7


  • Учителю
  • Урок Көлік түрлерімен таныстыру

Урок Көлік түрлерімен таныстыру

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ақтөбе облысы,Әйтеке би ауданы

Балабақша: «Нұрсәт»

Тәрбиеші: Шәутенова Жарқынай

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Көлік түрлерімен таныстыру»

Мақсаты:Балалардың көлік туралы түсініктерін бекіту.Олардың түрлерін салыстырып,ортақ белгілерімен айырмашылықтарын тауып,жерде,суда,әуеде жүретін түрлеріне қарай жіктеуге үйрету.

Көрнекілігі:Көлік түрлерінің суреті,плакатқа салынған сурет

Әдіс-тәсілі: түсіндіру,сұрақ-жауап,дидактикалық ойындар

Мотивациялық қозғаушы.

Ал қанеки балалар,бәріміз бірігіп ұзын пойыз болайықшы.Пойыз қалай жүреді?(бұрт-бұрт,шиқ-шиқ,қырт-қырт) пойыз тоқтады.Енді бәріміз бірігіп дөңгелене тұрып,шаттық шеңберін құрайық.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Бар адамды құрметтеп

Бас иеміз біз

Балалар орындарына отырады.

Ұйымдастырушылық ізденістік.

Балалар бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз «Көлік түрлерімен таныстыру» деп аталады.

Көрнекіліктермен таныстыру.Көлік суреттері: жеңіл машина,кеме,ұшақ,поезд

Тәрбиеші:балалар мына суретте нелер бейнеленген?Аттарын атаңдаршы

Балалар:ұшақ,кеме,машина

Тәрбиеші:бұлардың барлығын бір сөзбен қалай атаймыз?

Балалар: көліктер деп атаймыз

Тәрбиеші: көлік дегеніміз не?

Балалар:адамдарды және жүктерді тасымалдайды

Тақтаға кейбір суреттер теріс ілініп тұр.Бұл суретте көлік түрлері бейнеленген.Қане кім сурет жайлы әңгімелейді?(балалар өз ойларын айтады)

Балалар, мынау қандай көлік түрі?

-Автобус

Ал мынау ненің суреті?

-Бағдаршам

Бағдаршамның түстері қандай?

-Қызыл,сары,жасыл

Балалар осы автобусқа мініп алып, бағдаршамның түстеріне көңіл бөліп,сергіту сәтін жасайық.

Сергіту сәті

Қызыл жанса -тұрамыз (жүруге тиым салынған)

Сары жанса -шапалақты ұрамыз (жүруге дайындық)

Жасыл жанса-жүреміз (жүруге болады)

Балалар бағдаршамнан өтсек әнімізді айтайық.

Әрқашан күн сөнбесін,

Аспаннан бұлт төнбесін,

Қасымда болсын анам

Болайын менде аман.

Жарайсыңдар балалар,сабағымызды әрі қарай жалғастырайық.

Балалар, көліктің адамдар мен жүктерді тасымалдауға қажет екенін айттыңдар.

Көліктердің ортақ белгілері не? (дөңгелектер)

Ал оларға дөңгелектері не үшін қажет? (жүру үшін)

Ал поезд,жеңіл машина,автобус қайда жүреді? (жерде)

Тікұшақ қайда жүреді? (аспанда)

Балалар аспанда ұшатын көліктерді бір сөзбен атағанда «әуе ұшатын көліктер» деп атаймыз.

Енді мына көлік түрлеріне қарайық

Бұл көліктер қайда жүреді?-суда жүзеді(кеме,қайық)

Ал мына суреттен ненің суретін көріп отырсыңдар?

-ат пен түйенің

Бұрын машина болмағанда адамдар осы атпен,түйемен жүрген екен.

Енді балалар ойын ойнайық.

Д.О: «Мекенін тап»

Ойын шарты: әрбір көлікті өз мекеніне орналастыру.

Рефлексиялық түзетушілік.

Балалар бүгін біз не туралы білдік? (көліктер туралы)

Қандай көлік түрлерін білесіңдер? (автобус, ұшақ,кеме)

Ұшақ,тікұшақ қайда ұшады? (аспанда)

Кеме,қайықтың ортақ белгілері қандай? (суда жүзеді)

Барлығың жақсы қатыстыңдар.Осымен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізді аяқтайық.

Дөңгеленіп тұрайық

Шаттық шеңбер құрайық

Көріскенше күн жақсы

Сау-саламат болайық.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал