7


  • Учителю
  • Технологиялық карта Гүлзарда өсіп тұрған гүлдер

Технологиялық карта Гүлзарда өсіп тұрған гүлдер

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

II кіші «Ақбота» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №1

Күні: 04.04.2016ж. Тақырыбы: «Гүлзарда өсіп тұрған гүлдер»

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Құрастыру

Мақсаты: ұсақ құрылыс бөліктерін көлеміне қарай біріктіріп, біртұтас затты құрастыруды үйрету;

-айналадағы әсемдікті бағалай білуге тәрбиелеу;

-ұсақ қол қимылдарын жетілдір

Қажетті құрал-жабдықтар: ұсақ құрастыру материалдары, қапшық.

Қостілділік кампонент: гүлзар-цветник, өседі-растет, гүлдер-цветы.Жұмбақ шешеміз

Су құйсаң болды

Кетеді бойлап

Әдемі жұпар.

Не? Көрші ойлап?!

(Гүл)

Суретпен жұмыс

Қала көшелерінде гүлзарда өсіп тұрған гүлдердің суреттерін көрсетеді. Сұрақтар қояды:

-Гүлзар қандай?

-Гүлзар неге ұқсайды?

Балалардың жауаптарын тыңдап,толықтырады:

-Гүлзар үлкен, биік ыдыста тұр, оның үстіңгі қыры топырақ шашылып қалмау үшін биік етіп жасалған. Балабақшаға арнап әдемі гүлзар құрастырып беруді ұсынады.

Жұмбақтың шешімін айтады.











Суретті тамашалап, сұрақтарға жауап береді.







Тәрбиешіні тыңдайды.



Балабақшаға гүлзар жасауға қуана келіседі.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

Балаларды жұмыс орнына бастап барады.

-Балабақшамыздың телімдері әдемі болу үшін біз гүлзарды мына ұсақ құрылыс материалдарынан құрастырамыз. Ол үшін бізге не керек деп ойлайсыңдар?

"Қандай зат жоқ?" дидактикалық ойыны

Тәрбиеші ұсақ құрылыс материалдарын(текшелер, кірпіштер, призма, пластина,жұқа тақтайшалар) балаларға көрсетіп, қапшыққа салады. Балалар көздерін ашады, тәрбиеші қапшықтағы заттарды алып шығады, қандай зат жоқ екенін сұрайды.

Саусақтар серуені

Жұмыс барысында көрсетеді, бірге жасатады:

Екі кішкентай кірпішті көлденең қоямыз (бұл гүлзардың астыңғы жағы, түбі):

Кірпіштің екі жағына текшені тігінен қоямыз (бұл гүлзардың қырлары, қабырғасы);

Пластиналарды қырымен қоямыз( бұл гүлзардың көлденең жатқан қыры, қабырғасы болады).

Дербес жұмыс барысында тәрбиеші балаларға бағыт беріп, көмектесіп жүреді.

Саусақ жаттығуы

Бас бармағым-атам, үйдің данасы

Балаң үйрек-әжем ,ошақ анасы.

Ортан терек- әкем, отау панасы, Шылдыр шүмек-шешем, шаңырақ ажары,

Титтей бөбек-мен, бәрінің базары.

"Гүл өсіреміз" ойыны

Тәрбиеші дайын гүлзарға топырақтың орнына қарақұмық жармасын салады.

Балаларға жасанды гүлдерді таратып , гүлзарға отырғызуды ұсынады.

Мұқият тыңдайды.















Құрылыс материалдарын естеріне сақтап, көздерін жұмады.

Көздерін ашып, қандай зат жоқ екенін айтады.









Тақтайшаларды алып, тәрбиешінің басшылығымен жұмысқа кіріседі.







Санамақты айта отырып, саусақ буындарына жаттығу жасайды.





Гүлдерін гүлзарға орналастырып қояды.









Рефлексиялық- түзетушілік

Сұрақтар қойып, тақырыпты қорытады:

-Балалар, бүгін қандай жұмыс жасадық?

-Гүлзарды қандай заттардан жасадыңдар?

-Гүлзарда не өседі?

Балаларды мадақтап ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: жаңа сөздердің мағынасын

Игереді: құрылыс материалдарынан гүлзар құрастыруды.

Меңгереді: жұмыстарын біріктіріп және қалпына келтіруді;





Тексерілді: Ф.Абатаева

«____»___________2016 ж













 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал