7


  • Учителю
  • Симметрия, асимметрия, тепетеңдік. «Көбелектер мен инеліктер ертегі гүлінде», «Қаланың өзенде шағылысуы».

Симметрия, асимметрия, тепетеңдік. «Көбелектер мен инеліктер ертегі гүлінде», «Қаланың өзенде шағылысуы».

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

1 СЫНЫП

КОМПОЗИЦИЯ



4 ТАПСЫРМА.

Тақырыбы: Симметрия, асимметрия, тепетеңдік. «Көбелектер мен инеліктер ертегі гүлінде», «Қаланың өзенде шағылысуы».

Сабақтың мақсаты: Симметрия, асимметрия, тепетеңдік ұғымдарын қалыптастыру оларды құрылу әдісі сюжеттік және сәндік композицияда қолдану.

Қолданылатын көрнекіліктер: Оқу көрнекіліктері, репродукциялар, суреттер.

Сабақтың тәрбиелік мәні: Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақ жоспары: 1. Жаңа тақырып.

2. Көрнекіліктерді көрсету

3. Симметрия, асимметрия, тепетеңдік туралы әңгіме.

4. Методикалық тапсырма.

5. Өзіндік жұмыс.

6. Қателерін жөндеу.

7. Жұмыстарын талдау.

8. Баға қою.



Сабақ барысы: 1 САБАҚ.

-Оқушылардың өз орнын ұйымдастыруы.

-Жаңа сабақты түсіндіру. Симметрия түрлері: осьтық, айналық (зеркальная), орталық (центральная). Симметрия табиғатта кездеседі мысалы: инелік, көбелек адам т.с.с. айтып келіп симметрияның станокты және сәндік қолданбалы композицияда қолдану. Сюжеттік композицияның массасына, реңкіне, түсіне қарап бөліктерінің тепетеңдігін сақтау керек. Композициядағы асимметрия. Асимметриялық композицияда тепетеңдігі жоқ қимылды көрсету керек. Көлемі менформасы, реңкі мен түсі әртүрлі жағдайда композициялық тепетеңдігін сақтау.

- Шығармашылық композициясында осьтық, айналық (зеркальная), орталық (центральная) симметрияны қолдану.

-Нобайын ізденіп көбелектің бейнесін салу.

-Композициялық шешімін табу. Қағазға дұрыс орналастыру.

-Өзіндік жұмыс. Ойлаған композицияларын тез және нақты салу керек.

-Кеңес беру.

-Композициялық қателерін жөндеу.

-Боялудың алғашқы кезеңі. Жұмыстың көңіл күйін бояумен көрсету.

-Қателерін айтып, оларды жөндеу. Бояуларын қаламмен салған суреттен асырмай ұқыпты салу керектігін айтып отырамын.

-Оқушыларға кеңес беру.

-Жұмысты аяқтау.

-Оқушылармен бірге отырып аяқтаған жұмыстарын композициялық шешімін және қойылған талаптарды кімнің қалай орындағандарын талдаймыз.

-Бағалау.









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал