7


  • Учителю
  • Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтаймыз

Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтаймыз

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Өрт-қауіпсіздігі» ережесін сақтаймыз!

Жүргізуші: -Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар,балабақшамыздың кішкентай бүлдіршіндері.Бүгінгі ересектер «Бәйтерек» тобымен ұйымдастырылып отырған «Өрт-қауіпсіздік» ережесін сақтаймыз атты іс-шарамызға қош келдіңіздер.Бүгінгі іс-шарамызға қонақтар келіп отыр екен.Балалар бүгін сендер өрт қауіпсіздігі ережелері жөнінде көптеген мағлұматтар алатындарыңа сенімдімін.

Жүргізуші: -Балалар, өрт қауіпсіздігі дегеніміз не?

Балалар: - Отпен, газ плитасымен, электр құралдарымен ойнамау.

Жүргізуші: -Дұрыс айтасыңдар, балалар. Отпен ойнамау керек, себебі ол өте қауіпті. Бірақ оттыңда пайдасы бар екен.Оттың қандай пайдасы бар екенін білесіңдер ме?

Балалар: -От үйімізді жылытады, тамақ істейміз.

Жүргізуші: -От боймызды жылытады. От- өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ.От жағылмаса, тамағымыз піспейді, үйіміз жылымайды. Ал тамақ ішпесек бойымызға қуат бітпейді. Отты тек үлкендердің бақылауымен ғана пайдалану керек екенін ұмытпаңдар. (Слайд көрсету)

Жүргізуші: -Мінеки, балалар оттың зиян жағы сіріңкемен ойнаған бала күйеді, ал пайдасы боймызды жылытады екен. Ал, енді от жайында балалар өз тақпақтарын айтсын.

Аружан: От жақпа күйерсің, Ислам: Оттың ісі қуырмақ,

Өртеніп жүрерсің. Желдің ісі суырмақ.

Сіріңкені ұстасаң, Қазір жанған жалынды,

Бәлеге сен түсерсің. Алып ұшып қуалмақ.

Хор: «Ел қорғауға әзірміз»

Жүргізуші: -Ал, енді мына суретке қараңдаршы, бұл жерде не көріп тұрсыңдар?

Балалар: -Бұл - газ плитасы.

Жүргізуші: -Газ плитасын біз не үшін пайдаланамыз?





Балалар: -Газ плитасын, біз шай қайнатып, тамақ пісіруге пайдаланамыз. Газ плитасын үлкендер ғана пайдаланады. Себебі уланып қалуы мүмкін.

Жүргізуші: -Дұрыс айтасыңдар балалар, газ плитасын тек үйіміздегі үлкендер ғана пайдаланады.Ал, балалар маған айтыңдаршы егер өрт болған жағдайда қайда хабарласамыз?Ол жайында бізге Сымбат айтып берсін.

Сымбат: Өртпен түтін айнала,

Қарап тұрма жай ғана.

Тез хабар бер 101-ге,

Уақытты сен байлама.

Ән: «Болашағы елімнің» Орындайтындар: Алдияр, Ұлдана

Жүргізуші: -Балалар,енді сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, жауабын таба аласыңдар ма?

Балалар: -Әрине жауабын табамыз.

Жүргізуші: Үйде тұр бір жұлдыз,

Ол барда түн-күндіз.

Балалар: -Жауабы: Электр лампасы

Жүргізуші: -Электр лампасын тәуліктің көбіне қай мезгілінде қолданамыз?

Балалар: -Кешке және түнде пайдаланамыз.

Жүргізуші: -Келесі өртке қауіпті нәрсе -электр құралдары. Үйдегі үлкендердің көмегімен ғана ол құралдарды пайдалануымызға болады. Балалар осы сақтық шараларын орындамасақ, тіпті өрт шығу қаупі орын алады. Электрдің пайдасы да, өте көп, оның көмегімен қандай шаруаларды бітіреміз, электр құралдарын қай кезде пайдаланамыз?

Балалар: -Үтіктегенде, тоңазытқышты қосқанда, теледидар көргенде, шаңсорғышты пайдаланғанда, кір жутын машинаны қосқанда пайдаланамыз.









Ұлдана: Электрсыз шырағым, Азамат: Тату өскен баламыз,

Болмай-ақ қой шүбәлі. Айтқан тілді аламыз,

Теледидар, үтік те- Нанға кетсе анамыз,

Барлығы істен шығады. Үйде өзіміз қаламыз.

Ән: «Балдырғандар әні» Орындайтындар: Айша, Алдияр, Гүлмариям.

Аят: Іші пысқан балалар,

От жақты шөпті бықсыта.

Бықсып жанған от енді,

Алып-ұшып жөнелді.

Өшірем деп ұмтылған,

Балаларға көнбеді.

Хор: «Елімнің ертеңгі иесі - біз»

Жүргізуші: -Балалар, өрт қауіпсіздігі жайында айттық. Енді осы өртті сөндіретін адамдарды біз кім деп атайды екенбіз?

Балалар: -Өрт сөндірушілер деп атаймыз.

Жүргізуші: -Дұрыс айтасыңдар, өрт сөндірушілер үлкенді де, кішіні де барлығын өрттен құтқарады . Өрт сөндірушілер арнайы көліктермен жүреді. Олардың арнайы тігілген, от өтпейтін киімдері болады.

Жүргізуші: -Бүгін бізге келген қонақтарымыз,нағыз өрт сөндірушілер.Олар сендерге өздерінің өрт сөндіруге арналған құралдарымен таныстыруға келген екен.Қанеки қонақтарымызды ортаға шақырып мұқият тыңдайық.

Ән: «Ағалардай боламыз» Орындайтын: Азамат

Жүргізуші: -Балалар, бүгін біз өрт қауіпсіздік ережелерімен таныстық. Өмірімізге қауіп тудыратын заттармен ойнамау керектігін айттық. Сендер де өздеріңе қажетті мағлұматтарды алдыңдар. Енді өрт қауіпсіздігі ережесін етеріңде сақтап жүруге сөз бересіңдер ме?









Балалар: -Ия, сөз береміз. Өрт қауіпсіздік ережесін әрқашан есте сақтап жүреміз.

Жүргізуші: -Ал,енді мен сендердің өрт қауіпсіздігін қаншалықты сақтайтындурыңды білу үшін сендермен ойын ойнағым келіп тұр.Мен қазір сендерге сұрақтар қоямын, егер болады десеңдер қызыл шарды, ал болмайды дейтін болсаңдар онда жасыл шарды көтересіңдер.

Сұрақтар:

  1. Өрт болғанда 101-ге қоңырау шалуға болады ма?

  2. Өрт кезінде төсектің астына, шкафка тығылуға болады ма?

  3. Үлкендерді айғайлап шақыруға болады ма?

  4. Өрт шыққан жерде қалуға болады ма?

  5. Өрт кезінде терезе, есікті ашуға болады ма?

  6. Өрт кезінде су немесе құм, топырақ шашуға болады ма?

  7. Жанып тұрған сіріңкені жерге тастауға болады ма?

  8. Басымызды, бет аузымызды ылғалды сүлгімен орауға болады ма?

  9. Өрт кезінде электр жүйесін пайдалануға болады ма?

  10. Көршілерді көмекке шақыруға болады ма?

Жүргізуші: - Жарайсыңдар, балалар өрт қауіпсіздігі жайында толық біліпсіңдер.

Хор: «Бейбітшілік»

Жүргізуші: -Құрметті қонақтар, сіздер де әрқашан өрт қауіпсіздігі ережесін сақтап жүретіндеріңізге сенімдімін. Келесі кездескенше сау болыңыздар.































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал