7


Конспект урока на тему Мысық

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

























Конспект урока на тему МысықТәрбиеші:Жетибаева Г.А.



















Приозерск қаласы



«Балапан » тобындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Қатынас»білім беру саласы

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Мысық.

Мақсаты: Балаларды үй жануары-мысық туралы әңгімелей білуге үйрету. 2-3 сөзден тұратын сөйлем құрату арқылы ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.

Білімділік: Әңгімелей білуге үйрету. Дамытушылық: Сөйлем құрату, тілдерін дамыту.

Тәрбиелік: Жануарларға деген қамқорлық сезімдерін ояту.

Қостілділік компонент: мысық-кошка.

Қажетті көрнекі құралдар:Мысықтың суреті. Ойыншық үй жануарлары жұмсақ мысық.

Сөздік жұмыс: мысық.Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбер .

Балалар сендер келе жатқанда нені көресіңдер? Дұрыс айтасыңдар.

Сол күннен біз жылу аламыз, сол жылуымызды бір-бірлерімізге береміз.

Шуағын шашқан,

Шапағатты күн.

Қайырлы таң апайлар,

Қайырлы таң,достарым !Сәлем,сәлем!

-Балалар, қазір қай мезгіл? Көктемде күн ұзарып, күн жылынып, қар еріп ,жаңбыр көп жауады.Көктемде жәндіктер мен жабайы жануарлар ұйқысынан оянып , тіршілігін бастайды, мал төлдеп, жыл құстары оралады, жер бетіне көк шөптер шығады, жеміс ағаштары бүршік атып гүлдейді.



Қуана қимыл-қозғалыстармен шаттық шеңберін жасайды.



Күнді.





Көктем мезгілі.



















































Ұйымдастыру-

шылық- ізденістік

Ойын: «Сиқырлы қалта»

Балалар қалтадан ойыншықтарды алып атай бастайды.

Мынау не? Ал мынау ше?

-Балалар, бұлар қандай жануарлары?

Үй жануарларының пайдасы өте зор, етін жеп, сүтін ішеміз, сол сүттен айран, ірімшік,құрт, май жасалады.

Тосын сәт.

Есік қағылады. Себетте отырған жұмсақ ойыншық мысық беті жабулы. Кім екенін білмеймін, есік алдына себетті әкен тастапты.

Қараңдаршы балалар мына себеттегі не нәрсе?

-Мынау- мысық. Мысық өте сүйкімді үй жануары.Ол көп үйде болады. Мысық өте мейірімді, бауырмал болады. Мысық еркіндікті жақсы көреді. Мысық ет пен сүт ішкенді жақсы көреді. Мысық өте таза жануар,олар уақытында жуынады, үстерін тазалап тұрады. Уақытында далаға шығады.

Мысық ұйықтағанды жақсы көреді.

Е.Елубаевтың «Ала мысық»өлеңін оқып береді.

Беті-қолын жуады.

Тышқандарды қуады,

Тазалықты сақтайды,

Апам оны мақтайды.

-Балалар, мысық қалай дыбыстайды?

Сертігу сәті.

Тікірейіп құлағы

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып, керіліп,

Беті-қолын жуады.

«Мысықтың суретін құрастыру»дидактикалық ойыны.



Ойыншықтарға қуанады.

Ат- лошадь, сиыр-корова,баран-қой, түйе-вербльюд бұлар үй жануарлары.

Балалар үй жануарлары туралы білетіндерін айтады.Қызықты сәт балаларға.



Балалармысық туралы білуге талпынады.











Балалар тақпақты бірге қайталайды.



Мысықтың дыбысын салады.

(Мияу, мияу).



Тәрбиешімен бірге қимыл-қозғалыстар жасайды.



Ойынды қуана ойнайды.

Рефлексиялық- түзетушілік

Тәрбиеші балалардың жауаптарын қорытады, білмегендерін үйретеді.

-Балалар, біз бүгін қай жануармен таныстық.

Тілдері келмеген кейбір сөздерді қайталатады. Мысалы: мысық- мияулайды . Мысық-кошка. Бүгін балалар өте жақсы жауап бердіңдер.Сендерге көп рахмет. Балаларды мадақтау.

Балалар мысық туралы біледі.

Мысық.

Дұрыс айтып үйренеді.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: мысық туралы;

Қандай түсініктерді игерді: мысық туралы 2-3 сөйлемнен тұратын қысқа әңгіме құрастыра білу дағдысын;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: мысықтың қалай дыбыстайтынын.











«Балапан » тобындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Таным» білім беру саласы.

Тақырыбы: Мамандық. Дәрігер.

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Мақсаты: Балаларға дәрігер мамандығының не үшін қажет екендігін түсіндіру.

Білімділік: Ойын барысында қарапайым сөйлем құрап, оны түсініп, қайталай білуге үйрету.

Дамытушылық: Есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Дәрігердің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

Қолданылатын құрал-жабдықтар: Баланы қарап жатқан дәрігердің суреті, дәрігерге қажетті құралдар, дәрігер киімін киген қуыршақ, үлестірмелі материалдар.

Қостілділік компонент: Дәрігер-врач, қуыршақ-кукла,Дүкенші-продовец, құрылысшы- стройтель, мұғалім-учитель, шаштараз-парикмахер.

Сөздік жұмыс: Көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, қайталату, ойын, әңгімелесу.



Мотивациялық -

қозғаушылық

Балалар шеңбер жасап тұрып, бір -біріне тілектер айтады.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз

Бар әлемді құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Балалар бүгін бізге қонаққа қуыршақ Айша келді.

Балалар өлеңді қимыл қозғалыспен қайталайды.























Ұйымдастырушылық-

</<span>ізденістік

Әңгіме жүргізу.

Бүгін сіздермен «Мамандықтар» туралы айтамыз. Мамандық дегеніміз ол жұмыс,еңбек ету.

Мамандық иесі болу үшін көп оқып, білімді болу керек. Мына суретте сатушы дүкендегі заттарды сатып тұр.Құрылысшы кірпіштерден тағы басқа заттардан үй, мектеп, балабақша салады. Мұғалім мектептегі оқушы балаларға сабақ оқытады. Шаштараз адамдардың балалардың шаштарын қияды, әдемілеп бұйралайды және әдемілеп өреді. Дәрігер ауырған балаларды, адамдарды емдейді. Үлкендерді емдейтін басқа да дәрігерлер болады. Сендерді емдейтін бала дәрігері болады.

Сергіту сәті.

Кәне Ү -п деп айтайық.

Демді ішке тартайық.

Енді У -һ деп айтайық

Демді шығара қайтарып.Балалар , кейде ауырған жағдайда жедел жәрдем машинасын үйге шақырамыз. Тосын сәт.Қуыршақ жылайды. Ой балалар кім жылап жатқан?

-Қуыршақ Айшаның ыстығы көтеріліп , тамағы ауырып қалыпты. «Жедел жәрдемді» шақырайық. «103» номерін теріп алып телефон шаламыз. Сәлеметсіз бе, «жедел жәрдем бе?» «Айналайын» бөбекжайы «Балапан» тобында «Қуыршақ Айшаның» ыстығы көтеріліп, тамағы ауырып қалды . Тезірек келіңіздер. «Жедел жәрдем » көлігінің дауысы. Ақ қалатты абзал жан дәрігеріміз келеді.Сәлеметсіздер ме? Балалар. Бұл кісі дәрігер. Дәрігер «Қуыршақ Айшаның» өкпесін тыңдап, ыстығын градусникпен өлшеп дәрі беріп кетеді. Енді оны жылы жауып қояйық, ұйықтасын. Күнде жаттығу жасап, дәрумендер ішіп жүріңдер. Қош сау болыңдар ауырмаңдар.

- Балалар қораптың ішінде дәрігерге қажетті құралдар бар екен. Бұл құрал не үшін қажет? Ауырған баланың өкпесін, тыңдайды, ал бұл құралмен қызуын өлшейміз.Градусник деп айтамыз. Бұл дәріні кімге береміз? Ауырған қуыршаққа береміз.

-Иә балалар, біздің де балабақшамызда дәрігер апаймыз бар. Есімі: Тамара апайбөлмесіне саяхатқа барамыз, сол бетте шығып кетеді.

Балаларға ой тастау. Педагогтің көмегімен айтып береді.



Сатушы-продовец

Стройтель-құрылысшы,

Мұғалім-учитель, шаштараз-парикмахер.

Дәрігер-врач.

Скорой помошь-жедел жәрдем









Орындарынан тұрып , бойларын жазады.





Қораптың ішіндегі құралдарды балалар қайталап айтып береді.























Балалар жауап беруге тырысады. Балалар көргендерін айтып береді.

-Балаларды ауырғанда емдейді.

Өкпесін тыңдайды, дәрі береді.

Бірге тыныс алу жаттығуларын орындайды.

-Дәрігер баланы тыңдап отыр.







Рефлексиялық- түзетушілік

Сұрақтар:

Бүгін бізге кі келді?

Дәрігер не істейді?

Ауырғанда кімге барып емделеміз?

Балалардың жауаптары тыңдалады.





Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Дәрігердің адамды емдейтінін.

Қандай түсініктерді игереді: Ойын барысында дәрігерге қажетті құралдармен танысып, қарапайым сөйлем құрай білу дағдыларын.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Дәрігер мамандығы туралы білімді.



Тексерілді: Хизирова Д.М.















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал