-әрекетін бақылау арқылы балаларды еңбек етуге, үлкендерге қолдан келгенше көмектесуге тәрбиелеу

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

қыстың суреті, өлеңнің тірек сызбасы, күрек ұстаған қуыршақ.







Қонаққа күрек ұстаған қуыршақ келеді.Балалармен амандасады.

Тәрбиеші:

-Сен мұнда не істеп жүрсің?

Қуыршақ:

-Мен мына затты тауып алдым, бірақ не үшін керек екенін білмеймін

Тәрбиеші:

-Бұл зат не үшін керек екенін білу үшін бізбен бірге бол, төрге шық.



Қуыршақпен амандасады. Диалогты тыңдап, қуыршақты төрге шығарады.











Ұйымдастыру-іздестіру

Қ. Сыдықовтың «Қар» өлеңін оқып беру

Өлеңді талдау:

Өлең не туралы?

Қар қай мезгілде болады?

Қар не үшін керек?

Адамдар қарды не істейді?







Күрекпен ауладағы қарды күреуге болатынын айтады. Үлкендерге көмегін бермекші болғанын түсіндіреді.



Тірек сызба арқылы өлеңді жаттау. Мазмұнын түсіндіру арқылы, қуыршақ балаларға не үшін жолдарды тазалау керектігін түсіндіреді. Сол арқылы балаларды еңбек етуге ынталандырады.



Балалар қыста жылыну үшін жасалатын әрекеттерді орындайды: құлақтарын, қолдарын ысқалайды, жүгіреді,секіреді.



«Қар бізге,ұнайды, ұнамайды» ойынын ұйымдастыру

Өлеңді мұқият тыңдайды.



Балалардың жауабы:

Өлең қар туралы.Қар қыста жауады.Қар тоғайларды тондырмау үшін керек.Адамдар қарды тазалайды.





Үлкендерге көмектеспекші болғанын білгеннен кейін,бәрінің де қар күрегісі келгендерін айтады.

Өлеңді қайталай отыра, жаттайды.











Әртүрлі қимылдар жасайды







Балалар өз ойларын ортаға салады.

Рефлексивті-түзетушілік

-Қуыршақ балаларға далаға шығып қар күреуді ұсынады.

Қуыршақпен бірге далаға барып қар күреуге келіседі.

Күтетін нәтиже:



Жолды қардан тазалау қажеттігін түсініп білу керек.

Нені игереді:

Суретке қарап қай мезгіл екенін игереді.

Нені біледі:

Тірек сызбаны қолдану арқылы түсіндіруді біледі.

























































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

№ 8 технологиялық картасы





Тақырыбы:



Қатынас

Бөлімі:

Көркем әдебиет

Тақырыбы:

«Қыста құстар қадірлі»

Мақсаты:

Шығарма желісі бойынша құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

Құс суреттері







Мотивациялық -қозғаушылық













Ұйымдастыру-іздестіру

Тәрбиеші балаларға конверт көрсетіп, тауып алғанын айтады да айтып береді. «Өтінемін, бізге көмектесіңіздерші. Бізге өте суық. Сауысқан мен бозторғай».







Сұрақ қою:

  • Балалар бұлар кімдер екен?

  • Енді не істесек екен?

  • Мүмкін оларды топқа шақырып, жылы киінтіреміз?

  • Мүмкін астау алып, нан қоқымын салып, дән шашып апарайық!





«Қыста құстар қадірлі» әңгімесін оқу.

Әңгімені талдау:

-Әңгімене туралы?

-Құстар не деді?

-Құстар тоңбау үшін, аштан қалмауы үшін не істеу керек?



Қане, қанат жазайық

Қарлығаш боп ұшайық

Ұшып-ұшып алайық

Орнымызға қонайық



«Жасырынған суретті тап» ойынын ұйымдастыру

Мақсаты:Әңгімені есте сақтауға баулу

Шарты: Тақтадағы жасырынған суретті аттау



-Қыста құстардың не үшін қадірлеудің мәнісін түсндіру.

-Сауысқанмен бозторғайға қамқорлық жасауды ұсыну.

Балалар конвертті көріп таңданады.

Мұқият тыңдап, құстарға қалай көмектесуге болатынын ойлайды.





Сұрақтарға жауап береді.

Сауысқан мен бозторғай.

-Көмектесу керек.

-Жоқ, құстарды киіндіре алмаймыз.

-Астау тауып дән жәнне нан қоқымын шашып қоямыз.

Әңгімені тыңдайды



Өз ойларын ортаға салады.







Тақпақты қайталап қимылдарын көрсетеді.



Тақтаға әңгіме желісімен суреттерді қатарлап қояды да, көздерін жұмып отырады, көздеріңді ашыңдар деген ұсынысты естіген соң тақтаға қарап, жасырынған суретті атын атайды(әңгіме желісіне байланысты)





Рефлексивті-түзетушілік

«Құстар қадірлі» ойны арқылы қорытындылау

Құстар неге қадірлі екені туралы өз ойларын айтады.

Күтілетін нәтиже:



Қыста құстарға міндетті түрде көмек қажеттігін.

Нені игереді:

Құстарға қамқорлық жасайды

Нені біледі:

басқа жағдайда да қамқор болуға тырысады.





Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

№ 9 технологиялық картасы



Тақырыбы:



Қатынас

Бөлімі:

Көркем әдебиет

Тақырыбы:

Қолғап» Ә. Дүйсекеев

Мақсаты:

Табиғатта өзін қалай ұстау керектігін түсіндіріп, таянақтылыққа тәрбиелеу

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

Қолғап пен әже суреті. Тақпақтың тірек сызбасы.





Ойын: «Кім көп біледі?»

Шарты: Шеңберге тұрған балалар, бір біріне допты беру арқылы қыс мезгіліне байланысты сөздер айту.







Миға шабуыл:

- Қыс мезгілі қандай болады?

-Қыста қалай киінеміз?

-Қонаққа Дулат есімді бал келеді. Ол өзінің қолғабын жоғалтып алғанын айтады. Тәрбиеші оны жұбатады.Балалармен бірге отырып, жылынып, тақпақ тыңдауға шақырады.



Шеңберде тұрып,бір-біріне допты беру арқылы мынадай сөздерді айтады:қар, суық, боран ,аяз, жел,мұз т.б.



-Қыс мезгілі суық,аязды, боранды болады.

Қыста қалың, жылы киінеміз.

Дулаттың қолғабы жоғалғанын біліп,жанашырлық танытады.

Дулатты тақпақ тыңдауға шақырады.

Ұйымдастыру-іздестіру

Өлеңмен жұмыс:

«Қолғап» тақпағын оқып беру.

Сұрақ-жауап:

-Өлең не туралы?

-Қолғап қайдан келеді?

-Ол не үшін керек?













-Тақпақтың мазмұны бойынша сызылған тірек сызба арқылы әңгімелесу.







Дидактикалық ойын:

«Сыңарын тап»

Мақсаты: Ойлау қабілеттерін арттыру

Шарты: Көп қолғап ішінен ерекшелігіне сәйкес өз қолғабын таптыру



Тақпақты мұқият тыңдайды.

Балалардың жауабы:

-Өлең қолғап туралы.

-Қолғапты аналар , әжелер тоқиды, тігеді.

Қолғап біздің қолымызды тоңдырмау үшін керек.



Тірек сызба бойынша, 1-2 бала тақтаға шығып ,не түсінгенін айтып береді.





Қолғаптардың ішінен ерекшеліге сәйкес өз қолғабын тауып алу

Рефлексивті-түзетушілік

Д/о:Қай кезде киеміз? Арқылы қорытындылау

Мақсаты: әртүрлі мезгілде киетін киімдердің суреттерін көрсету арқылы, киімді атап, оны қай мезгілде киетінін айтқызу.

Киімдердің суретіне қарап,пальтоны қыста киеміз.Ал,туфлиді күзде және көктемде киеміз -деп жауап береді.



Күтілетін нәтиже:



өз затына ие болуды, тиянақты болуды үйренеді.

Нені игереді:

Үлкендердің еңбегін қадірлей білуді игереді.

Нені біледі:

өз затын жинақтап,түгендеп қоюды біледі.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

№ 10 технологиялық картасы



Тақырыбы:



Қатынас

Бөлімі:

Көркем әдебиет

Тақырыбы:



Телефон



Мақсаты:

Телефон туралы түсінік беру. Адамға пайдасы туралы білімдерін нығайту.Сыпайы сөздерді меңгеру.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

Ойыншық телефон, ойыншықтар, суреттер.





Мотивациялық -қозғаушылық



Қуыршақтың адасып келуі. Қуыршақ балалармен амандасып, өзінің адасып кеткенін айтады,

Көмекетесу үшін әрекет жасайды























Ұйымдастыру-іздестіру





Қуыршақпен ойын

«Дұрыс орналастыр»

Мақсаты: ойларын дамыту

  • Балалар қуыршақтын анасына қалай хабарласамыз?

  • Ол үшін біз несін білуіміз керек?

  • Телефонның қандай түрлерін білесіндер?

  • Телефон тұтқасын көтергенде қандай сөздер айтамыз?

  • Телефонға қалай жауап беру керек

  • Балалар, телефондар туралы тақпақ білесіңдер ме?

  • Балаларға телефон тақпағын айтып түсін









«Сыйқырлы сөздер» о.ұйымдастыру





  • Сыйқырлы сандар шығады.Соны теріп қуыршақ анасына хабарласамыз.

Қуыршақтың апасының келуі









Түстеріне сәйкес

пішіндерді орналастыру

Біз, телефон арқылы хабарласамыз

Біз номерін білуіміз керек

Телефонды көтергенде Алло сөзін айтамыз.

Телефонға айқайлауға болмайды.

Сұрақтаға дұрыс жауап береміз.

-Қалта және үй телефонын білеміз

Бірге қайталап айтады



Сыйқырлы сөздерді айтады: Сәлеметсіз бе, кешіріңіз...

Сыйқырлы сандарды теріп сыйқырлы сөздер айтады.(Сәлеметсізбе, кешіріңіз, келіңізші, өтінеміз)





Рефлексивті-түзетушілік



-Балалар біз қуыршаққа қалай көмектестік?





Балалар қуыршақты анасына беріп қоштасады.

Күтілетін нәтиже:



Телефон пайдасы туралы біледі.

Нені игереді:

Тұрмыстық заттарды қайталайды.

Нені біледі:

Телефон өлеңін жатқа, сыпайы сөздер айтады.







Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

№ 11 технологиялық картасы





Тақырыбы:



Қатынас

Бөлімі:

Көркем әдебиет

Тақырыбы:

Менің анам

Мақсаты:

Әр баланың анасы бар екенін, анасы балаларын жақсы көріп, оларға қамқор болатыны түсіндіру. Еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

Суреттер









« Шаттық шеңбері» ойынын ұйымдастыру



Шатық шеңбер құрып бір-біріне жылы лебіз айтады.







Балалармен жылдың қандай мезгілі келгені туралы әңгімеленеді. Осы көктем мезгілі өзімен бірге аналардың мерекесі келгені түсіндіріледі.

Ана туралы өлең оқылады.

Анам мені «Айым» -дейді

Мен мұңайсам уайым жейді.

Анам мені: «Күнім» -дейді,

Мен қуансам күлімдейді.

Өлең кім туралы?

-Аналарың

  • Барлықтарыңның аналарың бар, сендер оны жақсы көресіңдер ме?

Балаларға аналары оларды өте жақсы көретіні, балалары үшін бәріне істейтіні жайында әңгімеленеді. Сондықтан әр бала анасын қуантуға асығу керек. Оларға көмектесу, ренжітпеу керек екені айтылады.

Сергіту сәті

Дөңгеленіп төбеден,

Сәулесін күн төгеді

Жарқын көктем не деген

Жасыл түсі көп еді.



« Менің отбасым»

Шарты: Отбасы суреті беріледі .

Оларды атап, анасына әжесіне тілек айтылады.



« Кішкентай көмекші»

Шарты: үйде қалай көмектесетіндерін айту





Көктем туралы өз ойларын айтады.









Өлең жолдары талданады.





-Өлең ана туралы айтылған.

-Аналарымыз бізді айым, күнім, балапаным, жаным деп еркелетеді.

-Анамызды жақсы көреміз.















Балалар суретке қарап отбасы мүшелерін атайды, Өздерінің аналарына тілектерін айтады.

Балалар үйлерінде аналарына қалай көмектесетіндерін әңгімелейді.

Рефлексивті-түзетушілік

Үн таспадан « Құттықтаймын анам, туғун күніңмен» әні арқылы қорытындылау

Балалар қосылып әнді айтады.

Күтілетін нәтиже:



Балалар аналарын ең жақын жан екенін білу керек.

Нені игереді:

Оларға қамқоршы, көмекші болып өсу керектігін түсінеді

Нені біледі:

Анаға деген сүйіспеншіліктерін білдіруге біледі.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

№ 12 технологиялық картасы



Тақырыбы:



Қатынас

Бөлімі:

Көркем әдебиет

Тақырыбы:

«Менің досым»

Мақсаты:

Әдеби шығарма желісі бойынша құрдастарына қианат жасамай , адам болуға тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

Бір - біріне көмектесіп жатқан балалардың суреті.







«Шаттық шеңбер» ойынын ұйымдастыру





Бір - біріне жылы тілектер айтады.





Ұйымдастыру-іздестіру

«Менің досым» ойынын ұйымдастыру

Мақсаты: ойлау қабілеттерін арттыру

Шарты:Достары туралы ойларын айтқызу





Әңгімемен жұмыс

«Менің досым» әңгімесін оқып беру.

Сұрақ қою:

-Әңгіме не туралы?

-Ал сендер өз достарыңа көмек бере аласыңдарма?

-Дос не үшін керек?

Сергіту сәті:

Кел балалар күлейік

Күлкіменен түлейік

Қабақ түйген не керек

Көңілді боп жүрейік



«Жасырынған суретті тап» ойынын ұйымдастыру

Мақсаты:Әңгімені есте сақтауға баулу

Шарты: Тақтадағы жасырынған суретті аттау



Өз достары туралы ойларын айтады.







Әңгімені тыңдау

Балалар жауаптары:

-Әңгіме достар туралы.

-Дос қиын кезде көмектеседі.











тақпақты қимылымен көрсетіп орындайды.



Тақтаға әңгіме желісімен суреттерді қатарлап қояды да, көздерін жұмып отырады, көздеріңді ашыңдар деген ұсынысты естіген соң тақтаға қарап, жасырынған суретті атын атайды(әңгіме желісіне байланысты)

Рефлексивті-түзетушілік

«Досым....» ойынымен қорытындылау

Досы қалай қамқорлық жасайтыны туралы ойларын айтады.

Күтілетін нәтиже:



Досқа адал болуды үйренеді.

Нені игереді:

Өз достарына қалай көмектескендерін айтып береді.

Нені біледі:

Достарымен ойнаған кезде, оларға қиянат жасамау керектігін түсінеді.





Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

№ 13 технологиялық картасы





Тақырыбы:



Қатынас

Бөлімі:

Көркем әдебиет

Тақырыбы:



Бұл қай кезде болады?



Мақсаты:

Табиғатта көктем мезгілінің әсемдігін сезіндіру, гүлді жұлмауға,ағаш бұтақтарын сындырмау керектігін түсіндіру.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

Көктем суреттері













Мотивациялық -қозғаушылық









Жұмбақ жасыру:

Бұлтты айдай желдеткен,

Нөсерлеткен селдеткен.

Шалшық кешіп ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?





Бұл- көктем мезгілі

Ұйымдастыру-іздестіру







-Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Көктемде біз қалай киінеміз?

Өлеңмен танысу

Қар су болып жөнелді,

Қалды дала жалаңаш.

Күн нұрына кеңелді,

Бүршік атып бар ағаш

Келіп көктем құстары

Бау-бақшада ән салды

Оларды жас достары

Ұя жасап қарсы алды.



«Көркем фильм» ойынын ұйымдастыру. Өлең желісі бойынша суреттерді қатарлап отыру

-Көктемде жаңбыр жауады, қар ериді, құстар жылы жақтан ұшып келеді.





Өлеңді мұқият тыңдайды.













Сурет бойынша өлеңді қайталап, айту, жаттау



Рефлексивті-түзетушілік

«Гүл шоғы» ойыны арқылы қорытындылау

Бір-біріне жылы лебіздер айтып, гүл сыйлайды.

Күтілетін нәтиже:



Табиғатты қорғау керек екенін түсінеді

Нені игереді:

Жыл мезгілдерін ерекшеліктерін игереді

Нені біледі:

Табиғатты қорғау керек екенін біледі



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

№ 14 технологиялық картасы





Тақырыбы:



Қатынас

Бөлімі:

Көркем әдебиет

Тақырыбы:

Наурыз мерекесі

Мақсаты:

Мереке туралы түсінік беріп, салт-дәстүрді қадірлей білуге, құрметтеуге тәрбиелеу

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

Суреттер







«Шаттық шеңбер» ойынын ұйымдастыру



Бір-біріне жылы лебіз айту.



Ұйымдастыру-іздестіру

Серуенге шығару.

Тәрбиеші табиғатқа, қоршаған ортаға көңіл аудартады. Көктем мезгілінің бірінші айы- Наурыз.

Көктеммен бірге наурыз мерекесінің келгенін айтады.

«Наурыз мерекесі» қысқаша әңгіме оқылады.

Наурыз көже жасалады. Бір-бірлеріне жақсы тілектер айтылады. Ән жыр шашылып, салт-дәстүріміз жаңғырады.

Жақсы ма ата халіңіз

Менің атым Наурыз

Балдай тәтті сары уыз

Алып келдім, алыңыз

Д/о «Гүл ұсыну»

Шарты: гүлді ұсына отыра тілектер айту кере



Балалар жан-жақтарына қарап, жыл мезгіліне байланысты қандай өзгерістер болып жатқанын айтады.





Балалар әңгімені тыңдап, оның мазмұнын тәрбиешінің жетекші сұрақтары арқылы мазмұндайды.



Қимылдармен көрсетеді.





Балалар бір-бірлеріне гүлді ұсынып, жақсы тілектер айтады.

-үлкен болып өс

- әдемі қыз бол

Рефлексивті-түзетушілік

«Кубизм ойыны » арқылы қорытындылау

Түскен суреттер бойынша қандай әрекет жасағандарын айтады.

Күтілетін нәтиже:



Наурыз мерекесін біледі.

Нені игереді:

Салт- дәстұрлерімізді жаңғыртады



Нені біледі:

Қазақ халқында ұлттық мерекелер бар екенін біледі.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

№ 15 технологиялық картасы



Тақырыбы:



Қатынас

Бөлімі:

Көркем әдебиет

Тақырыбы:

«Ұшақ»

Мақсаты:

ұшқыш еңбегімен таныстыру

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

дидактикалық ойындар







«Өтінемін» ойынын ұйымдастыру













Өтінемін сөзін естігенде айтылған әрекеттерді жасайды, өтінемін сөзі айтылмағанда еш әрекет жасамайды.



Ұйымдастыру-іздестіру

Балаларға әртүрлі ұшақтың суреттерін көрсетеді. Алыс - алыс жерлерге осы ұшақтармен бара аламыз.

Өлеңмен жұмыс:

«Ұшақ» тақпақ оқып береді.

Көлдерді көктей өт, Тауларға жетпей өт

Бұлттарды жарып ұш

Бұлттардан да әрі ұш

Тоқтаусыз әрі ұш

Жетейік көкеме.



«Ойна да, ойла» ойынын ұйымдастыру











«Есте сақта» ойынымен тақпақты жаттату







-«Ұшты - ұшты»

Мен бастайын сен аяқта!









«Қатесін тап»

Ойынын ұйымдастыру







Суреттерді зейін қояды.Түстерін қайталайды.



Өлеңді тыңдайды.











-Суреттер ішінен ұшқыш еңбегін бейнелейтін суреттерді тауып қатарлайды.



Схемаға қарап тақпақты қайталайды.



-Балалар қимылдарды жасайды, тақпақты жалғыстырады.





Схема бойынша жаттаған тақпақ суреттерін қатарлап, қатесін табаду, тақпақты қайталап айтады.

Рефлексивті-түзетушілік

«Кубизм» ойынымен қорытындылау

Жасаған әрекеттерін сурет бойынша айтып әңгімелейді

Күтілетін нәтиже:Ұшақ туралы тақпақты жатқа айтады.

Нені игереді:

Көлік түрлері туралы

Нені біледі:

ойыншықтарды күтіп ұстауды.





Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

№ 16 технологиялық картасы



Тақырыбы:



Қатынас

Бөлімі:

Көркем әдебиет

Тақырыбы:

«Достық»

Мақсаты:

Достық туралы түсінік беру;

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

суреттер, тірек - сызба, әр ұлт киімін киген қуыршақтар.









Мотивациялық -қозғаушылық





Ұйымдастыру-іздестіру

«Сөз ойла, тез ойла!» ойыны.







-Балалар қарандаршы киімдері әртүрлі.Сұрақ - жауап.Бұл нені білдіреді?



«Бұл қай ұлт?»

-Кімнің басқа ұлттан досы бар?

-Неше досың бар?



«Шаңырақ»

Керегені жазайық

Шаңырақты құрайық

Бір үйдің баласындай

Тату тәтті болайық!



Өлеңмен жұмыс

Схеманы қатаплап қойып отырып айтады.

Ортақ мекен, жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы

Достығымыз жарасқан.



«Менің достарым»

Мақсаты:Суретке қарап әңгіме құрау



«Бет пішінің сипатта»

Мақсаты: Досының - шаш, көз, мұрындары туралы.



Сөздерге, ұйқас сөз ойлап табу (ала-қала, кел-сел, мен-кем)



-Әртүрлі ұлттар киімдерін.





-Балалалдың жауабы.

-Балалар өздері білетін ұлт өкілдерін айтады.

Қимылдарымен шаңырақ, ленталардан ұстайды.







Сурет тірек - сызба арқылы жатталады.







Суретке қарап әңгіме құрастырады.





Әр бала өз достары жайлы мәлімет береді.





Рефлексивті-түзетушілік

«Досы көпті жау алмайды....» ойынымен қорытындылау



Балалар өз ойларын ортаға салады.

Күтілетін нәтиже:Достық туралы өлең жаттайды

Нені игереді:

Достық туралы мақал-мәтелді қайталайды.

Нені біледі:

Достық туралы біледі, бір-бірімен дос бола-алады.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

№ 17 технологиялық картасы



Тақырыбы:



Қатынас

Бөлімі:

Көркем әдебиет

Тақырыбы:

Қайрымды бұлт

Мақсаты:

Кейіпкерлердің іс әрекетін үлгі ете отыра, адамдар арасындағы қарым- қатынасы туралы түсінік беру.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

Суреттер













«Гүл шоғы» ойынын ұйымдастыру







Балаалар шеңберге тұрып, қолдарындағы гүлді бір-біріне сыйлап жақсы тілектер айтады.

Ұйымдастыру-іздестіру

Аспанға қарап онда нелер барын сұрау





«Қайырымды бұлт» деген ертегі оқып беретінін айтып, мәнерлеп оқиды.

-Бұлт қандай жақсылық жасады?

-Неліктен біз оны қайырым бұлт деп атадық.

-Сендер қандай және кімге жақсылық жасадыңдар?



«Мен сыйқыршымын....» ойынын ұйымдастыру

Мақсаты: Шығармашылық қабілеттерін арттыру

Шарты: Тастанды заттардан бұлттар жасату

«Орнын тап»

Кейіпкерлердің суреттері беріледі.

Ретімен қою керек.

Балалар жауабы: аспанда түрлі бұлттар бар.



Балалар мұқият тыңдайды

Ертегі мазмұны бойынша айтады, өздерінің пікірін ортаға салады.



Тастанды заттардан бұлттар .









Әңгіме желісі бойынша суреттерді реттейді.



Рефлексивті-түзетушілік

Д/о «Жақсы жаман»

Шарты: Жақсы және жаман қылықтарды айтады

Үлкендерге көмектесу

- жақсы

Ойыншық сындыру

жаман

Күтілетін нәтиже:



Қайырымдылық жасауға үйренеді.

Нені игереді:

Жаман, жақсыны айырады

Нені біледі:

Өздерінің бойына жақсы қасиеттерді алады.







Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

№ 18 технологиялық картасы

Тақырыбы:



Қатынас

Бөлімі:

Көркем әдебиет

Тақырыбы:

Қызыл қоңыз

Мақсаты:

Жәндіктерге тірі табиғатқа жалпы қиянат жасамай, қамқор болуға үйрету.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

Суреттер







Балалар қазір біз есімізге түсірейік, серуенге шыққанда жерде жыбырлап жүрген нелерді көреміз. Оларды бір сөзбен жәндіктер дейміз.

«Солардың ішінен бізге бүгін ханқызы қонаққа келіп отыр»- деп суретін көрсетеді.

Ол қандай екен?

Балалар қоңыз, маса, құмырсқа деп естеріне түсіреді.

Балалар қайталайды.



Қызыл, үстінде қара ноқаттары бар. Басы, қанаттары бар

Ұйымдастыру-іздестіру

Ханқызы туралы әңгіме оқылады.



-Сендер қалай ойлайсыңдар, қоңыз неге өтірік өлген сияқты жата қалды. Өйткені ол өзіне тиіскенді қаламайды. Қарайықшы біздің саусақтарымыз қандай үлкен, ал қоңыз қандай кішкентай. Ол адамдарға ешқандай зиян жасамайды. Сондықтан оған тиіспеген жөн. Ханқызы зиянды жәндіктерді жейді.



Ұзын мұртты құмырсқа

Келе жатыр жұмысқа

Алды допты қолына

Қойды допты жолына



«Жасырынған суретті тап» ойынын ұйымдастыру

Мақсаты:Әңгімені есте сақтауға баулу

Шарты: Тақтадағы жасырынған суретті аттау





Тыңдайды.



















Қимылдар жасалады







Тақтаға әңгіме желісімен суреттерді қатарлап қояды да, көздерін жұмып отырады, көздеріңді ашыңдар деген ұсынысты естіген соң тақтаға қарап, жасырынған суретті атын атайды(әңгіме желісіне байланысты)

Рефлексивті-түзетушілік

«Кубизм» ойыны арқылы қорытындылау

Шаршыны ортаға лақтырады, түскен суретке қарап қандай әрекеттер орындағандарын айтады.



Күтілетін нәтиже:



Тірі табиғатқа қиянат жасамау керегін түсінеді.

Нені игереді:

Тірі табиғат пен өлі табиғат туралы түсініктерін игереді

Нені біледі:

Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін білдіруге біледі.















































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Тақырыбы:Қатынас

Бөлімі:

Тіл дамыту

Тақырыбы:



«Күзгі табиғат»

Мақсаты:

Күзгі табиғатпен таныстырып, үлкендердің еңбегін құрметтеуге, шамасы келгенше көмектесуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

Күзгі табиғат суреттері.







Мотивациялық-қозғаушылық



«Шаттық шеңбер » ойынын ұйымдастыру



Дидактикалық ойын:

«Жеміс-жидектер»





Шеңберге тұрып бір-біріне жылы лебіздер ін айтады.

Жемістер атын атап шығады.





Ұйымдастыру-іздестіру



-Балалар, сендер бүгін күзгі табиғат туралы өтесіңдер.



Күз мезгілі сендерге ұнай ма?

Күздің қандай ерекшеліктері бар?

Күзде қандай еңбек жұмыстары жүргізіледі?



Сергіту сәті

Алма алма, көп алма

Қызыл сары көк алма

Теріп алып келейік

Атамызға берейік

Күзде бау-бақшадан қандай жемістер жинайды?





Бау-бақшада ата -аналарыңа көмектесесіңдер ме?

Балалардың жауабы:

-Алманы сен ағаштан алдың.

-Алманың дәмі тәтті







Сұрақтарға жауап беру.









Тәрбиешінің сөздерін мұқият тыңдап алып, түсінбегендерін сұрайды.







Алма өсірудегі адам еңбегіне байланысты суреттерді ретімен қатарлап қояды.





Сергіту сәтін тақпақпен бірге қимылдарын жасайды

Рефлексивті-түзетушілік



«Бұл қай жеміс?» ойыны арқылы қоытындылау

Мақсаты: Сипаттама арқылы қай жеміс екенін табу.

(Сырты қызыл-іші ақ, өзі ағашта өседі.

Түсі жасыл, ағашта өседі, көлемі гитараға ұқсайды.(

Қай жеміс туралы айтып тұрғанын табады. (Балалар жауабы: Алма, алмұрт)

Күтілетін нәтиже:Күз мезгілімен танысып, оның үлкендер еңбегімен келетінін білу керек.

Нені игереді:

Күз туралы білгендерін еске түсіреді және пайдасын игереді.

Нені біледі:

Алмадай қып-қызыл, алмадай домалақ сөз тіркестерін қолданады. Жатқа айту біледі.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал