7


  • Учителю
  • Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің бірі «қызғалдақпен»таныстыру,оның суретін салу жолдарын меңгерту,әдемілікті, көркемдікті сезіну талғамын қалыптастыру. Ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу оюлардың үлгі суреттері слайд, бейне көрініс,құм,арнайы да

Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің бірі «қызғалдақпен»таныстыру,оның суретін салу жолдарын меңгерту,әдемілікті, көркемдікті сезіну талғамын қалыптастыру. Ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу оюлардың үлгі суреттері слайд, бейне көрініс,құм,арнайы да

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлім: Сурет салу.

Тақырыбы : Қазақтың ою-өрнектері.Қызғалдақ .

Мақсаты: Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің бірі «қызғалдақпен»таныстыру,оның суретін салу жолдарын меңгерту,әдемілікті, көркемдікті сезіну талғамын қалыптастыру. Ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: оюлардың үлгі суреттері слайд, бейне көрініс,құм,арнайы дайындалған шынылы жарықтандырылған стөлдер,күй табақтар,қортындылауға арналған ұсақ суреттер. Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің басқару әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық



Біз қандаймыз,қандаймыз.

Шұғылалы таңдаймыз,

Күлімдеген күндейміз,

Ренжуді білмейміз.

Қуанамын менде,

Қуанасың сенде,

Қуанайық достарым, Арайлап атқан күнге!



Ұйымдастырушылық-ізденушілік

Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру:

- тыныштық сақтау, ақырын сөйлеу,

- жұмыс орнын таза ұстау;

- суретті таза, ұқыпты салу;

- шыныға салу технологиясын түсіндіру.

Балалардан қандай ою-өрнек түрлерін білетіндерін сұрайды.

Дидактикалық ойын:«Ойлан тап!»

-Ұшып бара жатқан құсқа байланысты ою қандай?

-Түйенің төліне байланысты ою қандай?

-Ағынды суға байланысты ою түрі?

Бұл ою-өрнек жайылымдар мен су көздерінен

тапшылық көрген елде пайда болған.

Өрнек судың бір тамшысын тұспалдайтын ою түрі қандай?

Қошқарға байланысты ою -өрнекті атайықшы?



Ою түрлерін атайды.

Құсқанаты.

Ботагөз.

Ирек су.

Қайнар.

Қошқармүйіз.

Оюларды салыңдар,

Ою мәнін табыңдар.

Ою-өрнек тоқыңдар.

Ою жайлы оқыңдар.

Жұмыс барысы:

Суретші ағайдың

Бояулардың әлемі,

Кемпірқосақ әдемі

әлеміне қош келіпсіңдер.

- Түстерді қайталайық.

- Түстер нешеге бөлінеді?

Шіркін сурет сабағы,

Ауылды еске салады.

Мың құбылтып саламын,

Туып, өскен даламды.

Қызыл бояу-қызғалдақ,

Сары бояу-сарғалдақ.

Жасыл бояу-жайлауым,

Іздеп барар арманым.

- Ауылға әндетіп, саяхаттап барайық.

- Сусымалы нені көріп тұрмыз.

Қане ,балалар,ойнайық,

Ойнайық та ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да

Шешпей оны қоймайық.

Жұмбақ.

Адамдардың бәрі қызығады,

ұстай берсең сәні бұзылады.

Ою-өрнектердің бір түрі қызғалдақпен таныстырып,ерекшелігіне,суретті салу жолдарына тоқталады.

Балалардың өз бетінше

жұмыстарын бақылау.

Ойын: «Не жоқ?»дидактикалық ойыны.



Көзге арналған бейне көріністі тамашалап,көздерін сергітеді.



Түстерді қайталайды.

Жылы,суық түстер болып екіге бөлінеді.



Суретті салып, бояйды.



Рефлексивтік-түзетушілік



Балалар жұмысын талдау.

Істеген жұмысы жайында әңгімелейді.Суреттерді атын атай отырып,қай ою-өрнекті білетінін айтып қорытынды жасайды.



Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Қызғалдақ ою-өрнегін сала білуге үйрету

Қалыптасқан әдет:Түр-түстер,ою-өрнек жайлы түсінігі қалыптасқан.

Істей біледі: қызғалдақ ою-өрнегінің суретін сала білді.











































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал